АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ҒИМАРАТ ІРГЕТАСЫНЫҢ ШӨГУ ПРОЦЕСІН МОНИТОРИНГІЛЕУ
Аннотация: Бұл мақалада Алматы қаласындағы тұрғын үй кешенінің көпқабатты ғимаратының іргетасының шөгуін бақылау процесі қарастырылған. Құрылыстың әр кезеңіндегі және оның аяқталғаннан кейінгі іргетас деформацияларының деректері талданды. Шөгудің динамикасы, жылдамдығы мен біркелкі еместігі есептеліп, нормативтік көрсеткіштермен салыстырылды. Зерттеу нәтижелері бойынша максималды шөгу шамасы 16,5 мм болып, бұл рұқсат етілген шектен аспағаны анықталды. Ғимарат іргетасының сенімді жұмысы және геодезиялық мониторингтің тиімділігі дәлелденді.
Ключевые слова: шөгу, іргетас, мониторинг, геодезиялық бақылау, Алматы.
Кіріспе. Алматы қаласында биік тұрғын үй кешендерінің қарқынды салынуы құрылыс алаңдарындағы инженерлік-геотехникалық жағдайларды кешенді түрде зерттеу қажеттілігін арттырып отыр. Ғимараттардың іргетасы мен олардың негіздерінің сенімділігі мен орнықтылығы — құрылыс қауіпсіздігі мен ұзақ мерзімді пайдалану кепілі болып табылады. Негіздің шөгуі – табиғи құбылыс, ол ғимарат салмағының және уақыт өте келе топырақтың қайта тығыздалуының әсерінен туындайды. Алайда, шамадан тыс немесе біркелкі емес шөгу ғимарат конструкцияларында жарықтар мен деформациялардың пайда болуына, соның нәтижесінде ғимараттың пайдалану жарамдылығының төмендеуіне алып келуі мүмкін [1, 2].Қазіргі таңда іргетас жағдайын бақылау мен геодезиялық мониторинг жүргізу құрылыс барысын қауіпсіз әрі тиімді басқарудың маңызды элементі ретінде қарастырылады.
Мұндай бақылаулар ғимарат негіздерінің нақты жұмыс істеу сипатын анықтауға, есептік және нақты мәліметтерді салыстыруға, сондай-ақ қауіпті деформациялар мен шөгу тенденцияларын ерте анықтауға мүмкіндік береді.Осы зерттеу жұмысының мақсаты – Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінің мысалында ғимарат негізінің шөгуін бақылау әдістемесін қарастыру, құрылыс кезеңдеріндегі осадка динамикасын талдау және алынған нәтижелердің қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкестігін бағалау болып табылады.Зерттеу нәтижелері биік ғимараттардың қауіпсіз және сенімді құрылысын қамтамасыз ету үшін геодезиялық мониторингтің маңыздылығын көрсетуге бағытталған [3].Әдістері мен материалдары.Іргетастың шөгуі – бұл ғимараттың өз салмағы мен пайдаланылу кезіндегі қосымша жүктемелер әсерінен топырақ негізінің тік бағытта орын ауыстыруы. Шөгу шамасы топырақтың физика-механикалық қасиеттеріне, іргетастың түріне, тереңдігіне, құрылыс технологиясына және алаңның гидрогеологиялық жағдайларына байланысты болады [4].Шөгу екі түрлі сипатта болуы мүмкін: біркелкі және біркелкі емес. Біркелкі шөгу кезінде ғимараттың барлық бөліктері бірдей деңгейде төмендейді, сондықтан ғимарат конструкцияларында ішкі деформациялар туындамайды. Ал біркелкі емес шөгу кезінде ғимараттың әр нүктесіндегі орын ауыстыру шамасы әртүрлі болады, бұл іргетастың қисайуына, қабырғаларда жарықтардың пайда болуына және жүктемелердің қайта бөлінуіне әкеледі.
