Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо
  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки от 17 августа 2025 г.
  4. Научная статья № 34
Просмотры  243 просмотра

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚЫРМАНДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ

Аннотация: Бұл зерттеуде біз бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығы мен олардың оқу үлгерімі арасындағы байланыс қарастырдық. Ата-аналармен сауалнама және сұхбат жүргізу арқылы балалардың кітап оқуға деген ынтасын қалыптастырудағы отбасылық факторлардың рөлін анықтадық. Нәтижелер ата-ананың үлгі көрсетуі, қолайлы оқу ортасын ұйымдастыруы және бірлескен оқу дәстүрлері оқушының сөздік қорын, ойлау қабілетін, жауапкершілігін және мектептегі жетістіктерін арттыратынын көрсетті. Зерттеу аралас әдістерді пайдаланып, сандық және сапалық деректерді талдау арқылы жүргізілді

Ключевые слова: оқырмандық қызығушылық, кітап оқу іс-әрекеті, оқылым дағдысы, функционалдық сауаттылық, бастауыш сынып оқушылары, оқу.

 

Кіріспе.

Бастауыш сыныпта оқушыларының оқырмандық қызығушылығының төмендеуі мәселесі оқу дағдысының әлсіздігі, мотивацияның жеткіліксіздігі, заманауи баланың қызығушылығына сай келетін әдебиеттің аздығы және гаджеттердің басымдыққа ие болуы сияқты факторлармен байланысты.

 

Бастауыш сынып кезеңі - оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастырудың шешуші кезеңі. Бұл кезеңде қалыптасқан оқырмандық қызығушылық олардың оқу сауаттылығы мен тұлғалық дамуына негіз болады. А. Алдабердіқызы мен А.М. Аязбаева зерттеушілері сауаттылық ұғымының әртүрлі аспектілерін, оның ішінде әлеуметтік тәжірибе ретінде оқу сауаттылығын талдаған. Бұл зерттеулер оқу сауаттылығының оқырмандық қызығушылықпен тығыз байланысты екенін көрсетеді [1]. 2018 жылғы PISA зерттеуінің нәтижелері Қазақстандағы оқушылардың оқу сауаттылығының соңғы 10 жылда алғаш рет төмендегенін көрсетті. 2018 жылы Қазақстан оқушыларының оқу сауаттылығы бойынша орташа балы 387 ұпайды құрап, 78 елдің ішінде 69-орында болды[2]. 2020 жылы әлемде жаппай COVID-19 пандемиясы орын алып, зерттеулер көрсеткендей цифрлық технологиялардың пайдалануы артып, оқушылардың ақпаратты тұтыну әдеттері өзгеріп, дәстүрлі кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеуіне әкелді[3]. Пандемия кезінде мектептердің жабылуы білім сапасына кері әсер етіп, әсіресе тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалардың оқу үлгерімінде айтарлықтай алшақтықтар туындады. Бұл оқушылардың оқу дағдылары мен қызығушылығына теріс ықпал етті[3].

Р. Базарбекова: «Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын зерттеу нәтижелері олардың оқу белсенділігінің төмендігін көрсетеді. Бұл оқушылардың кітап оқуға деген ынтасының жеткіліксіз екенін білдіреді» ,- деп тұжырымдайды[4].

Қазіргі кезде ең өзекті мәселелердің бірі - ойын-сауыққа әуестік пен гаджеттерге тәуелділік. Балалар жарқын мультфильмдер көруге ұмтылады және қарапайым кітап оқудың маңыздылығын сезінбейді. Олар интернетті қажетті әрі пайдалы білім алу құралы ретінде емес, негізінен ойын-сауық көзі ретінде пайдаланады[5].

 

Осы кезеңде оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру - баланың бүкіл өміріндегі білім алу процесінің тиімділігіне тікелей әсер ететін фактор. Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығы көптеген отандық және шетелдік зерттеулердің назарында. Қазақстандық ғалымдар (А.Қ. Төлегенова, Г.М., Қосыбаева, С.А., Ұзақбаева, 2018) оқуға қызығушылықты арттыруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, оқу материалдарының мазмұны және оқушының ішкі мотивациясының рөліне ерекше мән берген[6]. Ал шетелдік зерттеушілер (J. Guthrie, D. Wigfield) оқу мотивациясын қалыптастырудың психологиялық және әлеуметтік аспектілерін терең талдаған. Зерттеулерде негізгі назар оқуға деген ықыластың жас кезеңдеріне байланысты өзгеруіне, мәтіннің түрі мен мазмұнының ықпалына, сондай-ақ отбасының рөліне аударылған[7].

