Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо
  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки от 15 декабря 2024 г.
  4. Научная статья № 299
Просмотры  422 просмотра

ЗАТТАР ИНТЕРНЕТІ (IOT) ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ШЕШІМДЕР

Аннотация: Заттар интернеті (IoT) біздің күнделікті өмірімізді түбегейлі өзгертуде. IoT құрылғылары автоматтандыру, бақылау және басқару салаларында жаңа мүмкіндіктер ашуда. Олар ақылды үйлерде, денсаулық сақтау, көлік және өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады. Алайда, осы құрылғылардың кең таралуымен бірге қауіпсіздікке қатысты мәселелер де арта түсуде. IoT құрылғыларындағы осалдықтар жеке тұлғаларға ғана емес, сонымен қатар ұйымдарға да қауіп төндіреді. Бұл мақалада IoT қауіпсіздігіне қатысты негізгі қауіп-қатерлер, осы мәселелерді азайтуға арналған ұсыныстар қарастырылады

Ключевые слова: Заттар интернеті, ботнет, кибершабуылдар, блокчейн.

Тақырыптың өзектілігі IoT технологияларының күнделікті өміріміздегі рөлінің артуымен байланысты.
IoT жүйесінің басты ерекшелігі – бұл құрылғылардың өзара байланысы. М2М (machine-to-machine) принципіне негізделген IoT тұжырымдамасы бойынша, электронды құрылғылар бір-бірімен адамның араласуынсыз «қарым-қатынас орната алады». [1]
IoT құрылғылары автоматтандыру, қашықтықтан басқару және деректер жинау арқылы көптеген салаларда тиімділік деңгейін арттырды. Олар ақылды үйлерде, денсаулық сақтау, көлік және өндіріс салаларында кеңінен қолданылып келеді. Алайда, бұл құрылғылардың кең таралуы қауіпсіздікке қатысты жаңа мәселелерді туғызуда.
Сарапшылардың пікірінше, жыл сайын IoT құрылғыларына бағытталған кибершабуылдардың саны айтарлықтай артуда. Әсіресе, деректерді шифрлап, төлем талап ететін ransomware-шабуылдар мен бұлтты басқару интерфейстеріне бағытталған әрекеттер көбейді. Сонымен қатар, мемлекеттік деңгейде демеушілік көрсетілетін инфрақұрылымдық объектілерге шабуылдардың өсуі де болжануда. Мұндай жағдайда IoT өнімдерімен жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларын ескеріп, ықтимал қатерлердің алдын алу аса маңызды.
5G желісінің енгізілуі IoT құрылғыларының инфрақұрылымын одан әрі күшейтіп, деректер алмасу жылдамдығын арттырғанымен, бұл желі кең көлемде деректер жинауға және құрылғыларды басқаруға мүмкіндік береді, осылайша жаңа қауіптер тудырады. IoT құрылғыларының әртүрлілігі, олардың жоғары динамикасы мен кең ауқымды қолданысы қазіргі қауіпсіздік шешімдерін енгізуді күрделендіреді.
Кейбір мемлекеттер өз азаматтарын қорғау үшін белгілі бір ережелер мен саясаттарды құрған. Мысал ретінде 2018 жылы зерттеушілермен бірге ios құрылғыларын мемлекеттік деңгейде құру ережелері мен тәжірибелерін шығаруға қатысқан Ұлыбритания үкіметін келтіруге болады.
IoT құрылғыларының қауіпсіздігіне байланысты басты мәселелердің бірі – деректердің қорғалуы.
IoT құрылғыларына залал келтірудің екі негізгі жолы бар: әлсіз құпия сөздерді пайдалану және желілік қызметтердегі осалдықтарды пайдалану(эксплуатация).
Бірінші жағдайда, ең көп таралған әдіс – Telnet хаттамасын, IoT ортасында өте танымал шифрланбаған мәтіндік протокол, қолданатын қызметтерге брутфорс (құпия сөзді таңдау арқылы есептік жазбаларды бұзу әдісі) қолдану. Бұл киберқылмыскерлерге құрылғыда ерікті командаларды орындауға және оған зиянды бағдарламаны іске қосуға мүмкіндік береді. SSH (Secure Shell) – трафикті шифрлауды көздейтін неғұрлым заманауи хаттаманы қолданатын қызметтерге де брутфорс осындай нәтиже береді. Алайда, SSH-ке шабуыл жасау үлкен ресурстарды қажет етеді, ал интернеттен қол жетімді қызметтер Telnet-ке қарағанда аз. Сурет 1-де 2024 жылы 2 және 3 кварталында IoT құрылғыларына бағытталған зиянкестердің пайыздық үлесі көрсетілген.

