ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТЫ
Аннотация: Экономикалық өсудің негізгі көзі инновация болып табылады. Қазақстан өз алдына елдің шикізатқа негізделген экономикасын инновациялық экономикаға айналдыру міндетін қойды. Осыған байланысты Республиканың инновациялық дамуының негізгі бағыттарына зерттеу жүргізу, сонымен қатар инновациялық жолға көшу мәселелерін анықтау маңызды. Мақаланың мақсаты – Қазақстанның инновациялық дамуын талдау, жетістіктер мен проблемаларды, сондай-ақ Республикасының инновациялық даму бағыттарын анықтау.
Ключевые слова: Инновациялық даму, стратегиялар, жаңа технология, цифрландыру, жасанды интеллект.
Қазіргі кезде әлемде инновация қоғамның дамуында жетекші рөл атқарады. Ол экономикалық өсудің негізі және нарықтағы бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз етеді. Өнімділіктің, табыстылықтың және бәсекеге қабілеттіліктің көзі ретінде инновациялар өндіріске енгізілген түбегейлі өзгертуші және жақсартушы сипаттағы коммерцияланған жаңалықтар болып табылады.
Қазақстан инновациялық секторды белсенді дамытып, ғылыми әзірлемелерді бизнеске енгізіп, осы салада елеулі табыстарға жетіп жатыр. Қазақстандық инновациялық жобалар экономиканың алуан түрлі салаларында құрылуда: энергетика, ауыл шаруашылығы, медицина, көлік және логистика, соңғы жылдары IT және Жасанды Интеллект секторлары қарқынды дамып келеді [1,48].
Инновациялар мен жаңа технологиялар мемлекеттің экономикалық дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл факт әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген, себебі дамыған елдер ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін қолдана отырып, инновациялық өнімдер жасау арқылы экономикалық тұрғыдан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Жалпы алғанда, инновациялар – бұл қоғам өміріндегі негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған адамзаттың прогрессивті ғылыми әзірлемелерінің нәтижелері [2,13]. Инновацияларды құру және енгізу елдің бәсекеге қабілеттілігін және экономикалық даму деңгейін анықтайды. Әлемдік нарық күн сайын өндірілетін өнімдердің сапасы мен деңгейіне қойылатын талаптарды арттыруда, бұл өз кезегінде инновациялық қызметтің әртүрлі салаларының пайда болуына әкелуде.
Еліміздің инновациялық дамуы – Қазақстанның стратегиялық мақсаттарының бірі. Дамудың инновациялық жолы инновацияларды белсенді енгізу арқылы экономикалық өсімге қол жеткізуді де, инновациялық қызметтен түсетін пайда есебінен ЖІӨ-нің өсуін де қарастырады.
Қазақстан да көптеген басқа елдер сияқты инновациялық дамуда көшбасшы болуға ұмтылуда. Ақпараттық технологиялар (АТ) елдің экономикалық дамуының маңызды қозғаушы күші болып табылады, өйткені ол өмір сапасын жақсартады және бизнестің тиімділігін арттырады.
Қазақстандағы АТ дамуының маңызды бағыттарының бірі IT стартаптарын дамыту болып табылады. Көптеген жастар әлеуметтік және экономикалық өмірдің нақты мәселелерін шешу үшін IT-жобаларын бастайды. Бұл экономиканың дамуына септігін тигізіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашады.
Тағы бір маңызды бағыт – заттар интернетін (IoT) дамыту. IoT технологиялары смарт сағаттар, теледидарлар және тоңазытқыштар сияқты құрылғылардың бір-бірімен және интернетпен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беріп, адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады. Қазақстанда тиімділікті арттыру және процестерді жеңілдету үшін IoT технологияларын енгізуді көптеген компаниялар қолға алып жатыр[3].
Қазақстанда блокчейн технологияларын қолдану да дами бастады. Blockchain ақпаратты сақтаудың және бөлісудің қауіпсіз, ашық және орталықтандырылмаған әдісін ұсынады, ол қаржы, денсаулық сақтау, жылжымайтын мүлік және басқалар сияқты әртүрлі салаларда қолданған пайдалы.
Бүгінде БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласындағы ілгерілеушілікті көрсетіп отыр. Біздің еліміз 193 елдің арасында 24-ші орында, сонымен қатар онлайн қызметтер индексі бойынша жетекші 10 елдің қатарына кіреді. Елімізде мемлекеттік қызметтердің 92% цифрландырылған. Биометрикалық сәйкестендіру және Qr қолтаңба сервистері де электрондық қызметтерді қолдануды айтарлықтай жеңілдетті. Электронды үкімет аясындағы алдыңғы қатарлы инновациялық шешімдерді Қазақстан тәжірибе жүзінде Того, Сьерра-Леоне, Тәжікстан сияқты мемлекеттермен бөлісіп бастады[3].