Зерттеу еңбектерінің ішінде А.Қ. Төлегенованың «Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру жолдары» атты мақаласы мазмұны жағынан айрықша. Бұл еңбек бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу үрдісін қызықты әрі тиімді ету жолдарын нақты мысалдар арқылы сипаттайды. Автор оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ата-аналар түрлі әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде қолдану қажеттігін баса айтады[6].

Аталған зерттеуде авторлар оқушылардың қызығушылығын анықтау үшін сауалнама, сұхбат, бақылау және педагогикалық эксперимент әдістерін қолданған. Сауалнама арқылы оқушылардың қандай жанрдағы кітаптарды ұнататыны, кітап оқу жиілігі және себептері анықталды. Бақылау нәтижесінде көркем шығармамен жұмыстың түрлі тәсілдері (рөлдік ойын, ертегі құрастыру, сурет салу, мәнерлеп оқу) балалардың оқуға деген ынтасын арттыратыны дәлелденді.

Зерттеудің маңызды нәтижелеріне қарамастан, кейбір әдістемелік шектеулері бар. Біріншіден, зерттеу тек бір не екі мектеп базасында жүргізілгендіктен, алынған нәтижелер барлық бастауыш мектептерге қатысты деп жалпылауға болмайды. Екіншіден, қолданылған әдістер көбінесе сапалық сипатта болған, яғни сандық дәлелдермен толықтырылмаған.

Бұл зерттеудің объективтілігі мен сенімділігіне әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, зерттеу қысқа мерзімді кезеңмен шектелген, сол себепті оқушылардың оқуға деген қызығушылығының ұзақ мерзімді динамикасы толық зерттелмеген.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер бастауыш сынып оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығының төмендеуінің көпфакторлы екендігіне бірден-бір дәлел. PISA 2018 зерттеуінің нәтижелері оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы мен оқу жетістіктері арасында тікелей байланыс бар екенін байқай аламыз[8]. Оқу сауаттылығының төмендеуінің көрсеткіші оқу үлгерімімен байланыс бар екені көрсетілмеген. Берілген зерттеулерді зерделей отыра осы мақалада біз бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығының оқу үлгеріміне әсерін зерттейтін боламыз.

 

Зерттеу әдістері мен әдіснамасы.

Зерттеу барысында 41 ата-анамен онлайн сауалнама және 7 ата-анамен сұхбат (интервью) жүргізілді. Мақсатты топ- Астана қаласының және қала маңындағы(Тайтөбе, Талапкер, Қараөткел) ауылдардан балалы ата-аналар таңдалынып алынды.

Сауалнама Google Form платформасы арқылы жүргізілді. Сауалнамада зерттеу процедурасы 2 кезеңді қамтыды. Сұрақтар баланың жас ерекшелігі, оқу үлгерімі, кітап оқуға қызығушылығы, кітап оқу уақыты және ата-ананың осы тақырыпқа қатысты көзқарасын қамтыды. Сауалнама Liker шкаласы арқылы жасалды. Сауалнама нәтижелері Microsoft Excel бағдарламасы арқылы өңделді. Жиілік, пайыздық қатынас және орташа мәндер есептеліп, кестелер мен диаграммалар арқылы көрсетілді. Бұл әдіс ата-аналардың балаларының кітап оқуға деген қызығушылығы мен оқу үлгерімі арасындағы жалпы үрдістерді сандық түрде сипаттауға мүмкіндік берді. Зерттеу уақыты 5 күнді қамтыды.

 

Сапалық әдісі ретінде сұхбат қолданылды. 7 ата-анамен жеке сөйлесу арқылы олардың терең пікірлері мен тәжірибесі анықталды. Зерттеу 3 негізгі кезеңде жүргізілді: дайындық кезеңінде-құралдарды дайындау рұқсат алу жүргізілді, одан кейін дерек жинау кезінде- сұхбат алынды және соңғы қорытынды жасау кезеңінді мазмұндық талдау әдісі арқылы өңделді. Жауаптар жүйеленіп, мағыналық кодтарға бөлінді. Қатысушылардың ортақ пікірлері, тәжірибелері мен жеке көзқарастары тақырыптық санаттарға біріктірілді. Бұл сапалық талдау балалардың оқу үлгеріміне әсер ететін психологиялық және әлеуметтік факторларды тереңірек түсінуге көмектесті.

