МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ІШКІ НАВИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІ ӘЗІРЛЕУ
Аннотация: бұл мақалада ғимарат ішіндегі навигация мәселесін шешуге арналған интеллектуалды жүйені әзірлеу қарастырылады. GPS технологиясының жабық кеңістіктерде тиімсіздігіне байланысты, ішкі навигацияны ұйымдастырудың балама тәсілдері зерттеледі. Жұмыста QR-кодтарды пайдалану арқылы пайдаланушының орналасқан жерін анықтау және Dijkstra алгоритмі арқылы ең қысқа маршрутты есептеу әдістері ұсынылған. Сонымен қатар, машиналық оқыту әдістерін қолдану арқылы пайдаланушының қозғалыс деректерін талдау және ең ықтимал бағыттарды болжау жүзеге асырылады. Жүйе Flask веб-фреймворкі негізінде жүзеге асырылып, тәжірибелік түрде тексерілді.
Ключевые слова: ішкі навигация, машиналық оқыту, QR-код, Дейкстра алгоритмі, веб-жүйе, интеллектуалды жүйе.
Кіріспе. Қазіргі уақытта навигациялық жүйелер адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Дегенмен, GPS сияқты технологиялар ғимарат ішінде дәл және тұрақты жұмыс істей алмайды. Бұл мәселе әсіресе университеттер, әуежайлар, сауда орталықтары сияқты күрделі құрылымды ғимараттарда айқын көрінеді. Осыған байланысты ішкі навигация жүйелерін дамыту маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Соңғы жылдары бұл салада QR-кодтар, Bluetooth маяктар және Wi-Fi негізіндегі шешімдер кеңінен қолданылуда.Бұл мақалада ішкі навигация жүйесін құру үшін QR-кодтарды қолдану ұсынылады, себебі олар арзан, орнатуға жеңіл және арнайы құрылғыларды қажет етпейді. Сонымен қатар, машиналық оқыту әдістерін енгізу арқылы жүйенің зияткерлігін арттыру қарастырылады. Ішкі навигация жүйесінің архитектурасы. Ұсынылған жүйе клиент–сервер архитектурасына негізделген және бірнеше негізгі компоненттен тұрады: пайдаланушы интерфейсі (веб-қосымша), серверлік логика (Flask), маршрутты есептеу модулі (Dijkstra алгоритмі), карта деректері (map.json), машиналық оқыту модулі, QR-код генерациялау жүйесі. Бағдарламалық жүзеге асыру және жүйені тестілеу нәтижелері. Жүйе бағдарламалық тұрғыда Python бағдарламалау тілінде жүзеге асырылды.
Python таңдалу себебі — оның қарапайым синтаксисі, көп кітапханалар қоры және веб-қосымшалар мен машиналық оқыту модельдерін тез біріктіруге мүмкіндік беруі. Жоба Flask микрофреймворкі негізінде әзірленген, ол серверлік логиканы іске асырады және HTML-шаблондар арқылы пайдаланушы интерфейсімен өзара байланыс орнатады. Flask сервері желіде host=«0.0.0.0» параметрімен іске қосылады, сондықтан ол бір желідегі кез келген құрылғыдан (мысалы, телефоннан) ашыла алады. Төмендегі 1 кестеде қолданылған бағдарламалар берілген.
Жүйеде бірнеше программалау тілі, әртүрлі функциялар мен файлдар қолданылғасын оларды біріңғай қолдануына байланысты файлдарға бөліп каталог жасадым. Кесте 1. Ішкі навигация жүйесін құру кезіндегі қолданылған бағдарламалар. Төмендегі 1 суретте жүйе каталогы бейнеленген. Сурет 1.1.
Жүйе каталогы. `main.py` — барлық модульдерді байланыстыратын негізгі басқарушы файл. Flask сервері келесі негізгі маршруттардан тұрады: Төмендегі 2 кестеде Flask серверінің маршруттары берілген.Мысалы, басты маршруттың коды: @app.route(/). def index(): points, graph = load_map(). start_value = request.args.get(start, ). return render_template(«index.html»,points=points,start_value=start_value). Бұл код URL-дегі «?start=A1» параметрін оқып, пайдаланушы тұрған нүктені автоматты түрде «Бастапқы нүкте» өрісіне енгізеді. Кесте 2. Ішкі навигация жүйесін құру кезіндегі қолданылған Flask серверінің маршруттары.
HTML бет қолданушыға қарапайым әрі түсінікті интерфейс ұсыну үшін жасалған. Пайдаланушы тек үш әрекет орындайды: 1) QR кодты сканерлейді, 2) бастапқы нүкте автоматты түрде анықталады, 3) «ұсынылған бағыт» пайда болады немесе мақсат енгізіп, «Маршрут құру» батырмасын басады. Төмендегі 2 суретте жүйенің қолданушыға арналған интерфейсі бейнеленген. Сурет 2.
