'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №5 (14) том 4
  4. Научная статья № 83

Просмотры  72 просмотров

Тулеуова А.М., Шканова Б.А.

  


МЕТОДЫ ПРЕПОДАВАНИЯГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА В ВЫСШЕЙ ШКОЛЕ *

  


Аннотация:
в вводной части статьи рассмаривается методика преподавания казахского языка, вопросы методики преподавания. Современные эффективные методы и способы преподавания государственного языка, краткое их описание рассматривается в основной части. В статье рассмотрена типовая учебная программа общеообразовательной дисциплины «Казахский язык» для организаций высшего и (или) послевузовского образования, цель программы, сделан анализ технологий, методов и способов преподавания казахского языка, способы организации учебного процесса, указанного в типовой программе и ожидаемые результаты. В ходе написания статьи использованы труды ученых и педагогов по тематике статьи. Сбор данных основан на методах обзора, систематизирования, подбора, анализа, обобщения, теоретизирования   

Ключевые слова:
методика преподавания, методы и способы, функциональная грамотность, компетентность, типовая учебная программа   


Оқу үдерісінің сапалы және нәтижелі жүруі оқытушы білігі және тәжірибесімен қатар оқыту әдістері мен әдістемесіне байланысты. Оқу әдістері тарихи категория болып табылады. Өндіріс күштерінің, өндірістік қатынастар деңгейі және сипаты оқыту үдерісінің мақсаттарына, мазмұнына, ұйымдастырылу жолдарына өз ықпалын тигізеді, олардың ауысуымен оқу әдістері де өзгеріске келеді. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарып отырады. Сондықтан, «...Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.» [1]. Ұлттық жоспарда осы функционалдық сауаттылықты дамытудың төрт негізгі тетігі берілген. Соның бірінші тетігі – оқыту әдістемесі мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Осы жұмыста «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Қазақ тілі" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы [2], ондағы берілген оқу үдерісін ұйымдастыру әдістеріне шолу жасап, ұйымдастырылуы мен сипатын қарастырғымыз келеді. Бұл үлгілік бағдарламада қазақ тілінде A1 - қарапайым деңгей бойынша қазақ тілін шет тілі ретінде оқитын білім алушыларға және A2, B1, B2, C1 біліктілік деңгейіне сәйкес сөйлеу әрекетінің барлық түрлері бойынша коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру арқылы әлеуметтік, мәдениетаралық, кәсіби және қарым-қатынас құралы ретінде қазақ ұлттық мәдениеті тұрғысынан қазақ тілін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету болып саналатын мақсаты, бағдарлама жалпы білім беретін "Қазақ тілі" пәнін жаңартылған мазмұнда оқып үйренуге және рухани жаңғырудың жалпыұлттық идеясы шеңберінде студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталғандығы нақты берілген және оны оқытуда қолданылатын келесі оқыту әдістері мен технологиялары көрсетілген. Студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, рефлексивті оқыту - оқытушылардың проблеманы анықтау және жұмыс барысында эксперимент жүргізе отырып шешу әдістеріне тоқталатын болсақ, рефлексивтік оқытудың дағдылары: проблемаларды мойындап, оларды шешудің тиімді құралдарын іздеу; басымдықты белгілеудің маңыздылығын және міндеттерді шешуде олардың басым мәнін түсіну; тиісті ақпаратты жинақтау мен сұрыптау; нақты және түсінікті сипаттама беру; жорамал мен құндылықтарды мойындау; шешім қабылдау, дәлелдемелерді бағалауға нәтижелерді өз бетінше түсіндіру; қорытындылар мен жалпылаулар жасау; тұжырымдар мен жалпылауларды қуаттау; алынған тәжірибемен негізінде ұстаным модельдерін түзету болып табылады. Білім берудің жаһандану жағдайы маман құзыреттілігін қалыптастыруды, олардың дара тұлғалық сапасын дамытуды талап етіп отыр. Құзыреттілікке негіз болатын өздігінен білім алуға және ақпараттық ресурстарды пайдалануға дайындығы болып табылатын ақпараттық құзыреттілік, тіл арқылы өндірістік, мәдени өмірдің сан алуан