ҮЗДІКСІЗ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ РЕЖИМДІК ПАРАМЕТРЛЕРІН БАСҚАРУ
Аннотация: бұл жұмыста үздіксіз технологиялық үдерістердің режимдік параметрлерін басқару үшін Σ-жиілік-импульстік модуляциясы бар басқару жүйелері қолданылды. Бастапқы жүйенің математикалық сипаттамасы келтіріліп, оның құрылымдық түрлендірілуі арқылы оған эквивалентті, процестері бастапқы жүйемен тең болатын, сызықты емес жүйе құрастырылды. Алынған эквивалентті сызықты емес жүйе осы басқару жүйелері класының талдауы мен синтезі міндеттерін шешуге перспективалы болып табылады.
Ключевые слова: үздіксіз технологиялық үдерістер, сигма-жиілік-импульстік модуляция, оптикалық талшықты тарту.
https://doi.org/10.24412/2712-8849-2025-586-1256-1264
Мұнай химиясы (мұнайды өңдеу, газ фракциялау), металлургия (болат өндіру, прокаттау), энергетика және басқа да өнеркәсіп салаларындағы көптеген технологиялық үдерістер үздіксіз технологиялық үдерістер қатарына жатады.
Үздіксіз технологиялық үдерістердің кең таралған түрлерінің бірі — оптикалық талшықты тарту үдерісі.
Оптикалық талшықты тарту технологиялық үдерісі үздіксіз технологиялық үдерістердің жарқын мысалы болып табылады. Бұл үдеріс — шыны преформаны нақты геометриялық және оптикалық сипаттамалары бар жұқа оптикалық талшыққа түрлендіруді қамтамасыз ететін жоғары дәлдіктегі және жоғары температуралы үздіксіз технологиялық үдеріс.
Оптикалық талшық өндіру — басқарылатын және бақыланатын параметрлердің саны көп күрделі технологиялық үдеріс: шыны массасын қыздыру температурасы, шыныны қыздыру аймағына беру жылдамдығы, жарықөткізгішті тарту жылдамдығы мен күші. Жоғары ажыратымдылығы бар талшықты бөлшектерді тек геометриясы біркелкі жарықөткізгіштерді қолдану арқылы ғана алуға болады. Геометрияның жекелеген элементтерінің (диаметрі, қимасының пішіні, өлшемі және т.б.) ауытқулары бөлшек жұмыс аймағында жиіліктік-контрасттық сипаттамалардың төмендеуіне, микроқұрылымдық шудың пайда болуына және әртүрлі ақаулардың туындауына алып келеді. Осы факторлардың барлығы оптикалық талшықты тарту қондырғысын автоматтандырылған бақылау және басқару жүйесін әзірлеу мен енгізуді қажет етеді.
Әрбір тартылатын преформа үшін жеке түрде берілетін тарту режимінің параметрлері, атап айтқанда, тарту жылдамдығы мен тарту күші үйлесімі, талшықтың берілген сипаттамаларына сәйкес келетін мойын зонасының (перетяжка аймағы) қажетті пішінін қамтамасыз етеді [1, 2]. Негізгі басқарылатын факторлар – тарту жылдамдығы мен пеш ішіндегі температуралар. Тартылу күшін тұрақтандыру тарту күшін тұрақтандыру контурының қателігі бойынша жоғары температуралы пештің (ЖТП – ВТП) температурасын реттеу арқылы жүзеге асырылады. Тартылатын талшықтың пайдалану сипаттамалары (жұтылу коэффициенті мен хроматикалық дисперсия коэффициенті) тарту күші мен тарту жылдамдығын дәл сақтауға байланысты, ал бұл өз кезегінде ЖТП-де қажетті температураны ұстап тұру арқылы қамтамасыз етіледі.
Басқарудың мақсаты – әрбір тартылатын преформаға тән тарту режимін сақтай отырып, диаметрі болатын талшықты алу. Бұл режим – тарту жылдамдығы мен тарту күші . Диаметрді басқару тарту жылдамдығының шамалы өзгерісі арқылы, ал тарту күшін басқару – жоғары температуралы пештің температурасы -нің шамалы өзгерісі арқылы жүзеге асырылады. Оптикалық талшықты тарту үдерісі жоғары автоматтандырылу дәрежесімен және үздіксіздігімен ерекшеленеді. Тоқтаусыз жұмыс өнімділіктің жоғары болуын және өнім сапасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Тарту желісінің барлық бөліктері сенсорлар мен атқарушы механизмдермен интеграцияланған орталықтандырылған автоматтандыру жүйесімен басқарылады, бұл берілген параметрлерден ауытқуларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді [2].
Жоғарыда айтылғандардан көрініп тұрғандай, уақытша кешігуі бар оптикалық талшықты тарту технологиялық үдерісін сапалы басқару теориялық және практикалық тұрғыдан елеулі қызығушылық тудырады.
Оптикалық талшықты тарту үдерісінің режимдік параметрлерін басқару міндетін шешу үшін ең тиімді тәсіл – бұл динамикалық жиілік-импульстік автоматтандырылған басқару жүйелерін қолдану болып табылады [3, 4].
Жиілік-импульстік модуляциясы бар тұйық автоматтандырылған басқару жүйесін қарастырайық. Бұл жүйе (1-сурет) импульстік және үздіксіз бөліктерден тұрады.
мұндағы f(t) және x(t) - сәйкесінше жүйенің кірісіндегі стационарлы кездейсоқ процесс және қате процесі, y(t) и y (t) — Ф фильтрінің және ИҚ импульстік құрылғысының шығысындағы сигналдар.