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты халыққа жолдауында тұрақты даму үшін жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті[4]. Осыған байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірнеше маңызды бастамаларды жүзеге асырып жатыр:
- Кен орнын игеруді үйлестіру үшін Жасанды Интекллект (ЖИ) комитеті құрылды,
- 2024–2029 жылдарға арналған ЖИ дамыту тұжырымдамасын бекітті,
- ЖИ туралы заң жобасы әзірленді, ол одан әрі өсу үшін қажетті нормативтік базаны қамтамасыз етеді[3].
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астанада Жасанды интеллект орталығын ашу жұмыстары жүргізілуде. Орталықтың миссиясы – аймақтың түкпір-түкпірінен таланттарды тарту арқылы Қазақстанның ЖИ трансформациясын жеңілдету. Жоспар бойынша жыл сайын ЖИ саласында мыңдаған мамандарды, жүздеген стартаптарды және ондаған ғылыми жобаларды дайындауды көздейді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда өзінің тілдік моделі KazLLM дамып жатыр. Ол қазақстандық компаниялар әзірлеген бірқатар технологиялық шешімдердің негізіне айналуы тиіс. Бұл аса маңызды болып табылатын ұлттық мүдделерді, жеке деректерді қорғау және елдің идеологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтады. Өзіміздің тілдік үлгіні қолдану отандық ІТ-қызмет нарығының дамуына ықпал етеді. Бүгінгі таңда модель жиналған 148 миллиард токен бойынша белсенді түрде оқытылады. Және де, бұл модель негізінде ЖИ негізіндегі өнімдер қазірдің өзінде жасалуда. Бұл eGov, E-otinish және заң көмекшісі сияқты салалардағы ЖИ көмекшілері[3].
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында, сонымен қатар ҚР индустриалды-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы мен және т.б. бағдарламаларда инновациялық дамудың негізгі индикаторлары көрсетілген[4]. Осы бағдарламалар арқылы елімізде цифрландыру, нанотехнологиялар, медицина және медициналық туризм, баламалы энергетика, робототехника секілді салалар дамуы тиіс.
Қазақстанның 2023 жылғы Ұлттық Статистика агенттігінің деректері бойынша Қазақстан кәсіпорындарындағы инновацияның дамымауының негізгі себептері:
Инновацияға сұраныстың жоқтығы,
Қаржылық жетіспеушілік,
Кәсіпорынның алғашқы даму сатысында инновацияның қажет еместігі,
Инновациялық қызметтер мен тауарларға сұраныстың белгісіздігі,
Жоғары инновациялық шығындар (Кесте-1).
Кесте 1. Кәсіпорындарда инновациялық қызметтің жүргізілмеу себептері[5].
|
Қаржы ресурстарының жетіспеушілігі |
Сыртқы қаржыландыру көздерінен қаржы ресурстарының жетіспеушілігі |
Инновациялық шығындар тым жоғары |
Білікті кадрлардың жетіспеушілігі |
Технологиялар туралы ақпараттың болмауы |
Нарықтар туралы ақпараттың болмауы |
Инновация үшін серіктестер табудың қиындығы |
Нарықтағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың үстемдігі |
Инновациялық тауарларға немесе қызметтерге сұраныстың белгісіздігі |
Инновацияға сұраныстың жоқтығы |
|
|
Қазақстан Республикасы |
6 120 |
331 |
1 730 |
398 |
358 |
418 |
309 |
302 |
2 395 |
8 552 |
|
Абай |
99 |
10 |
55 |
9 |
- |
3 |
- |
- |
29 |
283 |
|
Ақмола |
275 |
3 |
59 |
30 |
17 |
15 |
11 |
5 |
64 |
401 |
|
Ақтөбе |
245 |
6 |
69 |
6 |
8 |
16 |
7 |
- |
53 |
215 |
|
Алматы |
255 |
23 |
71 |
22 |
19 |
13 |
6 |
3 |
44 |
393 |
|
Атырау |
191 |
17 |
64 |
19 |
2 |
24 |
17 |
6 |
84 |
318 |
|
БҚО |
86 |
5 |
20 |
2 |
4 |
23 |
5 |
- |
29 |
524 |
|
Жамбыл |
162 |
14 |
68 |
17 |
4 |
6 |
12 |
3 |
25 |
290 |
|
Жетісу |
105 |
6 |
24 |
2 |
5 |
3 |
3 |
5 |
16 |
189 |
|
Караганды |
333 |
12 |
77 |
32 |
12 |
1 |
31 |
8 |
121 |
639 |
|
Костанай |
342 |
18 |
80 |
37 |
20 |
5 |
5 |
5 |
69 |
447 |
|
Кызылорда |
168 |
4 |
21 |
13 |
9 |
2 |
7 |
2 |
43 |
145 |
|
Мангыстау |
162 |
1 |
73 |
12 |
4 |
2 |
5 |
10 |
48 |
459 |
|
Павлодар |
226 |
14 |
65 |
16 |
59 |
5 |
23 |
10 |
48 |
307 |
|
СҚО |
251 |
23 |
69 |
43 |
16 |
7 |
10 |
6 |
66 |
241 |
|
Туркестан |
274 |
16 |
72 |
3 |
13 |
8 |
7 |
- |
19 |
239 |
|
Ұлытау |
50 |
3 |
16 |
5 |
1 |
3 |
- |
- |
7 |
55 |
|
ШҚО |
306 |
22 |
45 |
27 |
14 |
19 |
9 |
2 |
76 |
426 |
|
Астана |
830 |
50 |
164 |
47 |
48 |
35 |
50 |
163 |
186 |
921 |
|
Алматы қ. |
1 323 |
79 |
553 |
40 |
79 |
199 |
92 |
62 |
1 282 |
1 690 |
|
Шымкент |
437 |
5 |
65 |
16 |
24 |
29 |
9 |
12 |
86 |
370 |
Көптеген аймақтарда әсіресе қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі жоғары деңгейде байқалады. Инновациялық шығындардың өте жоғары болуы мен білікті кадрлардың жетіспеушілігі де маңызды мәселелер болып табылады. Нарықтық сұраныс пен технологиялар туралы ақпараттың жетіспеушілігі де маңызды кедергілердің бірі [5,56].
