'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №11 (20) том 4
  4. Научная статья № 34

Просмотры  113 просмотров

Найзабек А., Асан.Қ., Бүрлібаева А., Батыр М., Кусайнова М.А.

  


ДӘРІГЕР МЕН НАУҚАС АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ *

  


Аннотация:
в статье рассматривается дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері   

Ключевые слова:
медицина, здравоохранение, наука медицина   


Медицина жолын таңдағанда «күні-түні ұйқысыз, демалыссыз еңбек етуге шамаң келе ме, науқастардың бірде жағымды, бірде жағымсыз әңгімелерін естуге дайынсың ба, кан мен жарақаттарға қарауға дәтің шыдай ма, жоқ па, жағымсыз иістерге шыдайсың ба, қиналыс үстінде жатқан науқасқа көмегің тимей жатса да рухани қолдау бере аласың ба ?» – осындай сұрақтарға алдын-ала жауап беріп көрдің бе? Медицина алысалыс сапарларға алып баратын ұзақ-сонар жол іспеттес. Ал ұзақ жолда міндетті түрде аялдамалар кездесері белгілі. Бірақ медицина жолында бір сәтке де демалуға болмайды, әрқашан білім көзін іздеумен жүресің. Ең ауыры да, ең қиыны да ол – емдеп жатқан науқасыңның көңіл кілтін табу, оның тағдырына ашық араласу.Расында да, басқа мамандықтармен салыстырсақ, медицинаны таңдаған жанның өз өміріндегі көптеген нәрселерден бас тартуына тура келеді. Әрине, медицинаға өмірін де, білімін де арнаған оның алға қойған мақсаты мен өзіне деген сенімділігі болуы керек. Қазіргі таңда сөздің және оның баламаларының (эквиваленттерінің) мәні науқастардың емдеу кешенінің бір бөлігіне айналды. Дұрысын айтқанда, медициналық психологияға, психотерапияға да жете мән беріледі. Мысалы, Иван Петрович Павловтың ғылыми еңбектерінде «Сөз – адам үшін ең қажетті емдеу құралы іспеттес, сондай анық (реалды) тітіркендіргіш», – деген тіркес бар. Бұған «оң және теріс әсер етіп, екі түрлі алмастыра алады» дегенді қосу қажет. Бұл туралы дәрігердің ешқашан ұмытпағаны жөн. Науқас жан қаншалықты күшті, саналы болғанымен бойын меңдеген дерт оны бала сияқты қорғансыз, әлсіз және жасық, тәуекелсіз етеді. Дәрігер ол үшін ғажайып күшқуаттың, сергектіктің, дертінен сәтті айығудың сенімділігінің иесі болып көрінеді. Осындай сенімнің болғаны дәрігерге де, емделушіге де жақсы нәтиже әкелуі әбден мүмкін. Науқастар емдеуші дәрігеріне өз тараптарынан әртүрлі жайлы да, жайсыз да талаптар қоюлары ықтимал. Сырқат жан ең алдымен дәрігерінен өзіне қажет көмек көрсетуін күтеді. Сонымен ол дәрігерінің өзіне арнаған сол аз уақытын толығымен өзінің шағымдарына, оның аландайтын ойларына, пікірлеріне қызмет еткенін қалайды. Шындығында, науқасты қоршаған жағдай, медициналық қызметкерлердің қатынасы, дәрігердің өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәнері, емдеу мекемесіндегі жалпы мейірімді атмосфера оған бұл жерде шын мәнінде көмектескісі келетінін, оның бойындағы дерттен пайда болған үрейден құтқару үшін бар мүмкіндікті жасайтынын көріпсезетіндей болуы керек. Осындай жағдайда ғана науқас көңілінде дәрігерге деген сенім туады, нығаяды, сонда ғана науқас үшін дәрігермен әрбір кездесу айтарлықтай жеңілдік әкеле алады. Медицинаның пірі Гиппократтың да өзі науқасқа айтқан еді ғой: «Сен науқасты емес, мені қолда. Сонда біз екеулеп ол дертті жеңеміз», – деп. Грек данышпаны Сократ та осы мақсатта: «Адам жанын емдемей, тәнін де емдей алмайсың», – деген. Атақты медицина ғұламас Ибн Синаның өзі медицинаның саулықты сақтау, науқасты кеселден айықтыру үшін адам тәнін зерттейтін ғылым екенін өз іс-тәжірибелерімен дәлелдеп беріп кеткен. Оның айтуынша, дәрігерде үш қару бар, олар: сөз, өсімдік, пышақ. Сөздің бірінші орынға қойылуы тегіннен-тегін емес, себебі емдеуші дәрігердің науқастың көңіл-күйіне, психикасына, оның ойларына, ерік-жігеріне ықпал етуі – оның ең басты да тиімді қаруы. Сөз мағынасы кең ауқымды немесе оның эквиваленттері де көп: жоғарыда айтып өткендей, дәрігердің бет-әлпетінің көрінісі, сөйлесу мәнері, дауыс ырғақтары. Сөз құдіреті туралы ақындар да көп жырлаған, жазушылар да көп жазған. Ұлы адамзат философы Конфуций де: «Бір сөзбен адамды дана немесе ақымақ деуге болады. Сондықтан әрбір сөзімізге абай болғанымыз жөн», – деп жайдан-жай айтпаған. «Тәнді емдейтін жан дәрілерінің болатындығын еске салуды өз борышым деп есептеймін…, одан әрі тән ауруын, науқас жанының мұңын түсініп, бөлісіп, оның аласұруын басатын, кейде сырқаттың еркін өзіне бағындыратын талантты дәрігерлердің өздері сөз құдіретіне жүгінген», – деп өз еңбектерінде ішкі кеселдер ілімінің негізін қалаушылардың бірі, мәскеулік профессор М.