Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо
  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки от 3 ноября 2024 г.
  4. Научная статья № 200
Просмотры  281 просмотр

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЛАУ – ЛОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АБСТРАКТІЛІ ТҮСІНІКТЕРДІ ҚОЛДАНУ

Аннотация: бұл мақалада математикалық ойлаудың негіздері және оның күнделікті өмірде қолданылуы мен пайдасы туралы қарастырылады. Авторлар математикалық ойлаудың негізгі аспектілерін атап көрсетеді, мысалы, логика, абстракция, жүйелік, шығармашылық, сараптама. Мақалада математикалық ойлау ұғымы мен олардың өмірдегі байланысын, оны түсінудің маңыздылығы, сондай-ақ математикалық мәліметтер негізінде кеңістіктік тұрғыдан ойлау және тұжырымдау қабілетін дамыту қажеттілігі көрсетілген

Ключевые слова: математикалық ойлау, логикалық ойлау, есептер, қабілет, математикалық ойлауды дамыту.

Егеменді еліміздің жаркын болашағы деп бүгінгі таңдағы мектеп оқушыларын атасак болады. Мұғалім оқушыларға бар білімін шыңдап, бағыт-бағдар корсетуші болса, оқушы ары карай өздігінен алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана алуы және оны дамытып, шыңдауы қажет.
Қазіргі таңда ғылым дамыған сайын, жаңа сапалы деңгейдегі бағдарламалар енгізілуде. Әлемнің дамыған әрі өркениетті елдердің катарына косылу мақсатында жастардан жаналық ашуы мен еңбекқорлықты талап етеді. Қазіргі кезеңде математика пәні басты әрі маңызды орын алады.
Математикалық ойлау дегеніміз - абстрактілі нысандық және теориялық түрде ойлау. Математика сандар, есептер мен формулалар жайлы ғана емес, сонымен қатар тәртіп пен қатынастар және құрылымдар туралы ғылым. Математикалық ойлаудың жай немесе карапайым ойлаудан айырмашылығы ол адамға қоршаған ортаны сыни тұрғыдан қабылдауын дамытып, әр түрлі түсініктер мен жағдайлардың түп-тамырына үңіліп,байланысын зерттейді. Математикалық ойлау - бұл күрделі логикалық құралдарды тусіну, белгілі бір ережелер мен заңдылықтарды пайдалану арқылы шешімдер шығару қабілеті. Ол адамның аналитикалық тұрғыдан ойлауын, мәліметтерді жүйелеуге және түрлі сценарийлерде тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Математикалық ойлау процестері кең көлемде қолданылады, физика мен инженериядан бастап экономика мен әлеуметтануға дейін әр түрлі ғылым салаларында маңызды рөл атқарады. Математикалық ойлау адамның интеллектуалдық әлеуетін арттыра отырып, өмірдің түрлі салаларында шығармашылық шешімдер табуға көмектеседі. Математикалық ойлау ол адамдардың мәселелерін шешеді, ұғымдар мен принциптер процесі болып табылады.

