'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №5 (86) том 3
  4. Научная статья № 278

Просмотры  60 просмотров

Муратов Б.К.

  


Н.М. КАРАМЗИН, С.М. СОЛОВЬЕВ ЖӘНЕ В.О. КЛЮЧЕВСКИЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ АЛТЫН ОРДАНЫҢ ОРЫС ЖЕРЛЕРІНІҢ САЯСИ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ *

  


Аннотация:
Бұл жұмыста Алтын Орданың орыс жерлерінің саяси дамуына әсері туралы Н. М. Карамзин, С. М. Соловьёв және В. О. Ключевский сияқты үш көрнекті орыс тарихшысының көзқарастары қарастырылады. Әр автордың еңбектерін талдау арқылы олардың ордалық билікті бағалаудағы көзқарастары мен Алтын Орданың Русьтегі орталықтандырылған биліктің қалыптасуындағы рөліне қатысты ұстанымдарының ерекшеліктері анықталады. Карамзин татар-моңғол езгісінің қайғылы сипатын атап өтіп, оны саяси және мәдени дамуға кедергі ретінде қарастырды. Ал Соловьёв, керісінше, Русьтің Алтын Ордадан қабылдаған мемлекеттік басқару элементтеріне назар аударып, ұлы кінәздік биліктің біртіндеп күшеюін көрсетті. Ключевский болса, Ордадан алынған әкімшілік және қаржылық тәжірибеге назар аудара отырып, оның Мәскеу орталықтандырылған мемлекетінің қалыптасуына ықпал еткенін атап өтті. Бұл жұмыс Алтын Орданың ортағасырлық Русь тарихындағы маңызды саяси фактор ретінде бағалануындағы тарихи ой-сананың эволюциясын қадағалауға мүмкіндік береді   

Ключевые слова:
Алтын Орда, Русь, жарлық   


DOI 10.24412/2712-8849-2025-586-2232-2246

Алтын Ордасының орыс жерлерінің саяси дамуына әсері Ресейдің тарихи ғылымындағы ең қызықты тақырыптардың бірі болып табылады. Екі ғасырдан астам уақыт бойы Алтын Орда Русьтің саяси өміріне айтарлықтай ықпал етіп, оның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына әсер етті. Осы тақырыпты зерттеу XIX және XX ғасырларда тарихшылар үшін маңызды бағытқа айналды. Н.М. Карамзин, С.М. Соловьев және В.О. Ключевский сияқты тарихшылардың еңбектерінде ордындық биліктің орыс жерлеріне әсерінің әртүрлі қырлары қарастырылған.
1243-1246 жылдарда Шыңғысханның немересі, Жошының баласы Батудың жойқын жорығының нәтижесінде Русьте Жошы ұлысының (Алтын Орда) билігі орнады. Бүкіл кінәздіктерде «Ақсақал» (Ұлысқа бағынышты жергілікті басшы) Владимир кінәзі Ярослав Всеволодович болып тағайындалды. Міне, осы уақыттан Русьте Алтын Орда билігі орнайды.
Алдымен, Революцияға дейінгі тарихнамасында Н.Карамзин, С.Соловьев, В.Ключевский тарихшыларының еңбектеріңде Алтын Орда мен Русь ықпалдастығы жайлы ортақ ұстанымдарға көшетін болсақ, XIII ғ. II жартысында Русь жерлерінде Алтын Орда билігі орнатуы туралы Карамзин былай жазады: «Ресей өзінің басты байлығынан – тәуелсіздігінен айырылды». [1, 129 б.]. XIII ғ. II жартысында Русь кінәздіктерінде билік беру Батудың мүддесі болған. Мысалы, 1245 жылы Бату хан Ярослав Всеволодовичті өзінің Ордасына шақырып, бағынушылық үшін оған Киевті сыйға береді. Батудың Ярослав Всеволодовичке мейірімшілдігін байқаған Суздаль кінәздері: Владимир Константинович, Борис Василькович, Василий Всеволодович өз кінәздігінде бейбіт үстемдік ету үшін Батуға бағынушылықты білдіру үшін оның Ордасына барды. [1, 140-141 бб.]
