Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо
  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки от 17 мая 2026 г.
  4. Научная статья № 2
Просмотры  17 просмотров

ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНДЕ KPI-ҒА НЕГІЗДЕЛГЕН HR-БАСҚАРУДЫҢ АВТОРЛЫҚ МОДЕЛІ (RIXOS TURKISTAN МЫСАЛЫНДА)

Аннотация: мақалада қонақ үй бизнесінде HR-үрдістерді басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған KPI-ға негізделген авторлық модель ұсынылады. Зерттеу барысында отандық қонақ үй секторының HR-практикасы дамыған елдердің — АҚШ, Біріккен Корольдік, Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің — жетекші қонақ үй желілерімен (Marriott International, Hilton Worldwide, Hyatt Hotels, Four Seasons, Rixos Hotels) салыстырыла отырып талданды. Алынған бенчмаркингтік деректер мен «Rixos Turkistan» қонақ үйінің кейс-стади талдауы негізінде HR-функциясының бес негізгі бағыты (іріктеу, оқыту, мотивация, өнімділік, ұстап қалу) бойынша 30 көрсеткіштен тұратын авторлық KPI-жүйесі әзірленді. Ұсынылатын модель ұйымдық трансформацияның төрт жылдық жол картасына кіріктірілген.

Ключевые слова: қонақжайлылық индустриясы, HR-менеджмент, персоналды басқару, қызметкер бейілділігі, талантты ұстап қалу.

Қазіргі экономикалық жағдайда қонақ үй бизнесінің бәсекеге қабілеттілігі тек инфрақұрылым мен бренд қана емес, ең алдымен қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен бейілділігі арқылы анықталады. Қонақжайлылық қызметінің материалдық емес табиғаты — оны алдын ала көрсетуге, сақтауға немесе сапасын тексеруге мүмкіндік бермейтін ерекшелік — клиенттің әсерлемесін қалыптастыруда адам факторын бірінші орынға қояды. Сондықтан HR-үрдістерді ғылыми негізделген әдістерге сүйеніп басқару қонақ үй кәсіпорнының ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан туризм индустриясы соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқанымен, қонақ үй секторында персоналды басқару әлі де бірқатар жүйелі қиындықтармен ұштасады. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің 2024 жылғы есептері бойынша отандық қонақ үйлерде қызметкерлердің жыл сайынғы ауысу деңгейі 45–55% шамасында, бұл халықаралық luxury стандартынан (15–20%) үш есе жоғары [1, б. 23]. Оқыту көлемі бойынша да елеулі алшақтық байқалады: бір қызметкерге орташа 8–14 сағат жылына (халықаралық норма — 32–40 сағат) [2, б. 41]. Бұл көрсеткіштер жүйелі шешімдерді талап етеді.

Дамыған елдер тәжірибесінде HR-үрдістерді басқарудың ең тиімді құралдарының бірі — KPI (Key Performance Indicators) жүйесі болып табылады. Алайда қазақстандық қонақ үй кәсіпорындарының басым бөлігінде KPI-жүйелері әлсіз дамыған немесе мүлдем енгізілмеген, ал енгізілген жағдайда көбіне қаржылық индикаторлармен шектеліп, қызметкерлерді басқару процестерінің сапалық өлшемдері назардан тыс қалады. Бұл зерттеудің өзектілігін айқындайтын мәселе. Зерттеудің мақсаты — қонақ үй бизнесінде HR-үрдістерді басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған KPI-ға негізделген авторлық модельді әзірлеу және оны «Rixos Turkistan» қонақ үйі мысалында негіздеу.

