М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ АГРОБИОСТАНЦИЯ АУМАҒЫНДА ҚҰМДЫ ЦМИННІҢ (HELICHRYSUM ARENARIUM) ГҮЛШОҒЫРЫ САНЫН ЗЕРТТЕУ
Аннотация: Өсімдікте гүлшоғырлардың басты маңыздылығы гүлдердің бір-біріне жақын орналасуымен анемофильді және энтомофильді тозаңдану ықтималдығы артуы болып табылады. Бұл жұмыста М. Өтемісов атындағы агробиостанция аумағында орналасқан Меловые Горки ауылы мен плакор аймағындағы құмды цмин (Helichrysum arenarium) гүлшоғырлары санының өзгергіштігін зерттеу нәтижелері келтірілген
Ключевые слова: құмды цмин, гүлшоғыры, өзгергіштігі, Меловые Горки ауылы, плакор аймағы.
https://doi.org/10.24412/2712-8849-2024-1180-1580-1588
Кіріспе.
Биоалуантүрліліктің негізгі компоненттерінің бірі – түрішілік өзгергіштік. Фенотиптік вариацияны бағалау түрдің генетикалық әлеуетін жанама түрде бағалауға мүмкіндік береді, бұл оны ұтымды пайдалану және сақтау стратегиясын әзірлеу үшін өте маңызды. Табиғи жағдайда плакор аймағы псаммофитті дала немесе борлы дала арасындағы өтпелі аймақ бола отырып жоғары биоалуантүрлілікпен сипатталады, бұл ценопопуляциялар шекарасында түрлердің байлығының артуымен көрінеді.
Псаммофитті ценоздағы құмды цминнің ценопопуляцияларын дәрілік шикізаттың құнды көзі ретінде қарастыруға болады. Құмды цмин өсімдіктерінің фенотиптік өзгергіштігі мен формалық әртүрлілігін зерттеу ерекше өзекті болып табылады, өйткені анықталған теориялық заңдылықтарды селекциялық процесске тарту перспективалары ашылады. Құмды цминнің ценопопуляцияларының қазіргі жағдайын біз осыған дейін зерттеп, басылымға шыққан болатын. [1]
Дәрілік шикізат ретінде қолданудан басқа, құмды цмин жеке түрінде сәндік өсімдік ретінде қолданыла алады. Себебі, құмды цминнің гүлшоғыры кептірілегеннен кейін де өзінің сарғыш түсі мен әсемдігін жоғалтпайды.
М.Өтемісов атындағы агробиостанция аумағында орналасқан плакор аймағындағы құмды цмин (Helichrysum arenarium) ценопопуляциядағы гүлшоғырлардың санын зерттеу осы түрдің репродуктивті əлеуеті жəне оның таралу қабілеті туралы ақпарат берді. [2]
Көптеген зерттеушілер гүлді өсімдіктердің әртүрлі топтарының гүлшоғырларын зерттеумен айналысты (Тролл, 1964, 1969, Кузнецова, 1991, 1985, Кондорская, 1980, 1981, 1989, 1990, 1991, Дорохина, 1998, Байкова, 1996, Николаевская, 1979, 2000, Савченко, 1952, Баяндина, Хан, Жирова, 2002 және т.б.) [3]
Бұл зерттеу жұмысында М.Өтемісов атындағы агробиостанция аумағындағы Меловые Горки ауылы аймағы мен плакор аймағындағы құмды цмин ценопопуляциялары гүлшоғырлары санын зерттеу нәтижелері келтірілген.
Зерттеу материалдары мен әдістері
Жалпы алғанда, М.Өтемісов атындағы агробиостанция аумағының шығыс беткейінде құмды цминнің 10-нан астам ценопопуляциялары зерттелді. Мұнда орналасқан Меловые горки ауылы аймағындағы псаммофитті ценоз - құмды топыраққа бейімделген өсімдіктер қауымдастығы. 2024 жылдың мамыр айының соңында құмды цмин ценопопуляцияларындағы гүлшоғырлар санының өзгергіштігін сипаттау үшін екі түрлі ценопопуляциясын геоботаникалық өлшемі 10х10 метр, жалпы ауданы 100 метр құрайтын, GPS өлшемі N: 51.11858 ͦ , E: 51.32370 ͦ зерттелді. Құмды цминнің жобалық жамылғысы Меловые Горки аймағында 15%-н құраса, плакор аймағында 30 %-н құрады.
Гүлшоғырларды талдау үшін құмды цминнің екі ценопопуляцияларынан жалпы саны 20 әр жетілген генеративті модальды өсімдіктің гүлшоғырлары, 10 данадан алынды (1,2-сурет).
Полная версия статьи PDF
Номер журнала «Вестник науки» № 11 (80) том 2
Ссылка для цитирования:
М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ АГРОБИОСТАНЦИЯ АУМАҒЫНДА ҚҰМДЫ ЦМИННІҢ (HELICHRYSUM ARENARIUM) ГҮЛШОҒЫРЫ САНЫН ЗЕРТТЕУ // Журнал «Вестник науки» от 10 ноября 2024 г. № 11 (80) том 2. С. 1580 - 1588. 2024 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/18667 (дата обращения: 29.11.2026 г.)
Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/18667
Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com
