Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо
  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки от 26 октября 2025 г.
  4. Научная статья № 45
Просмотры  92 просмотра

ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАҒАН БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аннотация: Бұл мақалада жалпы сөйлеу тілі дамымаған бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі — қазіргі білім беру жүйесінде сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту қажеттілігімен түсіндіріледі.

Ключевые слова: сөйлеу тілі, коммуникативтік құзыреттілік, тілдік даму, бастауыш сынып, қарым-қатынас.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың, соның ішінде жалпы сөйлеу тілі дамымаған бастауыш мектеп оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін дамыту — педагогика мен психология саласында аса өзекті мәселе болып табылады. Себебі сөйлеу тілінің жеткіліксіз дамуы баланың тек оқу үлгеріміне ғана емес, сонымен қатар оның әлеуметтік бейімделуіне, тұлғалық қалыптасуына және психоэмоционалдық тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Мұндай балалар көбіне өз ойын еркін жеткізе алмау, құрдастарымен қарым-қатынас орнатуда қиындықтар көру және оқу процесінде белсенділік таныта алмау сияқты мәселелерге тап болады. Бұл өз кезегінде баланың өзіндік бағасын төмендетіп, оқуға деген уәжін әлсіретеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесінің қарқынды дамуы, әр баланың жеке ерекшелігі мен қажеттілігін ескеруді талап етеді. Сондықтан жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту — олардың білім алу теңдігін қамтамасыз етудің маңызды шарты. Коммуникативтік құзыреттілік — бұл баланың тілдік қарым-қатынасқа түсу, өз ойын білдіру және басқа адамдарды түсіну қабілеттерінің жиынтығы. Зерттеудің мақсаты — жалпы сөйлеу тілі дамымаған бастауыш мектеп жасындағы балалардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытудың теориялық және әдістемелік негіздерін анықтау, тиімді педагогикалық тәсілдерді ұсыну.

Бұл мақсат инклюзивті ортадағы білім алушылардың толыққанды дамуын қамтамасыз етудің заманауи бағыты ретінде өзектілігін көрсетеді.А.В. Козлова “Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру – тек тілдік қабілетті дамыту емес, сонымен бірге баланың қарым-қатынас жағдайларына бейімделу қабілетін арттыру процесі” деді [1,149]. Бұл пікір бастауыш жастағы балалардың тіл арқылы өз ойын жеткізе алуына жағдай жасаудың маңызын айқындайды. Яғни коммуникативтік құзыреттіліктің дамуы — тек сөздік қорды байыту немесе дұрыс сөйлеуге үйрету емес, ол баланың әлеуметтік ортада өзін еркін сезінуі мен пікірін нақты жеткізе білу қабілетін қалыптастыруға бағытталған күрделі үдеріс.

Н.А. Ерышева өз еңбегінде жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың коммуникативтік мінез-құлқын зерттеп, “баланың сөйлеу белсенділігін дамыту үшін қосымша білім беру жағдайында ойын мен эксперименттік әдістер тиімді нәтиже береді” деді [2,42]. Бұл ой сөйлеу бұзылысы бар балалармен жүргізілетін педагогикалық жұмыста тек тілдік жаттығулармен шектелмей, оқушының ішкі эмоциялық және әлеуметтік дамуын қатар жетілдіру қажеттігін көрсетеді. Себебі сөйлеу – тек тілдік құрал емес, ол тұлғаның ішкі сезімін, ойын және қарым-қатынасқа деген қажеттілігін білдіретін психологиялық әрекет.

Мысалы, логопедиялық сабақтарда “Сиқырлы қорап” әдісін қолдануға болады. Бұл ойында мұғалім қорап ішіндегі затты сипаттап айту арқылы балаларды сұрақ қоюға, жауап беруге, өз пікірін білдіруге ынталандырады. Сонымен қатар Ерышева Н.А. өзінің кейінгі зерттеуінде “коммуникативтік әрекет — баланың сөйлеу тәжірибесін кеңейтетін әлеуметтік тетік” екенін атап көрсетеді [3,87]. Бұл тұжырым тілдің тек қарым-қатынас құралы емес, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін маңызды әлеуметтік механизм екенін дәлелдейді.

Яғни коммуникативтік әрекет арқылы бала өз тәжірибесін кеңейтіп, қоғамдағы орнын түсінеді және өзіндік көзқарасын білдіруге үйренеді. А.А. Казакова болса, ерекше білім қажеттілігі бар балалармен жұмыс барысында “тілдік белсенділікті арттыру үшін сенсорлық, эмоционалдық және ойлау процестерін қатар дамыту қажет” деді [4,187]. Бұл ой тіл дамуының тек сөйлеу органдарының жұмысымен шектелмейтінін, оның артында күрделі психологиялық және танымдық механизмдер жатқанын дәлелдейді.

