ХИМИЯДАН КОНТЕКСТІК ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІН ТАЛДАУ
Аннотация: Бұл мақалада қазіргі заманғы білім беру процесінде химия пәні бойынша контексттік тапсырмаларды құрудың әдістемелік негіздері, олардың құрылымдық компоненттері және оқушының пәндік білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастырудағы рөлі жан-жақты талданады. Зерттеу барысында педагогикалық инновация, интердисциплинарлық интеграция, контексттік оқыту тәсілдері және олардың тиімділігі зерттелді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, контексттік тапсырмалар оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін, логикалық талдау дағдыларын және шығармашылық потенциалын дамытуда маңызды құрал болып табылады
Ключевые слова: контексттік тапсырмалар, әдістемелік тәсілдер, химия, білім беру, интердисциплинарлық интеграция, педагогикалық инновация, бағалау критерийлері.
Химия пәні – табиғат құбылыстарын терең түсінуге, эксперименттік әдістерді меңгеруге және теориялық білімді практикалық жағдайда қолдануға мүмкіндік беретін күрделі пәндердің бірі. Соңғы онжылдықта заманауи білім беру жүйесінде оқушылардың пәндік және жалпы білім деңгейін арттыру мақсатында контексттік тапсырмалар ерекше орын алды. Контексттік тапсырмалар – бұл нақты өмірден алынған, әлеуметтік-мәдени және кәсіби жағдайлармен байланысты, оқушылардың өз білімі мен тәжірибесін қолдануға жағдай жасайтын оқу тапсырмалары [4, 5].
Контексттік оқытудың мәні – жаңа білімдерді игеру мен олардың әрі қарай қолданылуын талап ететін іс-әрекетті ұйымдастыру, сол арқылы осы білімдерді меңгеруге жұмсалған күш-жігерді түсіндіру және ақтау деп анықталады. Эксперименттік зерттеулерге сүйенсек, контексттік оқыту негізгі құзыреттердің дамуына айтарлықтай әсер етеді. Контексттік оқытудың құралдарының бірі – контексттік тапсырмалар болып табылады.
Контексттік тапсырма – мотивациялық сипаттағы мәселе, оның шартында оқушылардың әлеумет-мәдени тәжірибесімен үйлесетін нақты өмірлік жағдай сипатталады. Тапсырманың қойылған талаптары – сол жағдайды талдау, оны түсіндіру немесе оған қатысты әрекет ету тәсілін таңдау, ал тапсырманы шешуден түскен нәтиже – оқыту мәселесімен бетпе-бет келу және оның тұлғалық маңыздылығын түсіну болып табылады. Мысалы, мұндай тапсырманы оқу кезінде оқылатын мәтінді талдау ретінде қарастыруға болады, ол оқушының ойлау қабілетін ғана емес, оның рухани және өмірлік тәжірибесін де байытуға ықпал етеді.
Контексттік тапсырмаларды әзірлеу принциптері:
- Қолжетімділік принципі. Бұл тапсырмаларды орындау үшін бағдарламалық материалдан тыс фактілерді білу қажет емес. Себебі, сабақта немесе емтихан кезінде анықтамалық әдебиетті қолдануға рұқсат берілмейді. Оқушылардың негізгі құзыреттерінің деңгейін бағалау, білім базасы негізінде жүзеге асырылады. Химия пәнін терең меңгерген, ерекше қабілеті бар және тұрақты қызығушылық танытатын оқушылар өз білімдерін олимпиадаларға дайындалу мен сабақтан тыс іс-шараларда көрсетуі мүмкін.
- Актуалдылық принципі. Бұл принцип БАҚ материалдарын қолдану арқылы жүзеге асады. Ғылым жаңалықтары мен қазіргі әлемдік оқиғаларды талдау оқушыларға тапсырманың жасанды емес екенін сезінуге және оған деген ынтаны арттыруға мүмкіндік береді.
- Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру принципі. Тапсырма оқушыға қызықты әрі тартымды болуы тиіс, ал ойдан шығарылған жағдайдан аулақ болу керек.
Басты назар – тапсырманың мәтініне аударылады, ол оқушының қызығушылығын оятуға, оның тұлғалық тәжірибесін жаңғыртуға бағытталған.