XIII ғ. қарай, шағын кінәздіктер шығыстағы Ұлы қожайынына ие болды. Карамзин айтуы бойынша: «Ресейдің гүлденуінің себебісі - ол Хандар болып табылады» деген сөздер бар. [1, 218-220 бб.]. Яғни Карамзин Алтын Орданың Русьтің ыдырауын тоқтатып, дамуына мен бірігуіне ықпал жасады. XII ғ. ішкі тартыстардан құлаған біртұтас Киев Русі шағын кінәздіктерге ыдырады, көптеген жаңа кінәздіктер құрылып, бір-біріне бәсекелестік, жаушылық деген көзқарасты ұстанды. Мысалы, XII ғ. Біртұтас Киев Русінің патшасы Ұлы Мстислав қайтыс болғаннан кейін, 1146-1154, 1158-1161 жылдар араларында Русь кінәздіктер арасында ірі соғыстар болып өтті, нәтижесінде жаңа Турск, Переяславль, Владимир-Волынь кінәздіктер құрылды. 1201 жылы Галич-Волынь кінәзі Мстислав Изяславич Киевке жорық жасады, осылайша біртұтас Киев Русі толығымен жойылды. Осы талас-тартыстар Русь кінәздіктерінің бөлшектенуіне, халық санының азаюына, қалалардың қиратылуына, ауылдардың жойылуына алып келді. Карамзин пікірі бойынша, Еуропа осы кезде ағартушылыққа бет алды, қалалар, мекендер саны өсті, крест жорықтар әсерінен еуропаға шығыстық медицина, сәулет өнер, әдебиет, гигиена, философия, сауданы алып келді. Патшалар халықтың өркендеуіне жағдай жасады, соның әсерінен халық саны өсті, халық санының өсуімен, алым-салық пен өндіріс өсіп, өркендеді. Юстиниан кодексі халықтарды «азаматтылық» деген түсінігімен таныстырды, заң дамыды, латын тілі өркендеп, халықаралық тілге айналды. Русь болса, дәл осы кезеңде Ярослав заманынан Бату ханың келуінің аралығында дүрбелен кезеңінде болған. XIII ғ. Русь батыстан қатты артта қалды. Моңғолдардың келуі сөзсіз, Русьтің жағдайын одан сайын қиындатты, алайда, Моңғолдардың Қытай мен Орталық Азиядағы үстемдігіне қарағанда Русь аман қалды деуге болады. Мысалы, Орталық Азияда көптеген қалалар қиратылды, моңғолдар осы қалалар маңына жергілікті халықтарға қысым жасады, елді-мекендерде әскерді еңгізді, қалалық мәдениет пен сауда дамуына кедергі келтірді, Русьте болса, қалалар уақытша қиратылғанымен, Өзбек хан тұсында қайта бой көтере бастады, Моңғолдар Қытайда билік орнатып жергілікті халқы арасында еніп, оларға күнде бейбіт күн көруге жол бермеді, ханьдық ұлттық киімге мен дәстүрлі шаштарға тыйымдар салды, барлық бас көтерулер бірден басылды, Қытайлық хань халқы, әсіресе ақсүйектер жер аударуға дейін барды. Русьте болса, моңғолдар келіп, тоңап, бірақ климатқа шыда алмай, жергілікті администрация «басқақтарды» еңгізіп, Еділге қарай қайтты, сондықтан Русь халқы кінәздер хандарға бағынышты болғанда қысымды көрмеді. [2, 161-169 бб.] В.Ключевский жазғандай: «Ордалық хандар өздерінің қалпын Русь еліне наситтаған жоқ, хандарға тек олардың салықтары мен бағынушылығы керек болды». [3, 265-266 бб.]. Кінәздер заманына сай өзгеріп кетіпті: Ұлы ханға келіп, қайта оралғанда, ханнан билік құқығына, ханның жақтаушылығын мен хан қолдауының белгісі – «жарлық» мөріне ие болып қатаң, қанышер басшыларға айналды. Кінәздер Хан атынан дербес, тіпті шексіз, боярлармен санаспайтын билікке ие бола бастайды, «самодержавие» құрылысы пайда бола бастайды. Самодержавиеның пайда болуын Мәскеу кінәзі Иван Калита заманымен түсіндіруге болады. Иван Калита Алтын Орда жақтаушылығын қолданып, бүкіл Русьті үрейге батып мен хан атынан сөйлеу арқылы кінәздіктерді өз қарамағына жинай бастайды. 1327 жылы Тверьде Алтын Ордалық басқақтарға қарсы көтеріліс болған еді, Иван Калита Алтын Орда ханы Өзбектің сеніміне ие болу үшін сол көтерілісті өзі басып алады, сол үшін Өзбек хан Тверь кінәздігін Иван Калитаға береді. Осы туралы С.Соловьев: «Иван Калита Өзбек ханнан татар әскерін сұрап, Тверьдің бағынбаушылығын өзі басып алуға уәде берді, Өзбек хан Калитаға әскер бөліп, Тверьде көтеріліс қанышерлігімен басып алынды, Тверь кінәзі Тверлік Александр өлтіріліп, Калита Русьте басты қарсыласты жеңді де, бір жағынан Ұлы Хан сеніміне ие болды». [4, 39-41 бб.]