Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо
  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки от 7 декабря 2025 г.
  4. Научная статья № 118
Просмотры  35 просмотров

АНА МЕН БАЛАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ

Аннотация: Ана мен бала денсаулығы кез келген мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдығы болып табылады. Бұл сала ұлттың болашағын, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын және демографиялық көрсеткіштерін айқындайды. Қазақстанда соңғы жылдары ана мен нәресте өлімін азайту мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар іске қосылды. Дегенмен, медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігі өңірлер арасында әр түрлі деңгейде, әсіресе шалғай ауылдарда,мамандар мен жабдықтардың,интернетпен қамтамасыз етілудің жетіспеушілігі өзекті мәселелердің қатарында тұр. Сонымен қатар, ана мен бала денсаулығына әсер ететін перинаталдық көмек, скринингтік бағдарламалардың тиімділігі және психоәлеуметтік қолдаудың қажеттілігі әлі де толыққанды шешілмеген мәселе.

Ключевые слова: мемлекеттік қызметтер, отбасы, аналық, балалық шақ.

Қазіргі таңда, медициналық қызмет көрсету саласында цифрлық денсаулық сақтау технологияларын енгізу, телемедицина мен интеграцияланған медициналық қызмет түрлерін дамыту ана мен бала денсаулығын қорғауда жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Осыған байланысты, ана мен бала денсаулығын қорғаудағы медициналық көмек көрсету механизмдерін жетілдірудің жолдарын ғылыми түрде зерделеу аса маңызды.Бұл зерттеудің негізгі нысаны – Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың цифрлық экожүйесі, оның ішінде "Damumed" бағдарламасының әйелдер денсаулығын бақылаудағы қызметі. Зерттеудің пәні – "Damumed" бағдарламасының функционалдық мүмкіндіктері мен оның 15–49 жас аралығындағы әйелдердің денсаулығын бақылауға, жүктілікті жоспарлау кезеңін және жүктілік барысын цифрлық түрде бақылау деңгейін әйел өз бетімен бақылау жүйелерін жетілдіру жолдарын нығайту.Зерттеудің мақсаты ана мен бала денсаулығын сақтау және медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік қызметті жетілдіру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін қазіргі ана мен бала денсаулығының көрсеткіштері, перинаталдық көмек жүйесі мен мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін талдау қажет.

"Damumed" бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңейту арқылы әйелдер денсаулығын бақылауды жеңілдету және медициналық қызметтің сапасын арттыру жолдары ұсынылуы тиіс.Міндеттері:1. Қазақстандағы перинаталдық көмек жүйесін, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті және жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қызметін талдау.2. Қазақстандағы ана мен бала денсаулығына қатысты бағдарламаларды, соның ішінде ұлттық скринингтік бағдарламалар мен профилактикалық шараларды талдау.3. Ана мен бала денсаулығына қатысты медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.4. "Damumed" бағдарламасының функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту, әйелдер денсаулығын бақылаудың цифрлық әдістерін жетілдіру.5. Әлеуметтік желілерде медициналық ақпараттың таралуын реттеу және дәлелді медициналық ақпаратты тарату тетіктерін анықтау.Цифрлық денсаулық сақтау жүйесінің маңызыҚазақстанда денсаулық сақтау саласында цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізілуде, оның ішінде "Damumed" бағдарламасы маңызды орын алады. Бұл жүйе бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысын оңтайландыруға және пациенттердің өз денсаулығы туралы ақпаратты электронды түрде бақылауға мүмкіндік береді.

Алайда, қазіргі таңда "Damumed" жүйесі әйелдер репродуктивті денсаулығын толық бақылауды қамтамасыз ететін құрал ретінде толық жетілмеген."Damumed" бағдарламасының жетілдірілуі"Damumed" жүйесін әйелдер денсаулығын басқару үшін толыққанды платформаға айналдыру үшін, оның функционалдығын кеңейту қажет. Осы мақсатта жүйеге менструалдық циклды бақылау, овуляция мен гормондық өзгерістерді болжау, жүктілікті бақылау сияқты маңызды функцияларды енгізу қажет. Бұл қадам әйелдердің репродуктивті денсаулығын бақылауды жеңілдетіп, ерте диагностика жасауға мүмкіндік береді,скринингтік бақылауларға EGOV жүйесі арқылы ескерту сауалналамын ала алады.Күшті жақтары. Пациент пен дәрігер арасындағы интерактивті байланыс.Денсаулық туралы деректерді орталықтандырылған жүйеде сақтау.Электронды аурухана парақтары және анықтамалар.Әлсіз тұстары.