Аталған себептермен бірге, Қазақстанда нарықтың әлсіздігі байқалады. Қазақстанда сапалы цифрлық қызметтерді ұсынатын компаниялар аз. Олар саланың өңін белгілеп, бәсекелестікті ынталандырады. Мұндай өнімдердің ішінде Kaspi Bank финтех қызметін атап өтуге болады. 20 миллион халқы бар Қазақстанда 21 миллиард долларлық бизнес жүйесін құрғаны үшін 2021 жылы The Generalist баспасы Kaspi-ді «Қазақстандық Alibaba» деп атады. Мұндай «алыптардың» аз болуы және үнемі дамып отыратын бәсекелестік ортаның болмауы нарықтың әлсіреуіне әкеледі[6,36].
Елімізде халықтың даму институттары мен инновациялық даму үрдістеріне деген сенімнің төмендігі, бюрократия мен жемқорлық, еліміздің Инновациялық стратегиясын жүзеге асыру барысындағы министрліктер мен ведомстврлардың арасындағы байланыстың әлсіздігі, жұмыс жоспарының нашар келісілуі, ынтымақтастықтың төмендігі, инновациялық саясатты жүзеге асырудағы олқылықтар, білікті персоналдың жетіспеушілігі, жастар арасында ғылымның төменгі деңгейде насихатталуы, ғылым жолында жүрген жастардың еңбектерінің қажетті деңгейде қаражаттандырылмауы, сол себепті ғалымдардың шетелге ағымы, ҒЗТКЖ және инновациялық жобалардың нәтижелері туралы ақпаратты, ғылыми мақалаларды, зерттеушілерді, инфрақұрылымды сондай-ақ нарықтың даму үрдістері туралы коммерцияланған ақпараттарды тұтас қамтитын статистикалық деректерге және ақпаратқа қол жеткізудегі қиындықтар[7,20].
Жоғарыда аталған кедергілерге қарамастан, Қазақстан Орталық Азиядағы ең жылдам дамып келе жатқан инновациялық нарық болып қала береді[8,47]. Бұған бір жағынан мемлекеттің қатысу үлесі жоғары болғандықтан, екінші жағынан коммерциялық компаниялардың, әдетте банктік және телекоммуникациялық секторлардың бастамаларының арқасында дамып отыр. Бизнес инновациялық нарықтың дамуын ынталандырып отыр. Мысалы, компанияларда инновациялық бөлімшелер, корпоративтік венчурлық қорлар, стартаптарды инвестициялау және сатып алу, университеттерде IT-академиялар мен бизнес-инкубаторлар, стартаптар үшін хакатондар мен конкурстар, университеттерде бизнес-инкубаторлар ашылып, арнайы іс-шараларды өткізу күндері белгіленеді. Инновацияларды дамыту үшін тиісті инновациялық инфрақұрылымның болуының да маңызы бар. Қазақстанда технологиялық инновацияларға бағытталған инфрақұрылым дамып жатыр[8,413].
Қорыта айтқанда, инновациялардың қоғам мен экономика дамуына қосатын үлесі ерекше. Әлемнің жетекші елдері өздерінің экономикасын тұрақты дамыту үшін білім мен инновацияны басты бағыт ретінде таңдады. Қазақстан да осы үрдіске қосылып, инновациялық даму саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Әсіресе, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, блокчейн және басқа да цифрлық технологиялардың дамуы еліміздің экономикасына жаңа мүмкіндіктер мен тиімділіктер әкелді. Сонымен қатар, Қазақстанның инновациялық секторын дамытуда мемлекеттік қолдау мен жеке кәсіпорындардың бастамалары маңызды рөл атқарып отыр.
Полная версия статьи PDF
Номер журнала «Вестник науки» № 4 (85) том 4
Ссылка для цитирования:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТЫ // Журнал «Вестник науки» от 27 апреля 2025 г. № 4 (85) том 4. С. 1309 - 1316. 2025 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/22669 (дата обращения: 29.11.2026 г.)
Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/22669
Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com
