'
Нығымет М.Қ.
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БІЛІМ АЛУ ПРОЦЕСІНДЕГІ РӨЛІ *
Аннотация:
Бұл ғылыми мақалада танымдық қызығушылықтың психологиялық механизмдері және оның білім алу процесіндегі рөлі зерттеледі. Танымдық қызығушылық — адамның жаңа ақпарат пен білімге деген құштарлығы, бұл процесс білім алудағы тиімділікті арттыруда маңызды рөл атқарады. Мақалада танымдық қызығушылықтың психологиялық негіздері, оның мотивациялық және когнитивтік аспектілері талданады
Ключевые слова:
таным, мотивациялық аспект, когнитивтік аспекті
УДК 37
Нығымет М.Қ.
География білім беру бағытының магистранты
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
(Орал қ, Қазақстан)
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ ЖӘНЕ
ОНЫҢ БІЛІМ АЛУ ПРОЦЕСІНДЕГІ РӨЛІ
Аннотация: Бұл ғылыми мақалада танымдық қызығушылықтың психологиялық механизмдері және оның білім алу процесіндегі рөлі зерттеледі. Танымдық қызығушылық — адамның жаңа ақпарат пен білімге деген құштарлығы, бұл процесс білім алудағы тиімділікті арттыруда маңызды рөл атқарады. Мақалада танымдық қызығушылықтың психологиялық негіздері, оның мотивациялық және когнитивтік аспектілері талданады.
Кілт сөздер: таным, мотивациялық аспект, когнитивтік аспекті.
Таным — адамның объективті шындықты бейнелеп, оны жаңадан құруы ретінде сипатталатын қоғамдық іс-әрекет. Танымның негізі әрі білімнің нақтылығын қамтамасыз ететін элемент — танымдық іс-әрекет. Танымдық қызығушылық — оқушының білім алу мен жаңа нәрсені меңгеруге деген ынтасы, сонымен қатар оның рухани дамуының маңызды көрінісі болып табылады. Бұл қызығушылық көбінесе проблемалық сұрақтарға жауап іздеу арқылы жүзеге асырылады.
Баланың жас кезінен «Неге?», «Қашан?», «Қалай?» сұрақтарын қою өте орынды. Себебі олар өмірді алғаш рет көріп тұр және оларға бәрі қызық: жыбырлаған қоңыздан ұшқан ұшаққа дейін. Бала жасы есейген сайын бұл сұрақттардың қойылуын азайтып, іштей ойменен жүреді. Мектеп жасына жетіп, әртүрлі пәндерді оқып бастағанда оқушыларда таным және жаңа заттарға деген қызығушылық өте биік деңгейде тұрады, алайда дәл уақытында меңгеріп кетпеген оқушы үшін ол заттар түсініксіз күйге жетіп, іштегі лаулаған оты сөне бастайды. Іштегі «білсем», «көрсем», «танысам» деген ойлардың оқушыда өшуі – пәннің 1 мәрте өлуіне сай. Себебі оқушы ол пәнді басында тани алмаса, оқу жылдарында тануға зауқы болмайды әрі болашақ өміріндегі қолданыста қиындықтарға душар болады. М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» еңбегінде: «Бастапқы кезде нәрсені ескешабан алып, тез ұмытады. Естік аса күшті болатын кезі – 7 мен 15 жас арасы. Сыртқы дүниемен, адамзат тұрмысымен жаңа таныс болып келе жатқанды адам бірнәрсе білуге, бар білгенін есте ұстауға ұмтылады. Естің қатынасуын қатты керек қылатын ғылымдарды үйренуге нағыз қолайлы шақ – осы 7 мен 15 жас арасы»,- деп көрсетіп береді.
Танымдық қызығушылық адамзаттың жаңа ақпаратты меңгеруге деген табиғи құштарлығын білдіреді. Бұл зерттеу танымдық қызығушылықтың не екендігін, оның психологиялық негіздерін және білім алу процесіндегі маңызын түсіндіруге бағытталған. Танымдық қызығушылықтың білім беру үдерісіндегі тиімділігі мен оқу мотивациясына әсері зерттеу барысында негізгі назарда болады.
Танымдық қызығушылықтың психологиялық механизмдері:
Педагогикалық тәсілдер мен әдістемелер
Танымдық қызығушылық оқу мотивациясын арттыруда маңызды рөл атқарады, себебі ол ішкі ынталандыруды, мақсат қоюды, қанағаттану сезімін, ақпаратты терең түсінуді, шығармашылық ойлауды, қиындықтарды жеңуді және әлеуметтік ықпалдарды қамтиды. Танымдық қызығушылықтың жоғары деңгейі оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуын және білім алу әрекеттеріне деген ынтасын арттырады. Осылайша, танымдық қызығушылықты дамыту оқу мотивациясын көтеру үшін тиімді құрал болып табылады. Сондай-ақ, оқушылардың танымдық қызығушылығы оқу әрекеттеріне белсенді қатысуын, жаңа ақпаратты меңгеруін және білімді тереңірек түсінуін қамтамасыз етеді.
Мақалада танымдық қызығушылықтың психологиялық механизмдері мен оның білім алу процесіндегі рөлі туралы кешенді түсінік беріледі. Танымдық қызығушылықтың білім беру практикасына енгізілуі оқушылардың оқу мотивациясын және білім алу нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ:
Номер журнала Вестник науки №9 (78) том 2
Ссылка для цитирования:
Нығымет М.Қ. ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БІЛІМ АЛУ ПРОЦЕСІНДЕГІ РӨЛІ // Вестник науки №9 (78) том 2. С. 601 - 604. 2024 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/17232 (дата обращения: 13.11.2024 г.)
Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2024. 16+
*