. Өзбек хан 1257-1258 жылдары Новгородта, 1262 жылы Ростов, Владимир, Суздаль, Ярославльдегі және 1327 жылы Тверьдегі салық жинаушы Алтын Ордалық басқақтарға қарсы көтерілісті қайта болдырмау үшін салық жинауға Рустьтің кінәзіне жүкетді. Сөйтіп, хан Калитаға бүкіл Русьтен салық жинауға жарлық береді. Осылайша Калита біртұтас хан атынан дербес билеушіге айналды. Иван Калитаның самодержавиесінің тағы бір кері жағы – оның өз, русь халқына деген жаушылық. Мысалы, Моңғол жорықтарынан кедейленген Ростов белгіленген салықты төлей алмай, Калита Василий Кочев воеводасын Ростовқа жіберіп, мекенді тоңап кетіп, алған олжаны Калитаға әкелді. Карамзин айтуынша: «Иван Калита Тверьлік Александрді жеңіп бүкіл русь кінәздіктерге билік жүргізе бастады, олардан салық алып басқақтарды алдау үшін жан басына алынатын салықта өзгерту еңгізіп, халық санын қағаз жүзінде арнайы кемітіпті, осылайша Калита белгіленген жалған сандармен ханға салық төледі, қалған халық санынан алынған салық тікелей Калита қалтасына түсті». Бірақ-та бағынбайтың кінәздер де болды, Новгород кінәзі бағынбай, Калита оларды күшпен бағындыруға әрекет жасауы 1331-1339 жылдарда орын алды. Калита басқаларға қатал болғанмен, тек өз жеріне, Мәскеу кінәздігіне пайда әкелгісі келді. [4, 39-41 бб.]. Калита әсерінен Мәскеу өркендеу жолына түсіп, кінәздік дами бастайды. Осылайша Калита барлықтарды өз қол астына алу, бағынбағандарды жазалау әсерінен алғашқы самодержавиелік кінәз атағына ие болып, Русь жерін біріктіре бастаған алғашқы кінәз болды. С.Соловьев дерегі бойынша, Русьтің Мәскеу түбінде біріктіруі тек Калитаның ықпалы емес, Географиялық жағынан Мәскеудің Русьтің дәл ортасында орналасуы еді. Солтүстік - Новгород, Псков, Шығыс – Пермь, Кострома, Батыс - Чернигов, Смоленск, Полоцк, Переяславль, Киев, Оңтүстік - Рязань, Ока. XIII-XIV ғғ. Моңғол-татарлар шапқыншылығынан және басқақтар езгісінен оңтүстік Русь халқы солтүстікке, әсіресе Мәскеу кінәздігінің аумағына көше бастайды, сонымен қатар Мәскеу басқа Русь кінәздіктерінен салыққа ие болып, Алтын Ордада құл болып жүрген Русь халқын басқақтардан сатып ала бастайды. Осылайша Мәскеу кінәзі Иван Калита мен оның ізбасарлары Русь халқының құлдықтан босатып, Мәскеудің халық саның көбейтті. Алайда ұзақ жылдар бойы түріктер мен моңғолдар арасында жүрген осы құл халық ана тілің мен дінің ұмыта бастаған, оларды көбіне Мәскеудің шеткі аумақтарына орналастырып, оларды қайта Русь мәдениетіне үйретуге шіркеуге берілді. С.Соловьев жазғандай: «Құлдықтан босатылған осы халқын жергіліктілер «Ордынские (Ордалықтар)» деп аталған». Осы «Ордалықтар» әсерінен Русь халқы арасында түрік пен моңғол тілінен сөздер жиі айтыла бастайды. [4, 39-41 бб.]. Орыс тіліңдегі түрік-моңғол элементері төменде Е.Н.Шипова еңбегінде жазылған.
Осы кезеңде шіркеудің беделі өсе бастаған. Н.Карамзин жазғандай: «Моңғол-татар билеу кезенінің тағы бір ерекше бір жағдай ол шіркеу беделінің өсуі». [1, 218-219 бб.]. Өзбек ханынан бастап Русьте монастырьлар мен монахтар саны көбее бастайды. Осының себебісі Алтын Орда хандарының діңнің дамуы арқылы Русьті қарамағында ұстау еді. В.Ключевский жазғандай: «Жаңа монастырлық қозғалыстың ерекшелігі – адамдардың жұмыс жасап, көп дұға ету арқылы күнді өткізу. Моңғол шапқыншылығы мен кінәздік қақтығыстардың бақытсыздығы, сондай-ақ жалпы өмірдің қатал жағдайлары осындай ақыл-ойдың таралуына ықпал етті». [3. 53-54.].