Д. Мудров өсиет ретінде жазып кеткен. Медицинаның қай саласындағы дәрігерді алсақ та бәрінің мақсаты – науқасты емдеу. Сондықтан да науқас пен дәрігердің арасындағы бір-біріне сенімділік тудыра алатын қарым-қатынас бірінші кезекте тұруы міндетті деп ойлаймын. Науқасты емдеу процесінде науқас пен емдеуші дәрігердің арасындағы сенім тудыратындай жылы қарым-қатынас – баға жетпес байланыс болып саналады. Дәрігердің жоғары біліктілігі, оның шеберлігі науқастың дөрекі қылығына өз тарапынан ұстамдылық танытып, оның көңіл-күйін дұрыс түсінетідігінен байқалады. Осы орайда бір ұстазымның айтқан мына әңгімесіне тоқталғым келеді: «Біз тұратын же аудан орталығы болғандықтан аудандық ауруханамызда дәрігер мамандар жеткілікті деуге болады. Ал олардың ішінде де ерекшелігімен емдеушілер аузында шексіз алғысқа бөленген дәрігерлер де бар. Соңғы жылдары денсаулығым сыр беріп, жиі-жиі ауырып қала беремін. Талай рет ауруханада жатып келдім. Сонда байқағаным: науқасқа тек дәрі-дәрмекпен ғана ем-дом жасаумен шектелмей, өзінің мейірбандылығымен, жылыжылы сөздерімен, мейірімге толы көркем жүзімен де жаныңды жадыратып, дертіңді ұмыттырып, сөнуге шақ қалған үміт отын лаулатып жіберетін дәрігерден ем алып келдім. Әлі де сол дәрігердің қызметін қабылдап келемін. Ондай жанды атап кетпеуге болмайды. Ол – ауданымыздың терапевт-дәрігері Баймағанбетова Гүлгүл Арғынбайқызы. Бұл маман маған ғана емес, басқа да науқастардың сүйікті дәрігеріне айналған жан. Содан бір қорытындыға келдім: сырқаттың қай түрінен болмасын, тек дәрі-дәрмектің ғана күші емес, жан жылуына толы бір-екі ауыз сөздің өзі де айықтырып жібереді екен. »Осыған орай: «Дәрігерлерді өз ісіне және жүрегінде титімдей болса да сырқатқа деген ішпейтін махаббат оты бар адамдардың ішінен таңдап алу керек», – деген екен белгілі совет хирург-окологы Н.Н.Петров. Кейбір тұйық сырқаттар өз дерттері туралы қате пікірде болып, дәрігерлерге сенімдсіздікпен қарайды. Қатты уайымға беріліп: «тәуір болмаймын-ау...» деп күйзеліске бой ұрады. Өз сырқаты туралы: «еш амал болмады ғой, дәрігер де көмек бере алмас», – деп, дерт үстіне дерт жамап алады. Бұндайда Ибн Синаның: «Дәрігер қырандай өткір көзді, мамық қолды, жыландай суық, арыстан жүректі болуы тиіс », – дегені дәл келер еді. Осындай дәрігердің қолына түскен науқас, әрине, өзінің сенімді қолда екеніне сезініп, сол дәрігерге ерекше сенім артады. Осы сәтте дәрігер науқас сеніміне кіріп, оны өзіне қарата бастайды. Қорыта келе айтарым, дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас кезінде төмендегідей ережеге жүгінген дұрыс: 1) Дәрігер науқасты барлық артық-кемшілігіне қарамастан қабылдау. 2) Науқастың ойын, пікірін, қалауын сыйлау, құрметтеу. 3) Науқастың намысына тиетін сөздер айтып немесе ерсі қылық көрсетіп, адамгершілік қасиетін таптамау. 4) Уәде беріп, орындай алмасаңыз, науқасты бекер үміттендірмеу.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №11 (20) том 4

  


Ссылка для цитирования:

Найзабек А., Асан.Қ., Бүрлібаева А., Батыр М., Кусайнова М.А. ДӘРІГЕР МЕН НАУҚАС АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ // Вестник науки №11 (20) том 4. С. 166 - 170. 2019 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/2317 (дата обращения: 20.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/2317



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2019.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.