Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо
  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки от 22 декабря 2024 г.
  4. Научная статья № 309
Просмотры  153 просмотра

МАНСАП-МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ МОТИВАЦИЯЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Аннотация: Бұл мақала мотивацияның мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру құралы екендігі туралы, басқаша айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің әлеуетті мүмкіндіктерін, мақсаттары мен қабілеттерін мемлекеттік құрылымдардың талаптары, кадрларды дамыту стратегиялары мен жоспарларымен салыстыру және оларды мемлекеттік ұйымның даму бағытымен сәйкестендіру үдерісі туралы түсінік береді

Ключевые слова: мансап, мансапты жоспарлау, вертикальді мансап жолы, горизонтальды мансап жолы.

Мансап - бұл адамның өз еңбегі жайлы субъективті түрде ұғыну бейнесі, өзін-өзі көрсетудің үміт жолдары және өз іс-әрекетіне қанағаттанғанды білдіру әсерлері. Кәсіби мансап нақты қызметшінің өзінің кәсіби іс-әрекетінің үдерісінде дамудың әр түрлі кезеңдерінен өтетіндігімен сипатталады:

  • оқу,
  • жұмысқа түсу,
  • кәсіби өсу,
  • жеке қабілеттіліктерді қолдау,
  • зейнеткерлікке шығу [1].

Мемлекеттік қызметшінің мансабын қалыптастыру мен мемлекеттік ұйымның мақсаттарына жетудегі маңызды ерекшеліктердің бірі — қызметкерлерді ынталандыру. Ынталандыру — бұл жалпы басқару үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады, ол сыртқы және ішкі ортаның ықпалдарын бағалау, шешім қабылдау, мақсат қою мен түзетулер енгізу арқылы жеке тұлға мен әлеуметтік жүйелердің құндылық бағыттарын, нормалары мен мүдделерін келісу үдерісін қамтамасыз етеді [2].

Мансапты жоспарлау — мемлекеттік ұйымдардағы кадрлармен жұмыс істейтін негізгі бағыттардың бірі, ол мемлекеттік қызметшілердің даму кезеңдерін, стратегиялары мен қызметте ілгерілеуін анықтауға бағытталған. Басқаша айтқанда, бұл мемлекеттік қызметшілердің әлеуетті мүмкіндіктерін, мақсаттары мен қабілеттерін мемлекеттік құрылымдардың талаптары, кадрларды дамыту стратегиялары мен жоспарларымен салыстыру және оларды мемлекеттік ұйымның даму бағытымен сәйкестендіру үдерісі.

Мотивация туралы әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша, мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі өз жұмысының басты артықшылығы тұрақтылық деп санайды. Бұл – жұмыспен қамтылу, жалақы және еңбек шарттарының тұрақтылығы. Осы уақытта, жас мамандар үшін мансап құру, жұмыс тәжірибесі мен білім алу маңызды, сондай-ақ қазіргі лауазымын болашақта мансаптық өсу үшін пайдалануды көздейді.

Мемлекеттік ұйымдарға қосымша міндеттер жүктеу және олардың басқаруына кейбір мемлекеттік өкілеттіктерді беру барлық басқару деңгейлерінде білікті мамандарды қолдануды талап етеді.

Мемлекеттік қызметтің лауазымдық жүйесі мемлекеттік азаматтық лауазымдардың тізілімін негізге алады, онда әрбір лауазымға орналасу шарттары анық көрсетілген.

Мемлекеттік қызметте мансапты жоспарлау және жүзеге асыру қызметкерлердің мансаптық жолын құрудың, бұл өз кезегінде мансаптың дамуының екі жолын — вертикальді және горизонтальді таңдау мүмкіндігін береді.