Аралас әдістерді қолдану зерттеуге кешенді көзқарас қалыптастырып, ата-аналардың пікірін әрі сандық, әрі сапалық тұрғыда жан-жақты талдауға мүмкіндік берді. Екі түрлі дерек бірін-бірі толықтырып зерттеу нәтижелерінің объектілігіне ықпал етті. Зерттеуге қатысушылардың барлығынан алдын-ала ақпараттандырылған келісім алынды. Қатысушылар зерттеуге өз еркімен қатысып, кез-келген уақытта бас тарту құқығына ие болды. Сауалнама мен сұхбат барысында жиналған барлық деректер құпия сақталып тек ғылыми мақсатта пайдаланылды. Қатысушылардың жеке басына қатысты мәліметтер жария етілмейді. Зерттеу барысында еріктілік қағидасы қатаң сақталады.

 

Нәтижелер.

Ата-аналармен жүргізілген сұхбат нәтижелері мен сауалнама деректеріне сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыруда ата-ананың рөлі ерекше маңызды екені анықталды.

Респонденттердің басым көпшілігі баланың кітапқа деген қызығушылығын дамыту үшін баланың таңдау еркіндігін маңызды деп есептейді. Ата-аналар балаларын кітап дүкені мен кітапханаға бірге апарып, өз қалауы бойынша кітап таңдауға мүмкіндік беретінін айтты. Бұл - баланың дербестігін, кітапқа деген ішкі уәжін арттыратын тиімді тәсіл. Барлық ата-аналар өзі оқушыға үлгі болу қажеттігін атап өтті.

Олар өздері де үнемі психология, бала тәрбиесі, көркем әдебиет секілді кітаптарды оқитынын айтып, баланың соларға қарап бой түзей бастағанын жеткізді. Кейбір балалар ата-аналары кітап оқып отырған сәтте қастарына келіп, бірге оқуға ынталы болатыны байқалған. Респонденттердің бәрі үйде кітап оқуға арнайы жағдай жасаған. Көптеген отбасында балаларға арналған кітап сөресі, оқу бұрышы, жарық шамы және тыныш орта қамтамасыз етілген. Бұл факторлар баланың оқуына жайлы әрі ынталандырушы жағдай тудырады(1-кесте). Ал, жүргізілген сауалнама нәтижелері балалардың оқу үлгерімі мен кітап оқуға деген қызығушылығы арасында өзара байланыс бар екенін көрсетті. Ата-аналардың пікіріне сүйенсек, баланың кітапқа деген ынтасы артқан сайын оқу нәтижелерінде де оң өзгерістер байқалады. Бұл білім беру үдерісінде кітап оқудың маңызын тағы бір дәлелдейді. Байқап отырғанымыздай барлық ата аналар кәтап оқу баланыңм оқу үлгеріміне әсері бар деп «-Иә, өте жақсарады, -Иә, айтарлықтай, -Сәл жақсарады», - деп жауап берді.(1-диаграмма)

 

1-диаграмма.

 

Ешбір ата-ана кітап оқу үлгерімге әсер етпейді деп есептемейді. Балалардың қызығушылықпен оқитын кітаптары көбінесе ертегілер, хикаялар, жануарлар туралы әңгімелер, энциклопедиялар және танымдық әдебиеттер екені анықталды.

 

 Оқушылардың екінші бөлігінің жауаптары келесідей бөлінді:

-әңгімелер -50%,

-ертегілер -75%,

-жануарлар -62,5%,

-энциклопедия -37,5%,

-комикстер -12,5%,

Балалардың кітапқа қызығу себептері ретінде олардың қызықты мазмұны, суреттердің көптігі, кейіпкерлердің әрекеті мен оқиғалардың тартымдылығы аталды.

 

(1-кесте).