Репродуктивті денсаулыққа арналған бөлімдердің жетілмегендігі.Менструалдық цикл, жүктілік күнтізбесі, гормондық өзгерістер сияқты функциялардың жоқтығы.Пайдаланушы интерфейсінің әйелдер физиологиясына бейімделмеуі.Денсаулық көрсеткіштерін автоматты талдау жүйесінің болмауы.Бұл олқылықтарды жою "Damumed" жүйесін әйел денсаулығын толық бақылау платформасына айналдыруға мүмкіндік береді.Әйелдер денсаулығын басқарудағы цифрлық технологиялардың рөліӘйелдердің репродуктивті денсаулығы ұлттық денсаулық сақтау саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. 15–49 жас аралығында әйелдерге тән физиологиялық ерекшеліктер, гинекологиялық аурулардың алдын алу, жүктілікке дайындық және жүктілік барысының қауіпсіздігі ұзақ мерзімді бақылауды қажет етеді. Әлемдік зерттеулер әйелдер өз денсаулығын тұрақты қадағалау үшін мобильді қосымшаларды жиі қолданатынын көрсетеді. Мысалы, АҚШ пен Еуропада репродуктивті денсаулыққа арналған мобильді платформаларды қолдану көрсеткіші 60%-дан асады. Цифрлық технологиялар әйелдерге:менструалдық циклды бақылау,овуляция мен гормондық өзгерістерді қадағалау,жүктіліктің апталық дамуын бақылау,қауіпті симптомдарды ерте анықтау,жеке денсаулық күнделігін жүргізу сияқты мүмкіндіктер береді.Қорыта айтқанда Damumed-тың медициналық жазбалар жүйесі ретінде жүктілік, қабылдаулар, диспансерлік бақылау, профилактика сияқты жалпы медициналық қызметтерді жүргізуге қолайлы екенін көрсетеді.Бірақ бұл — “әйелдерге арналған арнайы бағдарлама” емес, “барлық науқастарға арналған мәлімет базасының бөлігі”.Қазақстанда денсаулық сақтау саласын цифрландыру және медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында "Damumed" бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңейту қажеттілігі айқын. "Damumed" бағдарламасын 15–49 жас аралығындағы әйелдердің денсаулығын өз бетімен бақылауға бейімдеуМенструалдық және репродуктивті денсаулық модулін енгізу, оның функциялары:Менструалдық циклды автоматты тіркеу.

Овуляция мен фертильді кезеңдерді болжау. Гормондық өзгерістер күнтізбесі. Дисфункция белгілерін анықтауға арналған интеллектуалды ескертулер. Эндометриоз, ПКЯС (поликистоз) сияқты аурулардың ерте белгілерін бақылау.

Жүктілік кезеңін цифрлық бақылау жүйесі. Жүктілік кезеңінде "Damumed" келесі мүмкіндіктерді ұсына алады:Жүктіліктің апта сайынғы даму динамикасы. УДЗ, талдау нәтижелерін автоматты синхрондау. Қауіпті симптомдар туралы (қан қысымы, салмақ, ісіну, қан кету) смарт-ескерту. Жүктілік бойынша жеке медициналық карта (электронды).

Дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және қауіп факторлары туралы интерактивті жүйе. Босанудан кейінгі кезеңді бақылау. Лактация күнтізбесі. Анемияның алдын алу.

Психикалық денсаулыққа мониторинг (Baby blues, депрессия). Босанудан кейінгі тексерулер графигі. Бұл модуль әйелдерге өз денсаулығы туралы нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.Бұл қадам ана мен бала денсаулығын қорғауда жаңа мүмкіндіктер туғызып, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде медициналық ақпараттың таралуын реттеу халық денсаулығына қауіп төндіретін жалған ақпаратты болдырмауға мүмкіндік береді.Әлеуметтік желідегі медициналық ұсыныстарды реттеу.

