Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо
  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки от 26 апреля 2026 г.
  4. Научная статья № 134
Просмотры  16 просмотров

ЭКОТУРИЗМ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЦИФРЛАНДЫРУ: SMART ECO-LODGE ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Аннотация: бұл мақалада экотуризм нысандарындағы қонақжайлылық қызметтерін цифрландырудың маңыздылығы қарастырылады. Авторлар smart eco-lodge тұжырымдамасын экологиялық тұрақтылық пен цифрлық технологияларды үйлестіретін инновациялық модель ретінде талдайды. Зерттеу барысында цифрлық шешімдердің туристік тәжірибені жақсартуға, ресурстарды тиімді басқаруға және қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпалы көрсетіледі. Сонымен қатар Қазақстандағы экотуризмнің даму әлеуеті мен цифрландыру деңгейі бағаланып, негізгі мәселелер мен оларды шешу жолдары ұсынылады. Нәтижесінде smart eco-lodge моделін енгізу экотуризм инфрақұрылымын дамытуға және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретіні дәлелденеді.

Ключевые слова: экотуризм, цифрландыру, смарт эко-лодж, қонақжайлылық қызметтері, тұрақты даму, цифрлық технологиялар, туризм индустриясы.

Қазіргі кезде туризм индустриясы цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты елеулі трансформация кезеңін бастан өткізіп жатыр деп айта аламыз. Әсіресе тұрақты даму қағидаттарына негізделген экотуризм саласында цифрландыру табиғи ресурстарды тиімді басқарудың және туристік қызметтердің сапасын арттырудың маңызды құралына айналып отыр. Соңғы жылдары туристердің экологиялық жауапкершілікке негізделген демалыс түрлеріне деген қызығушылығы артып, табиғи аумақтарда орналасқан экологиялық қонақүйлер мен eco-lodge форматындағы орналастыру орындары кеңінен қолданысқа ие болып келеді. Ғылыми зерттеулерге сәйкес, туризм саласындағы цифрлық технологияларды қолдану туристік тәжірибені жақсартуға, қызмет көрсету тиімділігін арттыруға және туристік ағынды тиімді басқаруға мүмкіндік береді [1, 180 б.]. Әсіресе табиғи аумақтардағы туризм нысандарында цифрлық шешімдерді енгізу ресурстарды үнемдеу және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан ерекше маңызға ие. Осы тұрғыда smart eco-lodge тұжырымдамасы экотуризм нысандарындағы қонақжайлылық қызметтерін ұйымдастырудың инновациялық моделі ретінде қарастыра аламыз. Бұл модель экологиялық тұрақтылық қағидаттарын заманауи цифрлық технологиялармен үйлестіре отырып, табиғатты қорғау мен жоғары сапалы сервисті бір мезгілде қамтамасыз етуге бағытталған.

Халықаралық тәжірибеде туризмнің цифрлық трансформациясы «smart tourism» тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Бұл модель ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, үлкен деректерді және цифрлық платформаларды қолдану арқылы туристік қызметтерді басқарудың жаңа тәсілдерін қалыптастырады [2, 383 б.]. Мұндай технологиялар туристерге көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып қана қоймай, сонымен қатар туристік дестинацияларды тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бұл жүйе өазіргі таңда көптеген қонақ үйлерде қолданылып келеді және туристер арасында өте жақсы пікірге ие болды.

Smart eco-lodge моделінде цифрлық технологиялар бірнеше негізгі бағытта қолданылады. Біріншіден, цифрлық брондау және басқару жүйелері қонақтардың келуін жоспарлауға және орналастыру нысандарының жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, энергия тұтынуды бақылауға арналған смарт жүйелер табиғи ресурстарды үнемдеуге ықпал етеді. Мысалы, автоматтандырылған жарықтандыру жүйелері мен климаттық бақылау технологиялары энергия шығындарын азайтып, қоршаған ортаға түсетін жүктемені төмендетеді. Үшіншіден, цифрлық гидтер мен мобильді қосымшалар туристерге табиғи аумақтар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Мұндай технологиялар туристік маршруттарды тиімді жоспарлауға және келушілердің табиғи ортаны сақтау ережелерін сақтауына ықпал етеді. Зерттеулер көрсеткендей, цифрлық сервистер туристердің тәжірибесін жақсартып, олардың дестинацияға деген қанағаттану деңгейін арттырады [3, 70 б.]. Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін айтарлықтай табиғи мүмкіндіктер бар. Ел аумағында көптеген ұлттық парктер мен қорықтар орналасқан. Катон-Қарағай, Алтын-Емел, Бурабай сияқты табиғи аумақтар экологиялық туризмнің маңызды орталықтарына айналып келеді.

