'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №6 (15) том 1
  4. Научная статья № 26

Просмотры  217 просмотров

Молдашов Н.О., Шамбыл Қ.Ә., Мұқашова М.Ғ.

  


НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНА ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ АДАМ СМИТ ТЕОРИЯСЫ МАҢЫЗЫ *

  


Аннотация:
Адам Смит айтуынша экономикаға қатысушы тараптардың әрекеті олардың жеке мүддесіне бағынышты, ал нарықтың «көрінбейтін қолы» олардың жеке мүддесін жалпыға ортақ экономикалық әл-ауқатты арттыруға бағыттайды. «Көрінбейтін қол ұғымы нарық экономикасындағы шектеулі ресурстарды тиімді бөлу мәселелеріне орай экономикада кеңінен қолданылады. А.Смит өзі зерттеген экономикалық жүйе біз бүгінде куә болып жүрген жүйеден айтарлықтай бөлек   

Ключевые слова:
Адам Смит, экономика, теория Смита   


Бұрынғы КСРО-да 1985жылы басталған қайта құру, әкімшілдік-әміршілдік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінің бастамасы болды. Осы кезең ішінде радикалды саяси және экономикалық реформалар жасалды, жаңа дүниетаным қалыптаса бастады. Экономика саласында негізгі мәселе меншікті мемлекет иелігінен алып жекешелендіру жұмыстары қолға алынды. Соның нәтижесінде, мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, кооперативтік , жалгерлік, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер пайда бола бастады. Алайда өтпелі кезең күтпеген қиындықтарға әкеп тіреді. Дағдарыс бір бүйірде қысса, экологиялық жағдай халықтың денсаулығы мен әлеуметтік тұрмысын одан әрі күйзелте түсуде. Мұның бәрі еліміздің қиын кезеңді бастан кешкендігінің көрінісі. Елімізде рынокты дамытуға байланысты алдыға қойған мақсат-міндеттер қандай? Бірінші мақсат- тауарлар мен қызмет көрсету рыногын дамыту. Мұнда өндірістік тауарлар мен қызмет көрсетумен қатар, өндірістік емес мәні бар тауарлар және қызмет көрсету туралы да әңгіме болады. Тауарлар мен қызмет көрсету түрі арасынан адам өзіне керекті тауарды таңдау үшін білімі мен мәдениеті деңгейі болуы керек, әр түрлі ақпараттарға, жарнамаларға зер салып отыруға тиіс, ал бұл адамның маңызды қасиеттерінің бірі- таңдай білу талғамын қалыптастырады. Басқаша айтқанда, рыноктық қатынастардың дамуы қоғамның әлеуметтік инфрақұрылымы деңгейіне де тікелей байланысты. Екінші мақсат- финанс-қаржы рыногын қалыптастырады. Экономикалық ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуының ажырамас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Қалай өмір сүру, қажеттіліктерін, игіліктерді өндіру, бөлу процестеріндегі қарым-қатынастардың барлығы алғашқыда экономикалық ойпікірлер, ілім негізінде қалыптасып, шаруашылықты жүргізудің белгілі бір әдісі түрінде көрінді. Сол өмір сүру кезеңдерінде бірнеше мектептермен, ағымдармен ауыстырылды. «Экономика ғылымының ғылыми мақсатын терең түсіну үшін ең жақсысы ұлы үш экономистердің, А.Смит, К.Маркс және Дж.Кейнстің еңбектерін зерттелеп оқу жеткілікті»-дейді американдық белгілі экономист, жаңа институционалдық бағыттың өкілі Р.Хейлбронер. «Исследование о природе богатства народов» атты еңбегінің арқасында экономиканың атасы атанған шотландық экономист Адам Смит 1723 жылдың маусымында дүниеге келдi (дәл туылу күні белгiсiз) және Керколди қалашығының Файф шотландық округінде 5 маусым күні, кеден шенеулiгiнiң жанұясында шоқындырылған. Оның әкесi Адамның туылуына 6 ай қалғанда қайтыс болды. Оны 4 жас шамасында сығандар ұрлаған, бiрақ ол ағасымен жылдам құтқарылған және анасына қайтарылған. Адам Смит отбасының жалғыз баласы болып саналады, өйткені оның ағайындары туралы жазулар ешқайда табылмаған. 14 жас шамасында екi жыл Фрэнсис Хатчесонның  басқарылуымен философияның әдеп негiздерiн үйрететiн Глазго университетіне түседі. Ол 1740 жылда Оксфордтағы Бейллиолға түседі және ондағы оқуды 1746 жылы аяқтайды. 1748 жылы Адам Смит Эдинбургте лорд Кэймсаның бастауымен дәрістер оқи бастайды. Бұл университеттiң студенттеріне арналған дәрiстерді әзiрлеу барысында, экономика мәселелерi туралы өзінің ұсыныстарын тұжырымдауына түрткi болады. Смит өзінен бұрын өмір сүрген ғалымдардың идеяларын қорытындылап, экономика ғылымының категориялары, әдістері мен ұстанымдары жүйесін жасады, ол Ұлыбритания мен басқа да Еуропа елдерінде капитализмнің дамуына шешуші ықпал етті. Смиттің кейбір қағидалары күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Ол Маркске дейінгі ғылымда да, маркстік ғылымда да классикалық саяси экономияның негізін қалаушы және аса көрнекті өкілі ретінде саналады. Ағылшын экономисі А.Смит экономика туралы бір ғана еңбек жазғанымен, оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғылым деп саналады. Оның еңбегі Халықтар байлығы 1776 ж. жарық көрген. А.Смиттің досы Давид Юм алғашында оны оқып түсінетін оқырмандар саны көп болмас деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен, аталған кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талмай оқып үйренуде. А. Смиттің ойынша, ұлттың басты байлығы, өзге экономистердің түсінігінше, алтын және күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз — еңбек түрін атқаратын және ашық нарықта сауды жасайтын қарапайым адамдардың әрекеттерінің нәтижесі. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. А.Смиттің нарық туралы ілімі Австрияның экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның ілімі бойынша, нарық деген ұғым – ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір формасы. Хайектің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде бағалықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ; ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады; солар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдында қоғам мақсаттарының қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №6 (15) том 1

  


Ссылка для цитирования:

Молдашов Н.О., Шамбыл Қ.Ә., Мұқашова М.Ғ. НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНА ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ АДАМ СМИТ ТЕОРИЯСЫ МАҢЫЗЫ // Вестник науки №6 (15) том 1. С. 143 - 149. 2019 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/1504 (дата обращения: 20.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/1504



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2019.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.