Тақырып: Ертінділер. Ертінділердің концентрациясын анықтау тәсілдері.
|
Дәстүрлі тапсырмалар |
Контексттік тапсырмалар |
|
1 л суға 2 моль нитрат калий, 0,5 моль хлорид натрий және 0,5 моль нитрат натрий еритін ерітіндіде нитрат калийдің массалық үлесін есептеңіз. |
«Регидрон» ұнтағы дегінде организмнің дегидратациясын болдырмау мақсатында қолданылады. Бір доза ұнтақта 3,5 г хлорид натрий, 2,5 г калий хлориді, 2,9 г цитрат натрий және 10 г глюкоза бар. Дозаны 1 л суға еріткеннен кейін, «Регидрон» ұнтағының барлық құрамдас бөліктерінің массалық үлестерін анықтаңыз [3]. |
Контексттік тапсырмалар әдетте оқушының күнделікті өмірінде кездесетін сұрақтар мен мәселелерді қамтиды, әдеби деректерден алынған немесе оның кәсіби қызығушылығына сәйкес келетін мәселелерді талқылайды, әрі оларды әрі қарайғы оқыту барысында қолдану мүмкіндігі бар.
Дәстүрлі және контексттік тапсырмалар оқушының бірдей білім элементтерін меңгеруін бақылауға бағытталған. Алайда, екінші тип тапсырмалардың контексті оқушыны мәселе шешу барысында жауап іздеуге ынталандырады, практикалық мағынада қызығушылықты арттырады және білімді шын өмірлік жағдайларда қолдануға жағдай жасайды. Контексттік тапсырмалар оқушыны қажетті ақпаратты өз бетінше іздеп табуға, оны жүйелеп талдауға мүмкіндік береді, осылайша білімнің сапасын бағалауға септігін тигізеді.
Контексттік тапсырмалар дәстүрлі (бақылау жұмыстары, ауызша сұрақ-жауап) бақылау әдістерімен қатар қолданылатын контрольно-диагностикалық тапсырмалар мен құзыретке бағытталған тесттер ретінде де пайдаланылады.
Оқушы жетістіктерін бақылау әдістері.
|
Дәстүрлі |
Инновациялық |
|
(бақылау жұмыстары, ауызша сұрақ-жауап) |
Диагностикалық бақылауға тапсырмалар, құзыретке бағытталған тесттер, контексттік тапсырмалар |
Инновациялық әдістерді қолдана отырып, оқушылардың білімдері мен құзыреттіліктерірінің құрылымдық компоненттерін: танымдық, іс-әрекеттік (қолданылатын әрекет тәсілдері) және мотивациялық көрсеткіштерін бағалауға болады. Мақаланың мақсаты – контексттік тапсырмаларды құрудың методикалық негіздерін талдау, олардың педагогикалық құндылығын анықтау және оқыту процесіндегі тиімділігін тәжірибелік деректер арқылы дәлелдеу. Зерттеу барысында Қазақстандық, орыс және шет тіліндегі зерттеушілердің ең соңғы еңбектері ескеріле отырып, педагогикалық тәжірибенің заманауи үлгілері ұсынылады.
Материалдар және әдістер.
Зерттеу жұмысы заманауи ғылыми базалардағы әдебиеттерді талдау, педагогикалық эксперименттік деректерді салыстыру, сондай-ақ контексттік тапсырмаларды қолдану нәтижелері статистикалық және сапалық талдау әдістеріне негізделген. Зерттеу объектісі – орта білім беру мекемелерінде қолданыстағы контексттік тапсырмалар, зерттеу пәні – олардың құрылымдық компоненттері, бағалау критерийлері және оқушылардың пәндік біліміне әсері. Әдістемелік тәсіл ретінде контент-талдау, салыстырмалы талдау және эксперименттік бақылау қолданылады, ал алынған деректердің сенімділігі мен дәлдігін қамтамасыз ету мақсатында дереккөздер арасындағы сәйкестік және интерпретациялау әдістері қолданылды [2, 4].
Нәтижелер және талқылау.
Контексттік тапсырмаларды құру кезінде келесі негізгі элементтер ескеріледі:
- Мотивациялық аспект: тапсырманың оқушыға өмірдегі өзектілігін көрсетуі,
- Проблемалық аспект: нақты жағдайдағы химиялық құбылыстарды талдау,
- Интеграциялық аспект: пәнаралық байланыстарды орнату,
- Бағалау аспект: оқушының білім деңгейін жан-жақты бағалау мүмкіндігі.
