'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №6 (15) том 5
  4. Научная статья № 52

Просмотры  94 просмотров

Байнаева Б.С., Нуртазаева Г.Б.

  


ГАЙМОРИТ БЕЛГІЛЕРІ ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ *

  


Аннотация:
в статье рассматривается гайморит белгілері емдеу жолдары   

Ключевые слова:
гайморит белгілері емдеу жолдары   


Гайморит - мұрынның екі жағында орналасқан гаймор қуысының қабынуы. Бұл ауру, әсіресе, күз-қыс айларында тұмаудың асқынуынан дамиды. Оның белгілері - бас ауырады, мұрынмен дем алу қиындап, одан қою сұйықтық ағады, қысқаша айтқанда, ауру асқынып кетіп, дене қызуы жоғарыласа, онда гаймор қуысын рентгенге түсіріп, «пункция» жасату керек. Егер сырқаттың жағдайы жақсы болып, жоғарыдағы ауру белгілері болмаса, онда гаймор қуысын инемен теспей, қарапайым жолмен (аппаратпен) жуып, дәрі жіберіп емдесе, ол жазылып кетеді. Бұл әдіс «кукушка» деп аталады. Сонымен қатар физиотерапевтикалық ем қабылдаса, ауру тез айығып кетеді. Тұмаудың асқынуы немесе тіске құрт түсудің салдары гайморитке әкеп соғады. Гайморит — жоғарғы жақ iшiндегi кеңсiрiктiң кiлегей қабықшасының қабынуы. Қызылша, тұмау, скарлатина аурулары мен азу және ақыл тiстер уақытында дұрыс емделмегеннен гайморит ауруы пайда болады. Иiс сезу қабiлетiн жойып, ұйқыны бұзатын, дене қызуын көтеріп, адамды әлсiрететiн гайморит қандай ауру? Гайморитті ең алғаш 1613-1685 жылдар аралығында ағылшын тәнтанушысы Н.Гаймор ашқан. Кейін бұл сырқат Гаймордың есімімен аталса керек. Мұрын қуысына ауа тіке бармайды. Белгілі бір жолмен арнайы қуыстар арқылы өтеді. Мұрын – организмдегі тыныс алудың жоғары регисторы. Яғни, біздің дем алған ауамыздың бәрі ішке енуі үшін мұрыннан өтеді. Сырттан кірген дем тазаланады. Бұл мұрын қуысында белгілі бір температурадағы ылғалдану процесі арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мұрын дауысты қалыптастыруға, көмекейден дұрыс шығуы үшін де маңызды. Мұрын аурулары инфекция түскеннен де пайда болады. Адамдар қолын жумастан мұрындарын шұқиды. Ондағы жабысқақ кілегейлерді қолдарымен алады. Ал мұрын қуысындағы жабысқақ кілегейдің өзіндік қызметі бар. Кірген ауа осы кілегейлер арқылы тазаланады. Кейбіреулер «менде су ақпайды» , «мұрным таза, бәрі дұрыс» деп ойлайды. Олай емес. Мұрынды күнделікті арнайы сумен тазалап тұрған дұрыс. Егер мұрынды күнделікті тазаламаса, ірің пайда болады. Сондай-ақ, мұрын қуысының ішіндегі формасының өзгерісі болса немесе мұрынға тиген соққылар кезінде де адамның тыныс алуы өзгереді. Біз мұрынның белгілі бір бөлігі қисық болса, оны түзейміз. Сөйтіп, тыныс алу жүйелерінің ашылуына жағдай жасаймыз. Бұрын сынған бөліктегі шеміршекті түгелдей алып тастайтын. Қазір мұндай әдісті қолданбаймыз. Себебі, шеміршекті алып тастағанда мұрынның ішінде тесік пайда болады. Адамға ауа барғанымен, тыныс алуы өте қиын болады. Гайморит катаральді немесе іріңді болуы мүмкін. Катаральді гайморит кезінде жоғарғы жақ қуысынан бөлінген сұйықтық асептикалық болады, ал іріңді гайморитте микрофлора анықталады. Инфекция ену жолына қарай гематогенді (жиі балаларда), риногенді (әдетте үлкендерде), одонтогенді (гаймор қуысына жақын орналасқан кариесі бар түбірлі тістерден) және жарақаттық гайморитті ажыратады. Созылмалы гайморитті морфологиялық өзгерістеріне қарай мынадай түрлерін бөліп қарастырады: Экссудативті (катаральді және іріңді созылмалы гайморит) Ірің түзілу процесін тудыруы. Продуктивті (іріңді-полипозды, полипозды, некротикалық, атрофиялық қабырғалық– гиперпластикалық гайморит т.б) Бейімдеуші процесс – гаймор қуысының шырышты қабатындағы өзгерістер (полиптер, атрофия, гиперплазия т.б).Созылмалы гайморитте шырышты бездердің бітелуіне байланысты жиі гаймор қуысында шынайы және жалған кисталар құрылады.Полипозды және полипозды іріңді созылмалы гайморит кең таралған.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №6 (15) том 5

  


Ссылка для цитирования:

Байнаева Б.С., Нуртазаева Г.Б. ГАЙМОРИТ БЕЛГІЛЕРІ ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ // Вестник науки №6 (15) том 5. С. 261 - 264. 2019 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/1909 (дата обращения: 23.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/1909



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2019.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.