'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №5 (14) том 4
  4. Научная статья № 54

Просмотры  80 просмотров

Жақсылық А.А., Омаров М.М.

  


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БҰҚАРАЛЫҚСПОРТТЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ *

  


Аннотация:
Бұл мақалада Қазақстан Республикасында бұқаралық спорттың дамуына талдау жасалады және бұқаралық спорттың дамуы бойынша әлемнің үздік елдеріндегі тәжірибе сараланады.. Шетелдегі дене шынықтыру және спорттың дамуы, оның маңызы көрсетіледі. Сондай-ақ, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға халықты тарту, мектеп жасындағы балаларды ынталандыру бойынша шетелдік тәжірибеге шолу жасалған   

Ключевые слова:
спорт, бұқаралық спорт, спорттық инфрақұрылым, мемлекеттік саясат, салауатты өмір салты, мектеп спорты   


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет. [2] Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 2017 жылғы статистикалық есебіне сүйенсек, Қазақстан Республикасында спортпен жүйелі түрде айналысатын халық саны 5204417 адамды құрады. Яғни жалпы халықтың 28,7% құрайды. Оған жыл сайынғы бой көтеріп жатқан жаңа спорттық ғимаратар мен аулаішілік алаңдар өз үлесін тигізуде. 2016 жылмен салыстырғанда спортпен шұғылданушылар саны 1,3% -ға, яғни 340,670 адамға артты. Бұл көрсеткіш бойынша Ақтөбе облысы жоғары деңгейде (31%). Мектеп оқушыларының ішінен мектеп жасындағы 1,586,863 бала дене шынықтырумен және спортпен айналысады, яғни дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың 30,4%-ы. 2017 жылдың деректеріне сүйенсек, дене шынықтыру және спорт саласында штаттық дене шынықтыру қызметкерлері - 50749 адам жұмыс істейді, бұл 2016 жылғы деңгейден 2640 адамға артық немесе 5,2% өскен. Ауылдық жерлерде 23114 дене шынықтыру қызметкерлері жұмыс істейді немесе олардың жалпы санының 45,5% - ы (2016 жылға 3,9% - ға өсті). 2017 жылдың қорытындысы бойынша республикада 459 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері және 320 989 балалар мен жасөспірімдерді қамтитын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептері, 3674 баланы қамтитын спорттағы дарынды балаларға арналған 13 облыстық мектеп-интернаттар, олимпиадалық резервтің 5 республикалық мамандандырылған мектеп-интернатколледждері жұмыс істейді. Халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысатын ең белсенді үлесі орта мектептердің оқушыларына тиесілі. Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың жалпы саны 2 998 829 адамды құрады, бұл республиканың барлық тұрғындарының 16,5%-ын құрайды [3]. Бұқарлық спорттың дамуындағы өзекті мәселелерді атап өтсек, олар: халықты жаппай спортпен айналысуға тарту, дене шынықтыру сауықтыру кешендерінің қолжетімсіздігі, немесе шамадан тыс қымбаттығы. Алайда, соңғы жылдары бой көтерген веложолдар, стритворкаут тренажерлары, триатлон және жүгіруге арналған жолдар мәселені біршама жеңілдеткенін атап өткен жөн.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №5 (14) том 4

  


Ссылка для цитирования:

Жақсылық А.А., Омаров М.М. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БҰҚАРАЛЫҚСПОРТТЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ // Вестник науки №5 (14) том 4. С. 265 - 270. 2019 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/1405 (дата обращения: 25.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/1405



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2019.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.