'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №5 (14) том 3
  4. Научная статья № 6

Просмотры  135 просмотров

Ахыбай К.Д., Туркенов Т.Қ.

  


КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫННЫҢ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАСЫНА ӘСЕРІ МЕН ОҒАН ТӘУЕЛДІЛІГІ *

  


Аннотация:
Бұл мақалада қарастырылады компьютерлік ойынның мектеп жасына дейінгі балалардың психикасына әсері мен оған тәуелділігі   

Ключевые слова:
компьютерлік ойынның, балалардың психикасына, оған тәуелділігі   


Соңғы екі онжылдықта ондаған миллион адамдардың кәсіби, әрі күнделікті өмірінде Интернеттің, смартфонның кең түрде таралуымен ерекшеленеді. Қоғамдағы өсіп келе жатқан компьютеризация және «Интернетизациямен» байланысты шетелде 1980 жылдарда бастау алған Интернетті патологиялық пайдалану проблемесы өзекті бола бастады. Яғни «Интернетке тәуелділік» туралы айтылып отыр (синонимдері: интернет-аддикция, нетаголизм, виртуалды аддикция, интернет әрекетқылықтық тәуелділік, интернетті артық қолдану. Мамандар тәуелділіктің бұл түрін техникалық құралдардың негізіндегі спецификалық–эмоционалды «наркоманияға» жатқызады. Интернет-тәуелділігі феномені көптеген ғалымдарды алаңдатуда және осы мәселе төңірегінде медицина, әлеуметтану, физиология педагогика, экология және т.б. көптеген ғылымдар саласындағы зерттеу жұмыстары үлкен алаңдатушылықты атап көрсетеді. «ХХІ ғасыр - компьютер ғасыры» деп атап, айдар тағуымыздың өзі осыны дәлелдеп отыр. Өкінішке орай, кез келген өркениеттің екі жағының болатыны белгілі. Біріншіден, біздің қоғамымыздың алға жылжуы болса, екінші жағынан рухани құндылықтарға кері әсерін тигізеді. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі баланың өзі жазу - сызуды білмесе де, компьютердің не екенін жақсы біледі. Демек, бала заманына қарай өседі. Технология тілін жатық біле бермейтін әке - шешелері «қазіргі балалар іштен біле туады» деп те айтып жатады. Компьютерге осыдан 10 жыл бұрын тек қалталылардың ғана қолы жетсе, бүгінгі күні оны әрбір үйден көруімізге болады. Сондықтан болар компьютерлік ойындар балалардың құмартып ойнайтын ойындарының біріне айналды. Қазіргі балалардың досы - компьютер, осы бір жансыз темірдің алдында кешке дейін отырса да жалықпайды. Бұндай балаларды компьютерден басқа еш нәрсе қызықтырмайды. Қазіргі әлемнің үштен бір бөлігінің балалары компьютерлік тәуелділікке тап болады. Ол адамдардың шын өмірдегі қиындылықтардан қашуы мен және олардан құтылу үшін виртуалды өмірге аяқ басады. Ал компьютерлік ойындар мектеп жасына дейінгі,мектеп оқушылары, студенттер және үлкен адамдар үшін қызыққа айналып кетті. Компьютерлік ойындарды ойнайтын себептері олар виртуалды өмірден ләззат алып, шын өмірдегі қиындылықтарды белгілі бір мезгілге ұмытып,уақытын өткізеді. Ең бірінші жаман жағы компьютердің алдында көп отырған кезде бала мықты шаршап,оның нервті жүйелерінің жұмысы бұзылады.Бала әрбір затқа ашулана беретін болады.Бұл жағдайдын алдын алу үшін бала компьютер алдында отырудын санитарлы ережелерін сақтау керек.Екінші жаман жағы бала компьютерлік видео ойындарды ойнап отырған кезде бұл балалар болашақта қатан бала болады. Және бала қатігез бола бастайды. Қазіргі таңдағы статистикаға сүйенетін болсақ компьютерлік ойындармен ойнайтын балалардың 5 пайызы өзінің ата-аналарын өлтіріп жатады. Бұнын бірден бір себебі ата ана балаға уақытында көңіл бөлмегендіктен болады. Енді мамандар зерттеулеріне сүйене отырып, бұл озық технологияларды ұзақ пайдаланудың бала психологиясына кері әсерлерін саралап көрсек. Біріншіден, шамадан тыс ақпараттар тасқыны баланы енжарлыққа душар ететін көрінеді. Интернетті өзінің бірінші серігі, ал компьютерді «досы» етіп таңдаған жан айналасындағы адамдармен еркін араласу қабілетін лезде әлсіретіп алады екен. Бұл туралы мамандар: «Өзгенің адами мұң-мұқтажын түсінбейтін, айналасындағылардың жан қиналысын сезіне бермейтін, яғни жүрегі селт етпейтін халге жетеді», - дейді. Адамдармен, тіпті өзінің жақын-жуықтарымен, әке-шеше, бауырларымен араласудан қашқақтайтын ондай бала, абайламаса, шынайы мынау өмірді виртуалды, жансыз «өмірге» айырбастап жіберетіндей дәрежеге жетеді екен. «Компьютерге байлану» ауруы негізінен кімдерде пайда болады?» деген сауалға мамандардың жауабы: «негізінен, шынайы өмірде өз-өздеріне сенімсіз, сондай-ақ тұрмыста кездесетін қиын түйіндерді шеше алмайтын адамдар және әке-шеше қарауынан тыс қалған жас балалар аталған ауруға бейім». Біраз уақыттан кейін дамып келе жатқан ағзада асқорыту жүйесінің қызмет етуінде бұзылыстар, омыртқа, жауырын, қолдарында аурулық сезімдер пайда болады, ал көз алмаларының үнемі қозу жағдайында болуы көз ауруларының пайда болуына жағдай туғызады. Егерде бала келесідей әрекеттер жасайтын болса, ата–ана мен жақындары балаға көңіл аударған жөн: - Компьютерден алыстамай тамақтанады, сабағын компьютер алдында оқиды. - Компьютер қасында түн өткізе бастайды. - Компьютер алдында отыру үшін серуендеуге шықпайды. - Пәтерге кіре салысымен компьютерге бағытталады. - Тамақ ішу, тіс тазалау, шашты тарау, киім ауыстыруды ұмытып кетеді. - Компьютер сынып қалған жағдайда қозулы, агрессивті күйде болады, немен айналысарын білмейді. - Компьютер алдына отыруға тыйым салынса, агрессивті мінез көрсетеді. Бала виртуалды реалдылыққа қай себептермен енеді? Себептердің бірі көңіл көтеруге деген құмарлық, оның балалар түрлі компьютерлік ойындардан ала алады. Басқа себеп баланың қараусыз қалуы, яғни ата–ананың бос еместігі соншалықты, тіпті өз баласына да уақыты жетпейді. Мұндай ата - аналар баланың сезімдері, күйзелістері, балабақшадағы жетістіктерімен қызықпайды. Олар баланың бос уақытын тиімді пайдаланудың орына, өкінішке орай, компьютердің алдына отырғызуды жөн санайды, бұл арқылы олар ата - аналық парыздан құтылғандай сезінеді. 

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №5 (14) том 3

  


Ссылка для цитирования:

Ахыбай К.Д., Туркенов Т.Қ. КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫННЫҢ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАСЫНА ӘСЕРІ МЕН ОҒАН ТӘУЕЛДІЛІГІ // Вестник науки №5 (14) том 3. С. 45 - 49. 2019 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/1276 (дата обращения: 26.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/1276



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2019.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.