Зиянкестер пайдаланатын осалдықтардың ең көп таралған түрі – веб-интерфейс сұрауларын орындау кезінде зиянды командаларды енгізу. Мұндай шабуылдардың зияны өте үлкен болуы мүмкін, мысалы, интернет-провайдерлер құрылғыны жергілікті желіде автоматты түрде конфигурациялау үшін пайдаланатын TR-064 (Technical report 069) хаттамасының осалдығы жайында айтатын болсақ. Осалдық шабуылдаушыларға TR-064 пакеттерін аутентификациясыз жіберуге мүмкіндік берді, олар, мысалы, mirai ботнетін тарату үшін пайдаланды.
Ботнеттер – скомпрометтелген құрылғылар желісі ботнеттер жүйесін құрайды, олар үйлестірілген кибершабуылдарды, деректердің сыртқа таралуын және рұқсатсыз қолжетімділікті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Интернет заттарының ботнеттері желілік құрылғыларды бұзу және ақпаратты ұрлау мақсатында D-DoS шабуылдарын бастау үшін қолданады. Киберқылмыскерлер IoT құрылғыларын әлсіз қауіпсіздікке және шабуылдар үшін пайдаланылатын ботнетке қосуға болатын көптеген құрылғыларға байланысты тартымды мақсат деп санайды.[1]
Nokia Threat Intelligence-тің 2023 жылғы есебіне сәйкес, ботнеттерді қолданатын D-DoS шабуылдарына қатысатын IoT боттарының саны өткен жылмен салыстырғанда шамамен 200 мыңнан 1 миллион құрылғыға дейін өскен.[2]
Зиянкестер IoT құрылғыларын ботнеттерге айналдырып, оларды желіге кіру үшін пайдаланатын зиянды бағдарламалармен жұқтырады. Бұл құрылғылардың микробағдарламаларында жарамды тіркелгі деректерін іздеу немесе желіге кіру арқылы шабуылдаушылар пайдаланушы деректерін ұрлап, оларды талап етуі мүмкін. Төлем жасағаннан кейін де жәбірленуші ақпараттың қайтарылатынына кепілдік жоқ, әрі төлем бағдарламалары ұрланған файлдарды автоматты түрде жоя алады.
Көбінесе төлем бағдарламаларының шабуылдары(ransomware) ішкі қауіпсіздік шараларының әлсіздігінен туындайды. IT бөлімшелерінің желідегі датчиктер мен соңғы нүктелердің орналасқан жері туралы толық ақпараттың болмауы және бағдарламалық жасақтаманың жаңартылмауы жиі себеп болады. 2023 жылы төлем бағдарламаларының шабуылдарының 70%-ы өндірістік секторға және өндірістік басқару жүйелеріне бағытталғаны турады дерек бар.
Интернет байланысының қауіпсіздігі үшін заттар интернетінің негізгі құрылғысы болып табылатын маршрутизатордың сенімді қорғанысы қамтамасыз етілуі керек. Көптеген пайдаланушылар маршрутизаторды орнатқаннан кейін әдепкі параметрлерді қалдырады, бұл өте жиі кездесетін қате. Бұл қосылған құрылғылардың қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіруі мүмкін. «Ортадағы адам» (man-in-the-middle, MitM) шабуылдары әдетте басқаларға қарағанда күрделірек және оларды анықтау қиынырақ. Осындай типті шабуылдарда Wi-Fi желілерінің осалдықтарына жиі қолданылады.
2023 жылы Defence Intelligence жүргізген зерттеуге сәйкес, бір жыл ішінде MitM шабуылдарының саны 35% - ға өскен.[1]
Сонымен қатар құрылғыларды үнемі жаңартып отыру – киберқауіпсіздіктің негізгі ережесі. Кез келген қауіпсіздік түзетулері мен жаңартулары олар шыққаннан кейін бірден қолданылуы керек, белгілі бір осалдықты уақтылы түзетпей, сіз киберқылмыскерлердің шабуылдарының құрбаны болу қаупі бар.
Болашақ зерттеулердің маңызды бағыты қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тұрақты және сенімді схемаларын әзірлеу болып табылады.
IoT технологияларын қорғауда қарапайым қолданушыға негізгі базалық әдістемесі ретінде мына нұсқаулар ұсынылады:
Құпия сөздерді күшейту,
Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту,
Шифрлау құралдарын пайдалану,
Қос факторлы аутентификация (2FA),
Қоғамдық желілерден аулақ болу.
Ал қауіпсіздікті нығайту үшін инновациялық шешімдерге мыналарды ұсынуға болады:
Жасанды интеллект (AI).
Жасанды интеллект (AI) ақылды үйлердің эволюциясында маңызды рөл атқарады. Заманауи машиналық оқыту алгоритмдері мен үлкен деректерді талдаудың арқасында жасанды интеллект ақылды үй тұрғындарының қалауы мен қажеттіліктеріне бейімделе алады. Ақылды үйлерге жасанды интеллект енгізудің маңызды аспектісі – деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.[3]
AI жүйелері бұзушылықтар мен теріс қылықтардан қорғалуы керек, бұл шифрлау алгоритмдері мен аутентификация әдістерін үнемі жетілдіру қажеттілігін көрсетеді. Бұл жүйелер желілердегі аномалияларды анықтап, шабуылдарды алдын ала болжауға мүмкіндік береді. AI жүйелері нақты уақытта күдікті белсенділікті анықтай алады және қауіптің деңгейіне қарай автоматты түрде тиісті әрекеттерді қолданады. Мысалы, машиналық оқыту алгоритмдері құрылғылардың қалыпты жұмысын бақылап, күдікті әрекеттерді нақтылауға көмектеседі.
Blockchain технологиясы.
IoT құрылғылары арасында сенімді байланысты қамтамасыз ету үшін blockchain технологиясы кеңінен қолданылуда.
Блокчейнді үш технологияның үйлесімі ретінде сипаттауға болады: интернет, жеке кілт криптографиясы және ынталандыруды басқаратын хаттама. Бұл компоненттер цифрлық қарым-қатынасты жеңілдету үшін сенімді үшінші тарапты қажет етпестен цифрлық өзара әрекеттесудің қауіпсіз жүйесін құрайды. Осылайша, блокчейн технологиясын заманауи инновациялық тәсілмен қолданылатын заманауи технологиялар консорциумы ретінде қарастырған жөн. Бұл технология деректердің өзгертілмегенін тексеруге және әрбір операцияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Blockchain желілері орталықтандырылмаған болғандықтан, оларды бұзу күрделірек, әрі құрылғылар арасындағы деректер алмасуды толықтай қауіпсіз етеді.
Zero Trust архитектурасы.
Бұл тәсілдің негізі – барлық қосылымдарды үнемі тексеріп, тексерусіз ешбір пайдаланушы немесе құрылғыға жүйеге қол жеткізуге рұқсат берілмейді. Яғни, белгілі бір құрылғы немесе пайдаланушы жүйеге қосылған сайын, олардың нақты рұқсаты тексеріледі, және рұқсат тек шектелген деңгейде беріледі, бұл желіде тексеріс және аутентификацияның үздіксіз жүргізілуін талап етеді.
Бұл әдіс шабуылдаушылардың бір құрылғыдан бүкіл жүйеге кіру мүмкіндігін шектейді және қауіпсіздікті айтарлықтай күшейтеді.

