'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №6 (15) том 1
  4. Научная статья № 27

Просмотры  122 просмотров

Муратбеков Д., Молдашов Н.О., Амангелды А.Б.

  


ФИЗИОКРАТИЯ ІЛІМІ МЕН ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКА АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ *

  


Аннотация:
Бұл мақалада физиократия сасяси экономия мектебінің тұжырымдаған ойлары мен идеяларының маңыздылығы, қазіргі таңдағы ауыл шаруашылығы саласы арадағы байланысы мен қолданылу аясы зерттеледі. Теориялық-методологиялық әдіспен зерттелген тұжырымдар абстракциялық тұрғыдан қарастырылады.Физиократтар мен қазіргі экономикалық ұсыныстардың бірізділігі мен бірегейлігі тірек ретінде қолданылып, саяси экономия ілімі – физиократияның экономикалық-саяси мәні мазмұндалады   

Ключевые слова:
физиократия, саяси экономия, халық шаруашылығы, экономикалық ілім, өндіріс, пайда, ауыл шаруашылығы, капитал, ресурс, нарық субъектісі, экономикалық агент   


Соңғысы «физиократия» деген атпен белгілі болды . Бұл ұғым екі сөзден тұрады: "физио" - бұл табиғат және" кратос " – билік, ал бірге – табиғат күші немесе табиғат билігі. Физиократия терминін ғылыми айналымға алғаш енгізген Пьер Самуэль Дюпон де Немур. Бұл бағыттың пайда болуы феодализм дағдарысының тереңдеуіне байланысты болды және ол ел экономикасының негізі ретінде ауыл шаруашылығының апатты жағдайға әкелген абсолюттік монархияның күшеюі аясында өтті. Францияның Англиядан айырмашылығы, Францияда мануфактуралық өндірістің нығаю процессі орын алмады, өнеркәсіптік төңкеріс тіпті басталған жоқ. Мұның себебі ретінде мүлдем ауыр салық жүйесі және ХVIII ғасырдың басында Пьер Буагильбер сынаған феодалдық пайдаланудың сақталып отырған нысандарын қарастыруға болады. Ұсақ регламенттелінуі және өзінің дамыму деңгейінің төмендігі өнеркәсіп орындарының тауарлардың жаппай өндірісін қамтамасыз ете алмауына әкеп соқтырды. Бұл жағдай көлік құралдары, транспорт жүйесі мен коммуникациялық байланыстың дамуын тежеді. Пайда табу үшін жаппай өндірісті аз шығынмен қамтамасыз етуге болатын өндіріс саласын табу қажет болды. Мұндай талаптарға 16 ғасырда тек бір ғана материалдық өндіріс саласы – ауыл шаруашылығы сәйкес келді. Жаңаша ілімнің жақтаушылары экономикалық реформалаудың негізін қолдады. Шын мәнінде, бұл тауарлардың жаппай өндірісін, оны жүргізудің аздаған шығындарын және сыртқы нарықта отандық тауарлардың жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз еткен саланы іздеу болды. Басқаша айтқанда, өнеркәсіптік капиталдың пайда болу мүмкіндігі. Алайда, бұл мектептің басшысы Ф. Кенэ тіпті осы міндетті шешеді деп ойлаған жоқ Шотландиялық А. Смит Парижде болған кезінде физиократтармен жақын танысып, оларды біртүрлі экономистер деп атады. Мектептің белсенді өмірі 1756 – 1778 жылдары орын алды және 1776 жылы А. Смиттің "халықтар байлығы" атты кітабының шығуымен өз өмірлерін аяқтады. Физиократтар теориясының ерекшелігі Францияның ауыл шаруашылығы өндірісі мен салық саясатына ерекше рөл бөлуінде.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №6 (15) том 1

  


Ссылка для цитирования:

Муратбеков Д., Молдашов Н.О., Амангелды А.Б. ФИЗИОКРАТИЯ ІЛІМІ МЕН ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКА АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ // Вестник науки №6 (15) том 1. С. 150 - 159. 2019 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/1505 (дата обращения: 20.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/1505



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2019.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.