Шынымен де діңнің дамуы халықтың назарын аударды, халық өз назарын басқақтар қатыгездігі мен салық жинаушылардың қаталдығынан діңге аударды, сонымен монастырьлар халыққа «тыныштандыру» құралы болып табылды. Осылайша Русь халқы шаруашылықпен айналысып, Ордалықтарға салық төлеп, шіркеулерге рухани жағынан жүгінді. Русь Еуропалық мысалымен дамуы ұмытылып кетіпті. Русь кінәздіктердің осылайша дамуы туралы Карамзин былай депті: «Русь халқы XVI ғ. басында Моңғол-татар билігінен шыққанда европа елшіліктер мемлекеттің артта қалғаның байқады. Шамамен 250 жылдай уақыт өтсе де Русьте аристократиядан қарапайым халыққа дейін киім кешегінен әлеуметтік-саяси қатынастарға дейін қалпылар ескірілген. Сонымен, Русьте еуропалықтарда жат нәрсе болып табылатын рәсімдер, сөйлеу тәртібі, құл сату, құлдарды (Холоп, Малай) қолдану, Боярлар (аристократия) арасында көптеп пара беру, аманаттар жіберу, арнайы жарлықпен жүру және т.б.». [2, 161-169 бб.] Шынымен де соңғы екі критерий аманат беру пен жарлықпен жүру ол көшпелілерден келген, Еуропалықтарға жат ұғымдар. Русьтің басқа еуропа халықтарына қарағанда шығыс көшпелілермен жақын орналасуы өзінің септігін тигізді. Н. Карамзин бойынша: «Біздің (Орыс) және өзге шығыс славяндар тілдерінде шығыс халықтарынан: Скифтер, Сарматтар, Қыпшақтар, Печенегтер, Ястар, Татарлар көптеп сөздер қолданылып жүрді және кәзіргі кезде де сақталды». [2, 161-169 бб.] Сөйтіп, XVI ғ. қарай Русьте шығыс халықтардың мәдени жағынан ізі байқалды. Моңғол-татар администрациясы Русьтегі соттар мен құқықтық нормаларға араласпағанымен, елде сот жүйесінің өзгертуі байқалынды. Русь жерінде ертеден келе жатқан «Русская правда» сот жинағы өзінің күшін жоғалта бастайды, Русьте сот жүйесі Алтын Ордадан мен Еуропадан алынды. Ордаға келген боярлар мен кінәздер көшпелілердің сот жүйесін байқап, оның эффектілігін байқады. Н.Карамзин бойынша: «Русская правда» сот жинағы әлсіреді, Рустье әсіресе Новгород пен Псков жерінде еуропадан келген, ескеріп кеткен «заңды жекпе-жектер» орын алды. Заңды жекпе-жектер екі жақ арасында болды: кінәләуші мен себепкер, осы екі адам өзінің дұрыстығын тек жекпе-жекте дәлелде алды. Ресейдің басқа өңірлерде сот Моңғолдардың құрылтайына ұқсас старосталар мен боярлар жиналысымен және Орда әсерінен күшейген шіркеулердің араласуымен болды. Сөйтіп, Карамзин дәлелі бойынша, Еуропада жаңа Римдік сот шыққанда Русьте біртұтас сот ісі өзгеріске ұшырады. [2, 161-169 бб.]
Карамзин бойынша, Русь сонымен қатар әскери жағынан Еуропалықтарға жат, түсініксіз жаққа қарай дамыды. Франция, Испания, Италия, Англия, Қасиетті Рим Империясының мемлекеттері осы кезде жаңа тактикаларға, технологияларға үйрене берген. Крест жорықтары, Рыцарьлік рух, стабильді, көп жылдарға созылған соғыстар Еуропа мемлекеттерінің әскери дамуына әсер етті. Н. Карамзин бойынша: «Ал біз оқ-дәрінің қолдануынан басқа Еуропалықтардың соғыс жүргізудің ештеңесіне үйреңбедік». [2, 161-169 бб.] Шынымен де, Русьте бұрыннан келе жатқан Боярлардың Ұлылар, Үлкендер, жолшылар, Поместьеліктер (шаруалар қожайындары) әскери басшылар (Воеводалар) еді. Кінәз және кейін патша әскері «Ұлыкінәз сарайы» деп аталды. Әскери міндеттілерді «Боярлар балалары» деп аталды. Боярлар балаларына саудагерлер, азаматтар мен шаруашылықпен айналысқан шаруалар шақырмаған. Дайын, біртұтас орталықтырылған әскер болмады. Воевода боярларда тек ратниктер (әскерилер, Бояр мен кінәз қорғаушылар) болған. Әскер жинау өте көп уақыт талап етіп, халық өз еркімен әскер қатарын толықтырды. Н.Карамзин бойынша: «Жиі осындай жағдай орын алды: Әскерді жинау көп уақыт талап етті, әскери жинау жаудың Мәскеу түбінде болған кезде ғана аяқтала берген». [2, 161-169 бб.] Тұрақты әскерді ұстау үшін оларға тұрақты жалақы керек еді, кінәздер мен боярлар үшін ол тиімсіз болған, көбіне үкімет ақшаны өзіне жинай берді. Сонымен, Әскери тактикалар шығысқа еліктеді деген түсінік те бар. Н.