Зерттеу әдістері: талдау мен синтез, салыстырмалы талдау (бенчмаркинг), статистикалық деректерді өңдеу, SWOT-талдау және «Rixos Turkistan» қонақ үйі бойынша кейс-стади қолданылды. Бенчмаркинг АҚШ (Marriott International, Hilton Worldwide, Hyatt Hotels), Канада (Four Seasons Hotels and Resorts), Біріккен Корольдік (InterContinental Hotels Group), Франция (Accor Group) және Түркия (Rixos Hotels) желілерінің HR-практикалары негізінде жүргізілді. Ақпараттық база ретінде осы желілердің 2023–2024 жылғы корпоративтік есептері, Deloitte Global Human Capital Trends, McKinsey & Company, World Travel & Tourism Council есептері, Cornell Hospitality Quarterly мақалалары пайдаланылды. Теориялық негіздеме. Қазіргі HR-менеджмент саласындағы іргелі тұжырымдамаларға Д.

Ульрихтің HR Business Partner моделі, М. Армстронгтың стратегиялық HRM теориясы, Р. Каплан мен Д. Нортонның Теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі (BSC), Дж.

Пфеффердің жоғары өнімді еңбек практикалары моделі жатады [3, б. 156]. Бұл тұжырымдамалар HR-функцияны әкімшілік-қызметтік деңгейден стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеру қажеттігін негіздейді. Д. Парментердің еңбегінде KPI-көрсеткіштерінің ұйым құрылымы бойынша иерархиялық каскадталуы, олардың сандық және сапалық сипатының ара қатынасы, өлшеу жиілігі мен жауапкершілік аумақтары егжей-тегжейлі көрсетіледі [4, б. 87]. Қонақжайлылық саласына арналған HRM ерекшеліктерін зерттеген Т.

Баум, Дж. Канделпули мен Дж. Хескеттің еңбектерінде сервистік-пайдалық тізбек тұжырымдамасы дамытылған. Бұл теорияға сай ішкі сапа (HR-практика, оқыту, мотивация) → қызметкер қанағаттандырылғандығы → қызметкер өнімділігі → қонақ қанағаттандырылғандығы → бизнес нәтижелері тізбегі қалыптасады [5, б. 12].

Осы байланыс қонақ үй HR-инвестицияларының түпкі қаржылық қайтарымын дәлелдейтін ғылыми негіз болып табылады. Халықаралық тәжірибені салыстыру. Қазақстан қонақ үй секторын халықаралық алдыңғы қатарлы желілермен салыстыру үшін бес елдің — АҚШ, Канада, Біріккен Корольдік, Франция мен Түркияның — жетекші қонақжайлылық брендтерінің HR-практикалары талданды. АҚШ нарығы Marriott International (1927 жылы құрылған, әлемдегі ең ірі қонақ үй желісі, 8800+ объект, 230 000+ қызметкер) және Hilton Worldwide (1919, 7500+ объект, 178 000+ қызметкер) сияқты глобалды лидерлерімен ұсынылды. Канадалық Four Seasons Hotels and Resorts (1960, 130+ luxury объект, 50 000+ қызметкер) бойынша Fortune 100 Best Companies to Work For рейтингісінде 27 жыл қатарынан түсетін эталондық HR-практика талданды.

Біріккен Корольдік үшін InterContinental Hotels Group (IHG, 1777, 6300+ объект), Франция үшін Accor Group (1967, 5400+ объект, 290 000+ қызметкер), Түркия үшін Rixos Hotels (2000, 35+ luxury объект) деректері қарастырылды. Бенчмарктік талдаудың нәтижелері 1-кестеде көрсетілген. Кестеде «халықаралық желілер орташасы» бағанасы аталған бес желінің 2023–2024 жылғы корпоративтік есептері бойынша орташа алынған көрсеткіштерді көрсетеді. Кесте 1. Қазақстан қонақ үй секторы мен жетекші халықаралық қонақ үй желілерінің HR-көрсеткіштерін салыстыру (2024 ж.).