Мұндай жағымсыз құбылыстардың алдын алу мақсатында құрылыс кезінде және пайдалану барысында геодезиялық мониторинг жүргізіледі. Бұл бақылау іргетастың нақты жұмыс істеу жағдайын уақыт бойынша бағалауға және қауіпті деформацияларды ерте анықтауға мүмкіндік береді [5].Мониторингтің негізгі мақсаттарыіргетас шөгулерінің нақты шамасын және олардың даму жылдамдығын анықтау,біркелкі еместік пен қауіпті ауытқуларды ерте сатыда анықтау,жобада қабылданған есептік болжамдардың дұрыстығын тексеру,құрылыс процесінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету.Шөгуді бақылау үшін жоғары дәлдікті геометриялық нивелирлеу әдісі қолданылды. Бұл әдіс реперлер мен бақылау маркалары арасындағы биіктік айырмаларын дәл анықтауға негізделген [6].Алматы қаласындағы 10 қабатты монолитті ғимарат іргетасының шөгуін бақылау кезінде арнайы геодезиялық бақылау желісі құрылды. Ол келесі элементтерден тұрды:ғимараттың бұрыштарында және негізгі осьтері бойында орнатылған 8 тұрақты репер,ғимарат орталығында орналасқан 1 негізгі бақылау нүктесі,құрылыс алаңынан тыс, тұрақты және деформацияға ұшырамайтын топырақ бөлігінде орнатылған 1 сыртқы тірек репер (негізгі биіктік базасы).Өлшеулер бірінші дәлдік класына жататын сандық нивелир және инварлық рейкалар көмегімен жүргізілді.Бақылау жүргізу кезінде әрбір өлшеу циклі арнайы жоспар бойынша ұйымдастырылды.
Алдымен сыртқы тірек реперден бастап барлық бақылау маркаларына дейін жоғары дәлдікті нивелирлік жүріс орындалды. Нивелирлеу нәтижесінде әр нүктенің биіктік белгісі анықталып, уақыт бойынша олардың өзгерісі бақыланды.Әрбір цикл нәтижелері алдыңғы өлшеумен салыстырылып, шөгудің шамасы мен даму динамикасы есептелді.Нәтижелер және талқылау.Зерттелген нысан — Алматы қаласындағы 10-қабатты монолитті ғимарат (1-сурет). Бақылау торы 8 бақылау реперінен құралды: төрт бұрыштық және бірнеше ішкі нүктелер – орталық пен жақын қабырғалар бойында. Орташа бақылау арақашықтығы (характерлы пландық өлшем) L=20 м деп алынды.
Нивелирлік бақылаулар жоғары дәлдікті цифрлық нивелирмен жүргізілді.Сурет 1. Зерттеу нысаны.Мониторингтің жиілігі СП 22.13330.2016 «Ғимараттар мен құрылыстардың негіздері» және СНиП 3.01.03-84 «Құрылыс кезіндегі геодезиялық жұмыстар» талаптарына сәйкес таңдалды:Құрылыстың жерасты және алғашқы қабаттары кезінде – әрбір 2 апта сайын,Құрылыстың аяқталғаннан кейінгі кезеңде – айына бір рет,Деформациялар тұрақтанғанға дейін, яғни шөгу жылдамдығы 0,5 мм/ай шамасынан төмен болғанға дейін бақылау жалғастырылды.Кесте 1. Тұрғын үй кешенінің іргетасы шөгулерін бақылау нәтижелері.Барлық өлшеулер тура және кері бағытта жүргізіліп, алынған нәтижелер орташа мән ретінде қабылданды. Мәліметтер арнайы журналға тіркеліп, рұқсат етілген дәлдік шегінен аспауы тексерілді.Тұрғын үй кешенінің құрылыс процесінде іргетастың шөгу динамикасын бағалау үшін әр бақылау кезеңіндегі абсолюттік шөгу приращениясы (ΔS) және орташа шөгу жылдамдығы (v) есептеледі.
Бұл параметрлер іргетастың нақты жұмыс істеу жағдайын анықтауға және топырақтың орнығу сипатын талдауға мүмкіндік береді. Орташа шөгу жылдамдығы мына формула арқылы анықталады:
Полная версия статьи PDF
Номер журнала «Вестник науки» № 10 (91) том 3
Ссылка для цитирования:
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ҒИМАРАТ ІРГЕТАСЫНЫҢ ШӨГУ ПРОЦЕСІН МОНИТОРИНГІЛЕУ // Журнал «Вестник науки» от 19 октября 2025 г. № 10 (91) том 3. С. 671 - 683. 2025 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/26041 (дата обращения: 29.11.2026 г.)
Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/26041
Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com