Яғни бала дұрыс сөйлей алу үшін алдымен қабылдау, есте сақтау, эмоцияны сезіну және логикалық байланысты орнату қабілеттерін жетілдіруі керек. Мысалы, жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаға “Сурет бойынша әңгіме құра” тапсырмасы берілгенде, ол тек заттарды атаумен шектеліп қалуы мүмкін. Осындай жағдайда педагог баланы суреттегі әрекеттерді талдауға, кейіпкерлердің көңіл-күйін сипаттауға, олардың арасындағы байланысты байқауға бағыттайды. О.В.

Дзюба еңбегінде “коммуникативтік құзыреттілік мектеп жасына дейінгі кезеңнен қалыптаса бастайды және жүйелі педагогикалық қолдау арқылы мектепке дейінгі мекемелерден мектепке дейін жалғасуы тиіс” деді [5,76]. Бұл пікір баланың сөйлеу және қарым-қатынас дағдылары бір сәтте емес, ерте жастан бастап біртіндеп дамитынын дәлелдейді. Егер бұл үдеріс мектепке дейінгі ұйымдардан жүйелі түрде жалғасын таппаса, баланың коммуникативтік қабілеттерінде үзіліс пайда болып, оқу кезеңінде қиындықтар туындайды. Дзюба атап өткендей, коммуникативтік құзыреттілік дамуының сабақтастығы — баланың тұлғалық өсуінің кепілі.

Мұнда логопед, тәрбиеші және бастауыш сынып мұғалімінің өзара байланысы шешуші рөл атқарады. Мысалы, логопед дыбыстарды дұрыс айтуға үйретсе, мұғалім сол дағдыларды оқу және жазу процесінде бекітеді. Осы бірізділік сақталған жағдайда ғана бала сөйлеуді функционалды түрде қолдануға, яғни өмірлік жағдаяттарда тиімді сөйлесуге үйренеді. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған бастауыш сынып оқушыларының ерекшелігі — олардың сөздік қоры шектеулі, грамматикалық құрылымдары бұзылған және байланыстырып сөйлеу дағдылары әлсіз дамыған.

Мұндай балалардың оқу барысында қиындықтарға тап болуы олардың коммуникативтік қабілетінің жеткіліксіздігінен туындайды. Мектеп жағдайында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді жолдарына ойын технологиясы, диалогтік оқыту, топтық жұмыс және рөлдік жағдаяттарды қолдану жатады. Ерышева мен Козлованың еңбектерінде көрсетілгендей, сөйлеу тілінің дамуы педагогикалық қолдауға тікелей тәуелді. Мұғалім әр баланың тілдік мүмкіндігін ескере отырып, сабақ мазмұнын тұлғалық бағдарда құрастыруы тиіс.

Баланың коммуникативтік құзыреттілігі артқан сайын оның өзін-өзі бағалауы, оқу мотивациясы және әлеуметтік бейімделуі жақсарады. Сөйлеу бұзылысы бар балалардың тілді меңгеруінде логопедиялық түзету жұмыстары ерекше орын алады. Мұндай жұмыстарда ойын жаттығулары, әңгімелесу әдістері және визуалды материалдар пайдаланылады. Бұл тәсілдер балалардың есте сақтау, қабылдау және қиялдау қабілеттерін дамытады.Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бастауыш жастағы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағытталған арнайы бағдарламалар олардың тілдік белсенділігін арттырып қана қоймай, тұлғалық қасиеттерін де қалыптастырады. Қорытындылай келе, жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту — көпқырлы педагогикалық және психологиялық үдеріс.

Ол тек тілдік білімді кеңейтуге емес, тұлғаның әлеуметтік қатынастарда белсенді болуына бағытталады. Осы тұрғыдан алғанда, логопед, мұғалім және психологтың бірлескен еңбегі — сөйлеу кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, баланың толыққанды әлеуметтенуіне жол ашады.


Полная версия статьи PDF

Номер журнала «Вестник науки» № 10 (91) том 4


Ссылка для цитирования:

Токсанова М.Д. ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАҒАН БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ // Журнал «Вестник науки» от 26 октября 2025 г. № 10 (91) том 4. С. 352 - 356. 2025 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/26112 (дата обращения: 29.11.2026 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/26112



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки © 2025.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ «О противодействии экстремистской деятельности» (далее - Федеральный закон «О противодействии экстремистской деятельности»), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.