Карамзин бойынша: «Шетел елшіліктер Русь әскерін осылай бағалады: «әскер бір орында тұрмады, атты әскерилер жебелермен, жаяу әскер найзалармен соғысты, содан кейін шабуыл жасап, кейін кенеттен шегінді». [2, 164 б.]. Н.Карамзин еңбегінде жазылғандай русь тарихы шежірелері керісінше дәлелдейді: басты және ең жақсы әскер әрқашан атты Әскерден тұрса да, Русьте жаяу әскер де болды: олар сапқа тұрды. Жауды ұстау үшін әскердің бір бөлігін алға бөліп, екіншісін жасырды; кейбір әскерлер шайқасты бастаса, басқалары уақыт пен кездейсоқ шабуылды күтті; әскер ортасында дворяндардың қорғауындағы Үлкендер немесе кінәздік әскерилер болды. Осындай тактика Дмитрий Донскоймен қолданылып жүрді, осы әскери қозғалыстармен Донской Куликово даласында Мамай ханды жеңген болатын. Александр Невский оны Швед корольдігі және Ливондық Орденмен шайқаста да көрсетті. [2, 164 б.]. Тактика ескі болғанымен өзінің күшін жоғалтпады. Русь әскерінде бір жаңалық – атты әскердің көптеп қолдануы. Василий Темный 1444 жылы кезеніңде алғашқы тұрақты атты әскер туралы делінеді. [2, 165-166 б.] Рязань кінәздігінде шекаралық тұрақты әскер Казактар пайда бола бастайды. Казактар Алтын Ордалық тұрақты әскер кешіктен (хан әскері) мен басқақтарға (шекара қорғаушылар, салық жинаушылар мен жазалаушы әскер) ұқсас, олар шекара қорғады, сауда жолдарынан салық алды, жергілікті халықтан салық жинады. Осыдан біз казактардың пайда болуы тікелей Алтын Ордамен және шығыс көшпелі халықтармен байланысты деген тұжырымға келе аламыз. Казактар әскерінің дамуы соншама, тіпті казактар бүкіл Русьте, кейін Ресейде шекара қызметтілігін атқарды. XVI ғ. қарай Днепр, Дон, Рязань, Киев, Черкасс казактары пайда болды. Н.Карамзин, О.Трубачев, Л.Гумилев еңбектерінде «Казак» сөзі тіпті түрік сөзінен еңген, Казак – дербес, жеке, тәуелсіз дегенді білдіреді, деген тұжырым да бар. [2, 165-166 бб.] Казактар салықтардан босатылды, оларға тұрақты жалақы беріпті, сонымен қатар казактар шығыс көшпелілер сияқты Кінәзге бағынбаған немесе шектес елдерге жорық жасай берді де, олжаға ие бола берді. [2, 165-166 бб.] Мысалы, 1580 жылы казак атаманы Богдан Барбоша Ноғайларға жорық жасап, Сарайшық қаласын қиратты, Запорож казактары Осман мен Қырым бекіністерге шабуылдар жасады.
XIV-XVI ғғ. қарай Русь Мәскеу астында біріктіріп, Рюрик әулеті біртұтас Ресейдің құрылуына бет алды. Иван Калитаның ізбасарлары II Иван, Дмитрий Донской, I Василий, II Василий, III Иван, IV Иван оның саясатын жалғастырды. Дмитрий Донской Алтын Орда билігін әлсіретті, алайда салық төлеу 1502 жылға дейін жалғасты. III Иван тұсында Мәскеу кінәздігіне Новгород, Рязань, Ока, Пермь кінәздіктері қосылды. Осындай кен аумақты ұстау үшін III Иван шекарашы казактар әскер қатарын көбейтіп, елде орталықтандыру саясатын жүргізді. [2, 65-67 бб.] С. Соловьев Иван III-ні «кең елдің біртұтас билеушісі» деп атайды. IV Иван тұсында біртұтас билігінің сыртқы көрінісі геральдика мен титулдағы жаңалықтар болды: Литвамен дипломатиялық хат алмасуда «бүкіл Ресейдің басшысы» атағын, ливониямен және немістер мемлекеттерімен қарым-қатынаста – «бүкіл Ресейдің патшасы», ел ішінде – «самодержец» атағын пайдалануда да болды. [2, 68 б.], [4, 67-69 бб.]. С.М. Соловьев үшін «Ұлы кінәздің әскермен қарым-қатынасындағы өзгеріс» маңызды болды, бұл өзгерістің мәні Дмитрий Донской кезінде Ұлы кінәз биліктің тірегі болған ескі Мәскеу боярлары екінші рөлдерге ауыстырылды. [4, 43-49 бб.]. Ұлы кінәз тағының алғашқы орындарын Руриковичтер мен Гедиминовичтер алды, олар боярлардан жоғары болды. Маңызды өзгерістердің ішінде С. М. Соловьев «шіркеу мен азаматтық билік арасындағы қатынастарды» атады. III Иван кезеңінде орталықтандыру тіпті шіркеуді де қамтыды, III Иван шіркеуді таққа бағындырып, одан қарапайым халықтың бағынушылығын артты. [4, 67-69 бб.].