Қорытынды.
«Ақылды» құрылғыларды қолдану саласы күннен-күнге кеңейіп, олардың саны қарқынды өсіп келеді. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2030 жылға қарай заттар интернетіне қосылған құрылғылардың саны 2024 жылғы 17,08 миллиардтан 30 миллиардқа дейін артады.[1]
Көптеген өндірушілер мен пайдаланушылардың оларды кибершабуылдар нысанасы ретінде қарастырмауы – жеке ақпараттың қауіпсіздігіне төнетін қауіптің бастауы болып тұр.
Қазіргі таңда қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін және заманауи қауіптерді ескермейтін құрылғылар шығарылуда. Болашақта негізгі тұтынушы қарапайым пайдаланушы болып табылатын нарықтағы үлкен бәсекелестікпен қатар өз құрылғысын сатудан көбірек пайда алу үшін, әзірлеушілер жаңа ақпараттық технологиялар (IT) жүйелерін жобалау кезінде функционалдылық, пайдаланудың қарапайымдылығы және ең бастысы өнімнің төмен құны сияқты критерийлерді қабылдайды.
Технологиялық дамумен қатар IoT құрылғыларының қауіпсіздігін арттыру бағытында кешенді зерттеулер мен жаңа шешімдерді енгізу қажеттілігі туындайды. Бұл тек жеке құрылғылардың қауіпсіздігін ғана емес, тұтастай алғанда желілердің тұрақтылығын қамтамасыз етудің кепілі болмақ.


Полная версия статьи PDF

Номер журнала «Вестник науки» № 12 (81) том 3


Ссылка для цитирования:

Райымқұл А.Ж. ЗАТТАР ИНТЕРНЕТІ (IOT) ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ШЕШІМДЕР // Журнал «Вестник науки» от 15 декабря 2024 г. № 12 (81) том 3. С. 2162 - 2169. 2024 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/20007 (дата обращения: 29.11.2026 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/20007



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки © 2024.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ «О противодействии экстремистской деятельности» (далее - Федеральный закон «О противодействии экстремистской деятельности»), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.