'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №6 (15) том 2
  4. Научная статья № 28

Просмотры  106 просмотров

Кенжина Ш.М.

  


УМБЕРТО ЭКО «ИМЯ РОЗЫ» ШЫҒАРМАСЫНҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ *

  


Аннотация:
Бұл мақалада италияндық семиотик және постмодернистік жазушы Умберто Эконың «Имя Розы» шығармашылығының негізгі ерекшелгі қарастырылған   

Ключевые слова:
постмодернизм, типология, контекст, семиотика   


«Имя Розы» романы атақты итальян жазушысы, Болон Университетінің профессоры Умберто Эконың ең алғашқы романы болып табылады. Ол ең алғаш рет 1980 жылы итальян тілінде халыққа ұсынылып, жарық көрді. Мен бұл шығарманы ағылшын аудармашысы Ульям Уивер аударған нұсқасын оқып, қарастырдым. Алайда ресейлік аудармашы Александровна Елена Костюкович аударған орыс тіліндегі нұсқасында қарастырып өттім. Бірақ, басым бағыт ағылшын тіліндегі нұсқаға берілді. Бұл тараудың мазмұнына сай романның көкей кесті мәселесін ішкі және сыртқы деп қарастырған жөн болады деп есептеймін. Романның ішкі мәселесі деп: шығарманың қысқаша мазмұнының сипатын, термин сөздер мен контекстік мазмұнның түсініктілігін, бұл детектифті шығармадағы кейіпкерлердің қиыншылықтарын, шығармада актуальді болып саналған мәселелерді және т.б. жатқызуға болады. Ал сыртқы көкей кесті мәселесі ретінде, шығарманың мазмұнының не себепті өзгеруі мүмкіндігінің, оқырмандар үшін не себепті роман желісі түсініксіз болу мүмкіндігі бар екендігін, және т.б. жатқызып, қарастыратын боламыз[1]. «Имя Розы» романының көкей кесті мәселелерін тікелей зерттеп, қарастыру үшін, романның негізгі мазмұнына және тарихына қысқаша тоқтала кетсек. Сонымен «Имя Розы» романы дегеніміз не? Оның мазмұнының мәнісі неде? «Имя Розы» романыңдағы басты кейіпкерлері шығарманың басында қаза тапқан монах Адельма Ортанск, оның өлімін зерттемек болып жүрген тергеуші Вильгельм Баскервильс және оның шәкірті , әрі серігі Адсон Мелькск, сондай-ақ соқыр әрі, қатыгез монах Хорхе. Оқиға 1327 жылы, қараша айында, Италияның Лигурия, Пьемонта және Франциямен шектесетін солтүстік-батыс бөлігінде болған. У. Эконың бұл шығармасындағы сюжет бір апта шамасында сипатталған. Негізгі оқиғаның желісі детектив Вильгельм өзінің шәкірті, әрі серігі Адсон Мелькскпен бірге қаза тапқан Адельма Ортансктың өлімінің себебін іздеп, Аббад елді-мекеніне келуімен басталады. Олар тергеу жүргізген жеті күн ішінде бірнеше адам қаза табады. Оның сырын ашу үшін детектив пен оның шәкіртінің өлімді ашу жолы баяндалады. Бұл ұлы туындыны оқу, орта ғасырға сапар шегу мен тең. Бұл жерде шығарманың мәні тура мағынадағы саяхат емес, адамның жан-күйін сол ғасырдағы заманның, шығармадағы оқиғаның желісі мен автор сөзінің сені құдды сол оқиғаға байланыстырып, сенің қатысуыңмен болған оқиға секілді сөзбен жеткізе алмастай күй кештіретін, шығарма тұрғысында болмақ. Бұл шығарманың рухтылығы мен басқа көптеген шығармалардан ерекшелігі ол автордың роман ішінде кейіпкерлердің диалогы, жазушының ұзақ бірінші жақтан әңгімелеуі мен романдағы оқиғаның мазмұның ашу үшін қолданылған цитаталары, діни-теологиялық қарама-қайшы көзқарастары мен философиялық мазмұның Умберто Эконың шебер жеткізуімен байланыстырдым[2]. Сондай-ақ шығармада көтпеген детективтік сюжет мазмұныңда қызғушылық тудыратын тұстары өте