Еуразия кеңістігіндегі туристік бағыттардың ішінде Шығыс Қазақстан облысы, атап айтқанда Катонқарағай аймағы өзінің бірегей биоалуантүрлілігімен және рекреациялық ресурстарымен «туристік бриллиант» мәртебесіне ие деп айта аламыз. Алайда, халықаралық нарықтағы бәсекелестіктің артуы және туристердің цифрлық қызметтерге деген сұранысының өсуі аймақтың дәстүрлі туризм моделін трансформациялауды талап етіп отыр. Бұл өңірлерде шағын орналастыру орындары, қонақ үйлер және eco-lodge форматындағы нысандар дамып келеді. Алайда көптеген экотуризм нысандарында цифрлық технологияларды енгізу деңгейі әлі де жеткіліксіз.

OECD зерттеулеріне сәйкес, туризм саласындағы цифрлық трансформация дестинациялардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болып табылады [4, 156 б.]. Сондықтан экотуризм инфрақұрылымын цифрландыру Қазақстан үшін стратегиялық бағыттардың бірі болып саналады. Экотуризм нысандарында smart eco-lodge моделін енгізу бірнеше бағытта жүзеге асырылады. Біріншіден, табиғи аумақтардағы орналастыру орындары үшін бірыңғай онлайн брондау жүйесін енгізу қажет.

Бұл туристік ағымды тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі цифрлық технологиялар дамыған заманда онлайн брондау жүйелері туристік маршруттың негізгі тірегі деп айтуға болады. Екіншіден, энергия тиімділігіне бағытталған технологияларды қолдану маңызды. Күн панельдері, смарт-жарықтандыру жүйелері және автоматты климаттық бақылау технологиялары экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Үшіншіден, туристерге арналған цифрлық ақпараттық жүйелер мен мобильді гидтерді енгізу қажет.

Мұндай жүйелер туристердің табиғи аумақтарда дұрыс бағытпен қозғалуына және экологиялық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. UNWTO мәліметтері бойынша, цифрлық технологиялар туристік қызметтердің тиімділігін арттырып, туристік дестинацияларды басқарудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырады [5, 98 б.]. Сонымен қатар экотуризм нысандарын цифрландыру барысында бірқатар жүйелік мәселелер кездеседі. инфрақұрылымның жеткілікті деңгейде дамымауы, табиғи аумақтардағы интернет байланысының әлсіздігі, цифрлық технологияларды қолданатын мамандардың тапшылығы, инвестициялық ресурстардың шектеулі болуы, экотуризм саласындағы цифрлық маркетингтің жеткіліксіз дамуы. Бұл мәселелер smart eco-lodge моделін толық енгізуге белгілі бір қиындықтар туғызады.

Сондықтан экотуризм нысандарын цифрландыру ол тек мемлекет алдындағы жұмыс емес, ол жеке сектор және жергілікті қауымдастықтардың бірлескен әрекетін талап етеді. Жүргізілген талдау көрсеткендей, smart eco-lodge тұжырымдамасы экотуризм нысандарындағы қонақжайлылық қызметтерінің тиімділігін арттырудың перспективалы бағыты болып отыр. Цифрлық технологияларды қолдану ресурстарды басқаруды оңтайландырып, туристерге көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады және табиғи ортаны қорғауға мүмкіндік береді. Қазақстан жағдайында smart eco-lodge моделін енгізу экотуризм инфрақұрылымын жаңғыртып, қонақжайлылық индустриясының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар бұл модель табиғи ресурстарды сақтауға, экологиялық мәдениетті дамытуға және аймақтық экономиканың тұрақты өсуіне мүмкіндік береді.

Осылайша, экотуризм нысандарындағы қонақжайлылық қызметтерін цифрландыру туризм саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды стратегиялық бағыттардың бірі болып табылады.


Полная версия статьи PDF

Номер журнала «Вестник науки» № 4 (97) том 4


Ссылка для цитирования:

Сатыбалдина А.Н., Шаймурат Н. ЭКОТУРИЗМ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЦИФРЛАНДЫРУ: SMART ECO-LODGE ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ // Журнал «Вестник науки» от 26 апреля 2026 г. № 4 (97) том 4. С. 1293 - 1297. 2026 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/30032 (дата обращения: 29.11.2026 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/30032



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки © 2026.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ «О противодействии экстремистской деятельности» (далее - Федеральный закон «О противодействии экстремистской деятельности»), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.