Уақыт

Іс-әрекет

Ұсыныстар

2–6 сағат

бірге оқу, сұхбат жүргізу

күнделікті өмірді жоспарлау

жеке уақыт

бірге оқу, түсіндіру

үй шаруасын оңтайландыру

кешкі мезгіл

бірге кітап оқу, ертегі тыңдау

жұмыс кестесін икемдеу

демалыс күндері

кітапханаға бару, сүйікті кітап таңдау

сапалы қарым-қатынас орнату

күн тәртібі

бірге оқу, үлгі болу

жеке әдісті қолдану

уақыт бөлу

кітап дүкеніне бару

декреттік демалысты ұзартып, уақыт бөлу

сапалы уақыт

бірге дауыстап оқу, пікірлесу

гаджет қолдану уақытын шектеу

уақытты жоспарлау

мотивация беру, проблемалық сұрақтар шешу

мемлекеттік бағдарламаларды қолдау

уақытты көбейту

сыйлық жүйесі, танымдық ойындар

ата-аналарға арналған жүйелі бағдарламалар

 

Ата-аналардың пікірі бойынша, кітап оқу ең алдымен ана тілі мен әдебиет пәніне, сондай-ақ дүниетану және логикаға қатысты пәндерге оң әсер етеді.

 

Балаларда мәтінді түсіну, сөздік қорды байыту, сөйлеу мәдениеті, логикалық ойлау қабілеті арта бастағаны байқалған. Ата-аналар кітап оқу баланың мінезі мен ойлау жүйесінде оң өзгерістерге себеп болатынын атап өтті. Көптеген балалар сабырлы, ойлы бола бастаған, өз ойын нақты жеткізіп, кейіпкерлердің іс-әрекетін саралай алатын болған. Сонымен қатар, жауапкершілік пен сенімділік қасиеттері дами бастаған. Оқу үлгерімінде қиындық туындаған кезде ата-аналар тақырыпқа сәйкес жеңіл тілдегі кітаптар мен журналдарды ұсынып, бірге оқу, түсіндіру, ойын түрінде жеткізу секілді әдістерді қолданатынын айтты. Кітап бұл жағдайларда түсінікті, бейімделген ақпарат көзі ретінде баланың оқуын жеңілдететіні дәлелденді.

Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың басым көпшілігі кітап оқудың бала дамуына, ойлау қабілетінің артуына және үлгерімінің жақсаруына септігін тигізетінін атап өткен. Сонымен қатар, ата-аналар баланың кітап оқуға қызығушылығын дамыту үшін қосымша ынталандыру, отбасылық оқу дәстүрлерін қалыптастыру және мектеп тарапынан қолдау қажеттігін де меңзейді.

Жалпы алғанда, бұл зерттеу кітап оқуға деген қызығушылықтың бала үлгеріміне оң әсер ететінін дәлелдеп, ата-аналардың бұл тақырыпқа деген көзқарасын анықтауға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер болашақта білім беру процесінде ата-аналармен жұмыс істеуде пайдалы бола алады.

 

Дискуссия.

Қазіргі заманның бастауыш сынып балаларының ата-аналардың проблемасы бұл бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығының төмендеуі, оқу дағдысының әлсіздігі, мотивацияның жеткіліксіздігі, заманауи баланың қызығушылығына сай келетін әдебиеттің аздығы және гаджеттердің басымдыққа ие болуы сияқты факторлармен байланысты. Осы проблеманы зерделей отыра төменде зерттеу мақаласын талдап өттік.

 

Шетелдік зерттеушілер (J. Guthrie, D. Wigfield) оқу мотивациясының психологиялық және әлеуметтік аспектілерін жан-жақты зерттеген. Олардың жұмыстары оқуға деген ынтаның жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеруіне, мәтіннің түрі мен мазмұнының әсеріне, сондай-ақ отбасының рөліне ерекше назар аударады делінген[7]. Яғни, отбасы- баланың кітап оқуға деген қызығушылығына әсер ететін маңызды бірден бір фактор. Біздің зерттеу ата-аналардың балаларының кітап оқуға қызығушылығын арттырудағы рөлін, әдіс-тәсілдерін және бұл қызығушылықтың оқу үлгеріміне әсерін анықтауға бағытталды. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің басым бөлігі кітап оқудың балаға оң әсер ететінін мойындайды. Ата-аналардың жауаптарынан кітап оқу арқылы балалардың сөздік қорының кеңеюі, ойлау қабілетінің артуы, жауапкершілік сезімінің дамуы сияқты маңызды өзгерістер байқалған. Демек, зерттеу сұрағына нақты жауап алынды: ата-аналар кітап оқуды баланың дамуы мен оқу үлгерімінің негізгі құралы ретінде көреді және саналы түрде осы бағытта жұмыс жасайды.

