'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №5 (14) том 4
  4. Научная статья № 108

Просмотры  70 просмотров

Қырықбаев М.М., Нұрсеитова Н.

  


ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІН ЖЕТІЛДІРУ *

  


Аннотация:
Бұл мақалада оқу үрдісінде цифрлы технологияларды кеңінен пайдалану мүмкіншіліктері қарастырылған және білім сапасын арттыру мүмкіндіктері туралы мәліметтер келтірілген   

Ключевые слова:
Ақпарат, цифрлы технология, үрдіс, оқушы, электрондық оқулық, білім алушы   


Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының оқу - тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмекші құрал болып табылады. Сонымен қатар, бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Бұл идея бүкіл білім беру жүйесіне реформа жүргізіп, оны модернизациялауды қажеттейді. Қазіргі кезде интернет, мобильді байланыс көздері, белсенді тақта, цифрлы технологиялар сияқты жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен пайдаланылуда. Психологтар В. Давыдов, В.Рубцов жаңа ақпараттық технология адамның жас ерекшелігінің даму аспектісін ескере отырып, компьютерлік оқыту бағдарламасының әр түрлі формалық мазмұнында адамның жас ерекшелігіне сәйкес келуі керек деген. Студенттерді технологиялық прогрестің барлық жаңалықтары өте қызықтырып отырады. Сондықтан да тұлғаны дамыту мақсатында білім алушылардың қызығушылығы мен танымдық белсенділігін пайдалану өте маңызды рөл атқарады [1]. Оқытудың жаңа цифрлы технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда цифрлы технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11-бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, цифрлы технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. [3] Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында цифрлы технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде. Білім - болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту. Құзырет- оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әр түрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және цифрлы технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Құзыреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол - оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік,  дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа. Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты- оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. Бірінші кезекте оларға электрондық басылымдар, электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқу құралдары мен әр түрлі құрылғыларға жазылған электрондық жазбалар (аудио, видео, құндақтар) жатады. Әрбір жалпы және кәсіби білім беретін пәндерден оқу-әдістемелік материалдардың мәліметтік базалары электрондық оқулықта жинақталып, қолда бар компьютерлік техника арқылы сабақта қолданылуы талап етіледі. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, интернет-ресурстар, компьютерлік желі арқылы 3D принтердің жұмысымен басқару, электронды пошта және телекоммуникацияны пайдалану, электронды оқу құралдары, электронды оқу басылымдары мен электронды оқулықтарды цифрлендіру. Бүгінгі, ақпараттар аясының кеңейіп, адамзаттың онымен жұмыс жасау мүмкіндігі артып отырған күнде жеке пәнді оқытуда тек белгілі бір оқулықпен немесе оқу әдістемелік құралдардың жинағымен шектелуге болмайды. Әр азаматтың өз білімін жан-жақты шыңдап, келешекте бәсекеге қабілетті мамандық иесі болуына мектеп қабырғасында оқытылатын әрбір пәннің қосатын үлесі аз емес. Жыл сайын әр пән бойынша мектеп оқулығы, әр түрлі дидактикалық оқу құралдарымен қатар, электрондық оқулықтармен толықты-рылып отыр. Бұл бүгінгі күннің кезек күттірмес қажеттілігі, әрі талабы. Сонымен бірге оқу-әдістемелік жинақтар (ОӘЖ) оқуәдістемелік кешендер (ОӘК) жарыққа шығып, қолданыс тауып отыр. Біздің ойымызша оқу әдістемелік кешен (комплекс) мен оқу әдістемелік жинақ (комплект) арасындағы айырмашылықты түсіну үшін Д.Д.Зуевтің келесі айтқаны дұрыс: Ол «Біз, кез келген сыныптың оқулықтар жинағынан, яғни жабық жүйеден ерекшелеу үшін, дидактикалық құралдардың ашық жүйесін атау мақсатында, оқу (оқуәдістемелік) кешені деген терминді енгіземіз»,-деп атап көрсеткен. Осыған байланысты, ОӘК оқу құралдарының жүйесі ретінде оларды құрастыру кезінде ескеруге тиісті бірқатар модификациялар мен нұскалардан тұрады.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №5 (14) том 4

  


Ссылка для цитирования:

Қырықбаев М.М., Нұрсеитова Н. ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІН ЖЕТІЛДІРУ // Вестник науки №5 (14) том 4. С. 504 - 508. 2019 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/1459 (дата обращения: 27.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/1459



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2019.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.