Кесте 1. Контексттік тапсырмалардың құрылымдық компоненттері және олардың сипаттамасы.
|
Тапсырманың элементтері |
Сипаттамасы |
Әдістемелік негіздері |
Оқу нәтижелері |
Педагогикалық маңызы |
|
Мотивациялық |
Оқушының өмірден алынған тәжірибесімен байланыстырылған, пәндік білімді қолдануға ынталандыратын тапсырма. |
Педагогикалық мотивация теориялары, әлеуметтік психология негіздері [1]. |
Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігінің артуы. |
Оқушының білімге ынтасын арттыру, өздік даму мүмкіндігін қалыптастыру. |
|
Проблемалық |
Конкретті жағдайды талдау арқылы проблеманы анықтау, химиялық құбылыстарды түсіндіру.
|
Проблемалық оқыту әдістері, сыни ойлау стратегиялары [3]. |
Логикалық ойлау, аналитикалық дағдылардың қалыптасуы. |
Пәнді терең меңгеру, практикалық мәселелерді шешу қабілетін дамыту. |
|
Интеграциялық |
Пәнаралық байланыстарды орнатып, химияның басқа ғылымдармен үйлесімділігін көрсету. |
Интердисциплинарлық оқыту, білім беру жүйесіндегі синтез әдістері [2]. |
Білімнің жүйелілігі, шығармашылық қабілетінің дамуы, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру |
Жаңа білім алуға, шығармашылық ойлауды қалыптастыруға ықпал ету. |
|
Бағалау |
Оқушының тапсырманы шешу барысында алған білімін және дағдыларын нақты бағалау. |
Формативті және суммативті бағалау әдістері, диагностикалық тестілеу [4]. |
Нақты білім деңгейін анықтау |
Оқыту сапасын арттыру және нәтижесін объективті бағалау. |
Кесте 1-дегі толық ұсынылған контексттік тапсырмалар элементтерінің өзара байланысын, олардың әдістемелік негіздерін және оқыту процесіне ықпалын жан-жақты сипаттайды. Бұл элементтерді тиімді үйлестіру оқушылардың пәндік және тұлғалық дамуын қамтамасыз етеді.
Контексттік тапсырмалардың сапалы бағалануы оқушылардың білімін, аналитикалық және шығармашылық ойлау қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Төмендегі кестеде негізгі бағалау критерийлері келтірілген.
Кесте 2. Контексттік тапсырмаларды бағалау критерийлері.
|
Критерий |
Сипаттама |
Мысал |
Әдіс |
Сапа көрсеткіштері |
Бағалау нәтижелері |
Ұсыныстар |
|
Нақты өмірлік мәні |
Тапсырманың нақты өмірден алынған, оқушының тәжірибесімен үйлесімділігі. |
Химиялық реакция нәтижесінде пайда болатын өнімнің қолданылуы. |
Контент-талдау |
Тапсырманың өмірлік өзектілігі жоғары. |
Оқушының мотивациясы артады. |
Жаңа мысалдар мен жағдайларды қосу ұсынылады. |
|
Проблемалық сипаты |
Тапсырманың оқушының сыни ойлауын, проблеманы талдау және шешу қабілетін дамытуға бағытталуы. |
Экологиялық мәселе негізіндегі химиялық құбылыстарды талдау. |
Сыни талдау әдістері |
Проблеманың күрделілігі мен шығармашылық шешімдерге бағытталуы. |
Аналитикалық және синтетикалық ойлау қабілеті жоғарылайды. |
Қосымша әдеби көздер мен практикалық мысалдар қосу ұсынылады. |
|
Пәнаралық интеграция |
Тапсырманың басқа пәндермен байланысын көрсететіндігі, оқу-әдістемелік кешеннің біртұтастығын қамтамасыз етуі. |
Химиялық реакцияның биология, химия және экология саласындағы қолданылуы. |
Интердисциплинарлық талдау |
Пәндер арасындағы байланыс айқын көрсетілген. |
Оқушының жүйелі ойлау дағдылары ның дамуы. |
Пәнаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған қосымша тапсырмалар ұсынылады. |
|
Бағалау және кері байланыс |
Тапсырманы орындау барысында оқушының білім деңгейін жан-жақты бағалау және кері байланыс орнату мүмкіндігі. |
Тесттер, эссе және топтық тапсырамаларнәтижелері. |
Формативті бағалау әдістері |
Нәтижелердің сапалы көрсеткіштерінің анықталуы. |
Бағалау нәтижелері негізінде оқушының ой -өрісінің бақыланады. |
Дифференциалды бағалау әдістерін енгізу ұсынылады. |
Кесте 2-ден көрініп тұрғандай, әрбір бағалау критерийі оқушының білім сапасын, проблемаларды шешу қабілетін және пәнаралық байланыстарды тереңдетуге бағытталған. Бұл критерийлерді кешенді қолдану оқу процесінің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Кесте 3. Контексттік тапсырмалар мен оқу нәтижелері арасындағы байланыс.
