Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо
  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки от 19 апреля 2026 г.
  4. Научная статья № 64
Просмотры  16 просмотров

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ TBL (TEAM BASED LEARNING) ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Аннотация: в научной статье анализируется командное обучение (TBL) - это метод активного обучения, также известный как стратегия преподавания, который предполагает приобретение концептуальных знаний посредством последовательных действий, использования индивидуальных навыков работы и немедленной обратной связи. Командное обучение (TBL) - это стратегия активного обучения, предназначенная для большого количества студентов, под руководством преподавателя и разделенных на группы.

Ключевые слова: команда, стратегия, әдіс, белсенділік, басымдық.

Кіріспе. ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиялар адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналған ғасыр. Бүгінгі жаһандану заманында қоғам жалпы цифрландыруға көшіріліп, адамдар құрылғылардың көмегімен көптеген жетістіктерге жетуде. Сонымен қатар адам санасы да біршама өзгеріп, жаңа қоғамға қарай нық адымдап келеді деп сеніммен айтуға болады.

Осыған орай, командалық әдістерді пайдалана отырып, қазақ тілін smart-технологиялар арқылы оқытуды жетілдіру бағытында оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқулықтар жасалуда. TBL (Team-based learning) –1990 жылдардың басында Америка құрама штаттарындағы Оклахом университетінің атақты профессоры Ларри Микаэльсен ойлап тапқан, оқу аудиториядағы білім алушылардың топтық жұмыс жасауға дағдыландыруға арналған командалық оқыту әдісі болып табылады. 2001 жылдары Америка федералдық грант агенттігі медико-санитарлық пәндер оқытушыларына, білім беру бағдарламаларында командалық оқытудың стратегиясын қолдануға мүмкіншіліктер берді. Бүгінде 60-тан астам Америка және басқа да халықаралық оқу ордаларында кеңінен пайдаланылатын әдіс түрі. TBL (Team-based learning) командалық әдісі PBL (Problem-based Learning) проблемалық оқыту әдісінен түбірімен өзгеше болып келеді, сонымен қатар, аз білім алушылардан құралған командаларға бір оқытушы мен бір аудитория ғана қажет.

Аталған оқыту әдісі бойынша өткізілетін сабаққа білім алушылар дайындықпен келеді және «Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін» қағидасын ұстанады. Яғни, топтың атынан жауап бергенде берген жауабының нақтылығына, өзектілігіне, өнімділігіне назар аударуы қажет. Себебі, бір команда үшін бір қатысушы жауап береді. Оқытушы өз пәнін жетік білуі қажет, алайда сәтті командалық жұмыс атқару үшін топпен жұмыс жасау ептілігі міндетті емес.

Студенттер ұжыммен жұмыс барысында қатып қалған қағидаға бағынбайды, топтық бірлестікте жұмыс жасау тиімділігіне машықтанады. TBL (Team-based learning) командалық әдісін дәріс курстарын немесе оқыту бағдарламаларын толығымен ауыстыруға және толықтыруға болады. Негізгі бөлім. Командалық оқыту дегеніміз не?

TBL (Team-based learning) командалық оқыту әдісі – белсенді оқыту түрі, сонымен қатар, бірізді әрекеттер көмегімен, жеке дара жұмыс істеу машығын қолдана отырып, жедел кері байланысы бар концептуалды білімді меңгерту білім беру стратегиясы болып табылады. Бұл әдісті білім алушылар саны көп (100 студент) немесе академиялық топтарда (студент саны -25) қолдануға болады. Аталған әдістеме бойынша студент саны көп топтардан 5-7 студенттен құралатын бірнеше топтарға бөлуге болады. TBL (Team-based learning ) командалық оқыту әдісі бойынша үш негізгі сипат басшылыққа алынады: - Студенттің сабақ бойынша өзіндік дайындығы жоғары дәрежеде болуы, - Жеке және топтық тексеру тестілеуінен өтуі, - Аудиториядағы уақыттың көбі практикалық тапсырмаларға командалық дайындалуға және командалық шешім қабылдауға кетуі.

