Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо
  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки от 10 ноября 2024 г.
  4. Научная статья № 240
Просмотры  264 просмотра

М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚУ-НІҢ АГРОБИОСТАНЦИЯ АУМАҒЫНДАҒЫ ИТМҰРЫН ӨСІМДІГІН (ROSA CINNAMOMEA) ЗЕРТТЕУ

Аннотация: Табиғатта өсімдіктердің кейбір түрлерінің саны жағынан азайып жатқанына байланысты әр түр популяциясының қазіргі жағдайын зерттеу маңызды болып табылады. Мақалада итмұрын түрінің М.Өтемісов атындағы БҚУ-дің агробиостанция аумағында таралуы және қазіргі жағдайы келтірілген. Итмұрын өсімдігіне (Rosa cinnamomea) геоботаникалық және статистикалық әдістермен флористикалық талдау арқылы зерттеу жасалынды

Ключевые слова: итмұрын, популяция, cтастистикалық әдіс, флористикалық талдау, геоботаникалық әдіс.

Кіріспе.

Табиғи жағдайда итмұрын өсімдігі (Rosa cinnamomea)топырақты қорғаудың маңызды функцияларын атқарады. Олар негізінен бұталы жерлерде, өзендер маңында, тау беткейлерінде, жыралармен сайларда кездеседі.

Итмұрын өсімдігі (Rosa cinnamomea) Раушангүлдер тұқымдасына (Rosaceae) жататын жапырақ тастайтын бұталы не шырмауық тәрізді көпжылдық өсімдік. Биіктігі 2 метр. Бұталары тікенекті. Раушан туыстастарының жидегі жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Негізгі сабақтарында тікенектер түзу дерлік, ал гүлденген өркендерде тікенектер ілмек тәрізді және көп орналасқан. Гүлденген өркендердің ортаңғы жапырақтарының ұзындығы 7-9 см-ге дейін жетеді. Қазіргі уақытта раушангүлділер тұқымдасынының (Rosaceae) 3 мың түрі, 100 туысы белгілі. [1,4]

Е.А. Агелеуовтың «Флора поймы реки Урал» атты еңбегінде БҚО, Жайық өзені жайылмасының тамырлы өсімдіктерінің тізімі және олардың биоэкологиялық, фитоцентоикалық және географиялық сипаттамалары бойынша раушангүлділер түқымдасының (Rosaceae) 39 түрі көрсетілген.[2]

Итмұрын (Rosa cinnamomea) Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропиктік аймақтарында, сондай-ақ тропиктік белдеудің таулы аймақтарында кең таралған. Әлем бойынша итмұрынның (Rosa cinnamomea) 800 ге жуық түрлері белгілі. Итмұрынның (Rosa cinnamomea) кейбір түрлері солтүстік Арктикалық шеңберге дейін, оңтүстікте Эфиопия, Арабия, Солтүстік Үндістан және Филиппин аралдарына, Солтүстік Америкадан Мексикаға дейін кездеседі. Ол Жерорта теңізінен Гималайға дейінгі аймақта және одан әрі Шығыс Азияға дейін көп кездеседі. Итмұрынның көптеген түрлері Еуропадан Арктикаға дейінгі аралықты қамтиды. Еуропада итмұрынның 62 түрі кездеседі. Түрлердің әртүрлілігі таулы аймақтарда кездеседі. Мысалы, Кавказда 44 түр , қазіргі уақыттағы деректер бойынша - 18 түрі бар. Карпат тауында және маңында 71 түрі кездеседі. Балтық жағалауында 22 түрі кездеседі. Еуропаның қалған бөлігінде 47 түрдің өкілдерін кездестіруге болады. Орта Азияда 39 түрі, оның 17 -cі эндемик болып табылады. Қазақстанда 25 түрі кездеседі,оның 4 түрі эндемик болып табылады. Қазақстан Республикасының Солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс , батыс бөліктерінің жазықтарында кейбір түрлері тауда және сайларда өседі. Итмұрын өсімдігі Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауында ылғалды жерлерде кездеседі. Сондай ақ, итмұрын өсімдігінің (Rosa cinnamomea) түрі БҚО, Агробиостанция аумағында жыралармен сайлардың төменгі беткейлерінде де кездеседі [3]

Итмұрын өсімдігінің систематикалық орны:

Дүниесі: Plantae

Бөлімі: Angiosperms

Қатары: Rosales

Тұқымдасы: Rosaceae

Түрі: Rosa cinnamomea

Гүлі қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5тен), аталық пен аналықтары көп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (диаметрі 6 см-ге дейін), ұзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктерді өзіне тартады, ара, үлкен тозаң жейтін қоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері, жабылады.

 

Зерттеу материалдары мен әдістері.

 

Итмұрын қауымдастығының зерттеу базасы: М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Агробиостанциясы (Cурет 1.).

 

GPS өлшемі: N 51.11858 ͦ

EO 51.32370 ͦ


Полная версия статьи PDF

Номер журнала «Вестник науки» № 11 (80) том 2


Ссылка для цитирования:

Хабиболла А.Т. М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚУ-НІҢ АГРОБИОСТАНЦИЯ АУМАҒЫНДАҒЫ ИТМҰРЫН ӨСІМДІГІН (ROSA CINNAMOMEA) ЗЕРТТЕУ // Журнал «Вестник науки» от 10 ноября 2024 г. № 11 (80) том 2. С. 1589 - 1598. 2024 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/18668 (дата обращения: 29.11.2026 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/18668



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки © 2024.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ «О противодействии экстремистской деятельности» (далее - Федеральный закон «О противодействии экстремистской деятельности»), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.