IV Иван «Қанышер» тұсында орталықтандырудың тағы бір саясаты – «опричина» орын алды. Опричина - жергілікті халқынын салығы тікелей мемлекеттік қазынаға түсетін, әскері бар, билік жүйесіне ие, мемлекетке бағынған аймақ, қысқасы – опричина ол мемлекеттік жер. Опричина басына – Оприч қойылды. IV Иван тұсына қарай опричина тек администрациялық жер ғана емес, осы аймақтан шыққан боярлардың жасағына айналды. Осы жасақ қызметі – патшаны қорғау, оған қарсыластарды жазалау. [4, 95-97 бб.] Н. Карамзин жазғандай: «IV Иван жанындағы боярларға сенімді болмай, өзіне сенімді адамдарды – опричниктерді құрды». [5, 40 б.].
1) Н.Карамзин бойынша, 1559-1564 жылдарда Литвамен соғыста Мәскеу Воеводасы – кінәз Курбский болған. Ол Литва королі II Сигизмунд Августың жағына өтіп, Орыс әскерінің орналасуы, қаруландыруы туралы хабар берді. Тіпті Курбский 1565 жылы Литвалықтармен бірге Ресейге қарсы жорыққа қатысып, Чашник түбінде Орыс әскерін талқандап, Литва әскерімен Великие Луки жерін тоңады. Патшаны сатты. [5, 36 б.]; 2) Н.Карамзин бойынша, Иван Ляцкий воеводасы 1534 жылы IV Иван әкесі III Василий қайтыс болғанда ол жақтаушы Симеон Бельскиймен Литваға қашып, Литва королі Сигизмунд II оларды өз қарамағына алды. Иван Ляцкий корольге Ресейдің әлсіз жақтарын айтты деген болжам да бар. [6, 142 б.]; 3) III Василий, кейін оның баласы IV Иван тұсында воевода Михаил Глинский өзінің немересі, IV Иван анасы - Елена Глинская Бояр Иван Федоровичпен жақын қатынаста болғаның айтты. Сол үшін Михаил Глинский жазаланды. [4, 86-87 бб.]; 4) Н.Карамзин бойынша, III Иван Васильевич баласы Андрей Иванович IV Иван саясатымен санаспай, оны сатып Литваға кетіп, әскер жинап, Новгородты алуға тырысты. Ол жазаланып, зынданға жабылды. [6, 108 б.]; 5) IV Иван құрған Сайланған Радамен алауыздық. Сайланған Рада патшаның әйелі Анастасия Захаровамен көптеген шиеленістер болған, алайда ең соңғы сатқындық 1553 жылы болған, IV Иван ауырып, егер ол аурудан емделмесе билік оның баласына Дмитрий Ивановичке тапсырды, алайда Рада патша сөзімен санаспай, IV Иван ағасына Владимир Старицкийге тақ билігін беру деген ой айтты. Сол үшін емделген IV Иван Сайланған Раданы жойды. [6, 188-190 бб.]; 6) жалпылай айтқанда, Ливония, Литва, Швециямен әскери сәтсіздіктер; IV Иванның ең сүйікті әйелінің Анастасия Романовна Захаровнаның қайтыс болуы; Ливония соғыста ең жақын Боярлардың сатқындығы; аталған жағымсыз жағдайлардың әсерінен психикалық жағынан ауытқуы – IV Иван беделінің қатты түсуіне алып келді. Осының әсерінен патша опричинаны еңгізді.
IV Иванның осы жаңалықтың еңгізуде себебі туралы тарихшылардың осындай пікірлері бар: Н.Карамзин: опричина еңгізу себебі IV Иванның психикалық ауытқуы. [4, 95-97 бб.] В.Ключевский: опричина еңгізу себебісі мемлекетті орталықтандыру қажеттілігі. [7, 40-42 бб.]. С.Соловьев: боярлардың беделін төмендету. [4, 95-97 бб.]
Опричина сословиесінің пайда болуы моңғол, кейін Алтын Ордада болған «Басқақтармен» және «Кешіктермен» байланысты деген болжам да бар. Кешіктер – Моңғол хандарының жеке гвардиясы, қорғаушылары. Кешіктер Опричниктер сияқты ханның саясатың қорғап, қарсыластарды жазалады. Ағылшын саяхатшы Джайлс Флетчер IV Иван кезінде Ресейге саяхат жасап, елдегі жағдайды суреттеді: «Мемлекет билігі тирандық болып келеді, барлық билік тек патша қол астыда, осы билік варварлық түрде жүзеге асырылады». Шынымен де, Ресейдегі Алтын Орда әсері еуропалықтарға жат көрінді. [8, 5-129 бб.]
Опричниктер мен Кешіктердің ұқсастығы:
– А.Зимин бойынша опричниктер: боярлардың балаларынан алынған «Сайланған мыңдық» деп аталатын жеке гвардия болып келеді. Кешіктер: нояндар, жүздіктер, ондықтардың балаларынан алынған, мыңдық, кейін түмендік ханның қорғаушылары. [9, 5 б.].
