'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №11 (20) том 4
  4. Научная статья № 35

Просмотры  120 просмотров

Сарыбай М.Ш., Сатан Ф.Қ., Кусайнова М.А.

  


ЯТРОГЕНДІ АУРУЛАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ *

  


Аннотация:
в статье рассматривается ятрогенді аурулардың себептері   

Ключевые слова:
медицина, ятрогенді, аурулардың, себептері   


Алдымен ятрогенді деген ұғым барлығына таныс емес яғни таңсық.Толығырақ түсіндірсек ятрогенді аурулар-медицина қызметкерінің аңдаусызда немесе білімінің жеткіліксіздігінен науқастың физмкалық және эмоциональды тұрғыда нашар сезінуі. Ятрогенді ауру – медицина қызметкерінің сөзінен, ісінен пайда болатын ауру. Ол медициналық қызметкерлердің теріс түсіндірген сөзінен немесе мінез - құлқынан шығады. Кіші мейіркеш немесе техникалық қызметкерлердің сырқатқа зерттеу нәтижесін қате болжап, айтып берген жағдайда да кездеседі. Сөз науқасты емдеп қана қоймайды, оны жаралауы да мүмкін екендігін мейірбике жанында ұстап, науқас көзінше түсініксіз терминдерді айтпауға тырысу керек.Алғаш бұл ұғымды неміс психиатрі Оксвальд Бумке енгізген.Халқымыз даналары айтқандай үш адам баласына қателесуге болмайды біріншіден жар таңдауда,екіншіден мұғалімге,үшіншіден ақ халатты абзал жандарға.Дәрігерлердің қателесуінің себепкер кимдер? Кім кінәлі?Медицина саласының дамуына қандай әсері бар?Енді басты сұрақтардың біріне келсек Бір ғана қолдан шапалақ үні шықпайды демек,тек дәрігерлерді айыптауды доғарсақ. Бұл қоғамның қателігі дегенге келісесіздерме? Мысалы Үкімет.Мүмкін білім беру саласындағы жүйені өзгертулер енгізу керек болар.Мүмкін мұғалімдер қателігі шығар. Жанұядағы ата-ана яғни мамандық таңдауда баласына мүмкіндік бермеу Ятрогенді аурулардың себептеріне: жалпы және медициналық мәдениетінің жетіспейтіндігі, асығысты, науқастың ыңғайсыз диагнозын болжау, зерттеу нәтижесін дұрыс түсіндірмеу жатады. Кез келген ауру жағдайында мейірбике науқастың психикасын бұзбауға тиіс.Науқастар ауруханаға түсіп, өздерінің қасына адамдар жинайды, «дәрігерден» артықпыз деп ойлайды, басқа науқастарға агрессивті түрде өздерінше оңды-солды кеңестер, нұсқаулар береді, өздерінің тыңдаушыларын депрессияға, толқуға ұшыратады. Мейірбике мен дәрігер осы сырқаттарға ерекше көңіл аударып, түсіндіру жүмысын ж.ргізгенде терең білім мен ақылды қолдану қажет. Науқасқа дәрі-дәрмектерден гөрі, Сіздің түсінушілігіңіз, моральдық қолдауыңыз керек.Ал науқастың өзіне әсері /жақсы, жаман ойлауы / эгогения деп аталады. Эго дегеніміз : ішкі мәдениеттің ережелерін сақтау, тәртіпті сақтау, қоғамдық жағдайларға үнемділікпен қарау, татулық, әріптестік сезім; - сыртқы мәдениет ережелерін, тәртіпті сақтау, сыпайлық, әдептілік, жақсы сөз, сәйкес келетін киім /сыртқы жинақылық, денесінің, киімінің, аяқ киімінің тазалығын сақтау т.