Практикалық аспектілер. - TBL (Team-based learning) командалық оқыту әдісі - оқытушының басқаруымен және топтарға бөлінген саны көп студенттерге бағытталған белсенді оқыту стратегиясы. - Студенттер нақты міндеттерді орындауға жауапты, аудиториядан тыс үлкен дайындық жұмыстарымен келуі және сабақта қойылған міндет-мақсаттарды орындауда және шешімдер қабылдағанда команда мүшелерімен бірлесе орындайды. - Барлық аудиторияғы бір ғана білікті оқытушы қажет болады. - TBL (Team-based learning) командалық оқыту барысында студенттер командалық жұмыс жасауға үйренеді, олар қосымша нұсқаулық әрекеттерін қажетсінбейді, топтық оқыту барысында топ мүшесінің ешқайсы, тіпті педагог та сарапшы болуы міндетті емес. - Студенттердің қабілеттеріне сай пәнге қажетті дағдыларын дамытуға баса назар аудара отырып, шекті оқыту қарқыны бар тиімділікке бағытталған әдіс. - Оқытудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін TBL негізгі компоненттерін қолдана отырып, сонымен қатар, белгіленген оқыту тәртібін сақтау қажет. TBL негізінен студентке бағытталған (оқытушының маңызды рөліне қарамастан), бағалау шкаласын қолданады, топ мүшелерінің өз білімдерін өздері өзара бағалауын және ортаға салған білімді жедел бағалауды қамтамасыз етеді. Бұл бағалау оқу процесінің тиімділігі үшін жеке және командалық жауапкершілікті қамтамасыз етуде өте тиімді әрекет. Сонымен қатар, оқытудың басқа топтық тәсілдерінен айырмашылығы, бір білікті оқытушы 20 немесе одан да көп командалармен жұмыс істей алады.

TBL-командалық әдісі медицина, стоматология, ветеринария, мейірбике ісі және осы мамандыққа байланысты пәндерге мамандандырылған 60-тан астам американдық және халықаралық кәсіптік оқу орындарында бірнеше оқу деңгейлерінде қолданылады. TBL – командалық оқыту тәсілі (КОТ), топтық жұмыс жасау негізіде жүргізілетін оқыту әдісі. Аталмыш әдісің негізгі басымдылық қасиеті оқыту үдерісіндегі студенттердің белсенділігін арттыру, оқыту процесіндегі жеке тұлғаның жауапкершілікке, әр сабаққа үлкен дайындықпен келуге дағдыландырады. Сонымен қатар, ауызекі сөйлеу шеберлігіне, яғни шешен сөйлеуге, шаршы ортада еркін ойын-пікірін жеткізе білуге машықтандырады, топпен жұмыс жасауға үйренеді: жанындағы топтас әріптесінен үйренуге, тыңдауға, сараптама жасауға, олардың жауаптарына баға беруге, топтың мүддесі үшін жұмыс жасауға тәжірибе жинайды.

Сабақ әдісін таңдаған оқытушы үшін аталған әдіс түрі ұжымдағы нашар үлгерімді студенттердің білімін бағалау барысында қиындық тудыруы мүмкін. Шындығында, TBL – командалық оқыту тәсілі (КОТ) студенттердің әлсіз тұстарын жылдам анықтауға септігін тигізеді және топ мүшелеріне және оқытушы тарапынан қорытынды бақылауға (емтиханға) дейін толыққанды дайындық жүргізуге жол ашады. Сол сиқты, бұл әдіс арқылы жүргізілген сабақта жеке студенттің үлгеріміне еш кедергісін әкелмейді, әрбір студент өз ой-тұжырымын мейлінше ашық, айқын білдіре алады. Бұл студенттің жеке басының күш-жігеріне, барлық топ жұмысының тиімділік маңызына да тікелей байланысты болып табылады.