Жүйе интерфейсі. JavaScript арқылы «бастапқы нүкте» өрісі өзгерсе — Flask серверге AJAX сұранысы жіберіледі: document.getElementById(«start»).addEventListener(«change», function () {. const startValue = this.value.trim(), const suggestionBox = document.getElementById(«suggestion»), if (!startValue) {. suggestionBox.textContent = ««, return, }. fetch(`/predict_ajax?start=${encodeURIComponent(startValue)}`). .then(res => res.json()). .then(data => {. if (data.prediction) {. suggestionBox.textContent =. `Ұсынылған бағыт: ${data.prediction}`,}}),}), Нәтижесінде, қолданушы еш батырма баспай-ақ ұсынылған бағытты көреді. Бұл жүйенің интеллектуалды көмекші сипатын айқындайды. routes.py файлы ең қысқа бағытты есептеу үшін Dijkstra алгоритмін қолданады. Алгоритм графтың барлық нүктелерін қарап, қашықтығы аз бағытты таңдайды және нәтижесінде ең тиімді маршрутты қайтарады.
Мысалы: path, cost = dijkstra(graph, start_id, end_id). return render_template(«route.html», path=path, cost=cost). Маршруттың нәтижесі `route.html` бетінде көрінеді, онда пайдаланушы таңдаған бағыт және оның ұзындығы көрсетіледі. QR кодтар `qrcodes.py` модулінде `qrcode` кітапханасы арқылы жасалады. Олар белгілі бір нүктеге бекітіліп, URL параметрі ретінде `?start=` мәнін қамтиды.
Мысалы, «Кіру есігі» үшін: url = «http://10.81.124.132:5000/?start=A1». img = qrcode.make(url). img.save(«static/qrcodes/kiru_esigi.png»). Телефон арқылы бұл QR сканерленгенде Flask сайты ашылып, «Бастапқы нүкте» өрісі автоматты түрде толтырылады. Модель пайдаланушылардың жинақталған маршруттар деректеріне сүйеніп үйретіледі. `user_routes.csv` файлы оқылады және LabelEncoder көмегімен әрбір нүкте (мысалы, A1, C1, D1) сандық мәнге түрлендіріледі. Модель: from sklearn.ensemble import RandomForestClassifier. model = RandomForestClassifier(n_estimators=100, random_state=42). model.fit(X, y).
Болжам жасау кезінде: pred = model.predict([code]). predicted_point = enc_end.inverse_transform(pred)[0]. Алынған нәтиже Flask арқылы интерфейске жіберіліп, « Ұсынылған бағыт: Әжетхана» түрінде көрсетіледі. Тестілеу оқу ғимаратының тек бір блогы бойынша бойынша жүргізілді. Маршрутты бірнеше нүктелер арасында құрып, әр бағыт `user_routes.csv` файлына тіркеліп отырды.
Модель осы деректерге негізделіп қайта үйретілді. Төмендегі 3 кестеде жүйенің дәлдігі берілген. Кесте 3. Ішкі навигация жүйесінің машиналық оқытуын тестілеу нәтижелері және оның дәлдігі берілген. Жалпы дәлдік (Accuracy) 85–90% қамтыды.
Нәтиже жүйенің пайдаланушы деректеріне бейімделіп үйренетінін көрсетті. Қолданушы кіру есігінің қасындағы QR код сканерленген соң біздің жүйемізге кіреді және автоматты түрде бастапқы күктесі яғни нақты тұрған жері шығады. Басқа қолданушылар көбіне сол жерден әжетханаға маршрут құрған соң, біздің машиналық оқытуымыз автоматты түрде « Ұсынылған бағыт: Әжетхана» деген маршрутты құруға ұсынады. Қолданушы басқа жерді іздестірсе өзге маршрутты таңдай алады. Керекті нүктені таңдаған соң бізде картамыз ашылады, және ең қысқа бағыт тізім түрінде және ұзындығымен бірге көрсетіледі. Машиналық оқытуымыз ағымдағы мәліметтерді қайдан алып отырғанан және қандай мәліметтер сақтап тұрғаның көре аламыз, ол үшін басты беттегі статистика батырмасын таңдаймыз.
Төмендегі 3 суретте жүйенің қолданушыға арнап құрған маршруты және қашықтығы бейнеленген. Сурет 3. Жүйеміз құрған маршрут. Төмендегі 4 суретте жүйенің машиналық оқыту алатын деректері, олардың график түрінде бейнеленген статистикасы көрсетілген.
Сурет 4. Статистика беті. Осы тарауда Flask негізіндегі интеллектуалды навигация жүйесінің бағдарламалық жүзеге асырылуы мен тест нәтижелері қарастырылды. Жүйе QR-кодтарды сканерлеу арқылы пайдаланушы орнын анықтап, Dijkstra алгоритмімен ең қысқа бағытты есептейді, сондай-ақ RandomForestClassifier моделінің көмегімен келесі ықтимал бағытты болжайды.
Тест нәтижелері көрсеткендей, жүйе жұмыс барысында жинақталған деректерге бейімделіп, болжау дәлдігін арттыра алады. Жобаның архитектурасы қарапайым, икемді және нақты ғимарат жағдайларына бейімдеуге оңай.
Полная версия статьи PDF
Номер журнала «Вестник науки» № 4 (97) том 1
Ссылка для цитирования:
МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ІШКІ НАВИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІ ӘЗІРЛЕУ // Журнал «Вестник науки» от 5 апреля 2026 г. № 4 (97) том 1. С. 615 - 623. 2026 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/29584 (дата обращения: 29.11.2026 г.)
Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/29584
Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com