Логикалық ойлау қабілеті адамдарды шектеулі ақпаратпен жұмыс істей алуға, шешім қабылдауға және логикалық байланыстарды түсінуге мүмкіндік береді. Бұл қабілеттерді дамыту адамзаттың көптеген салада, әсіресе ғылым, инженерия мен экономикада табысты болуына ықпал етеді.
Математикалық ойлаудың аспектісінде математиканың абстракциясы да маңызды рөл атқарады. Нақты әлемдегі объектілерді таңбалар мен модельдер арқылы сипаттауға мүмкіндік беретін процесс болып табылады. Мысалы, функцияларды зерттеу арқылы математика өзінің мағынасына терең бойлап, математикалық концепцияларын алға тарта отырып, шынайы өмірлік мәселелерді шешеді.
Жүйелік ойлау мәселелерді кезең-кезеңімен бөліп шешу үшін алуан түрлі әдістерді қолдануды білдіреді. Бұл әдістердің көмегімен математикалық міндеттерді жүйелік және тиімді түрде шешу жолындағы стратегияларды дамытуға болады.
Математиканың шығармашылық аспектісі жаңа ойлар мен тұжырымдамаларды жасауға ынталандырады. Инновациялық әдістер мен стандарттарды әзірлеу, математикалық ойлаудың алға жылжыуына және жаңа ғылыми жетістіктердің пайда болуына ықпал етеді.
Математикалық сараптама – математикалық мазмұнды терең түсінуге, оның құрылымын талдауға және логикалық байланыстарды анықтауға бағытталған процесс. Математикалық сараптама аспектісі сараптамалық ойлауды дамытады.
Оқушылардың математикалық ойлауын дамытуда математика логиканы меңгеру, күрделі есептер мен тапсырмаларды шешудің кілті болып табылады. Математикалық ойлаудың негізінде сыни тұрғыдан әдістемелік көзқарас, дәлдік және сауатты талдау жататыны анық. Тек қана формулаларды білумен шектелмей, терең мағынаны, принциптер мен салааралық байланыстарды түсіну қажет.
Оқушыларға математикалық мәліметтер негізінде кеңістіктік тұрғыдан ойлау және тұжырымдау қабілетін дамыту қажеттілігі көрсетілген. Кеңістіктік тұрғыдан ойлау және тұжырымдау қабілеті – бұл қазіргі заманғы білім беру барысында маңызды дағдылардың бірі. Математикалық мәліметтер негізінде кеңістіктік ойлауды дамытудың бірнеше себептері:
1. Кеңістіктік қатынастарды түсіну. Кеңістіктік ойлау геометрия, физика және инженерия сияқты пәндерде маңызды рөл атқарады. Математикалық мәлеметтер арқылы оқушылар үш өлшемді объектілердің формасы мен құрылымын түсінеді.
2. Мәселелерді шешу. Кеңістіктік ойлаудың көмегімен адамдар күрделі мәселелерді шешуге, логикалық болжамдар жасауға және нақты жағдайларда қолдану үшін математикалық теорияларды пайдалануға қабілетті болады.
3. Көрнекілік. Математикалық мәліметтер елестетуге көмектеседі. Графиктер, диаграммалар және басқа да көрсетілімдер ақпаратты тиімді пайдалануға және талдауға мүмкіндік береді.
4. Кәсіби даярлық. Инженерлік, архитектуралық, навигациялық және баска да мамандықтарда кеңістіктік ойлау дағдыларына үлкен талап қойылады. Болашақ мамандардың бұл қабілеттерді дамыту кәсіби өсу үшін өте маңызды.
5. Шығармашылық. Кеңістіктік ойлауды дамыту шығармашылық қабілеттерді арттыруға да ықпал етеді. Оқушыларға формаларды, суреттерді және құрылыстарды жобалау барысында өз ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі.
6. Сыни ойлау. Математикалық мәліметтерді талдау кезінде оқушылар дәлелдеу, логикалық тұжырым жасау дағдыларын жетілдіреді.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, білім беру жүйесінде кеңістіктік тұрғыдан ойлау мен тұжырымдау қабілетін дамытуға бағытталған әдістемелерді енгізу маңызды. Мысалы, интерактивті тапсырмалар, ойындар, тәжірибелер және жобалық жұмыстар арқылы бұл қабілеттерді нығайтуға болады.


Полная версия статьи PDF

Номер журнала «Вестник науки» № 11 (80) том 1


Ссылка для цитирования:

Төлеуова М.М., Жанатбекова Н.Ж. МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЛАУ – ЛОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АБСТРАКТІЛІ ТҮСІНІКТЕРДІ ҚОЛДАНУ // Журнал «Вестник науки» от 3 ноября 2024 г. № 11 (80) том 1. С. 1290 - 1294. 2024 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/18423 (дата обращения: 29.11.2026 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/18423



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки © 2024.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ «О противодействии экстремистской деятельности» (далее - Федеральный закон «О противодействии экстремистской деятельности»), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.