– И.Кычанов бойынша Кешіктер ханның тұрақты әскери бөлімі болған, олардың жалаққысы мен мемлекет бөлінген жері болған. Опричниктердің де өзінің жер үлесі мен жалаққысы болды. Мәскеу жаңындағы біраз жер: Чертоль, Арбат, Сивцев Вражек опричниктерге берілді. [10, 149-155 бб.]. В.Измозик бойынша Опричниктер салық жинаумен айналысып, Опричина аумағына тиесілі табысты тікелей мемлекетке берді, И.Даль бойынша Басқақтар, белгіленген жерде салық жинап тікелей ханға жеткізді. [11, 40 б.].
– Ладога және Санкт-Петербург Иоанн Снычев митрополитінің еңбегінде Опрчинаның дәл құрылысы берілген. Опричниктер төртке бөлнді: Сарай қызметкерлер (Иван IV сарайындағы қорғаушылар); Сауытшылар (қару жараққа жауап беретіңдер); Атшылар (аттарға жауап беретіңдер); Тойғандар (азық-түлікке, ақшаға жауап беретіңдер). Кешіктердің де ұқсас құрылысы бар. [12, 69-76 бб.]. И.Қычановтың «Mongolica» еңбегінде кешіктер екі ірі құрылымдардан: Басты мен Қосымшаға бөліңді. Басты осындай қызметтерден тұрды: Турхауд (тұрушылар) - ханның басты қорғаушылары, сарай алдында тұрғандар; Кебтеуілдер – азық-түлікке, ақшаға, қару жарақ, жалаулар, аттарға жауап беріп, халықтан салық алды да халық арасында полиция қызметін атқарды. Қосымша осындай құрылымдардан құрылды: Хорчиндер – атқыштар, турхаудтармен бірге қорғау қызметін атқарды, ханның мүлкін қорғады; Хошуттар – барлаушылар, хатшылар, жорық кезінде хан қорғаушлылар; Бахадүрлер – басты әскери корпустар, ханның ең жақсы қаруландырылған, ауыр сауытты әскери құрылым, Ханның Ордасының шетің қорғаушылар. [10, 149-155 бб.]. Саяхатшы Марко Поло бойынша, кешіктер алтын белдеу, түрлі түсті шапандар киген. Ливония елшілері Иоганн Таубе мен Элерт Крузе дерегі бойыша, опричниктердің өзіңдік ерекшеленетің киімі мен заттары болды: қамшыда олар сыпырғышты ұстады, Аттың мойнына иттің басын байлап қойды. [13, 39-43 бб.]. Сонымен қатар, А.Доманин «Армия Монгольской Империи» бойынша, кешіктер ат үстінде қызмет ететін, найза, садақ, арнайы өте ұзын қамшы – арқан қолданатын гвардия. [14, 49-60 бб.]. Ливония елшілері Иоганн Таубе мен Элерт Крузе дерегі бойыша, опричниктер ат үстінде мініп жүретін, қамшымен және семсер, мылтықпен қаруланған. [13, 39-43 бб.]. Жоғарыда аталған дәлелдер бойынша, Опричниктердің құрылуы тікелей Кешіктер мен Басқақтармен байланысты деген теория бар.
XV-XVI ғғ. қарай Ресейде билік жүргізуінің сипаты да өзгере бастайды. В.Ключевскийдің еңбегінен Боярлар Думасы X ғ. біртұтас Киев Русінің кінәзі Владимир Мономах кезінде пайда болды. Лаврентьев жазбасынан Владимир Мономах елде бүкіл ауқатты өкілдерін шақырып: «Боярлар мен қала ақсақалдарым, думаға келіндер!» – деп айттып, елде мәселелерді шешуге шақырды. X-XV ғғ. аралығындағы Боярлар думасында боярлар мен ақсақалдардың дауысы кінәздің дауысымен бірдей болды, аристократия тіпті кінәздің әмірімен санаспайтың еді. Тек Иван Калита заманынан бастап Русьте өзіңдік аристократия жиналысы – Боярлар Думасы өзгеріске ұшырады. [3, 133 б.]. Н.Карамзин бойынша, Алтын Орда хандар мен басқақтардан үлгі алған Калита елдегі билікті боярлардан тарта бастайды. Кінәздер заманына сай өзгеріп кетіпті: халық құқықтары дағдарысқа ұшырады, Кінәздер Ұлы Ханға келіп, оралғанда, ханнан билік құқығына, ханның жақтаушылығын мен жарлыққа ие болып, қатаң басшыларға айналды. Кінәздер Хан атынан дербес, тіпті шексіз, боярлармен санаспайтын билікке ие бола бастайды. Боярлар өздерінің дербес биліктерден, олардың жекелеген аймақтарда «Вотчиналарда» жеке биліктен айырыла бастайды. Жолшы Боярлар пайда болды, олар Кінәздерге бағынған, олардың қарамағында администрациялық қызмет атқарды. II Василий, III Иван заманынан бастап елдің біртұтас орталықтандыруына байланысты боярлардың саяси құқықтар шектеліңді де, кінәзге бағынған феодал-дворяндардың беделі өсе бастайды. Вотчиналардың орнына дворяндардың әскери қызметі үшін берілетін поместье жер үлестері көбее бастайды. [1, 218-220 бб.]; [7, 47-57 бб.].