TBL – командалық оқыту тәсілін (кот) қолданудың маңызы неде? Жоғары оқу орнында оқитын студенттерді оқыту процесінде TBL – командалық оқыту тәсілін (КОТ) қолданудың негізгі төрт ерекшелігін атап көрсетуге болады: біріншісі, оқу орындарының әкімшілігі аудиториялық легтегі студенттер саны жағынан көп болғанын құптайды (ЖОО үшін табыс көзі болып табылады), сонымен қатар, білім алушылардың белсенді, қызықты және тиімді білім алғандарын қолдап, жағдай жасайды, Сонымен қатар, жоғары оқу орындарынан аккредитация бойынша комитет «Белсенді оқытудың түрлерін» сабақ жүргізу барысында пайдаланғаны туралы құжаттамалар талап етеді, пәнаралық сараптау топтарының білім беру саласындағы әсерін ескере отырып, топтық жұмысқа бағытталған ортада студенттерді өзін талапқа сай машықтандыруды қалыптастырады, Басшылықтың көздеген мақсаты? TBL – командалық оқыту тәсілін (КОТ) қолданатын көптеген оқытушылар негізгі принциптерін қолдана отырып, ішінара немесе толыққанды қандайда бір жетістікке жеткенімен, басқа қолданушы оқытушылар стратегияның жеке аспектілерін ғана пайдаланады, бұл өзгермелі тұрақсыз жетістікке, кейде тіпті сәтсіздікке әкеледі. Осы орайда мекеме басшылығы қолдауы қажет болады: - TBL – командалық оқыту тәсілінің (КОТ) мәнін түсіндіру және әдіс жайлы түрлі пікірлерді жоққа шығару, аталмыш әдісті ЖОО-нда тілдерді үйрету бағытында кеңінен қолданудың қажеттілігі мен әдіс-тәсілдер туралы толық ақпараттандыру, сондай-ақ TBL – командалық оқыту тәсілінің (КОТ) стратегиясының негізгі аспектілерін жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу, нәтижесінде дұрыс жүзеге асырылған жұмыстың үлкен сәттіліктің кепілі болатындығына сенім білдіру. - Заманауи жастар дәріс курстарын дәстүрлі түрде жүргізу тәсілін қабылдай бермейді, ал оқытушылар тарапынан дәстүрлі идеяларды ұстанатын және кәсіби қанағаттандыратынын ескерсек, дәріс курстарын жүргізудің басқа баламаларын ұсынған дұрыс.

Студенттер үшін сабақта кездесетін түрлі қарама-қайшылықтардың ортақ шешімдері табылып, оқыту жүйесінің заманауи процестерімен алмастыру оқу үдерісін қызықты және өнімді табысқа жетуіне мұрындық болады. - PBL (Problem-Based Learning) проблемалық оқыту тәсіліне бағытталған немесе шағын топтық оқыту әдіс-тәсілдерін қолданушыларды ынталандыру қажет. ЖОО-дарында TBL – (Team-based learning ) командалық оқыту тәсілін, PBL - (Problem-Based Learning) проблемалық оқыту тәсілін, CBL - (Cased-Based Learning) кеистік оқыту тәсілдерін оқыту әдістемесінің қорына енгізу және дәстүрлі әдістерді заманауи әдіс-тәсілдермен алмастыру. - ЖОО-дарында TBL – (Team-based learning ) командалық оқыту тәсілін кеңінен сабақ жүргізу барысында кеңінен қолданатын оқытушылар күннен күнге саны артуда, жаңа технологияның жетістіктері оқыту процесінде инновациялық жаңа идеялар мен жобалардың пайда болып, көбеюіне себеп болуда. TBL - (Team-based learning) командалық оқыту тәсілінің дамуына келетін болсақ, сонау 1990 жылдары АҚШ -ның орта білім беретін оқу орындарында пайдаланылып, кең өріс ала бастаған. 2001 жылдары АҚШ -ның Білім министрлігі Техас қаласындағы Бэйлор медицина колледжінің оқытушылары үшін симпозиум, семинар өткізудің негізгі тәсілі ретінде ұсынды. Сонымен қатар, оқытушылар мен студенттерге оқу гранттарын бөлу барысында қолданған.

