Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо
  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки от 12 апреля 2026 г.
  4. Научная статья № 96
Просмотры  6 просмотров

ТЕХНИКАЛЫҚ КӨРУДІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ӨНЕРКӘСІПТІК РОБОТЕХНИКАЛЫҚ КЕШЕНДІ: БАСӨАРУ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ӘЗІРЛЕУ

Аннотация: мақалада техникалық көру жүйесін өнеркәсіптік роботтарды басқаруға енгізу тәсілдері қарастырылады. Бұл технология роботтарға объектілерді тану, координаттарын анықтау және нақты уақытта шешім қабылдауға мүмкіндік береді.Зерттеуде өндірістегі тиімділік пен сенімділікті арттыру жолдары талданып, түрлі салалардағы қолдану мысалдары мен ROS-Industrial сияқты шешімдер қарастырылған. IBVS, PBVS әдістері және PLC/SCADA жүйелерімен біріктіру, сондай-ақ қауіпсіздік стандарттары сипатталады.Нәтижесінде техникалық көру өнімділікті арттырып, қателіктерді азайтып, Industry 4.0 жүйесінде маңызды рөл атқаратыны көрсетілген.

Ключевые слова: техникалық көру, робототехникалық кешендер, визуалды сервобасқару, өнеркәсіптік автоматтандыру, қауіпсіздікті стандарттау, қауіпсіздік стандарттары, интеграцияланған шешімдер, жасанды интеллект.

Кіріспе. Ағымдағы заманның өнеркәсіптік өндірісі жаңа сапалы деңгейге көтеріліп жатыр, бұл процесс «Индустрия 4.0» ұғымымен және зияткерлік автоматтандыру жүйелерінің өркендеуімен тығыз байланысты. Осы технологиялардың арасында техникалық көру (technical vision немесе machine vision) айрықша орын алады. Ол машиналар мен роботтарға сыртқы ортаны суреттер арқылы тануға, заттарды ажыратуға және нақты уақытта шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұл адам көру қабілетінің автоматтандырылған баламасы ретінде өндіріс жүйелерін икемді, дәл және тәуелсіз етеді. Қазіргі таңда тезникалық көру автомобиль жасау, электроника, металл өңдеу, тағам және фармацевтика салаларында кеңінен қолданылады. Мысалы, автомобиль өнеркәсібінде көру жүйелері бөлшектерді тану және орналастыру, дәнекерлеу тігістері дәл бақылау үшін пайдалынады. Электроника өндірісінде олар микросхемаларды сәкестендіру мен сапаны тексеруде маңызды рөл атқарады. Ал фармацевтика мен тағам өнеркісібінде өнімнің таңбалануын, оралу сапасын және бөтен бөлшектердің болмауын бақылайды. [1].

Методология. Қайда және не үшін қолданылады. Техникалық көру жүйелері бүгінгі өнеркәсіптің барлық дерлік салаларында көп қолданылады. Бастымақсаты - адамның көру шабылын алмастырып, өндіріс барысын автоматтандыру, нақтылықты үдету және қателік мүмкіндігін кеміту. Мұндай құрылымдар роботтарға бейне арқылы заттарды тануға, олардың мекенін белгілеуге және нақты сәтте іс-әрекет етуге мүмкіндік береді.. [2].

Машина жасау саласында көру жүйелері бөлшектерді тану мен орналастыру, дәнекерлеу сапасын тексеру және өлшемдік сәйкестікті қадағалау үшін қолданылады. Мысалы, BMW және Toyota зауыттарында 3D камералар арқылы дәнекерлеу тігісінің бағдары бақыланып, робот траекториясы өздігінен түзетіледі. Бұл өндіріс сапасын жоғарылатып, кемшіліктер санын азайтады. Электроника өндірісінде микросхемаларды нақты сәйкестендіру мен сапаны тексеру міндеттері шешіледі.

Sony және Samsung компанияларында камералар компоненттерді орналастыру және дәнекерлеу сапасын бақылайды, бұл микрондық дәлдікті қамтамасыз етеді.[5][8]. Металл өңдеу мен машина жасау саласында көру жүйелері жайындамаларды тану, пішінін өлшеу және өңдеу траекториясын түзету үшін енгізілген. Мұндай тәсіл роботтарға күрделі геометриялық нысандармен өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Логистика мен қойма жүйелерінде көрі модульдері жүктерді тану және сұраптау міндеттерін шешеді.

