Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо
  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки от 3 ноября 2024 г.
  4. Научная статья № 199
Просмотры  176 просмотров

7-8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ АРҚЫЛЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Аннотация: мақалада 7-8 сынып оқушыларынан алынған бақылау нәтижелері көрсетілген. Бақылау жүргізу арқылы 7-8 сынып оқушыларының математикалық ойлау деңгейі көрініп, болашақта математикалық ойлауды дамыту қажет екендігін түсіну, сонымен қатар оны дамыту жолдары мен әдіс-тәсілдері жазылған

Ключевые слова: оқушылар, математикалық ойлау, бақылау, нәтиже.

7-8 сынып оқушыларының математикалық ойлауы – бұл жастағы балалар үшін маңызды кезең, өйткені олар математика бойынша түсінік қалыптастыру арқылы логикалық ойлауды дамытады.
Талдықорған қаласы №12 орта мектеп гимназиясының 7 «а», 7 «ә», 8 «а», 8 «ә» сынып оқушыларынан математикалық ойлаудың деңгейін анықтау жұмыстары алынды. 7 «а», 7 «ә» сыныптарына бірмүше, көпмүше және оларға амалдар қолдану тақырыптарына арналған он есеп берілді. Бақылау 45 минутта алынды.

Диаграмма 1. 7 «а» гимназия сыныбының бақылау нәтижесінің пайызы.

Нәтижесі 7 «а» гимназия сыныбы оқушыларының математикалық ойлау деңгейі жоғары.

Диаграмма 2. 7 «ә» сыныбының бақылау нәтижесінің пайызы.

7 «ә» сыныбының бақылау нәтижесі оқушылардың математикалық ойлау деңгейі төмендігін көрсетеді.
8 «а», 8 «ә» сыныптарына санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбір, бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылу, квадрат теңдеулер, виет теоремасын қолдану, бөлшек рационал теңдеуді шешуге арналған он есеп берілді. Бақылау 45 минутта алынды.

8 «ә» сыныбының бақылау нәтижесі оқушылардың математикалық ойлау деңгейі төмендігін көрсетеді.
Бақылау нәтижесінің қорытындысы: гимназия сыныптарының математикалық ойлау деңгейі жай сыныптарға қарағанда жоғары. Жай сыныптардың деңгейі төмен болғандықтан олардың математикалық ойлауын дамыту қажет. 7-8 сынып оқушыларының математикалық ойлауын дамыту үшін бірнеше іс-шаралар мен тәсілдер:
1. Қызықты тапсырмалар. Оқушыларға қызықты және қиындық тудыратын есептер мен тапсырмаларды беру қажет. Ол математикаға деген қызығушылықты арттырады және шығармашылық ойлауды дамытады.
2. Топтық жұмыс. Оқушыларды топтарға бөліп, олармен бірге жұмыс істеу,топтық жұмыстар оқушылардың пікір алмасуына, ойларын талқылауына көмектеседі.
3. Жобалық жұмыстар. Оқушыларға математикаға байланысты жобаларды орындауды ұсынады, олардың практикалық дағдыларын дамытады. Мысалы, статистика, зерттеулер, графиктер жасау.
4. Логикалық ойындар мен ребустар. Логиканы дамытатын тапсырмалар, ойындар мен ребустар арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңітуге болады.
5. Қосымша әдебиеттер мен ресурстар. Оқушыларға математикалық кітаптар, онлайн курстар және видео сабақтарды ұсынып, өз бетінше білім алу мүмкіндігін арттыру.
6. Күнделікті өмірмен байланыстыру. Математиканы күнделікті өмірмен байланыстыру, мысалы, дүкенде сауда жасау, бюджетті жоспарлау секілді тапсырмалар беру.
7. Сабақ барысында интерактивті құралдарды пайдалану. Мысалы, геометриялық дизайн жасау, онлайн патформалар арқылы сабақтарды қызықты ету.
8. Кері байланыс. Оқушылардың тапсырмаларды орындау барысындағы қиыншылықтарын тыңдап, оларға көмектесуге дайын болу.
9. Шығармашылық. Оқушыларды жаңа білім алуға ынталандыру, математикада кезедесетін мәселелерді шешудің түрлі жолдарын іздену.
10. Марапаттау жүйесі. Жетістіктері үшін оқушыларды мақтап, ынталандыру. Мақтау арқылы оқушылар жігерленеді.
Әр түрлі әдістерді жүйелі түрде қолдану арқылы 7-8 сынып оқушыларының математикалық ойлау қабілетін жан-жақты дамытуға болады.
Қорытынды.
Математикалық ойлауды дамыту үшін практика, алгоритмдерді зерттеу, логикалық ойындар мен тапсырмаларды колдану тиімді. Оны мектеп кезден бастап дамытуға болады, өйткені математикалық ойлау дағдылары күнделікті өмірде, кәсіби салада, зерттеулерде және техникалық шешімдер қабылдау барысында өте маңызды. Математикалық ойлау қабілетін дамыту, әсіресе, білім алу жүйесінде маңызды рөл атқарады. Оқушыларға математикалық концепцияларды үйрету, олардың өзін-өзі тану қабілетін жүзеге асыруда және логикалық ойлауды тереңдетеді.
Мәліметтерді талдау және статистикалық әдістер арқылы математиканы қолдану, қазіргі заманғы технологиялар мен бизнесте шешуші фактор болып табылуда. Тиімді шешімдер қабылдау, бизнес стратегияларды құру және ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін математикалық әдістер тиімді болып келеді. Математикалық аспектілері инженер, физика, экономика салаларда инновациялар мен жаналықтар енгізуге ықпал етеді.
Нәтижесінде, математикалық білім тек ғылым дамығанда емес, сондай-ақ, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдаятын жақсартуға мүмкіндік береді. Математика, зерттеушілер мен тәжірибешілер үшін тиімді құрал болып табылып, олар адамдардың өмірін жеңілдетіп, болашақтың жақсы жақтарымен айналысады.


Полная версия статьи PDF

Номер журнала «Вестник науки» № 11 (80) том 1


Ссылка для цитирования:

Төлеуова М.М., Жанатбекова Н.Ж. 7-8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ АРҚЫЛЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ // Журнал «Вестник науки» от 3 ноября 2024 г. № 11 (80) том 1. С. 1284 - 1289. 2024 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/18422 (дата обращения: 29.11.2026 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/18422



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки © 2024.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ «О противодействии экстремистской деятельности» (далее - Федеральный закон «О противодействии экстремистской деятельности»), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.