'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №6 (15) том 2
  4. Научная статья № 84

Просмотры  110 просмотров

Алдунғарова Ә.Ә., Абдыхадир А.С., Жуманова Г.Т.

  


АСҚЫНҒАН АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯНЫҢ КЕЗДЕСУ ЖИІЛІГІ (ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА) *

  


Аннотация:
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының көптеген аймақтарының экологиялық жағдайы нашарлануда. Мұнын бәрі техногендік факторлардың әсерінен туындалып жатыр. Теміртау қаласы ірі өндіріс орындарымен, соның ішінде «Миттал Стил Теміртау» АҚ және «Теміртау химия-металлургиялық заводы» ЖШС, көлік қатынастары, құрылыс индустриясынан, тұрмыстық қалдықтар салдарынан ластанған. Бұл топырақ, су, ауаның ластануына, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азаюына, және де ең бастысы - адамдардың денсаулығының нашарлануына әкеледі. Өндірістік және экологиялық қолайсыз аймақтардағы тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсарту – аса маңызды бағдар. Оның ішінде Теміртау қаласының экологиялық жағдайын ескере отырып, тұрғындарға барлық кезеңде емдеу-профилактикалық іс шаралар жүргізу тәртібін жетілдіру қажеттілігі өзекті мәселе болып қалуда.   

Ключевые слова:
жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, гипертония, асқыныстар, жүректің ишемиялық ауруы, жедел ми қанайналым бұзылысы, гипертониялық энцефалопатия   


Жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларындағы негізгі қауіп факторы – гипертония, немесе қан қысымының жоғарылауы. Әлемде гипертониямен миллиардтан астам адам сырқаттанып, оның асқынысы жүрек ұстамалары мен инсульт түрінде көрінуде. Зерттеулер бойынша, жоғарғы қан қысымы жылына тоғыз миллион өлімнің себебі болып табылады [1]. Қазақстан Республикасының тұрғындарының денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштерге сараптама жасайтын болсақ, қан айналым жүйесі аурулары – жалпы аурушандық құрылымы мен өлімнің негізгі себебі болып отыр. Артериальды гипертония - жедел медициналық жәрдем дәрігерінің тәжірибесінде ең жиі кездесетін патология. Қазақстан ересек тұрғындарының (60-69 жас аралығы) арасында АГ таралуы 50 пайызға дейін жетіп, үздіксіз кеңеюде [2]. 2016 жылғы қайтыс болу себептерінің негізгі топтары бойынша 100 000 адамға шаққандағы өлім-жітім көрсеткіші Қазақстан Республикасы бойынша қан айналым жүйесі аурулары себебінен – 178,92, оның ішінде жүрек ишемиясынан - 65,94, инсульттан – 64,68. Айта кететін жайт, Қарағанды облысы жоғарыда аталған көрсеткіштер бойынша Республика ішінде бірінші орын алады (қан айналым жүйесі аурулары себебінен – 327,73, оның ішінде жүрек ишемиясынан - 112,66, инсульттан – 126,75). Жоғары қан қысымының негізгі өзгеріс себептері: тұзды тағамдар, физикалық белсенділіктің төмен дәрежесі, семіздік, алкогольды қабылдау болып табылады. Аталған факторлардың кумулятивті әсерінің нәтижесінде артериальді қан қысымы жас үлкейген сайын жоғарылайды [3]. Әдебиеттерге сүйенсек, 425 000 астам зерттелушісі бар 37 проспективті когортты зерттеуді қамтитын сараптама нәтижесі бойынша, систолалық артериялық қысымның 10 мм.сын. бағ. төмендеуі – инсульт болу ықтималдығын 37%-ға, жүректің ишемиялық ауруы туындау қаупін 25%-ға азайтады [4]. Зерттеу мақсаты: Теміртау қаласы тұрғындары арасында асқынған артериялық гипертензияның кездесу жиілігін клиникалық және статистикалық анализ арқылы анықтап, және жынысына байланысты бөліп қарастыру. Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеу материалдары ретінде Теміртау қаласының жедел медициналық жәрдем станциясының мұрағат бөлімінде жинақталған 2016 жылғы шақыру карталары (ф. 110/у) қолданылды. Жалпы саны 2016 жыл бойынша 6695 шақыру карталары Exel бағдарламасына енгізіліп, талданды. Зерттеу жұмысында шақыру карталары жинақталып, оларға клиникалық және статистикалық анализ жасалды. Ретроспективті талдауды ескере отырып, келесідей нозологиялық бірліктер алынды: жүректің ишемиялық ауруы (І21), жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік (І50.1), жедел ми қанайналым бұзылысы, транзиторлы ишемиялық шабуыл (І64, G45) және гипертониялық энцефалопатия (І67.4). Қорытындылай келе, 6695 шақыру картасы ішінен 170 науқаста артериялық гипертензияның асқыныстары анықталды. Оның ішінде ЖИА – 33 (19,4%); ЖСҚЖ – 3 (1,8%); ЖМҚБ, ТИШ – 57 (33,5%); гипертониялық энцефалопатия – 77 (45,3%). Ерлерде: ЖИА – 7 (13,7%); ЖСҚЖ – 1 (2%); ЖМҚБ, ТИШ – 18 (35,3%); гипертониялық энцефалопатия – 25 (49%). Әйелдерде: ЖИА – 26 (21,8%); ЖСҚЖ – 2 (1,7%); ЖМҚБ, ТИШ – 39 (32,8%); гипертониялық энцефалопатия – 52 (43,7%). Жоғарыдағы көрсеткіштерге сүйене отырып, асқынулардың ішінде гипертониялық энцефалопатия (45,3%) мен жедел ми қанайналым бұзылысы (33,5%) жиі кездесетіндігі туралы айтуға болады. Сонымен қатар, асқыныстардың кездесу жиілігі ерлерде - 30% болса, әйелдерде 70% құрайтындығы анықталды. 

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №6 (15) том 2

  


Ссылка для цитирования:

Алдунғарова Ә.Ә., Абдыхадир А.С., Жуманова Г.Т. АСҚЫНҒАН АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯНЫҢ КЕЗДЕСУ ЖИІЛІГІ (ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА) // Вестник науки №6 (15) том 2. С. 439 - 442. 2019 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/1656 (дата обращения: 26.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/1656



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2019.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.