Amazon Robotics тәжірибесінде камералар мен бейне алгоритмдер қораптардың өлшемдері мпен бағытын есептеп, роботтарға дәл қозғалыс береді. Сондай-ақ, энергетика мен мұнай-газ саласында техникалық көру қауіпсіздік пен ақау диагностикасында қолданылады. Камералар құбырлар мен дәнекер тігістеріндегі жарықшақтарды, ағып кетуді немесе температуралық өзгерістерді анықтап, операторға сигнал береді. Бұл адам қатысуын азайтып, қауіп деңгейін төмендетеді. [2].

Сурет 1. Техникалық көрудің қолдануының көтерілу графигі. Интеграцияланған шешімдер. Қазіргі заманғы өнеркәсіптік роботтық кешендерде техникалық көру жүйелері көпжағдайда дайын интеграцияланған платформалар ретінде енгізіледі. Мұндай шешімдер камераларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді және басқару контроллерлерін бір жиынтыққа қосып, монтаждау мен қолдануды оңайлатады. Әлемдік жетекші фирмалар– FANUC, ABB, KUKA, Cognex, және Keyence - өз өндіріс желілеріне арналған ішкі көру модульдерін ұсынады, олар роботпен және PLC жүйелерімен тікелей байланыса алады.

FANUC iRVision жүйесі толықтай робот контроллерімен біріктірілген және қосымша сыртқы қондырғыларды талап етпейді. Ол нысандарды 2D және 3D форматта тануға, олардың координаттарын табуға және қозғалыс бағытын түзетуге мүмкіндік береді. iRVision жиі бөлшектерді сұрыптау, паллеттеу және сапаны көрнекі тексеру істерінде пайдаланылады.[5]. ABB Integrated Vision жүйесі де ұқсас принциппен жұмыс істейді және RobotStudio бағдарламалық ортасында бейнелерді өңдеу мен робот қозғалысын үйлестіреді. Бұл жүйе операторға визуалды интерфейс арқылы нысандарды анықтау аймағын және роботтың әрекетін жылдам орнатуға мүмкіндік береді.

Интеграция процесі жеңілдетілгендіктен, жүйе жиі шағын жәгне орта кәсіпорындарда қолданылады. [6]. KUKA.VisionTech шешімді өндірістегі күрделі тапсырмаларға бағытталған. ОЛл Ол жоғарғы ажыратымдылықтағы камералар арқылы нысандарды таниды, олардың орнын наұты таниды және сапасын бағалайды. KUKA жүйесі OCR/OCV функцияларын қолдап, өнімдегі таңбаларм мен кодтардың дұрыстығын автоматты түрде бақылай алады. [7].

Жүйенің архитектурасы және жұмыс принципі. Техникалықкөрінісжүйесін өнеркәсіптік роботтық жиынтықтарға қосу күрделі көп сатылық ұрылымды талап етеді, себебі мұнда механикалық, электрлік және бағдарламалық бөліктер бір тұтас кеңістікте өзара әрекеттеседі.Мұндай жиынтықтардың басты мақсаты -сыртқы әлемді сурет түрінде қабылдау және сол деректерге сүйене отырып роботтың қимылынб ақылау. [1]. Құрылым үш негізгі сатыдан тұрады. Алғашқы саты – сезу қатынасы, мұнда бақылау сенсорлары, яғни түсіруіштермен жарықтандыру топтамалары болады. Түсіруіштер нысандардың суретін жинайды, ал жарықтандыру жабдығы айырмашылықпен айқындықты тұрақты сақтайды.[1].

Екінші саты – ақпараттық өңдеу қабаты, мұнда бейнелер цифрлық түрде өңделіп, нақты мәліметтерге аналады. Бұл кескіннен шулар алынып, нысандардыңі контурлары, бұрыштары және координаттары анықталады. [1]. Үшінші саты – басқару және әрекет ету қабаты. Мұгда өңделген ақпарат негізінде роботтың қозғалысы қалыптасады. Алынған координаттар робот контроллеріне немесе PLC жүйесіне беріледі, ал ол өз кезегінде қозғалтқыштарға сигнал жіберді.[1].

Жүйенің құрылымы тек бағдарламалық жалғаумен шектелмейді, сонымен қатар физикалық үйлестіругеде байлаулы. Камералар мен робот басқарушылары нақты уақыттық Ethernet немесе Modbus, BACnet секілді протоколдар арқылы қосылады.[1] [6]. Нәтижелер. Алгоритмдыұқ және инженерлің шешімдер.

Техникалық көру жүйелерінің тиімділігі көпжағдайда қолданылатын алгоритмдер мен инженерлік тұтастыру сапасына байланысты. Камерадан алынған бейнелер басында күрделі, шулы және жарық жағдайына тәуелді сигнал түрінде болады. Сол себепті деректер алдын ала өңдеуден өтеді. Бұл сатыда сүзу, контрастты теңестіру, морфологиялық әрекеттермен шеттерді тану әдістері қолданылады.[2].

