'
Тельманова З.Ғ., Искакова С.Ш.
ҮШ ФАЗАЛЫ СЕПАРАТОРДЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ *
Аннотация:
бұл мақалада мұнайды бастапқы өңдеуде қолданылатын үш фазалы сепаратордың автоматтандырылған басқару жүйесін жобалау, модельдеу және тиімділігін бағалау мәселелері қарастырылады. Басқару жүйесінің құрылымы, негізгі өлшеу құралдары мен контроллер таңдау негізделіп, Matlab/Simulink ортасында математикалық модель жасалды. Жүйенің тұрақтылығы мен жауап беру уақыты талданып, басқару сапасы жоғары екені көрсетілді.
Ключевые слова:
үш фазалы сепаратор, автоматтандыру, мұнайды бастапқы өңдеу, МАТЛАБ, деңгей реттеу, қысым.
Қорытынды. Бұл мақалада үш фазалы сепаратордың автоматтандырылған басқару жүйесін жобалау, модельдеу және тұрақтылығын талдау нәтижелері ұсынылды. Жүйенің математикалық моделі құрастырылып, MATLAB/Simulink ортасында модельдеу жүргізілді. Жүйенің тұрақтылығы Ляпунов, Гурвиц және шекті күшейту критерийлері арқылы зерттеліп, бастапқы жүйеде орын алатын асыра реттеу, тербеліс және тұрақты қате сияқты мәселелер айқындалды. PID реттегішін енгізу арқылы бұл кемшіліктер жойылып, жүйенің басқару сапасы едәуір жақсарды: асыра реттеу жойылды, тұрақты қате нөлге теңелді, ал жүйе монотонды және жылдам жауап беретін сипатқа ие болды.
Жалпы, жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, PID реттегішін дұрыс таңдау мен баптау арқылы үш фазалы сепаратордың басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және өндірістік процестердің сенімділігін қамтамасыз етуге болады.
Номер журнала Вестник науки №6 (87) том 1
Ссылка для цитирования:
Тельманова З.Ғ., Искакова С.Ш. ҮШ ФАЗАЛЫ СЕПАРАТОРДЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ // Вестник науки №6 (87) том 1. С. 2440 - 2458. 2025 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/23873 (дата обращения: 12.07.2025 г.)
Вестник науки © 2025. 16+
*