IV Иван тұсында Боярлар думасы беделінен айырылып, орнына Сайланған Рада мен Зем Соборы келді. Сайланған Рада – 1547 жылы IV Иванның таққа келу кезінде пайда болған кеңесшілер ұйымы. Сайланған Рада мен Зем Соборы Алтын Ордадағы кеңесші-уәзірлер ұйымымен және құрылтаймен байланысты деген тұжырым да бар. Сайланған Радада уәзірлер монах Сильвестр, митрополит Макарий, кінәз Курбский мен дворян Алексей Адашев болып, елдің орталықтандыруына және самодержавиенің күшеюіне алып келді. Сайланған Рада IV Иван бақылауымен алғашқы Ресейлік Зем Соборын құрды. Зем Соборы тікелей Алтын Ордалық «Құрылтайдан» пайда болды, деген болжам бар, Зем Соборы – X ғ. келе жатқан Боярлар Думасының эволюцияланған түрі, бірақ-та Зем Соборы Самодержавие әсерінен пайда болды, Ал самодержавие Алтын Орданың русь кінәздіктерінен салық алудан, тікелей Иван Калита кезінде пайда болды. Зем Соборының негізгі мақсаты - самодержавие дәуірінде патша билігін күшейту. Бірінші Зем Соборын Иван IV-ның таққа келу кезінде шақырды. Мәскеудегі өрттер, халық көтерілісі, Қазан және Қырым жорықтары – 1547 жылдың басынан бастап барлық осы толқулар кезек-кезек көтеріліп, Иванның тұрақсыз рухын түсірді. IV Иван өзінің ізашар кінәздерінің самодержавиелік саясатын жалғастырып, 1547 жылы өзіңді бүкілресейлік Патша деп жарияланды. [6, 140-145 бб.]. В.Ключевский жазғандай: «Содан кейін ол боярлық билікті де, өзінің жастық шағымен де аяқтауға шешім қабылдады және мемлекеттік істерді қиындықпен бастады. Ол айналасына жағдайды жақсартуға көмектесетін адамдар мен құралдарды іздей бастады. Патшаның осындай көңіл-күйімен 1550 жылы Зем Соборы шақырылды». [7, 30 б.]. Шынымен де, III Иван елде орталықтандыру жүргізсе де, Боярлардың билігі мықты болған, әсіресе регент қызметін атқарған Глинский әулеттінің кезінде күшею орын алды. Осыған байланысты, 1550 жылы IV Иван сот жүйесін «Судебник» сотын реформалауға тырысты. Кінәздердің билігі шектелді, «Уставная грамота» еңгізіліп, боярлардын соты шектеліп, зем (халық) соты өзгеріске ұшырады. XVI ғ. Ресейде орталықтандырудың тағы бір саясаты «местничество» орын алды. Местничество – елдегі боярлар мен дворяндардың шығу тегі, еңбегі үшін берілетін иерархиялық билік. Осындай реттеуші жүйе болмағанда, дворян мен боярлар патшаға жақын жер үшін дауласып, жанжалдар мен төңкерістер жасар еді. Осылайша, Местничество Ресей мемлекетін ауыр ішкі соғыстардан қорғады да патша билігін одан күшейтті. [6, 148-159 б.]

Қорытынды.
Қорытындылай келе, Карамзин, Соловьев, Ключевский Алтын Орданың Русьпен қатынасын терең зерттеген, олардың зерттеулері бойынша, Русь зардаптардан өтіп, Алтын Орда қол астына енді де, ықпалдастық нәтижесінде Русь өзінің дамуының жаңа сатысына көшті. Кінәздердің хандарға «еліктеудің» нәтижесінде самодержавие құрылысы пайда болды. Иван Калита заманынан Русь бірігуге бет бұрды, III, IV Иван тұсында Русь бірікті. Карамзин өзінің еңбегінде көбіне Алтын Орда мен Русьтің ықпалдастығының нәтижесінде саяси, экономикалық дамуына тоқталса, Соловьев ішкі мен сыртқы саясатына, әлеуметтік қатынастарға тоқталады, Ключевский болса, саяси мен әкімшілік дамуына тоқталады. Революцияға дейінгі тарихшылардан ерекше зерттеу - Карамзин жасайды, ол Алтын Орда мен Русь ықпалдастығын терең зерттеп, жалпы ықпалдастығының болғаның тарихи деректер арқылы түсіндіреді.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №5 (86) том 3

  


Ссылка для цитирования:

Муратов Б.К. Н.М. КАРАМЗИН, С.М. СОЛОВЬЕВ ЖӘНЕ В.О. КЛЮЧЕВСКИЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ АЛТЫН ОРДАНЫҢ ОРЫС ЖЕРЛЕРІНІҢ САЯСИ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ // Вестник науки №5 (86) том 3. С. 2232 - 2246. 2025 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/23266 (дата обращения: 12.07.2025 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/23266



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки © 2025.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.