'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №2 (23) том 3
  4. Научная статья № 2

Просмотры  117 просмотров

Елубаева А.Н., Билялова К.К.

  


ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ *

  


Аннотация:
Мақалада функционалды сауатты тұлға қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді деп тұжырымдаған   

Ключевые слова:
тәлім-тәрбие, функционалды сауаттылық, тұлға, тәрбие, құндылық, өзіндік таным   


Қазақстан жаңа ғасырға дүниежүзі елдері қатарында терезесі тең ел ретінде келіп отыр. Жаңа ғасырды бастаған ұрпақ келер ұрпаққа қарыздар болып қалмас үшін қолдан келген игіліктерді жасайтыны анық. Қашанда білімі мол, рухани байлығы бар халықтың ұл - қыздары ешқашан да жүдемесі хақ. Біздің басты байлығымыз – білім. Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Сондықтан қоғам талабына сай, қоғамды көркейтетін, дамытатын, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы істер байланысында мемлекеттің өркениеті үшін еңбек ететін, шетелдермен еркін ғылыми және мәдени қарым-қатынас жасай алатын, оқығанын өмірде қолдана алатын, ана тілін жетік білетін, ұлтжанды азамат дайындау – бүгінгі ұстаз қауымының басты мақсаты. Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жаса. Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді. Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс-тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс. Біздің ойымша, функционалдық сауаттылық дегеніміз — сапалы білім берудің кепілі [1;2]. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Осыған байланысты 1997 жылдың өзінде-ақ Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту жөніндегі Концепция жобасында адамдардың сауатсыздығын жою еліміздің жалпы орта білім беру жүйесіндегі реформалануға тиісті стратегиялық нысан екендігі атап көрсетілді. Осы мәселені анықтау күн тәртібіндегі негізгі мәселеге айналды. Сараптама нәтижесіне көз салсақ, бiлiм құрылымдарының білім алушыларды қоғамдық- шығармашылық өмiрге араласуына бағытталмағанын байқаймыз. Басқаша айтқанда, дәлел бар да, оның iске асыру жоқ. Содан болар мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзінің жыл сайынғы Жолдауында «функционалдық сауаттылықты арттыруды» негізгі тапсырма етіп жүктеуі бекер емес. Елбасы дұрыс айтады, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет». Аталмыш тапсырманы орындау үшін Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың басшылығымен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған бес жылға арналған Ұлттық әрекет жоспары құрылды. Функционалды сауатты тұлға қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады [2;3]. Заманауи мектептің ең басты міндеті оқушы өмірінің барлық белеңдерінде білім алуға деген құлшынысын қалыптастыру үшін, оған әрбір қадамының маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беруден, тәсілдер мен таным көздерін таңдауда бағдар ұстай білуге үйретуден тұрады. Жалпы қазақ тілі пәнінен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдарманы ұсынуға болады: 1.Оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу; 2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету; 3. Мемлекеттік тілде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау; 4. Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету; 5. Оқушыларды өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету; 6. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы; 7. Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамытуы; 8. Қазақ халқының салт –дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеуге баулу; Халықаралық PISA, TIMSS зерттеулерінің нәтижесі біздің еліміз бойынша төмен нәтижелер көрсетіп тұр. Әлемдегі өзгерістерге сәйкес құндылықтар мен білім маңызын қайта қарауды қажет етеді. Осы мәселелерді шешу үшін мұғалімдердің жұмыс жүйесіне өзгерістер енгізу керектігі туындап отыр. Әлем елдеріндегі білімнің азығы – Сингапур, Жапония, Финляндия елдерінің білім жүйесіндегі ерекшеліктерін бір-бірімен салыстырар болсам, білім сапасын көтеру мәселесі қарастырылатынын көруге болады. Ондағы мақсатым дамыған елдердің басым жақтарымен, әлсіз жақтарын қалай бақылайтынын анықтау болды. Соңғы кезде ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40%-ы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №2 (23) том 3

  


Ссылка для цитирования:

Елубаева А.Н., Билялова К.К. ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ // Вестник науки №2 (23) том 3. С. 11 - 15. 2020 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/2798 (дата обращения: 20.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/2798



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2020.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.