Күтпеген немесе ерекше нәтижелер және олардың зерттеу сұрағымен байланысына тоқталсақ. Сауалнама нәтижелерін сараптай отыра біз жоғары білімі бар ата-аналардың балалары кітап оқу қызығушылығы көбірек бар екендігі мен кітап оқу уақыты жоғары екенін анықтадық. Көпбабалы ата-аналардың балалары еркін кітап таңдап оқитыны анықталды. Ал 1-3 балалы ата-аналардың балалары балаға арнайы өздері таңдап берген кітап оқитыны айтылды. Ауыл және қала оқушылардың кітап оқуда қызығушылығы бірдей екеніне көз жеткіздік. Зерттеу барысында бірнеше қызықты және ерекше жайттар анықталды:Көптеген ата-аналар баланың кітапқа қызығуын арттыру үшін өздері үлгі болады, яғни бірге кітап оқиды, тіпті арнайы оқу уақытын белгілейді. Бұл - формалды емес, отбасылық қарым-қатынастардың кітап оқу мәдениетіне оң ықпал ететінін көрсетеді.Тағы бір ерекшелік - көптеген ата-аналар оқу қиындықтарын шешу үшін арнайы тақырыптағы балаларға арналған кітаптарды қолданады. Бұл тәсіл - кітапты тек ақпарат көзі ретінде емес, тәрбие мен мотивация құралы ретінде қолданудың тиімді жолы.

Бірқатар ата-аналар теледидарды өшіріп, отбасында тыныш оқу уақыты дәстүрін қалыптастырған, бұл да балаға үлгі ретінде жоғары әсер ететінін көрсетеді.

2020 жылы әлемде жаппай COVID-19 пандемиясынан кейін кітап оқудың орнын гаджеттер басып, кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеуіне әкелді[3] [5]. Біздің зерттеуіміз бойынша сұхбат нәтижелеріне байланысты ата-аналардың жауаптарынан гаджетке тәуелділік балалардың кітапқа деген қызығушылығына әсерін барына көз жеткізді.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер бастауыш сынып оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығының төмендеуінің көпфакторлы екендігіне бірден-бір дәлел. PISA 2018 зерттеуінің нәтижелері оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы мен оқу жетістіктері арасында тікелей байланыс бар екенін байқай аламыз[8]. Оқу сауаттылығының төмендеуінің көрсеткіші оқу үлгерімімен байланыс бар екені көрсетілмеген. Бірақ Қазақстан оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығы мен оқу жетістіктері арасында  байланыс бар екендігіне тоқталмаған. Берілген зерттеулерді зерделей отыра осы зерттеуімізде біз бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығының оқу үлгеріміне әсерін зерттедік[8].

Зерттеудің бірнеше шектеулері бар:

Бұл нәтижелердің барлық әлеуметтік топтарға тән екеніне толық сенім бермейді. Зерттеу ата-аналардың субъективті пікірлеріне негізделген, яғни нақты оқу үлгеріміне қатысты объективті мәліметтермен расталмаған. Сауалнама форматы белгілі бір стандартты жауаптарға шектейді. Кейбір ата-аналардың бұл байланыс туралы нақты түсінігі болмағаны байқалды. Бұл олардың ақпараттандырылу деңгейінің әртүрлі екенін және ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екенін көрсетеді.

Сұхбат жүргізуде ата-аналар баланың қызығушылығын еркіндік беру арқылы арттыру тиімді деп есептейді. Бірге кітапханаға бару, өзіне ұнайтын кітапты таңдату, кешкі бірлескен оқу - жиі қолданылатын әдістер. Үйде кітап сөресі, жарық пен тыныш орта бар.

Балаларға арналған кітаптар қолжетімді жерде тұрады. Ата-аналар өздері де кітап оқып, үлгі көрсетеді. Олар көбіне психология, тәрбие және көркем әдебиет оқиды.

Балалар ертегі, жануарлар туралы хикаялар мен энциклопедияларға қызығады. Бұл кітаптар олардың қиялын, тіл байлығын және құндылықтар жайлы түсінігін дамытады. Кітап оқу әсіресе ана тілі пәніне оң әсер етеді - сөздік қоры артып, түсініп оқу және жазу дағдылары дамиды.

