Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо
  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки от 16 марта 2025 г.
  4. Научная статья № 108
Просмотры  190 просмотров

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН АРТТЕРАПИЯ ӘДІСТЕРІ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Аннотация: бұл мақалада ағылшын тілін оқытуда шығармашылық дағдыларын арттерапия әдістері арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері қарастырылады

Ключевые слова: арттерапия, шығармашылық дағды, құзыреттілік.

Тұлғаның шығармашылық дағдыларын дамыту, оны қазіргі қоғамның жаңа талаптары тұрғысынан шешу негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Тұлғаның шығармашылық дағдыларын дамытуда арттерапияның негізгі элементтерін, әдістерін қолдану өте маңызды. Сондықтан зерттеу мәселесін – «ағылшын тілін оқытуда шығармашылық дағдыларды арттерапия әдістері арқылы қалыптастыру»,- деп таңдадық.

«Арттерапия» – ұғымы (art-өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргізу) көбіне ағылшын тілді халықтар қоныстанған елдерде кеңінен тараған. Арттерапия – ауру адамның психоэмоциональды халіне шығармашылық арқылы ем жүргізу және  әсер етуді білдіреді.

Алғаш бұл ұғым 1938 жылы Адриан Хиллдің санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың көніл-күйлерін сипаттау жұмысында қолданылады. Кейіннен бұл ұғым өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық терапия, драммалық терапия, бимен терапия жүргізу т.б) қолданыла бастайды.

Арттерапия мынадай бағыттарды қамтиды: сурет терапиясы, драмматерапия, библиотерапия, музыкатерапия, кинотерапия, қуыршақ терапия және т.б. [1].

З.Фрейдтің алғашқы ойлар мен күйзелістер, бейнелер және белгілер формасында беріледі деген сөзіне сүйеніп, М.Наунбург өнерді психотерапияның бір формасы екендігін айтқандардың бірі болды[2].

Қазіргі уақытта психотерапияның маңызды салаларының бірі – ол арт-терапия болып саналады. Арт-терапия психотерапияның даму үстіндегі әдістерінің жаңа түрі болып есептеледі.

Қазақстанда арт-терапия өзінің қалыптасу кезеңінде. Арт-терапиямен айналысу үлкен кәсіби дайындықты, психотерапия аймағында іргелі білімді талап ететін күрделі іс- әрекет болып есептеледі. Осыған қарамастан арттерапияны қолдануға деген қызығушылық өте жоғары.

Арттерапия жөніндегі білімді елімізде дәл қазіргі күнде тек қана психологтарға ғана емес, сонымен қатар педагогтарға, әлеуметтік қызметкерлерге, ағылшын тілін меңгеруде және тағы басқа көптеген жерлерде қолдану маңызды және қажет екендігі дәлелденуде.

Шет тілдерін оқытуға келгенде дәстүрлі оқыту әдістері мен оқушылардың қажеттіліктері арасындағы алшақтық ұлғайып келеді. Ал бұл тілді тез меңгеріп, еркін сөйлеуге мүмкіндік беретін деңгейде ғана қанағаттануға ұмтылумен байланысты.

Сондықтан оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық әдістерді іздестіру, сынақтан өткізу және енгізудің практикалық маңызы бар. Тілді үйрену материалды жүйелі, жоспарлы және көп деңгейлі меңгеруді көздейтінін анық түсіну маңызды.

Шығармашылық дағды - материалды игеру тереңдігін ескере отырып, үнемі қозғалыста болатын және азды-көпті нақтыланған бастапқы және қатаң түрде дараланған бейнелердің қалыптасу үдерісі деп түсінеміз.

Шетел тілін оқытуға қатысты әдебиеттерде көркем-терапевтикалық оқыту әдістерін қолдану мүмкіндігі туралы деректер табылмады, бұл ұсынылған зерттеудің жаңалығын көрсетеді.

Тақырып бойынша әдебиеттерді талдау жоғары оқу орындарындағы педагогикалық технологиялар, әсіресе гуманитарлық ғылымдар жағдайында, ақпаратты бір жақты (дәріскерден аудиторияға, содан кейін аудиториядан оқытушыға) берудің дәстүрлі әдісіне ғана сүйене алмайтынын көрсетті.

Коммуникация арқылы ақпаратты алу дәстүрі және коммуникативті қабілеттермен анықталатын және болашақ маманның өзіндік санасының жаңа деңгейін қалыптастыру үшін оңтайлы жағдайлар жасауға бағытталған еркін вербалды қарым-қатынаста адамның өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі арасындағы белгілі бір қайшылықтар да анықталды.

Сондай-ақ, цифрлық орта пайдаланушының ойын кеңістігінің жағдайына бейімделу үдерістеріне  айтарлықтай әсер ететінін атап өткен жөн, сондықтан мұндай коммуникациялық дағдылар шет тілдерін үйренуге қажетті құзыреттердің қалыптасуына ықпал етеді.