TBL - (Team-based learning) командалық оқыту тәсілі америкалық және халықаралық медициналық білім беретін мекемелерде, мейіргер ісі, ветеринария, стоматология және аралас мамандықтарға мамандандырылатын оқыту процесінде терең қолданысқа ие болды. Десек те, TBL - (Team-based learning) командалық оқыту тәсілін әр білім беретін мекемеде қолдану дәрежесі түрлі болары сөзсіз, жоғары оқу орындарының мәселелері бойынша бағытта TBL Collaborative жан-жақты консорциум құруға бастамашы идея болды. Консорциум ЖОО оқытушылары үшін TBL - (Team-based learning) командалық оқыту тәсілі бойынша семинарларға қатысуға мүмкіндік беріп қана қоймай, білім берудің тиімділігін арттырады, озық инновациялық технологияларды, үздік практикалық жұмыстарды қолдану бағытында өте өзекті болып табылады. TBL - (Team-based learning) командалық оқыту тәсілінің негізгі құрылымдық сипаты екі бөлімнен тұрады.

Біріншісі – білім алушылардың TBL - (Team-based learning) командалық оқыту тәсілі бойынша білімі мен тәжірибесі есепке алынса, екіншісі – оқытушылардың TBL - (Team-based learning) командалық оқыту тәсілін қолдану алғышарттары және ұйымдастыра білуі. Егер оқытушы мен студенттер арасында қонымды психологиялық байланыс орнап, меңгерілген әдіс болған жағдайда аталған тәсіл өз жемісін берері сөзсіз. Білім алушы, студент қабылдауы қандай болмақ? TBL-(Team-based learning) командалық оқыту тәсілі бойынша ұйымдастырылған жұмыс тізбегі болашақтағы жемісті жеңіске бағытталған, оның тиімділігі, студенттерге болашақта қандай әрекет күту қажеттігін алдын-алуға, алдын-ала ой-тұжырым жасауға және болжауға үйретеді.

TBL - (team-based learning) тәсілінің циклдық деңгейлері. TBL - (Team-based learning) командалық оқыту тәсілінің циклдық деңгейлері: 1 деңгей. Студенттер сабақ барысында орындалатын тапсырмаларға алдын ала дайындалып келуі керек. Аудиториядан тыс/жеке.

Студенттер сабақ барысында орындалатын жұмыс тізімін және қарастырылатын сұрақтардың тізімін алады. Студенттер сабаққа дайындық барысында материалдарды оқиды. Қарастырылып отырған мәселелер оқу, бейнематериал, жаттығу жұмыстарды орындау, семинарлар мен дәрістер өткізу және тағы сол сияқты жұмыс түрлерінің көмегімен қамтылуы мүмкін. 2 деңгей. Жеке тестілеу жүргізу. Аудиториялық/жеке. Әрбір студент топ алдына қойылған практикалық міндеттерді шешу үшін меңгеруі қажет тұжырымдамаларға бағытталған бірнеше таңдаулы тест сұрақтарына (10-20) жауап береді. 3 деңгей.

Топтарға бөлініп, командалық тексеру тестілеу жұмысын жүргізу. Аудиториялық/командалық. Бұл әр студент жеке жауап берген сұрақтардан құралған тест тапсырмалары. Бірақ, бұл деңгейде тест тапсырмаларына студенттер команда болып талқылай отырып, бір келісімге келіп жауап беруі керек.

