'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №6 (15) том 1
  4. Научная статья № 11

Просмотры  89 просмотров

Жылкыбаева Б.У., Боранбаев С.Н.

  


ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНА ТҮРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ КІТАПТАР ЖИНАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ *

  


Аннотация:
Мақала қазақ әдебиетіндегі шығармалар жинағын электронды кітапхана түрінде бір жүйеге біріктірілген ақпараттық жүйені құруға арналған. Ақпараттық жүйеде қазақ әдеби шығармалары жинақталған, сонымен қатар қазақша әдеби жанрдағы мультфильмдер топтастырылған. Ақпараттық жүйе қазақ әдеби шығармаларын онлайн оқуға, аудиокітаптарды онлайн тыңдауға және оларды жүктеп алуға мүмкіндік береді. Ақпараттық жүйе интерфейсі 3 тілде жасалған - қазақша(кириллица), қазақша(латынша), орысша   

Ключевые слова:
ақпараттық жүйе, веб-сайт, деректер қоры, қазақ әдебиеті шығармалары, электронды кітапхана, PhpMyAdmin базасы   


Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда веб-сайт кез келген саланың негізгі ақпарат беру көзі болып отыр. Веб-сайт - ақпаратты ұсынудың ең көрнекі тәсілі, ақпаратты оңай әрі тез жеткізу құралы болып табылады. Қазіргі таңда кез келген кәсіпорын немесе мекеменің, мемлекеттік ұйымдардың өз сайты бар, басқаша айтқанда веб-сайт әрбір мекеменің визиткасы ретінде барлық негізгі ақпараттарды көруге мүмкіндік береді. Веб-сайт арқылы кино көруге, кітап оқуға, құжаттарды арнайы мекемеден алуға, тауарларға тапсырыс беруге, жалпы айтқанда барлық қызмет түрлері мен кез келген ақпаратты алуға болады. Себебі, интернет желісінің ажырамас және ең негізгі бөлігі – веб-сайт екені белгілі[1]. Қазақ әдебиетіндегі кітаптарды оқу үшін арнайы кітапханаға барып жүрудің орнына оны онлайн түрде оқуға болады. Мұндай мүмкіндік интернет желісімен жасалады. Веб-сайт әдеби кітаптарды оңай іздеп тауып алуға, онлайн оқуға және компьютерге жүктеп алуға мүмкіндік береді. Веб-сайттың көмегімен уақыт үнемдеуге және кез келген әдеби кітапты кез келген уақытта онлайн оқуға, сонымен қатар компьютер немесе ұялы телефон арқылы әрбір оқырманға қолжетімді болып табылады[2]. Веб-сайтты жасауда әртүрлі бағдарламалар қолданылады. Олардың ішінде арнайы cms(Content Management System) қолдану арқылы жасалатын бағдарламалар және компьютерге локальді сервер орнату арқылы интернет желісіз жасауға болатын бағдарламалар түрлері бар[3]. CMS(Content Management System) - контентті басқару жүйесі, сайт контентін құру, өңдеу және басқару үшін скрипттер жиынтығы.CMS вебсайттың мәтіндік және графикалық толтырылуын басқаруға мүмкіндік береді, пайдаланушыға сайттың мазмұнымен жұмыс істеу үшін интерфейс ұсынады, ақпаратты сақтау және жариялаудың ыңғайлы құралдарын береді, деректер базасында ақпаратты орналастыру және оны HTML-ге беру процестерін автоматтандырады. CMS қолдауы бар ең танымал бағдарламаларға мыналарды жатқызуға болады:  WordPress – көптеген жылдар бойы алдыңғы орынды алып келе жатқан ашық бастапқы коды бар сайтты басқарудың тегін жүйесі кез келген веб-сайттарды жасауға мүмкіндік береді.  Joomla - ашық коды бар тегін CMS. WordPress-пен салыстырмалы түрде жас жүйе, бірақ сенімді жүйе болып табылады. WordPress сияқты үлгілердің, плагиндердің, компоненттер мен модульдердің көптеген түрлері бар.  Drupal – өз жанкүйелері бар жас жүйе, бірақ басқа cms-термен салыстырғанда оны игеру қиынырақ болып келеді[4]. Қазақ әдебиетіндегі шығармаларды оқырмандар онлайн түрде оқуға және оны жүктеп алуға мүмкіндік беретін веб-сайт құрылды. Веб-сайт электронды кітапхана түрінде жасалған. Веб-сайтта кітапты іздеу арқылы оны оңай тауып алуға мүмкіндік жасалған. Сайттың басты бетінің жоғарғы бөлігінде орналасқан сурет AdobePhotoshop 2018 бағдарламасында арнайы сайт үшін жасалған. “Іздеу” арқылы базадағы кез келген кітапты оңай табуға болады. Веб-сайт интерфейсі 3-тілде жасалғанқазақша(кириллица), қазақша(латынша), орысша(1-сурет). Қазақ тілінің латын алфавитіне көшуіне байланысты осы жобаға үлес қосу мақсатында барлық кітаптар латын алфавитіне негізделіп жазылған[5]. Бұл оқырмандардың латынша оқып үйренуіне мүмкіндік жасайды. Дегенмен кітаптарды латын әліпбиінде оқып үйрену үшін ең алдымен оның кириллица нұсқасын оқыған жөн. Екі алфавитте кітаптарды оқып салыстыру арқылы оқырмандар жаңа алфавитте оқуға тезірек үйренеді. 

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №6 (15) том 1

  


Ссылка для цитирования:

Жылкыбаева Б.У., Боранбаев С.Н. ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНА ТҮРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ КІТАПТАР ЖИНАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ // Вестник науки №6 (15) том 1. С. 54 - 60. 2019 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/1489 (дата обращения: 28.03.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/1489



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2019.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.