Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо
  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки от 27 апреля 2025 г.
  4. Научная статья № 173
Просмотры  190 просмотров

ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ТӘЖІРИБЕЛІК-БАҒДАРЛЫ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Аннотация: Ұсынылып отырған мақалада студенттердің кәсіби құзыретін дамыту, алған білімін кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, ЖОО химия пәнінен тәжірибелік-бағдарлы тапсырмаларды орындау арқылы қалыптасқан білімдерін кәсіби қызметте тиімді қолдануына ықпал ету арқылы бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру мәселесі қарастырылған. Тәжірибелік-бағдарлы тапсырмаларды орындау арқылы студенттерде химиялық процестерді тереңірек түсіну, теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу, сыни ойлау мен аналитикалық қабілеттерін дамытады. Студенттер үшін химияны оқытуда тәжірибелік-бағдарлы тапсырмаларды пайдалану білім сапасын жақсартуға және студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді

Ключевые слова: тәжірибелік-бағдарлы тапсырмалар, органикалық химия, ЖОО студенттері, тәжірибелік дағдылар, оқыту әдісі.

https://doi.org/10.24412/2712-8849-2025-485-1353-1364 

Кіріспе.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 29-бабында білім мен ғылымды интеграциялау, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу мен енгізу міндеттері көрсетілген (ҚР «Білім туралы» Заң, 2007).

2023–2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамытудың тұжырымдамасында студенттердің білімін тәжірибеде қолдану, шығармашылық ойлау, топта жұмыс істеу және күрделі мәселелерді шешу қабілетін дамыту үшін инновациялық және белсенді оқыту әдістерін қолдану қажеттілігі атап өтілген.

Тәжірибеге бағдарланған тәсіл жоғары білімде болашақ мамандарды даярлау сапасын арттырып, теория мен тәжірибені үйлестіру арқылы студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Химия пәні бұл тәсілді тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі болып табылады, себебі ол теорияны тәжірибеде қолдану, эксперимент жүргізу және нәтижелерді талдау дағдыларын дамытады [2].

Тәжірибелік-бағдарлы тапсырмаларды практикалық, зертханалық, білім алушы мен оқытушының өзара жұмысы (БОӨЖ), білім алуышының өзіндік жұмысы (БӨЖ) сабақтарында қолдану оқу процесінің тиімділігін арттырады.. Бұл тәсілдің негізгі мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және теориялық білімді тәжірибе арқылы бекіту [6].

Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында заманауи педагогикалық технологиялар, соның ішінде тәжірибелік-бағдарлы оқыту кеңінен енгізілуде. Білім беру мазмұнын жаңарту мен үздіксіз білім беру жүйесін дамыту – қазіргі кезеңнің объективті қажеттілігі [7].

Химияны оқытуда тәжірибелік-бағдарлы тапсырмаларды қолдану – практикалық бағытты күшейтіп, студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруына мүмкіндік береді. (1-сурет).

 

Сурет. 1. Тәжірибелік-бағдарлы тапсырмалардың артықшылықтары.

 

Тәжірибелік-бағдарлы оқыту– бұл оқытушының бағыттаушы рөлі арқылы оқушылардың химия пәніне деген оң көзқарасын қалыптастырып, олардың жаңашылдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін тиімді әдіс. Практикалық жұмыстар оқушылардың өз қабілеттерін тануға, айналасындағы мүмкіндіктерді бағалауға, тәжірибе жасау барысында бақылау, талдау дағдыларын жетілдіруге көмектеседі [6].

Төменгі 2-суретте тәжірибелік-бағдарлы оқыту әдісінің формалары көрсетілген.

 

Сурет. 2. Тәжірбиелік-бағдарлы оқыту әдісінің формалары.

 

Материалдар мен негізгі әдістер.

Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында жоғары оқу орындарында жаратылыстану пәндері мұғалімдерін даярлау барысында химияны оқытудың инновациялық технологияларын қолдана отырып, тәжірибеге бағытталған білім беру – өзекті әрі маңызды мәселе болып табылады [5].

Қазіргі жаһандану үдерістері жоғары білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістерге себеп болды. Осы жағдайда тәжірибеге бағытталған оқыту оқу мазмұнының практикалық бағытын күшейтіп, болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығының сапасын арттырады. Олар кәсіби білім мен дағдыларды негізінен тәжірибелік-бағдарлы тапсырмалар арқылы меңгереді [10].

Зерттеу М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасына қарасты білім беру бағдарламаларының базалық және кәсіптік пәндер циклі бойынша жүзеге асырылды.