Команда мүшелері дұрыс жауаптарды таңдағанын мүмкіндігінше жылдам анықтауы механизмін қолданады, себебі, бұл кері байланыс оларға шешім қабылдау процесін жақсартуға көмектеседі. 4 деңгей. Оқытушының қосымша қолдауы мен түсіндірулері қажет болады. Аудиториялық/оқытушының қатысуымен. Модератор немесе оқытушы студенттерге топтық тексеру сынағы кезінде кездесетін қажетті ұғымдар туралы түсініктеме береді.

Оқытушының түсіндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін студенттер TBL-дің келесі кезеңіне, яғни оларды күтетін күрделі мәселелерді шешуге дайын екендіктеріне сенімді болуы керек. Командалық практикалық тапсырмаларды орындауға кіріседі. 5 деңгей. Командалық орындалатын практикалық тапсырмалар тізбегі ұсынылады. Аудиториялық/командалық.

Бұл ең маңызды кезең болып табылады. Команда мүшелеріне, студенттерге кәсіби қызметте кездесетін қиындықтарға ұқсас сценарий/жағдаят беріледі. Олардан интерпретацияны, есептеулерді, болжамдарды, талдауларды, берілген ақпаратты синтездеуді әзірлеуді, сондай-ақ мәселені шешудің берілген нұсқаларының бірін таңдауды, басқа командалармен бір уақытта өз таңдауын жасауды, содан кейін қажет болған жағдайда аудиторияға өз таңдауын түсіндіруді немесе негіздеуді сұрайды. 6 деңгей. Аудиториядан тыс/командалық.

Команда мүшелері модератордан немесе оқытушыдан берілген алғашқы жауаптың басқа жауаппен алмастыруын оң деп санаған жағдайда рұқсат сұрауға болаең дұрыс деп аталғаннан басқа жауаптың орындылығын қарастыруды сұрауы мүмкін. Команда, егер оның бастапқы тұжырымы дұрыс емес деп санаса, мәселені нақты және қолайлы түрде қайта құруы керек. Топ олардың таңдауы мұғалім ең қолайлы деп санайтын жауаптан неге кем түспейтінін логикалық негіздеме беруге құқылы. Өтінішті жазуға бағытталған іс-әрекеттерді жасайтын команда ғана белгілі бір мәселе бойынша кредиттік ұпай алуға құқылы. TBL - (Team-based learning) командалық оқыту тәсілінің шеңберінде қайталанбайтын кезеңдер.

Таныстыру. Аудиториядан тыс/аудиториялық/жеке/командалық. Алғашқы алдын-ала тапсырма ретінде студенттерге аудиториядан тыс жерде таныстыру дәрісіне немесе дәріс курсының бағдарламасына дайындалу үшін TBL туралы қысқаша мақаланы оқуға шақырылады. Сабақта студенттер алдымен жеке тексеру тестін (iRAT), содан кейін топтық тексеру тестін жазады.

Осыдан кейін топ өздерінің жауап нұсқаларын негіздейді. Оқытушы TBL тұжырымдамаларын нақтылайды, сонымен қатар студенттердің топтардағы бұрынғы тәжірибелерімен салыстырғанда TBL ерекшеліктерін айқын көрсетеді. Өзара бағалау. Аудиториядан тыс / жеке кезең. Әрбір студент өз командасының барлық мүшелерінің командалық жұмыстың тиімділігіне, сондай-ақ өзінің оқу тиімділігіне қосқан үлесін бағалауы керек. Ең дұрысы, команданың басқа мүшелерінің сындарлы бағалауында сандық және сапалық компонент болуы керек.

Бұл бағалау анонимді түрде жүргізіледі, бірақ топ мүшелері бағаланған пайымдаулар беру кезінде бір-бірімен сөйлесуге шақырады. Студенттердің бағалау пікірлері. Осы Нұсқаулықтың шеңберінде, сондай-ақ студенттердің TBL көзқарасы туралы сенімді ақпарат алу мақсатында біз олардың оқу курсы туралы бағалау пайымдауларының демонстрациялық үлгісі әсерлердің ең дәл көрінісі болады деп санаймыз. Дәріскер/оқытушылар: «Бұл студенттерімнен менің курсым туралы естігім келетін жауап еді» деген жауап құп болады. Қорытынды.