міндеттерін шешу, қарым-қатынас мақсатын жүзеге асыру үшін сөйлей білуді қамтитын коммуникативті құзіреттілік, ұлттық сипаты бар деп танылатын танымдық, этикаэстетикалық, рухани және тұрмыстық қатынастар мен олардың заңдылықтарын тілдік құрал арқылы зерттейтін тіл білімінің бір бағыты болып табылатын лингвомәдениеттік құзіреттілік жатады. Тіл үйретудің тіл үйренушіде үйретіліп отырған тілде сөйлеуші халықтың шындық өмірді қабылдауы жөнінде тілдік сана қалыптастыру, тілін үйретіп отырған ұлттың тілдік қарым-қатынас мәдениетін меңгерту, дағдыға айналдыру, үйретіліп отырған тілді қарым-қатынас құралдарын сөйлеуде дұрыс қолдана білуге үйрету болып табылатын лингво-әдістемелік міндеттері бар. Қазақ тілін лингвомәдени бағытта үйретуші оқытушының қазақ тілінде тілдік сана қалыптастыру жөнінде, қазақ мәдениетінің негізгі бағыттары, қазақ этномәдениетінің ерекшеліктері туралы, мәдениетаралық қарым-қатынас негіздерін меңгеруі мәселелер жөнінде түсінігі болуы керек. Қазақ тілін терең меңгерту үшін білім алушыда дүниенің этномәдени бейнесі жөніндегі түсінігі, тілдік сана, қазақ халқының өмір сүру салты, әдет-ғұрпы жөніндегі түсінігі қалыптасуы керек, себебі сөзде халықтың мыңдаған жылдар бойы сақталған рухани қазынасы қарапайым адамның санасына бекіп, сол халықтың өзіне тән мінезқұлқын, философиясын, өмірлік қағидаларын айқындайды. «Қоғамдық сана мен жаңа бағыттағы зерттеулер деңгейі контексінде ұлттық болмысын дәлелдейтін күшті құрал ұлттық тіл екенін сезіну зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша келу талабын қойып отыр: атап айтқанда, ұлттық тіл ерекшелігінің сырын, табиғатын сол тілде сөйлеуші ұлт өкілінің рухани, психологиялық, әлеуметтік, т.б. сипаттарымен біртұтастыққа зерттеу» деп атап көрсетеді профессор Ж.А. Манкеева [3]. Осы тұрғыдан аталған бағдарлама міндеті болашақ маманның ұлттық сана мен мәдени код негізіндегі танымын қалыптастыра отырып, әлемдік деңгейдегі білімді меңгеруде тілдің дәнекер болып табылатындығын ұғындыру, еліміздің дамуы жолында еңбек ететін маманның мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, ұлттық жаңғыруды қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды даярлауда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту түрінде айқындалған. Тілді коммуникативтік тұрғыдан үйрету педагогикалық үдерістің жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз етеді [4]. Кoммуникaтивтік oқытудың мaқсaты - оқу тіліндегі қатысымды пікір aлысу aрқылы үйрeту, білім алушылардың өз oйлaрын, ниеттерін, қажеттіліктерін eркін жeткізуі мeн өзaрa коммуникативтік қатынасқа түсіп, сөйлeуді дaмытуы. Бұл бағыттағы oқытудa білім бeру білім алушының өзін aуызшa (тыңдaп түсіну, сөйлeу) жәнe кoммуникaцияғa (oқу жәнe жaзбaшa) тaрту, яғни oқылып жaтқaн тілдe бүкіл курс бoйыншa қaрым – қaтынaсын қaлыптaстыру болып табылады. Шынайы өмір (амандасу, қоштасу түрлері, мерекемен құттықтау, тілек айту, қоғамдық орындарда коммуникацияға қатысу: дүкенде, сауда орталықтары, емханада, дәріханада, дәмханада, асханада, театрда, кітапханада, мұражайда, әуежайда, вокзалда, халыққа қызмет көрсету орталығында, банкте және т.б. өтілетін тақырыптарға қатысты) жағдаяттарына негізделген коммуникативті жаттығуларда ақпаратты табу және алмасу, өзі туралы мәлімет беру және басқа мәдениет туралы үйрену сияқты шынайы мақсаты болады, сондықтан білім алушылар тілдік білімді меңгерумен шектелмей, әлеуметтік ортаға түсуге де бейімделеді.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №5 (14) том 4

  


Ссылка для цитирования:

Тулеуова А.М., Шканова Б.А. МЕТОДЫ ПРЕПОДАВАНИЯГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА В ВЫСШЕЙ ШКОЛЕ // Вестник науки №5 (14) том 4. С. 396 - 401. 2019 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/1434 (дата обращения: 19.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/1434



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2019.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.