'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №6 (15) том 1
  4. Научная статья № 74

Просмотры  101 просмотров

Қасқатаева Б.Р., Жалел А.У., Маммадкулова А.Э.

  


МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ *

  


Аннотация:
статьяда қазіргі уақытта математиканы оқытудағы перспективті бағыттардың бірі-сабақта цифрлік білім беру ресурстарын (ЦБР) қолдану мәселесі қарастырылған. 7 – сыныпта «Функциялар 2 y  ax , 3 у  ах олардың қасиеттері мен графиктері» тақырыбына жүргізілген сабақ үлгісі келтірілген. Сонымен қатар оқушылар ЦБР-ын қолдану процесінде оқушылардың жаңа ұғымдарды меңгеру, өзіндік іздеу қызметін қалыптастыру сияқты дидактикалық міндеттерді шешуге қатысуларына жағдай жасалған   

Ключевые слова:
Цифрлік білім беру ресурстары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, функцияны оқыту   


Қазіргі уақытта математиканы оқытудағы перспективті бағыттардың бірі-сабақта цифрлік білім беру ресурстарын (ЦБР) қолданудың кешенді тәсілі болып отыр. ЦБР типологиясы бір жағынан, білім алушыға негізгі ұғымдарды қалыптастыру процесін көрнекі түрде көрсетуге, екінші жағынан, осы процеске өзі белсенді қатысуға мүмкіндік береді. ЦБР-ды оқу процесінде пайдалану - бұл оқу процесін белсендендіруге, оны оңтайландыруға, оқушылардың пәнді оқуға қызығушылығын арттыруға, дамыта оқыту идеяларын іске асыруға, сабақ қарқынын арттыруға, өзіндік жұмыс көлемін арттыруға мүмкіндік беретін жолдардың бірі. ЦБР логикалық ойлауды, ақыл-ой еңбегінің мәдениетін дамытуға, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ оқу процесінің мотивациялық саласына, оның қызметтік құрылымына елеулі әсер етеді. Математика сабақтарында оқушылар цифрлық білім беру ресурстарымен жұмыс істеуге көбірек бейімді, интуитивті деңгейде цифрлық білім беру ресурстарымен жұмыс істеуге білімі, біліктілігі, дағдысы бар. Сабақта мұғалім ЦБР-ды пайдаланғанда, сабақтың ұйымдастырушы және кеңесшісі қызметін атқарады. ЦБР мұғалімді немесе оқулықты алмастырмайды, бірақ педагогикалық қызметтің сипатын түбегейлі өзгертеді. ООБ-ны оқу процесіне енгізу оқытушының мүмкіндіктерін кеңейтеді, оны бұрын шешілмеген мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін құралдармен қамтамасыз етеді, мысалы: Оқушыларды шығармашылық процестің өзі және оның нәтижесі қызықтырады. Әсіресе PowerPoint редакторының мүмкіндіктері шабыттандырады. Оқушылар анимациясы бар слайдтарға қызығады. Ал «жай» слайдтардың оқулықтардан еш айырмашылығы жоқ, - деп қызықпайды. Анимация, дыбыс жұмысты әсерлі жасауға көмектеседі, ал сабақ тақырыбы қарапайым және түсінікті. Оқушылар өздік жұмыс орындағанда ЭБР олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, танымдық тапсырмаларды шешу үшін ақпараттық технологиялар мен әртүрлі ақпарат көздерін пайдалану дағдыларын дамытуға, жеке жұмысты жүргізуге, есептің шешімін өз бетінше іздеу қабілеттерін дамытуға, математикаға деген қызығушылықты қалыптастыруға көмектеседі. Мектепте электрондық білім беру ресурстарын пайдалану нәтижелері: оқушылар үшін - бұл оқуға деген қызығушылық және өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігін айтарлықтай кеңейту, түрлі конкурстарға қатысу мүмкіндігі; мұғалім үшін – сабаққа дайындалу уақытын едәуір жеңілдету және қысқарту, оқушылармен қарым-қатынас уақытын ұлғайту. Оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің өсуіне әсер етеді, білім беру саясатының басты міндеті - білім беру сапасын айтарлықтай арттыруға ықпал етеді. Сабақтың негізгі түрлерінің ішінде негізгі үш түріне тоқталайық:  жаңа материалды енгізу (түсіндіру) сабағы;  білімді бекіту сабағы;  білімді, іскерлікті және дағдыларды жалпылау және бақылау сабағы. Жаңа материалды түсіндіру сабағында электронды білім беру ресурстары мұғалімге материалды көрнекі және түсінікті түрде баяндауға көмектеседі. ЭБРын қолданғанда ақпарат алу компоненті өзгереді. объектілердің, үдерістердің, құбылыстардың мәтіндік сипаттамасын зерттеу бір мәселе болса, оларды интерактивті режимде көру және зерттеу басқа мәселе. Сабақтың бұл түрінің мақсаты оқушылардың жаңа материалды меңгеруі болып табылады. Сонымен қатар, сабақ барысында жаңа материалды оқыту кезінде, бұрын меңгерілген материалды тәртіпке келтіру мен бекіту жұмысы да жүргізіледі. Өткен материалды есіне түсірмей, талдамай, оған сүйенбей, оны қандай да бір жаңа ережелерді тұжырымдау кезінде қолданбай жаңа материалды меңгеру мүмкін емес. Сабақтың бұл түрінің мақсаты оқушылардың жаңа материалды меңгеру болып табылады. Ол үшін оқушылар жаңа ұғымдарды және іс-әрекеттің тәсілдерін меңгеру, өзіндік іздеу қызметі мен құндылық бағдар жүйесін қалыптастыру сияқты дидактикалық міндеттерді шешуге қатысулары керек. Мәселен, 7 – сыныпта жүргізілген сабақ үлгісін келтірейік. Сабақтың тақырыбы Функциялар 2 y  ax , 3 у  ах олардың қасиеттері мен графиктері. Осы сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаты 2 y  ax , 3 у  ах функцияларының графиктерін салу және олардың орналасуын анықтау. түрлері функциясының қасиеттерін білу , Сабақтың мақсаты

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №6 (15) том 1

  


Ссылка для цитирования:

Қасқатаева Б.Р., Жалел А.У., Маммадкулова А.Э. МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ // Вестник науки №6 (15) том 1. С. 395 - 402. 2019 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/1552 (дата обращения: 23.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/1552



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2019.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.