'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №4 (25) том 1
  4. Научная статья № 2

Просмотры  288 просмотров

Дюсенбаева Г.И.

  


БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ *

  


Аннотация:
Мақалада бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру теориялық - әдіснамалық негіздері қарастырылған. Функционалды сауатты тұлға қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті білім алып заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді деп тұжырымдаған   

Ключевые слова:
тәлім-тәрбие, функционалды сауаттылық, тұлға, тәрбие, құндылық, өзіндік таным   


Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру теориялық - әдіснамалық негіздер алға қойылып отырған келелі мәселенің бастау көздерін танытады. Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мынадай міндеттер туындайды: - бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын жүйе ретінде танысақ, онда ол жүйенің құраушы бөлшектерін анықтау керек; - бастауыш мектепте оқылатын әрбір жеке пән бойынша еліміздегі және осы бағытта қарастырылған шетелдік тәжірибені талдап - тану керек; - бастауыш мектеп оқушылары алған білімін өмірлік дағдысында тиімді пайдалана алу машықтарын қалыптастыру керек. Негізінде, берілген мәселе бойынша осы кезге дейін жарық көрген әдебиеттерді талдау барысында, көп ретте, «функционалдық сауаттылық», «функционалдық сауатты тұлға», «негізгі құзыреттер», «жалпы білімдік біліктер» сияқты ұғымдардың көбірек талдауға түсірілетіні байқалады. Негізінде, «функционалдық сауаттылық» термині өзінің 1957 жылы ЮНЕСКО енгізен уақытынан бастап «сауаттылық» және «минималды сауаттылық» ұғымдарымен қатар қолданысқа түсіп келеді. Осылардың әрқайсысына жеке-жеке түсініктеме беріп тоқталып кету жөн болмақ. 1) Сауаттылық дегеніміз – оқу, жазу, санау және құжаттармен жұмыс жасай алу дағдылары. 2) Минималды сауаттылық дегеніміз – қарапайым хабарламаларды оқу және жазу дағдылары. 3) Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адам өзінің оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасауда қолдана білу қабілеті, яғни адамға өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін және сол ортаға барынша тез әрі жайлылықпен бейімделуіне жағдай туғыза алатын сауаттылық деңгейі. Бұл деңгейде адам мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты, мәлім іріктеп алуы үшін және сондай ақпаратты басқаларға жеткізе алуы үшін қажетті болатын қабілеттер қалыптасады Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым - қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. «Функционалдық сауаттылық» ұғымына қатысты мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы), Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, пәндік сауаттылық, функционалды сауаттылық, оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың игерген құзіреттіліктеріне байланысты ғалымдардың жүргізілген зерттеулерді қарастыра келе, бүгінгі таңда отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде «функционалдық сауаттылық» ұғымын қолдануда бірізділік жоқ екені байқалды. Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге  ұсынылған бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі тілдік сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес келе бермейді. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ұлттық жүйеден – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу мәселесі. 2012- 2015 жылда да PISA, TIMSS және PIRLS сияқты халықаралық зерттеулер өтеді.[3] Білім берудегі бәсекеге қабілеттіліктің артуы ,сапалы білім беруді қамтамасыз ету жолында сапалы білім беруге қолжетімділікте адами капиталды дамыту үшін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Білім берудің жаңаша мазмұнының нормативтік базасы ҚР мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары болып табылады. Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жаса. Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді. Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен  әлеуметтік іс-тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс. Біздің ойымша, функционалдық сауаттылық дегеніміз — сапалы білім берудің кепілі. Функционалды сауатты тұлға қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады Заманауи мектептің ең басты міндеті оқушы өмірінің барлық белеңдерінде білім алуға деген құлшынысын қалыптастыру үшін, оған әрбір қадамының маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беруден, тәсілдер мен таным көздерін таңдауда бағдар ұстай білуге үйретуден тұрады. Сонымен қорытындылай келе біз төмендегідей тұжырымға келе отырып, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын, жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, компьютерлік сауаттылығын, денсаулық мәселесіндегі сауаттылықты, құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. 

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №4 (25) том 1

  


Ссылка для цитирования:

Дюсенбаева Г.И. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ // Вестник науки №4 (25) том 1. С. 10 - 14. 2020 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/2952 (дата обращения: 29.03.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/2952



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2020.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.