'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №12 (21) том 5
  4. Научная статья № 15

Просмотры  115 просмотров

Тулекова Г.Қ., Жаңбырова А.А., Нарынбай Ш.А.

  


МЕЙРАМХАНА ІСІНДЕ БИЗНЕС-ЖОСПАР ҚҰРУДЫҢ МАҢЫЗЫ *

  


Аннотация:
бұл мақалада мейрамхана ісін жүргізудің жаңа жағдайларына көшкендегі бизнес-жоспарлаудың маңыздылығы мен өзектілігі аталып көрсетіледі, бірақ, жаңа сапада,өйткені нарықтық экономика экономиканы да, мейрамхананы да дамытудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Осы ретте бизнес-жоспардың қажеті неде деген сұрақ туындайды. Ол мейрамхананы кірістілікке, пайда алуға, тұтынушылардың мұқтаждықтарын талдауға,сол арқылы мейрамхананың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттырудан тұрады. Бизнес-жоспарлау процесі мейрамхана ісінің болашақ операцияларының барлық кешенін көруге және оқиғаларды дамытудың ықтимал нұсқаларын алдын ала талдауға мүмкіндік береді   

Ключевые слова:
бизнес-жоспарлау, мейрамхана ісіндегі бизнесжоспарлау,мейрамхана,бизнес,экономика   


Бизнес-жоспар-белгiлi бiр кәсiпорынның,бiздiң жағдайда мейрамхананың алдына қойған мақсаттары мен оны жүзеге асыру жолдары,мiндеттерi мен әдiс-тәсiлдерi баяндалатын құжат.Бизнес-жоспарды жасауда ең бастысы-мақсаттар мен мiндеттердi айқындап алу.[5] Бизнес-жоспар рестораторға келесi негiзгi мiндеттердi шешуге көмектеседi: мейрамхана қызметiнiң нақты бағыттарын, осы нарықтардағы мақсатты базарлар мен мейрамхананың орнын анықтау; мейрамхананың ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi мақсаттарын, оларға қол жеткiзу стратегиясы мен тактикасын тұжырымдау, сондай-ақ оларды iске асыруға жауапты тұлғаларды анықтау;өндiрiлетiн мейрамхана өнiмдерiнiң номенклатурасын таңдау, сондай-ақ сатуға жұмсалатын алдағы шығыстардың (өндiрiс және айналым шығындары) сомасы мен деңгейiн анықтау);мейрамхана кадрларының қойылған мақсаттарға қол жеткiзу бойынша талаптарға сәйкестiгiн және олардың еңбегiн уәждемелеу үшін жағдайларды бағалау;мейрамхананың нарықты зерттеу, жарнамалау, сатуды ынталандыру, баға белгiлеу, өткізу арналары бойынша маркетингтiк iс-шаралар құрамын анықтау;мейрамхананың материалдық және қаржылық жағдайының қойылған мақсаттарға жетуiне сәйкестiгiн бағалау;бизнесжоспардың орындалуына кедергi келтiруi мүмкiн қиындықтар мен "су асты тастарын" қарастыру [2]. Бизнес жасау үшiн нарықтық орта жан-жақты зерттеледi.Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы,болуы мүмкiн өзгерiстер мен кедергiлер,Жобаны iске асырудан түсетiн табыс мөлшерi нақты көрсетiледi.Бизнес-жоспарды дайындау нарықтағы қолда бар мүмкiндiктердi пайдалануға және мейрамхaнаның ресурстарын бағалауға мүмкiндiк бередi. Сәйкесiнше бизнестi жүргiзу және одан әрi дамытуға арналған перспективтi жолды таңдауға,бизнестi бастаудағы алға қойылған мақсаттарға жету үшiн барлық тапсырмаларды уақтылы орындауға,сондай-ақ ықтимал қауiптер мен негiзсiз шығындардың алдын алуға мүмкiндiк бередi. Қазiргi кезде бизнес-жоспар жасау мейрамхана бизнесiн ашуға немесе дамытуға арналған стандартты және маңызды құжат болып саналады. Кәсiби тұрғыдан нақты жасалған бизнес-жоспар жұмыстың 80% жетiстiгi екенi сөзсіз. Бизнес-жоспар қолға алынып отырған бизнес-идеяны нарықтағы өзектiлiгi тұрғысынан бағалауға, оны iске асыруға қажеттi ресурстарды есептеуге көмектеседi. Қолда бар ресурстарды тиiмдi пайдалану және бизнестi жоспарлау арқылы мейрамхана кiрiсiн арттыру бүгiнгi таңда нарықтағы өзектi мәселелердiң бiрi болып қала бередi. Егер жоспарлау жан-жақты,нақты белгiленген мақсаттар мен мiндеттермен,оның iшiнде зерттеу мен бақылауды ескере отырып, қол жетiмдi ресурстармен,нарықтық мүмкiндiктермен мақсатқа жетудiң жолымен жүзеге асырылса, онда бизнес-жоспар нарықтағы мүмкін болуы ықтимал өзгерiстердi алдын-ала бiлуге және оларға уақтылы дайындықта болуға мүмкiндiк бередi.[7] Маркетингтiк және қаржылай талдау,сондай-ақ бизнес-жоспар құрудағы бағытталған мейрамхана өнiмiн дұрыс таңдау нарықтағы жағдайды және ондағы кәсiпкерлердiң мүмкiндiктерiн обьективтi түрде бағалауға көмектеседi.Жоғары тиiмдi тауарларды қарастыру және қолда бар ресурстарды тиiмдi пайдалану кәсiпорынның әрi қарай дамуын анықтайды. Сондай-ақ,бизнес-жоспардың тұрақты құжат емес екенiн атап өткен жөн,керiсiнше туындаған жағдайларға байланысты өзгерiп отыруы мүмкiн. Бизнесжоспарды мейрамхананың стратегияларын модельдейтiн индикаторлар мен әдiстер жиынтығы бар құрал ретiнде қабылдаған дұрыс. Бизнестi жоспарлау процесi құжат ретiнде бизнес-жоспардың мiндеттерi мен оларды шешу жолдарын қамтуы керек.Бизнес-жоспардың құрылымдық мазмұны әртүрлi болуы мүмкiн,оның нақты моделi жоқ. Бизнес-жоспар құрылымының мөлшерi мен ерекшелiгi бағытталған бизнестің түрiне байланысты анықталады. Мейрамхана бизнесiндегi бизнес-жоспар шешiм қабылдауға жеткiлiктi ақпаратты көрсететiн,сенiмдi көздер мен фактiлерге сүйене отырып,шешiм қабылданатын уақытта өзектi болуы тиiс[4]. Мейрамхана iсiндегi бизнес-жоспар құрылымының жиi қолданылатын компоненттерi: Мейрамхана жобасының қысқаша мазмұны Мейрамхананың қандай жетiстiкке жеткiсi келетiнiн,оның әлеуетi қандай екенін,қанша қаражат қажет етедi және қандай пайда әкелетiнiн танытанын бизнестi жалпы идеясы мен түсiнiгi. Жобаның мазмұны келесi бөлiмдерде көрсетiлген жоспарлар мен болжамдарды қысқаша көрсетедi. 

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №12 (21) том 5

  


Ссылка для цитирования:

Тулекова Г.Қ., Жаңбырова А.А., Нарынбай Ш.А. МЕЙРАМХАНА ІСІНДЕ БИЗНЕС-ЖОСПАР ҚҰРУДЫҢ МАҢЫЗЫ // Вестник науки №12 (21) том 5. С. 91 - 97. 2019 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/2524 (дата обращения: 26.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/2524



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2019.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.