Медициналық ақпараттың бақылаусыз таралуы халық денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан келесі шаралар маңызды:1. Нормативтік-құқықтық реттеу. Фейк медициналық ақпаратты заңнамалық деңгейде жауапкершілікке тарту механизмін енгізу.Медициналық кеңес беруге лицензиясы жоқ тұлғаларға шектеу қою.2.

Платформалармен бірлескен бақылау. YouTube және т.б. платформалармен бірлесіп:Медициналық контентті автоматты фильтрлеуМамандардың верификацияланған белгілерін (badge) енгізу. Зиянды кеңестерді жедел бұғаттау жүйесін құру. 3. Дәлелді медицинаны насихаттау.

Халық арасында дұрыс ақпарат көздерін анықтай алу дағдысын қалыптастыру.Денсаулық сақтау министрлігінің ресми Telegram, арналары арқылы сенімді ақпараттың қолжетімділігін арттыру.4. Медициналық инфлюенсерлерді қолдау. Лайықты, білікті дәрігер-блогерлерді тіркеп, ресми мәртебе беру,медициналық дұрыс контент жасағаны үшін гранттар немесе ынталандырулар беру.5. Қате ақпараттың қауіптері:Өзін-өзі емдеуге әкелу. Гормондық препараттарды бақылаусыз қолдану.

Жүктілік кезінде тыйым салынған ем-домдарды пайдалану. Жалған диеталар мен қоспалардың зияны,белгісіз тіркелмеген дәрі-дәрмектерді сату,таратуды тыю қажет.Қауіпті "халықтық" тәсілдер арқылы бедеулікті емдеу әрекеттері. Реттеу механизмдері. 1. Дәрігерлерді ресми верификациялау жүйесі. Әлеуметтік желілерде Қазақстан дәрігерлері үшін арнайы белгілер енгізу.2.

Медициналық контенттің сапасын сараптау орталығын құру. Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан.3. Фейк ақпаратты бұғаттау алгоритмдерін күшейту. Платформалармен меморандумдар арқылы.4.

"Damumed" арқылы сенімді ақпарат тарату арнасын құру. Әйелдер денсаулығына арналған ғылыми негізделген кеңестер.5. Халық арасында цифрлық сауаттылықты арттыруҚандай ақпаратқа сенуге болатынын түсіндіру.6. Цифровизация деңгейіндегі дамуды күшейту. Денсаулық сақтау жүйесінің цифрлық экожүйесін кеңейту қызмет сапасын жақсартады.

Электрондық денсаулық сақтау жүйесін дамыту. Е-денсаулық паспортының бірыңғай платформасын жетілдіру.7. Дәрігерлер арасындағы электрондық мәлімет алмасуды автоматтандыру. Медициналық зерттеу нәтижелерін (рентген, УДЗ т.б.) автоматты түрде цифрлық форматқа көшіру.8.

Телемедицина кеңеюі ауылдық жерлерге арналған: Онлайн консультациялар, қашықтан диагностика,телемедициналық кабинеттер.9.Пациенттердің кезекте тұруын азайту үшін онлайн жазылу жүйесін жетілдіру және ситуациялық орталықтар құру тікелей бақылауға қол жеткізу.10. Жасанды интеллектті енгізу:Диагностикада AI қолдану (рентген, КТ сараптамаларын оқу). Пациенттің жағдайын болжау жүйелері. Ауруханаларда ақылды логистика (кезек, төсек-орын, ресурс жоспарлау).

Цифрлық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық ақпаратты басқару және әйелдер денсаулығын бақылау тәсілдерін дамыту Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, ана мен бала денсаулығын қорғауға оң ықпалын тигізеді.


Полная версия статьи PDF

Номер журнала «Вестник науки» № 12 (93) том 1


Ссылка для цитирования:

Аширбаева Г.А. АНА МЕН БАЛАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ // Журнал «Вестник науки» от 7 декабря 2025 г. № 12 (93) том 1. С. 973 - 980. 2025 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/27117 (дата обращения: 29.11.2026 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/27117



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки © 2025.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ «О противодействии экстремистской деятельности» (далее - Федеральный закон «О противодействии экстремистской деятельности»), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.