Зерттеу барысында ХБ-20, ХБ-21, ХБ-22 топтары студенттерінің «Органикалық химия» пәнінен алған білімдерін бекіту, жетілдіру мақсатында БӨЖ орындауға арналған тәжірибелік-бағдарлы тапсырмалар қолданылды. Тәжірибелік-бағдарлы тапсырмалар теориялық және практикалық сұрақтардан құрастырылды. Тәжірибелік-бағдарлы тапсырмаларды орындау практикалық, БӨЖ (білім алушылардың өзіндік жұмысы), БОӨЖ (білім алушылар мен оқытушының өзара жұмысы) сабақ түрлерінде жүзеге асырылды. Тәжірибелік-бағдарлы тапсырмалардың бағалау критерийлеріне сәйкес студенттердің білім сапасы бағаланды. Әрбір тәжірибелік-бағдарлы тапсырмаларды орындағаннан кейін, білім алушылардан сауалнама алынып, оның нәтижесі талданды. «Органикалық химия» пәнінен тәжірибелік-бағдарлы тапсырмалар құрастырылды. (1 кесте).

 

Кесте 1. Тәжірибелік-бағдарлы тапсырмалар мазмұны.

№

Тәжірибелік-бағдарлы тапсырма мазмұны

Бағалау крийтерийі

1

Су мен диэтил эфирі өзара алмаспайтын сұйықтықтар. Полярлы компоненттер суда, ал полярсыз компоненттер эфирде ериді. C6H11COOH pKa = 4,8 және C6H11N+H3 pK а =10,7

a.                   Екі компонентте суда еру үшін оның pH мәні қандай болу керек?

b.                  Қышқыл суда, амин эфирде еруі үшін судың рН мәні қандай болу керек?

c.                   Амин суда, ал қышқыл эфирде еруі үшін судың рН мәні қандай болуы керек?

0-49

 

50-74

 

75-89

 

90-100

 

2

Алкендердің, алкиндердің және алкадиендердің қасиеттері мен алынуы.

Келесі айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыз.

Этил спирті H2SO4(конц) 180....200 ° С      Х    HBr     Y  Na, t

Z     H2         бутадиен-1,3

Шешімі:

1.                  Этил спиртін 180-200° С дейін қыздырғанда концентрлі күкірт қышқылымен бромсутегімен әрекеттесетін өнім түзілуі керек - Бұл этилен (Х заты). Реакция теңдеуі:

C2H5OH   H2SO4, 180...200 ° С         C2H4 + H2O

2.                  Бром сутегінің этиленге қосылуы нәтижесінде-бромэтан (Y) түзіледі: C2H4+HBr         C2H3Br

3.                  Бромэтан натрийдің қатысуымен қызған кезде бутан пайда болады (Z):

2C2H3Br+ 2Na         C4H10 +2NaBr

Алюминий және хром (III) оксидтерінің катализаторының қатысуымен бутанды дегидрлеу – бутадиен-1,3  алудың бір жолы

 

  

Нәтиже мен талқылаулар.

Тәжірибелік-бағдарлы тапсырмалар студенттерге алған білімдерін бекітіп және шешу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Олар сыни және логикалық ойлау, ақпаратпен жұмыс істеу және дәлелді қорытынды жасау қабілеттерін қалыптастырады. Мұндай тапсырмаларды емтихан сұрақтарына енгізу әр студенттің білімін жеке бағалауға мүмкіндік береді.

Бақылау эксперименті «Органикалық химия» пәні бойынша ХБ-20, ХБ-21, ХБ-22 топ студенттеріне зертханалық, БОӨЖ, БӨЖ сабақ түрлерінен тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды шешуге арналды. Алынған оқу нәтижелері және студенттердің оқу үлгерімінің пайыздық көрсеткіші 3-суретте келтірілген.

 

Сурет. 3. Білім алушылардың емтиханнан алған нәтижелері.

 

Бағалау нәтижелері 3 - сурет бойынша студенттердiң үлгерiмдiлiк деңгейi жоғары көрсеткiштi көрсетті. Бұл мәлiметтерден органикалық химия пәнiн әртүрлі заманауи педагогикалық технологияларды және тәжірбиелік-бағдарлы тапсырмаларды қолдана отырып оқыту сабақтың сапасын, студенттердің танымдық белсенділіктерін, ынтасын арттыруда ең тиімді әдістердің бірі екендігін көруге болады.

 

Химияны оқытуда тәжірибелік-бағдарлы тапсырмаларды қолдану тиімділігін бағалаудың бір тәсілі - студенттердің берілген тапсырмаларға қатысу нәтижелерін талдау. Нәтижелерді талдағаннан кейін тапсырмалар студенттерге білімді игеруге және оларды іс жүзінде қолдануға қаншалықты көмектесетіні туралы қорытынды жасауға болады.

Тәжірибелік-бағдарлы тапсырмалардың тиімділігін бағалауда студенттердің пікірлері мен рефлексиясына негізделген сапалы зерттеу әдістерін қолдануға болады. Сауалнама мен сұхбат бұл тәсілдің пайдалы және тиімді тұстарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл тапсырмаларды дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстыра отырып, қай тәсіл білімді жақсы меңгеруге ықпал ететінін анықтауға болады.

Зерттеу барысында тәжірибелік-бағдарлы тапсырмаларды орындау мен нәтижеге қол жеткізу арасындағы шектеулер, қиындықтар мен артықшылықтарды анықтау мақсатында студенттерге сауалнама жүргізілді. Сауалнама Google Forms платформасы арқылы тапсырмаларды орындағаннан кейін жүзеге асырылды және 6 сұрақтан тұрды. (2-кесте).