ХХІ ғасыр – технология ғасыры болғандықтан, Қазақстан әлем бойынша ең жаңа деген оқу формаларын зерттеп, білім саласында үнемі жаңарту енгізіп келеді. Сонымен қатар өкініштісі елімізде ақпараттық қоғам әлі қалыптаспай отыр. Сұранысқа орай технология даму үстінде. Бірақ соңғы жылдары Smart-технологиясы ұғымы яғни ақылды оқыту пайда болды және Smart қала, Smart фон, Smart құрылғы, Smart қондырғы, Smart орта деген тіркестерді жиі естіп жүрміз. Қазіргі таңда smart-технологиясын өндірушілер – АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері екені белгілі. Қазір Қазақстан Республикасының түпкір-түпкірінде де smart-технологиясымен оқыту орталықтары қалыптасып келеді.

Десек те, ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиялар адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналған ғасыр. Бүгінгі жаһандану заманында қоғам жалпы цифрландыруға көшіріліп, адамдар құрылғылардың көмегімен көптеген жетістіктерге жетуде. Сонымен қатар адам санасы да біршама өзгеріп, жаңа қоғамға қарай нық адымдап келеді деп сеніммен айтуға болады. Осыған орай, командалық әдістерді пайдалана отырып, қазақ тілін smart-технологиялар арқылы оқытуды жетілдіру бағытында оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқулықтар жасалуда.

Сонымен қатар адам санасы да біршама өзгеріп, жаңа қоғамға қарай нық адымдап келеді деп сеніммен айтуға болады. Осыған орай, командалық әдістерді пайдалана отырып, қазақ тілін smart-технологиялар арқылы оқытуды жетілдіру бағытында оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқулықтар жасалуда. Біз өз кезегімізде, қазақ тілін оқытуда TBL - (Team Based Learning) әдісін қолданудың тиімділігі мен қажеттілігін зерттемекпіз. Аталмыш жоба жалпы тілдерді оқыту барысында тапқызбайтын тәсіл.

TBL (Team-based learning) командалық әдісі PBL (Problem-based Learning) проблемалық оқыту әдісінен түбірімен өзгеше болып келеді, сонымен қатар, аз білім алушылардан құралған командаларға бір оқытушы мен бір аудитория ғана қажет. Аталған оқыту әдісі бойынша өткізілетін сабаққа білім алушылар дайындықпен келеді және «Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін» қағидасын ұстанады. Яғни, топтың атынан жауап бергенде берген жауабының нақтылығына, өзектілігіне, өнімділігіне назар аударуы қажет. Себебі, бір команда үшін бір қатысушы жауап береді.

Оқытушы өз пәнін жетік білуі қажет, алайда сәтті командалық жұмыс атқару үшін топпен жұмыс жасау ептілігі міндетті емес. Студенттер ұжыммен жұмыс барысында қатып қалған қағидаға бағынбайды, топтық бірлестікте жұмыс жасау тиімділігіне машықтанады. TBL (Team-based learning) командалық әдісін дәріс курстарын немесе оқыту бағдарламаларын толығымен ауыстыруға және толықтыруға болады.


Полная версия статьи PDF

Номер журнала «Вестник науки» № 4 (97) том 3


Ссылка для цитирования:

Аширбекова А.Б. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ TBL (TEAM BASED LEARNING) ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ // Журнал «Вестник науки» от 19 апреля 2026 г. № 4 (97) том 3. С. 568 - 579. 2026 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/29831 (дата обращения: 29.11.2026 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/29831



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки © 2026.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ «О противодействии экстремистской деятельности» (далее - Федеральный закон «О противодействии экстремистской деятельности»), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.