Кітап оқу арқылы балалар ойланып сөйлеуді, өз ойын сенімді жеткізуді, жақсы мен жаманды ажыратуды үйренеді. Оқу қиындықтары кезінде ата-аналар жеңіл тілдегі кітаптар ұсынып, түсінуге көмектеседі. Бұл балаға өз бетімен ізденуге және сенімді болуға ықпал етеді.

Зерттеудің бұл нәтижелеріне қарамастан, кейбір әдістемелік шектеулері бар. Біріншіден, зерттеу тек бір не екі мектеп базасында жүргізілгендіктен, алынған нәтижелер барлық бастауыш мектептерге қатысты деп жалпылауға болмайды. Осыны ескере отыра біз зерттеуімізді тек мекеп базасында емес, зерттеуде сауалнама мен сұхбатты ата-аналардан алдық. Екіншіден, қолданылған әдістер көбінесе сапалық сипатта болған, яғни сандық дәлелдермен толықтырылмаған. Бұл зерттеудің объективтілігі мен сенімділігіне әсер етуі мүмкін. Біздің зерттеуімізде зерттеу жұмыстарын біз сауалнама жүргізу арқылы сандық сипатта жауаптар алдық. Сонымен қатар, зерттеу қысқа мерзімді кезеңмен шектелген, сол себепті оқушылардың оқуға деген қызығушылығының ұзақ мерзімді динамикасы толық зерттелмеген. Осы ұзақ мерзімді динамиканы анықтау үшін біз ата-аналардан сандық сипаттағы зерттеу түрі сауалнама арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығының ұзақ мерзімді динамикасы толық зерттедік.

 

Қорытынды.

Жүргізілген зерттеу ата-аналардың балаларының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқаратынын айқын көрсетті. Респонденттердің тәжірибесі негізінде анықталғандай, ата-аналар балаларына үлгі болу, оқу ортасын ұйымдастыру, кітапты ынталандыру құралы ретінде пайдалану арқылы балалардың оқу дағдылары мен ойлау қабілетін дамытуда белсенді. Кітап оқуға ынта тек оқу үлгерімін ғана емес, сонымен қатар баланың мінез-құлқы мен ішкі мотивациясын, жауапкершілігін, өз-өзіне сенімділігін де қалыптастырады.

Зерттеу барысында балалардың кітапқа қызығушылығы көбіне ата-ананың қатысуымен, бірлескен әрекеттер мен қолайлы орта арқылы дамитыны анықталды. Бұл отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланыстың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Алынған нәтижелер білім беру тәжірибесіне ата-аналармен жұмысты жандандыру, отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыру және кітапты тұлғалық даму құралы ретінде тану қажеттігін көрсетеді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы зерттеулерді кеңейтіп, әртүрлі әлеуметтік топтарды қамту ұсынылады. Зерттеу мақаласында баланың оқырмандық қызығушылығы оның мектептегі оқу үлгеріміне ісер ететінін дәлелдедік. Алдағы уақытта бұл зерттеуді жалғасытрып, толықтыру жұмыстары жүргізіледі.

Зерттеудің білім беру саласындағы мәні мен болашаққа ұсыныстар:

Бұл зерттеу нәтижелері отбасылық үлгінің және ата-ана қатысуының кітап оқуға қызығушылық қалыптастырудағы маңызды фактор екенін көрсетеді. Сондықтан: Мұғалімдер мен мектеп психологтары ата-аналармен бірлесіп отбасылық оқу мәдениетін дамыту бойынша бағдарламалар ұйымдастыруға болады. Болашақ зерттеулерде баланың оқу дағдылары мен нақты оқу үлгерімі арасындағы байланысты объективті көрсеткіштермен (бағалар, оқу жылдамдығы, мәтінмен жұмыс деңгейі) бірге зерттеу ұсынылады. Ауылдық және аз қамтылған отбасылар арасындағы жағдайды салыстыра отырып, кітапқа қолжетімділік пен қызығушылық арасындағы байланыс та зерттелуі қажет.


Полная версия статьи PDF

Номер журнала «Вестник науки» № 8 (89) том 3


Ссылка для цитирования:

Касымова Ә.Б., Алиева А.Я. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚЫРМАНДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ // Журнал «Вестник науки» от 17 августа 2025 г. № 8 (89) том 3. С. 282 - 294. 2025 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/25423 (дата обращения: 29.11.2026 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/25423



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки © 2025.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ «О противодействии экстремистской деятельности» (далее - Федеральный закон «О противодействии экстремистской деятельности»), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.