'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №2 (23) том 1
  4. Научная статья № 31

Просмотры  117 просмотров

Алтынбай А.Е.

  


ӨНДІРІСТІККӘСІПОРЫННЫҢ САТУ БӨЛІМІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ *

  


Аннотация:
автоматтандырылған ақпараттық жүйелер ақпарат пен адамды және техникалық құралдарды өңдеу процесіне қатысуды болжайды, мұнда басты роль компьютерге негізделген. Қазіргі «ақпараттық жүйе» терминін талқылағанда автоматтандырылған жүйе түсінігі айтылады   

Ключевые слова:
ақпарат, автоматтандырылған ақпарат жүйесі, кәсіпорын, сату бөлімі, ақпаратты қамтамасыздандыру, ақпаратты жабдықтау   


Қазіргі даму кезеңінің ажырағысыз белгісі жаһандандыру және қоғамды ақпараттандыру болып табылады. Қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандыру ақпараттың және ақпараттық технологиялардың мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы рөлін түбірлі өзгертеді. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, оның әлемдік жүйеге интеграциясы ақпараттық технологияларды пайдаланудың масштабы мен сапасына және мамандардың кәсіпкерлік қызметіне тәуелді. Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Ақпараттық жүйе (АЖ) – экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі. Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік – экономикалық және ғылыми – техникалық үрдіс. Осы жағдайда ақпараттың маңызы артады, оның мәртебесі өзгереді – ақпарат бизнестің стратегиялық ресурсы болуда. Осы орайда мекемені басқару тиімділігі көп жағдайда ақпараттық база сапасымен және оны аналитикалық өңдеудің мұқияттылығымен анықталады. Ақпараттық жүйе деп ақпаратты өңдеуге арналған есептеу кешені аталады. Ақпараттык жүйе келесілерден: - компьютерлік құрал-жабдықтан; - программалык камтудан; - мәліметтерден; - қызмет керсетушілер құрамынан (пайдаланушылар, әкімші) құралады. Әлемдік қауымдыққа интеграциялану Қазақстан экономикасын дамыған мемлекеттер үшін жалпы тенденцияларға сәйкес реформалауы тиіс, бұл барлық кезеңдерде ең прогрессивті және қазіргі заман талабына сай ғылым және басқару тәжірибесінің тәсілдерін, соның ішінде маркетингтің жаңа бағыттарын ендіруді білдіреді. Жалпы тақырып мақсаты – кәсіпорынның сату бөлімі қажеттілігін барынша зерттеу мен өндірістің жоғарғы түсімділігін қамтамасыз ету. Осы мақсатқа сәйкес ішкі есеп берудегі ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету, сатып алушы қажеттіліктерін зерттеуде қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру, ағымдағы ақпараттың тиімділігін және оның айқындылығын арттыру, маркетингтік талдауда қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру,  ұсынылатын мәліметтердің нақты және дәл болуын қамтамасыз ету және т.б. есептер шешіледі. Қазіргі кездегі өндірістік кәсіпорындарындағы сату бөлімінің автоматтандырылған ақпараттық жүйелеріне келесідей талаптар қойылады. 1. Іскерлік процесстің барлық операцияларында клиенттердің тапсырыстарының орындалуының толық цикілін, басқару, бұған қоса материалдық ресурстармен қамтамассыздандырылуын бақылау. 2. Қабылданатын басқарушылық шешімдердің сапасын жоғарылату үшін қажетті аналитикалық ақпараттың жедел алынуы. 3. Қазіргі кездегі бюджет жасау технологияларын іске асыру және қажетті ресурстардың бекітілген жобалар мен қызмет бағыттарымен динамикалық байланысын қамтамассыз етуі тиіс. 4. Қатерлерді ескере отырып бизнес-жоспарлау және басқару жүйелерін жасау. 5. Электрондық құжат алмасу және жұмыс ағындарын басқару жүйелерін жасау. Өндірістік кәсіпорындарындағы сату бөлімінің автоматтандырылған ақпараттық жүйелері келесі негізгі қасиеттерге ие: - модульдік, яғни, мекеменің белгілі бір қызмет түрін автоматтандыратын және өзара комплекстелетін ақпараттық жүйені жасап, жекеленген программалық комплекстер бойынша ендіру; - интегрирленуі, мәліметтер және интерфейстер форматтарын ұсыну стандарттары негізінде жалпы мәліметтер базалары арқылы программалық комплекстер арасында ақпараттық алмасуды мүмкін етеді; - бейімделгіштігі, программалық комплекстердің бизнес-процесстерді ұйымдастырудың әртүрлі схемаларына сай келуі; - масштабталуы, автоматтандырылған жұмыс орындарының санының ендірілетін программалық комплекстерге сай өсуі және ақпараттық жүйені қолдану тиімділігін жоғалтпай мекемені кеңейтуге мүмкіндік береді; - құпиялығы, қолданушылардың құзырлық деңгейіне сай ақпараттық жүйеге енуді қамтамасыз ету.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №2 (23) том 1

  


Ссылка для цитирования:

Алтынбай А.Е. ӨНДІРІСТІККӘСІПОРЫННЫҢ САТУ БӨЛІМІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ // Вестник науки №2 (23) том 1. С. 163 - 172. 2020 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/2750 (дата обращения: 23.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/2750



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2020.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.