'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №5 (14) том 4
  4. Научная статья № 121

Просмотры  82 просмотров

Амангелді Ә.Р.

  


СҰЙЫҚ ДӘРІЛІК ҚАЛЫПТАР ӨНДІРІСІНІҢ ҚР ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ НАРЫҒЫНА ТАЛДАУ *

  


Аннотация:
Бұл мақалада ҚР фармацевтикалық нарығындағы сұйық дәрілік қалыптар өндірісіне талдау жүргізілген. Сұйық дәрілік қалыптар өндірісін сауатты ұйымдастыру, жетілдіру ҚР фарминдустриясының дамуы мен оның қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылатын импортқа тәуелділігін азайтуға ықпал етеді   

Ключевые слова:
сұйық дәрілік қалыптар, ерітінділер, фармацевтикалық нарық, Мемлекеттік реестр   


Кіріспе. Қазіргі таңда медициналық көмектің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту мақсатында Ұлттық дәрі-дәрмек саясатын іске асыру қолға алынды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ендігі кезекте қолжетімділікті арттыру, импортқа тәуелділікті төмендету және денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында отандық өндірістің дәрілік заттарының, медициналық мақсаттағы бұйымдары мен медициналық техникасының айналымын жүйелі мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін болады [1]. Бүгінде фармацевтикалық нарық өндіріс пен сатылымның қарқынды даму сатысымен, сонымен қатар дамудың басқа да алғышарттарды анықтаумен сипатталады [2]. Материал және зерттеу әдістері. Дәрілік заттар ішіндегі жиі қолданылатын сұйық дәрілік қалыптардың нарығына Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдардың Мемлекеттік Реестрін қолдана отырып талдау жүргіздік. Зерттеу нәтижелері және олардың талқылануы. Мемлекеттік реестрде 8070 дәрілік қалып тіркелген. Сұйық дәрілік қалыптар 1936-сын яғни 24 % құрайды. Аталған көрсеткіштегі 335 сұйық дәрілік қалып - отандық өнім болып табылады. Сурет 2 - ҚР Мемлекеттік Реестрі бойынша дәрілік қалыптардың отандық үлесі Қазіргі таңда сұйық дәрілік қалыптарды отандық фармацевтикалық нарыққа ұсынатын шет елдерден Германия (14,6%) , Украина (12,4%) және Ресей (10,7%) алғашқы үштікті бастап тұр.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №5 (14) том 4

  


Ссылка для цитирования:

Амангелді Ә.Р. СҰЙЫҚ ДӘРІЛІК ҚАЛЫПТАР ӨНДІРІСІНІҢ ҚР ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ НАРЫҒЫНА ТАЛДАУ // Вестник науки №5 (14) том 4. С. 553 - 557. 2019 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/1472 (дата обращения: 29.03.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/1472



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2019.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.