Вертикальді мансап жолы мемлекеттік қызметшінің мансаптық баспалдақтар бойынша жоғарылауын білдіреді, яғни оның мәртебесінің кезең-кезеңмен артады. Бұл жол үшін, жоғары деңгейде мамандықты меңгерген болса да, жақсы ұйымдастырушылық қабілеттері, үнемі білім алу және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі туындайды. Вертикальді жол — қызметтік өсуге ұмтылатын және жоғары лауазымдарға тағайындалуды жоспарлайтын қызметшілерге арналған.

Горизонтальды мансап жолы — бұл мемлекеттік қызметшінің өзінің кәсіби деңгейін қазіргі лауазымында көтеруі және нәтижесінде оған жоғары біліктілік санатының берілуі. Яғни, бұл қызметшінің мүмкіндіктерін кеңейту және дағдыларын тереңдету арқылы оның әлеуетін арттыру. Біліктілік санатын беру жоспарлы аттестация немесе жоғары жұмыс көрсеткіштері нәтижесінде, сондай-ақ тиімді тәлімгерлік болған жағдайда жүзеге асырылады[3].

Мемлекеттік қызметте лауазымдық және кәсіби өсу табысы көп жағдайда мемлекеттік азаматтық қызметшінің әлеуетіне байланысты, ол жоғары лауазымға көтерілу үшін қолданылатын ресурстарды қамтиды, мысалы: білімі, шыққан тегі, ұйымдастырушылық қабілеттері, лауазымдық мәртебесі және т.б.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің мансапты дамыту жүйесін басқару мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына ынталандыру жүйесін құру негізінде болуы керек. Бұл кәсібилік критерийлері мен параметрлерін анықтап, тұлға мен кәсіби қызмет талаптары арасында тұрақты тепе-теңдікті сақтауды көздейді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшінің кәсібилігінің негізгі критерийлері: қызметшінің психосоциальдық типінің мамандыққа сәйкестігі, жұмысына шығармашылық тұрғыда қарау, кәсіби біліктілік, мансаптық дамуды жоспарлау және кәсіби қызметтің нәтижелерін болжау қабілеті, кәсіби салада жоғары шеберлік пен әлеуметтік мәртебеге жетуге ұмтылатын жоғары ынталылық, өз ісіне деген кәсіби адалдықты атап өтуге болады.

Мықты мотиваторларға мыналар жатады: жұмыс орнының тұрақтылығы, яғни мемлекеттік қызметшінің  жұмысына қандай да бір қауіп төніп, өзгерістер болуы мүмкін деген алаңдаушылықтың болмауы, сондай-ақ  жалақының жеке сектордағы бәсекеге қабілетті деңгейге көтеру жөнінде қабылданған шаралар.

Мансапты жоспарлау мемлекеттік қызметте өсу мотивациясымен тығыз байланыста болуы керек және вертикаль мен горизонталь бойынша жылжуды ұзақ мерзімді түрде ұйымдастыруды қамтитын бағдарлама болуға тиіс.

Осылайша, мемлекеттік қызметшілер өздерінің еңбегіне қанағаттанарлық сезімге ие болады, болашақтағы мүмкіндіктерді көреді, кәсіби біліктілікті арттыруға және болашақ лауазымдарға дайындық жасауға ұмтылады, сондай-ақ жеке өмірінің басқа да қырларын жоспарлауға мүмкіндік алады. Мемлекеттік қызметпен байланысын жалғастыратын қызметшілер ұйымға деген адалдығын арттырып, жоғары сапалы еңбек етуге ынталы болады.


Полная версия статьи PDF

Номер журнала «Вестник науки» № 12 (81) том 4


Ссылка для цитирования:

Шенгелбаева С.Б., Джолдасбаев О.К. МАНСАП-МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ МОТИВАЦИЯЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ // Журнал «Вестник науки» от 22 декабря 2024 г. № 12 (81) том 4. С. 2231 - 2234. 2024 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/20317 (дата обращения: 29.11.2026 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/20317



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки © 2024.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ «О противодействии экстремистской деятельности» (далее - Федеральный закон «О противодействии экстремистской деятельности»), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.