б./ Субординация –қызметіне қарай бір-біріне бағыну. Мейірбике дәрігердің бірінші көмекшісі. Дәрігерге қарағанда мейірбикелер жұмыс кезінде көп уақытын науқастармен өткізеді. Мейірбикелер науқастың көңіл –күйін, қорқыныш-уайымын, жасалып жатқан емнің түрлерін жақсы біледі. Емнің ең басты мақсаты – дәрігердің, мейірбикенің, науқастардың сеніміне кіруі мен олардың талабына сай келуі. Этика – дегеніміз гректің мінез, әдет-ғұрып деген сөзінен шыққан философиялық ұғым. Яғни адамдардың мінез-құлқы, әдептілігі туралы ілім. Этика адамдар мен адамдардың арасындағы адамгершілікке толы қарым-қатынастардың озық үлгілерін,  жақсы дәстүрлерін оқытатын қағидалар жиынтығы.Этика - мораль туралы ілім, яғни адамгершілікті, ізеттілікті, кішіпейілділікті, әдептілікті оқытады. Ал мораль дегеніміз қоғамдық сананың бір түрі немесе бір көрінісі. Адамдардың арасында ежелден қалыптасқан жақсы мінез-құлқы мен инабатты, адамгершілікке толы қарымқатынастарын реттейтін принциптер мен жиынтық ережелерін мораль дейміз. “Адам адамға – дос, жолдас, бауыр” – деген ұлағатты сөз этикасының ең негізгі қағидаларының бірі. Медициналық этика – медициналық қызметкерлер жұмысындағы гуманизм көрінісі, деонтологияның теориялық негізі болып саналады. Деонтология– (гректің deon – тиіс, керек деген сөзінен шыққан) дегеніміз әрбір жеке адамның бүкіл адам баласы мен қоғамның алдындағы атқаруға тиіс міндетін, борышын, парызын оқытатын этиканың негізгі бір саласы. Деонтологияның негізгі принципі – адам жеке басының қамын ойламай, өз мұддесін халық пен қоғамның қажеттілігіне саналы түрде бағындыра отырып, жеке басының мүддесін қоғамдық мүддемен гармониялық түрде үйлестіре алуында.Медициналық деонтология дегеніміз – медицина қызметкерлерінің адам баласы алдындағы, қоғам алдындағы атқаруға тиіс кәсіптің парызы мен өтеуге тиіс борышын оқытатын ілім.Дүние жүзі, халықтарының әрқайсысының өздерінің ұлттық діни, қоғамдық, мәдени ерекшеліктеріне қарай әр дәуірде денсаулықты сақтау этикасы мен медициналық этика жөніндегі көзқарастары әртүрлі болған. Тарихқа жүгінсек әртүрлі қоғамдық-экономикалы формацияларда адамның денсаулығы мен өнерін сақтауға байланысты этикалық - нормалардың көптеген түрлері болғанына көзіміз жетеді.Қай заманда болмасын дәрігерлер мен емшілерден, медицина қызметкерлерінен адамзатқа қызмет ету жолында олардың бойында адамгершіліктің, мейірімділіктің, ізгі ниеттіліктің, адамға деген сүйіспеншіліктің, жанашырлықтың мол болуын талап етіп отырған.Міне осы аталғандармен қоса дәрәгердің тура айтсақ студенттің оқуға деген салғырттығы барлығы білімнің аздығына себеп болады.Дәрігерлік қателік көбінесе маманның білімінің аздығынан болып жатады.Мысал келтіретін болсақ қатерлі ісік ауруларын диагностикалау көбіне кеш қойылып жатады,немесе дұрыс ем қабылдамау көптеген жедел аурулардың созылмалыға ауысуына себепкер

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №11 (20) том 4

  


Ссылка для цитирования:

Сарыбай М.Ш., Сатан Ф.Қ., Кусайнова М.А. ЯТРОГЕНДІ АУРУЛАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ // Вестник науки №11 (20) том 4. С. 171 - 174. 2019 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/2318 (дата обращения: 20.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/2318



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2019.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.