Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо
  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки от 22 марта 2026 г.
  4. Научная статья № 47
Просмотры  11 просмотров

ҒИМАРАТТЫҢ ЖЕЛДЕТУ ЖҮЙЕСІН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ӘЗІРЛЕУ

Аннотация: бұл мақалада ғимараттың желдету жүйесін адамдар санын анықтау негізінде интеллектуалды басқару әдісі қарастырылады. Жүйе SCUD, бейнеаналитика, машиналық оқыту және PLC технологияларының интеграциясына негізделген. Адамдардың кіріп-шығу оқиғалары Dahua контроллері арқылы тіркеліп, Python серверінде өңделеді, ал камера деректері YOLOv8 моделі арқылы талданады. Алынған мәліметтер біріктіріліп, Modbus TCP арқылы PLC контроллеріне жіберіледі және HVAC жүйесі автоматты түрде реттеледі. Ұсынылған тәсіл ауа сапасын тұрақтандырып, энергия тұтынуды азайтады.

Ключевые слова: желдету жүйесі, адамдарды санау, машиналық оқыту, автоматтандыру.

Қазіргі уақытта ғимараттардың инженерлік жүйелерін автоматтандыру және энергия тиімділігін арттыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Желдету жүйелері ішкі микроклиматтың сапасын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, алайда олардың тиімсіз жұмысы энергия шығынының артуына немесе ауа алмасудың жеткіліксіз болуына әкелуі мүмкін. Сондықтан желдету жүйелерін нақты жағдайға бейімдеп басқару қажеттілігі туындайды. Дәстүрлі желдету жүйелері көбінесе тұрақты параметрлер немесе уақыттық кестелер бойынша жұмыс істейді және ғимараттағы адамдар санының өзгеруін ескермейді.

Осыған байланысты интеллектуалды басқару әдістерін қолдану ұсынылады. Бұл мақалада адамдар санын анықтау негізінде желдету жүйесін басқару әдісі қарастырылады. Жүйеде SCUD контроллері мен бейнеаналитика деректері біріктіріліп, Python серверінде өңделеді және Modbus TCP арқылы PLC контроллеріне беріледі. Нәтижесінде HVAC жүйесі автоматты түрде реттеліп, энергия тиімділігі мен микроклимат сапасы қамтамасыз етіледі.

Бағдарламалық бөлікті іске асыру. Жүйенің негізгі элементтері Python сервері, SCUD контроллері, машиналық оқыту модулі және PLC контроллері болып табылады. Бұл компоненттер Modbus TCP протоколы арқылы өзара байланысады. SCUD оқиғаларын қабылдау Жүйеде Dahua ASC2204B-S контроллері қолданылды.

Контроллер RFID карталарын оқу және есік күйін бақылау арқылы адамдардың кіріп-шығу оқиғаларын тіркейді. Python сервері NetSDK кітапханасының көмегімен контроллерден келетін оқиғаларды қабылдайды және оларды өңдейді. Кесте 1. Контроллерден түсетін негізгі оқиғалар: Адам санын есептеу алгоритмі.

Адам санын анықтау үшін кіріс және шығыс оқиғалары талданады. Егер жүйе картамен кіру оқиғасын анықтаса, адамдар саны бір бірлікке артады. Ал шығу батырмасы басылған жағдайда адамдар саны бір бірлікке азаяды. Алгоритмнің қарапайым логикасы төменде көрсетілген: if event == IN: people += 1. elif event == OUT: people -= 1.

Сонымен қатар жүйеде жалған сигналдарды болдырмау үшін tailgating және debounce сүзгілері қолданылды. Modbus TCP серверін іске асыру. Python ортасында pyModbusTCP кітапханасы арқылы Modbus TCP сервері іске асырылды. Бұл сервер PLC контроллерімен деректер алмасуды қамтамасыз етеді.

Кесте 2. Жүйеде келесі Modbus регистрлері қолданылады: PLC контроллерімен байланыс Жүйеде Kinco CPU606EA бағдарламаланатын логикалық контроллері қолданылды. PLC Modbus TCP клиенті ретінде Python серверіндегі регистрлерді оқиды. ML модулі.

Жүйеде адамдар санын анықтаудың екінші дереккөзі ретінде бейнеаналитика қолданылды. Камерадан алынған бейне OpenCV кітапханасы арқылы өңделеді және модель әр кадрдағы адамдар санын анықтайды. ML модулі келесі нәтижені қалыптастырады: people_ml = results[0].boxes.cls.tolist().count(0).Алынған people_ml мәні Modbus регистріне жазылып, PLC арқылы HVAC басқару алгоритмінде қолданылады. Сурет 5.5. main_server.py скриптінің оқиғаларды қабылдау нәтижесі.

PLC бұл деректерді өңдеп, желдету жүйесінің (HVAC) басқару логикасына енгізеді: клапандарды ашу/жабу, ауа беру деңгейін арттыру немесе азайту, энергия үнемдеу режимін іске қосу. Жүйе Kinco CPU606EA контроллерінде жүзеге асқандықтан, байланыс Modbus TCP хаттамасы арқылы орындалады. PLC-нің байланыс параметрлері Сурет 1–да көрсетілген. Сурет 1.

PLC Kinco CPU606EA контроллерінің Ethernet арқылы қосылуы. PLC-ге қосылу параметрлерін орнату. KincoBuilder бағдарламасында PLC-нің IP мекенжайы, маска және шлюз параметрлері дұрыс орнатылуы қажет.Біздің жобада PLC келесі параметрлермен жұмыс істейді, кесте 1 көрсетілген: PLC-де Modbus TCP сервері 502 немесе 503 порттарында тыңдайды. Python қолданбасы өз Modbus серверін 1502 портында іске қосады.

PLC клиент ретінде Python серверіне қосылып отырады. PLC-дегі Modbus оқуды ұйымдастыру. PLC Kinco Modbus TCP клиенті ретінде Python Modbus серверіндегі регистрлерді оқиды. Бұл процесс KincoBuilder бағдарламасындағы TCP_MBUSR функционалды блогы арқылы жүзеге асады.

Функционалды блоктың орналасуы және параметрлері Сурет 2–де берілген. Сурет 2. Kinco PLC-дегі TCP_MBUSR блогының конфигурациясы.


Полная версия статьи PDF

Номер журнала «Вестник науки» № 3 (96) том 4


Ссылка для цитирования:

Таупыхов А.Д., Бәзіл Г.Д. ҒИМАРАТТЫҢ ЖЕЛДЕТУ ЖҮЙЕСІН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ӘЗІРЛЕУ // Журнал «Вестник науки» от 22 марта 2026 г. № 3 (96) том 4. С. 404 - 409. 2026 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/29392 (дата обращения: 29.11.2026 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/29392



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки © 2026.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ «О противодействии экстремистской деятельности» (далее - Федеральный закон «О противодействии экстремистской деятельности»), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.