Бейнелерді өңдеуден кейінгі басты мұрат - нысанды ажырату және оның кеңістіктегі координаталарын есептеу. Егер система қарапайым геометриялық элементтер мен іс атқарса, дәстүрлі геометриялық сәйкестендіру тәсілдері жетеді. Ал күрделі және өзгерген нысандарды тану қажет болғанда, нейрондық тораптармен машиналық үйрену жолдары қолданылады. [8][9]. Қазіргі инженерлік тәжірибеде бақылау жүйелері көбіне MATLAB, Python және C++ тілдерінде жасалады. MATLAB ортасында сурет талдау мен робот траекториясын үлгілеу қолайлы болса, Python экожүйесінде OpenCV және TensorFlow кітапханалары нақты өндіріс жағдайларына бейімделген[8]. Қауіпсіздік, тұрақтылық және болашақ.

Техникалық көру жүйелерін өнеркәсіптік робототехникалық кешендерге енгізу кезінде қауіасіздік пен жүйенің тұрақты жұмысы басты назарда болады. Робот пен адам бір ортада әрекет ететін жағдайларда, қателік немесе кідіріс елеулі салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан халықаралық ұйымдар қауіпсіздікке арналған бірқатар стандарттар мен нұсқаулықтарды әзірлеген. Олардың ішінде ISO 10218 және ISO/TS 15066 ең маңыздысы саналады. [3] [4].

Жүйенің тұрақтылығына келсек, техникалық көрудің сенімді жұмыс істеуі көптеген факторларға байланысты. Камераның фокустан шығуы, жарықтың өзгеруі, шағылысу мен көлеңкелер, сондай ақ шаң немесе діріл сияқты механикалық әсерлер жүйенің дәлдігіне теріс ықпал етуі мүмкін. [8][2]. Басқару тұрғысынанда тұрақтылық маңызды рөл атқарады. Көру жүйесі мен робот контроллері арасындағы ақпарат алмасу нақты уақыт форматында, миллисекундтық кешігусіз орындалуы қажет.

Бұл үшін өнеркәсіптік Ethernet хаттамалары қолданылады. Ал бағдарламалық деңгейде жүйенің орнықтылығын PID-бақылаушылар немесе fuzzy logic негізіндегі икемді реттеу іштер қамтамасыз етеді. Қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелерін шешу тек техникалық жабдықтарға ғана емес, сонымен қатар бағдарламалық диагностикаға да сүйенеді. [2] [8] [9]. Қорытынды. Техникалық көру жүйелерінің өнеркәсіптік роботтық кешендерге қосылуы қазіргі заманғы өндірістің негізгі бағыттарының біріне айналды. Осы зерттеу аясында техникалық көру жүйелерінің роботтармен бірге пайдаланылуы, олардың құрылымдық ерекшеліктері, іске қосу принциптері мен есептік әдістері толықтай қарастырылды.

Техникалық көру тек көзбен бақылауды қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ жүйелердің өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін жоғарылатып, өндіріс үдерістерінің нақтылығын, өнімділігін және қауіпсіздігін елеулі түрде жақсартады. Зерттеу барысында қарастырылған әдістер мен шешімдер техникалық көрудің өнеркәсіптік робототехниканы дамытудағы маңызды рөлін көрсетеді. Бұл технологиялар өндіріс процестерін оңтайландыру, сапаны бақылау және қауіпсіздікті арттыру бағытында айтарлықтай жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Аталған бағыттар алдағы уақытта дамып, интеллектуалды көру жүйелерінің өнеркәсіптік революцияға қосар үлесін күшейте түседі.


Полная версия статьи PDF

Номер журнала «Вестник науки» № 4 (97) том 2


Ссылка для цитирования:

Альмухамбетов У.М., Сагындыкова Ш.Н. ТЕХНИКАЛЫҚ КӨРУДІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ӨНЕРКӘСІПТІК РОБОТЕХНИКАЛЫҚ КЕШЕНДІ: БАСӨАРУ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ӘЗІРЛЕУ // Журнал «Вестник науки» от 12 апреля 2026 г. № 4 (97) том 2. С. 828 - 835. 2026 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/29733 (дата обращения: 29.11.2026 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/29733



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки © 2026.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ «О противодействии экстремистской деятельности» (далее - Федеральный закон «О противодействии экстремистской деятельности»), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.