көп. Мысалы шығармадан бір кеіпкердің қазасы туралы мағұлмат іздесеңіз, оңай жаңылысасыз. Себебі, бұл жерде бірнеше адамның қазасы туралы, мистикалық оқиғала мен интригаға толы сипатталып, оқырманды шатыстыратындай деңгейде баяндалған. Сол үшін, шығарманы оқу барысында үнемі ойлану, күмәндану, ойша болып жатқан ісәрекетке өзіндік тұжырым жасау немесе әрі қарай қалай өрбиді екен деген қызғушылық құлшыныста отырасыз. Алайда романның мәні ол емес. Себебі шығарманың детективті жағымен қоса бейбіт жағыда бар. Оған, роман кейіпкерлерінің рөлін, олардың өмірін, мақсатын, мансабын, дипломатиялық жетістіктерін, алған білімдерін (мысалы өзінің Вильгелм атты ұстазымен сапар шеккен Уатсон) жәнеде роман соныңдағы олардың өмірін жатқызуға болады[3]. Бұл романның барлық оқырмандарға ұнамды тұсының бірі – ол кеіпкер образның көп болуы. Умберто Эконың ойындауы бойынша ең алғашқы атауы: «Аббад өілімі» болған. Бастапқыда бұл шығарманың олай аталуын У. Эко романда қаза тапқандардың көп болумен, Аббад елді-мекенінің жанып кетуімен, ең қасиетті болып саналған іші лабиринтке толы маңызды кітапханадағы (оның маңызды болу себебі, ондағы кітаптар тек рұқсат етілген адамдарға ғана берілгендіктен ) жауыз, әрі соқыр кітапханашы Хорхердің жасаған қылмыстары мен оның өмірінің шиленісінен деп түсіндірген. Неге Хорхе? - деген сұраққа, Умерто Эко: «солай болу керек болды, мен секілді романисттер үшін өз туындысындағы әр шығарманы өзіңдік мзмұнмен немесе оқиға желісімен айқындап, тұратын жемісті образ болады. Сол менің романыма мән беріп тұрған кейіпкер соқыр кітапханашы болды, алайда ол ешқандайда шынайы кеіпкер0емес»0-0деп0жауап0берген. Бұл романда мені баурап алған тұсы өте көп, мысалы шығармада диалогтардың қалайша сәтті құрылғандығы, орта ғасырлық әдебиеттердің шығармада сәтті орның тауып, қолданылуы, цитаталардың болуы, және т.б. Сол жоғарыда айтылған цитаталардың біріне ортағасрлық әдебиеттерді қолдану турасында тоқтала кетейік. Умберто Эко өз романыңда ортағасырлық әдебиеттер мен ондағы терминдерді өте сәтті қолданған. Ол жайлы жазушы « Менің еңбегім оқырман үшін ең үздік болуы қажет екенің естен шығармадым, және сол үшін ауқымын кеңейттім. Маған ортағасырлық әдебиеттерді өз туындыма пайдалану аса қиындық тудырмады, себебі өз романымның әр сюжетінде бірге өмір сүрдім, яғни орта ғасырда да болып келдім» -деген. Яғни, У. Эко бұл жерде романды оқыған кездегі алатын әсерді эксперимент ретінде ең алғаш өзіне жасаған. Умберто Экодан романыңыздан қандай сезім сезінуге болады және оқырманға роман не бере алады дегенде «оны мен емес, оқырманым айтады сізге, себебі бұл шығармадан әр оқырман өзі қандай сезім сезінгісі келеді сондай сезім сезінеді, нені ойға түйгісі келсе соны түйеді»- деген. Расымен де «Имя Розы» романын мен бір-неше рет оқып шықтым. 

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №6 (15) том 2

  


Ссылка для цитирования:

Кенжина Ш.М. УМБЕРТО ЭКО «ИМЯ РОЗЫ» ШЫҒАРМАСЫНҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ // Вестник науки №6 (15) том 2. С. 159 - 162. 2019 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/1600 (дата обращения: 19.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/1600



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2019.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.