'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №5 (14) том 1
  4. Научная статья № 11

Просмотры  125 просмотров

Қаиржан М.Қ., Нургожин Р.Ж.

  


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА PSOROPTES ТЕКТЕС КЕНЕЛЕРГЕ ҚАРСЫ ДЕЛЬЦИД ПЕН БУТОКС ТИІМДІЛІГІ *

  


Аннотация:
Берілген мақадада Psoroptes тектес кенелерге қарсы дельцид пен бутокс тиімділігі Жүргізілген кешенді зерттеулер негізінде қойдың псороптозын емдеу және алдын алу үшін дельцид пен инъекциялық абиктинді бутокс пен ивомекпен салыстырғанда паразиттерге қарсы қолдануда және токсикологиялық баға берілді   

Ключевые слова:
экто- және эндопаразиттер, дельцид, бутокс,белсенді зат, кене   


Паразиттік аурулар барлық жерде таралған, онымен үй және кәсіптік жануарлардың барлық түрлері ауырады. Көбінесе олар бірнешеу және олар иесінің денесімен күрделі қарым-қатынаста болады. Аса қауіпті болып қойдың эктопаразиттермен – қышыма кенелерімен зақымдануы жатады. Ол қой шаруашылығында жануарлардың өлуіне ғана емес, ет және сүт өнімділігінің төмендеуіне, тері, жүн және т.б. сапасының нашарлауынан пайда болатын үлкен экономикалық зиян келтіреді. Сондықтан, қой шаруашылығын көтерудің маңызды шарттарының бірі шаруашылықтардың экто – және эндопаразиттерден тұрақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ветеринариялық қызмет көрсетудің тиімділігін арттырудың маңызды шарттарының бірі мал шаруашылықтарын қажетті жеткілікті ассортиментте және мөлшерде жоғары емдік және алдын алу тиімділігі бар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі уақытта паразиттерге қарсы препараттардың, оның ішінде акарицидтердің түрлері үнемі толықтырылып отырады. Соңғы жылдары ғалымдар ауыл шаруашылығы жануарларының көптеген эктопаразиттеріне қарсы синтетикалық пиретроидтерді әрекет етуші зат ретінде қолдана отырып, жаңа паразиттерге қарсы препараттар әзірледі. Дельцид пен бутокстың акарицидтік қасиеттерін зерттеу имаго P. cuniculi кенесінде жүргізілді. Зерттеу нәтижелері (кесте. 1) 0,005 % дельцид эмульсиясы және 0,005 % ботокс эмульсиясы айқын акарицидтік әсерге ие екенін куәландырады. Дельцид пен бутокс овоцидті Р. cuniculi кенелерінің жұмыртқаларында зерттеді. Тәжірибе бақылаумен қатар жүргізілді. Ботокс пен дельцидтің қалдық акарицидтік әсерін зерттеу үшін күн сайын 15 минуттық кенелерді (әр уақытта басқаларды) қолдану әдісі қолданылды. Ол үшін көлемі 12x12 см қара түсті маталы майлықтар жұмыс концентрациясындағы препараттардың эмульсиясымен сіңдірілген. Тәжірибе нәтижелері бақылаумен төрт рет салыстыра отырып жүргізілді. 3-кестеден Ботокс пен дельцидтің тінге қалдық акарицидті әсері қысқа мерзімді болып шықты.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №5 (14) том 1

  


Ссылка для цитирования:

Қаиржан М.Қ., Нургожин Р.Ж. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА PSOROPTES ТЕКТЕС КЕНЕЛЕРГЕ ҚАРСЫ ДЕЛЬЦИД ПЕН БУТОКС ТИІМДІЛІГІ // Вестник науки №5 (14) том 1. С. 54 - 57. 2019 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/1195 (дата обращения: 27.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/1195



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2019.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.