ХБ-20, ХБ-21, ХБ-22 топ студенттерінен тәжірибеге бағдарланған тапсырманы орындағаннан кейінгі алынған тәуелсіз сауалнама сұрақтары **-кестеде көрсетілген.

  

Кесте 2. Тәуелсіз сауалнама сұрақтары.

Сауалнама сұрақтары

Ешқашан

Сирек

Кейде

Әдетте

Әрқашан

Мен өзім үшін не білгім келетіні туралы ойлаймын

1

2

3

4

5

Мен өз бетіммен жаңалық аша аламын

1

2

3

4

5

Мен заттарға басқалардың көзқарасы тұрғысынан жеңіл қарай аламын

1

2

3

4

5

Мен қандай ақпараттың дұрыс және пайдалы екенін жеңіл анықтай аламын

1

2

3

4

5

Мен болғандардың себебін жақсы түсіндіре аламын

1

2

3

4

5

Мен игерілген ақпараттарды пайдалана отырып, өз жауаптарымды түсіндіре аламын

1

2

3

4

5

Балдардың жалпы саны

 

 

 

 

30

 

1-кестеге сәйкес ХБ-20, ХБ-21, ХБ-22 топ студенттерінен тәжірибеге бағдарланған тапсырманы орындағаннан кейінгі алынған тәуелсіз сауалнама Google Forms платформасында жүргізілді.

 

Cурет. 4. Студенттерден алынған тәуелсіз сауалнама қорытындысы.

 

Зерттеу барысында шығармашылық ойлауға байланысты алынған сауалнамаға қатысқан студент саны – 34. Сауалнама 6 сұрақтан тұрады. Әрбір сұраққа келесі жауаптар көрсетілген: «Ешқашан», «Сирек», «Кейде», «Әдетте», «Әрқашан».

Сауалнама нәтижесінде барлық 6 сұрақ бойынша студенттердің жауаптары бес деңгейге бөлінді: «Ешқашан», «Сирек», «Кейде», «Әдетте», «Әрқашан». Жауаптардан байқағанымыз – көпшілік студенттер тәжірибелік-бағдарлы тапсырмаларды көбінесе «Кейде» мен «Әдетте» орындайтынын көрсетті. Әсіресе, 1-ші және 6-шы сұрақтарда «Әрқашан» деп жауап бергендер саны жоғары болды, бұл олардың тәжірибеге бағытталған жұмысқа бейімділігін байқатады. Ал 2-ші сұрақта «Сирек» және «Ешқашан» жауаптары басым болды, бұл кейбір жағдайларда тапсырмалардың орындалу жиілігінің төмен екенін көрсетеді.

 

Қорытынды.

Химия – заманауи білім беру жүйесінде ғылым мен техниканың көптеген салаларында сұранысқа ие мамандарды даярлауда ерекше орын алатын негізгі пәндердің бірі. Бұл пәннің тиімді меңгерілуі студенттердің болашақ кәсіби жетістігіне тікелей ықпал етеді. Сол себепті, химияны оқытуда теория мен практиканы үйлестірудің маңыздылығы күн өткен сайын артып келеді. Зерттеу барысында тәжірибелік-бағдарлы тапсырмалардың студенттердің теориялық білімін нақты тәжірибелік дағдылармен ұштастыра алуы – олардың пәнді терең түсінуіне, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуына, сонымен қатар химиялық процестерді сараптай алуына мүмкіндік беретіні анықталды. Мұндай тапсырмалар тек қана білім берумен шектелмей, студенттердің зерттеушілік қабілетін оятып, болашақ кәсіби қызметке дайын болуына жол ашады.

Менің ойымша, мұндай тапсырмаларды тек жоғары оқу орындарында ғана емес, жалпы орта білім беру сатыларында да белсенді қолдану – оқушылар мен студенттердің химияға қызығушылығын арттырып, олардың логикалық, аналитикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірудің тамаша тәсілі болар еді.

Қорыта айтқанда, тәжірибелік-бағдарлы тапсырмаларды оқу процесіне жүйелі түрде енгізу – білім берудің тиімділігін арттырып, ғылым мен өндіріс салаларына бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған мамандарды даярлаудың сенімді құралы болып табылады.


Полная версия статьи PDF

Номер журнала «Вестник науки» № 4 (85) том 4


Ссылка для цитирования:

Айқын Д., Абибуллаева З.К., Лукманова А.М. ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ТӘЖІРИБЕЛІК-БАҒДАРЛЫ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ // Журнал «Вестник науки» от 27 апреля 2025 г. № 4 (85) том 4. С. 1353 - 1364. 2025 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/22673 (дата обращения: 29.11.2026 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/22673



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки © 2025.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ «О противодействии экстремистской деятельности» (далее - Федеральный закон «О противодействии экстремистской деятельности»), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.