|
Элемент |
Оқу нәтижелері |
Методологиялық байланыс |
Сипаттамасы |
|
Мотивациялық компонент |
Оқушылардың пәнге деген ынтасы жоғарылайды, шығармашылық қабілеті дамиды. |
Мотивация теориялары мен оқыту стратегиялары негізінде құрылды. |
Оқушылардың өз тәжірибесін пайдалана отырып, пәндік білімді практикалық жағдайда қолдануы күшейеді. |
|
Проблемалық компонент |
Логикалық ойлау, аналитикалық және синтетикалық ойлау дағдылары дамиды. |
Проблемалық оқыту әдістеріне негізделген. |
Шынайы өмір жағдайындағы проблемаларды шешу барысында оқушы өз білімін қолдануды үйренеді. |
|
Интеграциялық компонент |
Пәндер арасындағы байланыстар нығайып, жалпы білім беру кешені қалыптасады. |
Интердисциплинарлық оқыту тәсілдерімен үйлестірілген. |
Оқушының пәнаралық интеграциясы арқылы жан-жақты дамуы қамтамасыз етіледі. |
|
Бағалау компонент |
Оқыту нәтижелері объективті бағаланып, кері байланыс жүйесі орнатылады. |
Формативті және суммативті бағалау әдістерімен үйлестірілген. |
Тапсырманы орындау нәтижелері негізінде оқушының даму деңгейі анықталады және қажетті түзетулер енгізіледі. |
Кесте 4. Контексттік тапсырмалардың типологиясы.
|
Тип |
Мысалдар |
Педагогикалық әсері |
Әдістемелік ерекшеліктер |
|
Есептік тапсырмалар |
Химиялық реакцияларды сандық есептеулер арқылы шешу (мысалы, реакция теңдеулерін теңестіру). |
Логикалық ойлауды және аналитикалық дағдыларды дамытуға ықпал етеді. |
Қатаң алгоритмдік шешімдер мен есептеу әдістерін қолдану қажет. |
|
Творческий тапсырмалар |
Шынайы өмір жағдайындағы химиялық құбылыстарды сипаттау және оларды шешу жолдарын ұсыну. |
Шығармашылық ойлауды, инновациялық көзқарасты және практикалық білімді дамытуға септігін тигізеді. |
Көп қырлы және нақты жауапты талап ететін тапсырмалар түрі, оқушының креативтілігін бағалауда маңызды. |
|
Эксперименттік тапсырмалар |
Лабораториялық тәжірибелерге негізделген, нақты химиялық реакцияларды талдау және интерпретациялау. |
Практикалық дағдыларды меңгеруге, эксперименттік әдістерді қолдануға ықпал етеді. |
Тек эксперименттік деректерге негізделіп, эксперименттің қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап етеді. |
Әрбір типтің педагогикалық әсері мен әдістемелік ерекшеліктері талданды, бұл білім беру процесін оңтайландыруда маңызды рөл атқарады.
Қорытынды.
Осы зерттеу жұмысының нәтижесінде контексттік тапсырмаларды құру әдістемелік тәсілдерінің оқушылардың химия пәні бойынша білімін тереңдету, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытудағы тиімділігі анықталды.
Негізгі қорытындылар:
- Контексттік тапсырмалар оқушылардың пәндік білімін өмірлік тәжірибемен байланыстыру арқылы мотивациясын арттырады,
- Проблемалық және интердисциплинарлық оқыту әдістері оқушылардың логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытады,
- Бағалау критерийлерінің кешенді жүйесі арқылы оқу нәтижелерін объективті түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Ұсыныстар:
- Оқу бағдарламасына контексттік тапсырмаларды интеграциялау арқылы оқушылардың пәндік білімін, қызығушылығын вттыра отырып және тұлғалық дамуын жетілдіру,
- Педагогикалық практикаларда әртүрлі типтегі тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың креативтілігін және сыни ойлауын арттыру,
- Оқыту сапасын арттыру мақсатында бағалау әдістерін жетілдіру және кері байланысты жүйелі түрде енгізу.
Осылайша, жоғарыда келтірілген талдау мен ұсыныстар негізінде, контексттік тапсырмаларды құру әдістемелік тәсілдері қазіргі заманғы білім беру жүйесінде маңызды рөл атқаратыны айқын.
Полная версия статьи PDF
Номер журнала «Вестник науки» № 4 (85) том 2
Ссылка для цитирования:
ХИМИЯДАН КОНТЕКСТІК ТАПСЫРМАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІН ТАЛДАУ // Журнал «Вестник науки» от 13 апреля 2025 г. № 4 (85) том 2. С. 1362 - 1372. 2025 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/22342 (дата обращения: 29.11.2026 г.)
Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/22342
Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com