Осыған сәйкес, білім беру кеңістігінде эмоционалды интеллектті ынталандыратын дәстүрлі лингвистикалық әдістер мен технологиялар (дыбыс, түс, пішіндер, сахналық қозғалыстар және т.б.) түріндегі бірегей қоспаны қолданған жөн. Мұның бәрі жиі «көркемдік технологиялар» деп  те біріктіріледі, оның маңызды қағидаты әрбір қабылдау әрекетіндегі шығармашылық болып табылады. Арт-терапияның негізгі мақсаттары:

- Катарсистік     (тазартушы, жағымсыз күйлерден арылушы, босатушы),

- Реттеуші (нервтік- психикалық күштенулерді түсіру, психосоматикалық үрдістерді реттеу, жағымды психоэмоционалды күйлерді үлгілеу),

- Коммуникативті- рефлексивті (қарым-қатынас бұзылыстарын түзетуді қамтамасыз ету, дұрыс тұлға аралық мінез-құлықты, өзіндік бағалауды қалыптастыру).

Арт-терапияда мақсатты оқытуға емес, көркемдік іс-әрекеттің қандай да бір түріне ( музыкалық, бейнелеу, театралды ойын, көркем сөйлеу) дағдылар мен ептіліктерді меңгертуге аса мән беріледі.

Арт-терапия мәндеттері:

-Топта жағымды эмоциялық күйді қамтамасыз ету, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру,

-Оқушымен махаббат және өзара жақындастық негізінде қатынас орнату,

-Оқушыға оның толыққанды тұлғалық дамуына кедергі жасайтын жағымсыз эмоцияларды (қорқыныш, ашу т.б.) елеп-ескеруіне көмектесу,

-Оқушының эмоциялық өрісінің баюына мүмкіндік беру,

-Өзін шығармашылық жағынан жүзеге асыруына мүмкіндік жасау,

-Толғандыратын мәселелерін түсінуіне көмектесу,

-Өзіне және өзге адамдарға сенуді үйрету,

-Құрбы-құрдастарымен, ағылшын пәні мұғалімімен, үлкендермен коммуникация үрдісін жеңілдету.

Арт-терапияның басқа түзету құралдарынан ерекшеленетін артықшылықтары:

- арт-терапия құралы вербалды емес қарым-қатынаста теңді болып табылады, бұл өз кезегінде оқушылармен жұмыс жасауда айрықша құнды,

- көркемдік іс-әрекеті оқушыларды жақындастырудың күшті құралы,

- көркемдік іс-әрекеті оқушының жай-күйін, оның жасаған жұмыстары арқылы бағалауға мол мүмкіндік береді,

- шығармашылық потенциалды және өзіндік бағалау мен сауығудың ішкі  мехнизмдерін жұмылдыруға негізделеді,

- жұмыс жасауға барлығы бірдей қатыса алады, себебі ол көркемдік дағдыларды талап етпейді,

- көркемдік іс-әрекетке бірлесе қатысу- өзара қабылдау қатынастарына, эмпатияға мүмкіндік жасайды,

- оқушының мәдениеттілігін нығайтады, тілдің кедергілерді жеңуге мүмкіндік береді,

- символикалық деңгейде әртүрлі сезімдерге тәжірибе жасап көруге, зерттеуге және оларды әлеуметтік тұрғыда таңылған, лайық түрде көрсетуге көмектеседі,

- өзін шығармашылық жағынан көрсетуге, қиялдың, эстетикалық тәжірибенің, көркемдік іс-әрекеттің практикалық дағдыларының, біртұтас көркемдік қабілеттердің дамуына жағдай жасайды.

Шетел тілін меңгеру деңгейі құзыреттілікті қалыптастырудың негізін қамтамасыз етеді және оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған[3].

Сондықтан да бүгінгі таңда оқу бағдарламасы аясында әрбір оқушының белсенді шығармашылық және сыни тұрғыдан дағдыларын қалыптастыру білім берудің кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі.

Осылайша, оқушының шығармашылық қабілеті дамудың маңызды элементі болып табылады және оқушылар ағылшын тілінде тиімді қарым-қатынас жасау үшін қажетті сенімділік пен дағдыларды дамытуға мүмкіндік алады. Сондықтан оқушылармен жұмыс істегенде арт-терапия өте тиімді. Оқушы соңғы нәтиже туралы ойламайды, ол оқу үдерісінің өзінен ләззат алады.


Полная версия статьи PDF

Номер журнала «Вестник науки» № 3 (84) том 3


Ссылка для цитирования:

Наубаева Х.Т., Нургалиева М.Ж. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН АРТТЕРАПИЯ ӘДІСТЕРІ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ // Журнал «Вестник науки» от 16 марта 2025 г. № 3 (84) том 3. С. 872 - 876. 2025 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/21939 (дата обращения: 29.11.2026 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/21939



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки © 2025.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ «О противодействии экстремистской деятельности» (далее - Федеральный закон «О противодействии экстремистской деятельности»), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.