Импульстік бөлік сигма-жиілік-импульстік модулятордан (ΣЖИМ) тұрады. Ол апериодтық буын түрінде жүзеге асырылатын Ф фильтрі теңдеуімен және импульстардың пайда болу сәттері мен сброс операцияларын анықтайтын теңдеулермен сипатталады [3].
Фильтрде үздіксіз процесті y(t) сигналына динамикалық түрлендіру жүзеге асырылады. Импульстік құрылғы ИУ бірлік-импульсін генерациялайды, егер Ф фильтірінің шығыс сигналы шекті мәнге жетсе және фильтр құрамындағы барлық энергия жинақтағыштар нөлдендіріледі (сброс операциясы орындалады). Бұл 1-суретте пунктир сызықпен бейнеленген параметрлік кері байланыс арқылы көрсетілген.
Сигма-жиілік-импульстік модулятордың қозғалыс теңдеуі апериодтық буынның қозғалыс теңдеуі мен импульстардың пайда болу және олардың таңбаларын, сондай-ақ сброс операцияларын анықтайтын теңдеулерден тұрады. Басқарылатын нысан - оптикалық талшықтың мойын зонасы – уақытша кідіріспен сипатталатындықтан, объектіде кідіріс болған жағдайда басқару контурына қосылған модулятордың теңдеулерін алу қажет.
Белгілі болғандай [3]–[5], кідіріспен сипатталатын объектілерде басқару импульсінің әсері шығыста ең аз дегенде сол кідіріс уақытына тең кешігумен байқалады. Осыған байланысты, мұндай объектілерді басқаруда, басқару импульсі берілген соң, кідіріс уақыты аралығында келесі басқару импульсін қалыптастыру орынсыз.
Айтайық, уақыт мезетінде ИУ шығысынан n-ші импульс пайда болды. Кідіріспен сипатталатын объект қасиеттерін ескере отырып, импульстардың пайда болу мезеттері мен сброс операциялары келесі теңдеулермен анықталады.
апериодтық буынның салмақтық функциясы, Ф фильтрінің беріліс функциясы-инерциялық буын түрінде жүзеге асырылған, ИУ импульстік құрылғысының шекті мәні,
– басқарылатын объектідегі кідіріс әсерін ескеретін сигма жиілік-импульстік модулятордың параметрі.
Осы басқару жүйелері класының талдауы мен синтезі үшін ең перспективалы бағыт – нақты жиілік-импульстік модулятор (ЖИМ) үдерістеріне тождестволық үдерістері бар сызықты емес эквивалентті жүйемен модуляторды алмастыру.
Параметрлік кері байланыстарсыз динамикалық ЖИМ-ға эквивалентті сызықты емес жүйені құру процедурасы [2–4] еңбектерінде егжей-тегжейлі баяндалған.
Бастапқы жүйеге эквивалентті жүйенің құрылымдық сұлбасын 2-сурет түрінде көрсетуге болады.
2-сурет. Эквивалентті СИГМА-жиілік-импульстік басқару жүйесі.
Эквивалентті жүйеде (2-сурет) модулятордың функцияларын келесі блоктар орындайды: сброс блогы (СБ), импульс қалыптастыру блогы (ИҚБ) және беріліс функциясы W(p)=p болатын дифференциалдық буын.
Сигма-ЖИМ сброс блогы. Бұл жағдайда модулятордың Ф фильтрі келесі түрдегі беріліс функциясымен сипатталады [3]:
– нақты сандар және
-бірінші ретті қалыптастыру буынының импульстік өтпелі функциясы.
Ал η(t) сигналы келесі өрнек бойынша қалыптастырылады [3-4]:
СИГМА-ЖИМ жүйесінің сброс блогының құрылымдық сұлбасы 3-суретте келтірілген.
Импульс қалыптастыру блогында (ИҚБ) y(t)процесі ±Δ шегімен салыстырылады және (1) шарты орындалғанда екі импульс қалыптасады:
біріншісі – – бұл СИГМА-ЖИМ жүйесінің шығыс сигналы ретінде қызмет етеді,
екіншісі - – бұл сброс сигналы ретінде қолданылады және кері байланыс арқылы СБ блогына беріледі.
Импульс қалыптастыру блогының (ИҚБ) құрылымдық сұлбасы 4а-суретте келтірілген, ал 4б-суретте бірмәнді емес сызықтық емес сипаттамасы бар реле элементінің сипаттамасы көрсетілген.
3-сурет. Сигма-ЖИМ жүйесінің арылту блогы.
Бұл блоктың құрылымына 3б-суретте бейнеленген сипаттамасы бар сызықтық емес элемент кіреді. Математикалық модельді құру үшін осы реле-гистерезистік функцияны ортогоналдық жіктеуге мүмкіндік беретін түрге түрлендіру қажет.
ИҚБ-ның құрылымдық сұлбасы модулятордың нақты түріне тәуелсіз (инвариантты) болып табылады. Ал сброс блогы (СБ) құрылымдық сұлбасы модулятордағы Ф фильтрінің қасиеттеріне байланысты өзгереді.
Эквивалентті жүйе (2-сурет) оптикалық талшықты тарту технологиялық үдерісінің температуралық режимін басқаруға арналған Σ-жиілік-импульстік басқару жүйесінің біртекті математикалық моделін құруға мүмкіндік береді.
Полная версия статьи PDF
Номер журнала «Вестник науки» № 5 (86) том 1
Ссылка для цитирования:
ҮЗДІКСІЗ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ РЕЖИМДІК ПАРАМЕТРЛЕРІН БАСҚАРУ // Журнал «Вестник науки» от 4 мая 2025 г. № 5 (86) том 1. С. 1256 - 1264. 2025 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/22827 (дата обращения: 29.11.2026 г.)
Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/22827
Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com