Ескерту: автор [1, 2, 6, 8] деректері негізінде құрастырған. Талдау нәтижелері айқын алшақтықты көрсетеді. Кадрлар ауысуы көрсеткіші бойынша Қазақстан орташасы (48%) люкс-сегментте лидер болып табылатын Four Seasons-тан (8%) алты есе жоғары, ал американдық Marriott (22%) пен Hilton-нан (19%) шамамен 2,5 есе артық. Қызметкерлер бейілділігі деңгейі бойынша отандық сектор 52 пайыз көрсеткішпен Four Seasons (89%), Hilton (85%) мен Marriott (78%) деңгейлерінен 22-37 пайыз пунктке артта қалуда. Бұл айырмашылықтың негізгі себептері — HR-функциясының стратегиялық рөлінің төмендігі, оқу-дамыту инвестицияларының жеткіліксіздігі, KPI-ға негізделген басқару практикасының кеңінен таралмауы.

Зерттелген желілердің әрқайсысы өзіне тән сигнатуралық HR-бағдарламаны дамытқан. Marriott International корпорациясы «Voyage Global Leadership Development Program» бағдарламасын ұстанады — бұл бакалавр түлектеріне арналған 12-18 айлық дайындық бағдарламасы, оған әр жыл сайын әлемнен 12 000-нан астам үміткер өтініш береді, олардан 600-і қабылданады. Hilton Worldwide «Thrive at Hilton» әл-ауқат экожүйесі мен «Care for Career» оқу бағдарламасын Guild Education серіктестігімен іске қосып, әрбір АҚШ-тағы қызметкерге толық субсидияланған колледж білімін алу мүмкіндігін ұсынады. Hyatt Hotels Corporation «Purpose to Care for People» миссиясы аясында «RiseHY» жастарға арналған бастан жұмыс іздеу бағдарламасын дамытады.

Accor Group «ALL Heartists» сыйақы платформасы мен «Heartists Academy» арқылы 5500-ден астам онлайн курсты қызметкерлеріне ұсынады. Four Seasons «Golden Rule» қағидасына негізделген люкс-стандарттарды Annual Service Excellence Workshop арқылы дамытады. Rixos Hotels желісі «Stop. Look.

Feel. Care.» сервистік қағидасы мен «Mission Possible» ішкі мансаптық даму бағдарламасын ұсынады. Қазақстан жағдайында бұл озық тәжірибелерді тікелей көшіру тиімді емес — олар бейімдеуді қажет етеді. Атап айтқанда, экономикалық параметрлерді (жалақы деңгейі, бюджет масштабы), мәдени контекстті (G. Hofstede бойынша Қазақстанның жоғары power distance индексі 88) және құқықтық шектеулерді (ҚР Еңбек кодексінің ережелері) ескере отырып, осы желілердің HR-құралдары трансформацияланған түрде енгізілуге тиіс.

«Rixos Turkistan» қонақ үйін кейс-стади талдауы. «Rixos Turkistan» — 2021 жылы ашылған 5-жұлдызды люкс-сегмент қонақ үйі, Түркістан қаласында орналасқан, Rixos Hotels глобалды желісінің мүшесі. Қонақ үй штаты 250–280 қызметкерден тұрады, олардың 64%-ы — жергілікті аймақ тұрғындары, 26%-ы — Қазақстанның басқа аймақтарынан, 10%-ы — шетелдік мамандар. Қонақ үйдің HR-инфрақұрылымы «1С: Зарплата и Управление Персоналом» бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған — бұл шешім кадрлық есепке алу, жалақыны есептеу, демалыс пен ауысым жоспарларын жүргізу қызметтерін қамтиды, бірақ қызметкерлерді стратегиялық деңгейде басқару (talent management, өнімділікті бағалау, оқу траекториялары, бейілділік мониторингі) үшін жеткіліксіз. Бұл жағдай отандық қонақ үй кәсіпорындары үшін типтік мәселе болып табылады. Қонақ үйдің HR-функциясының ағымдағы жағдайын бағалау үшін жетекші халықаралық HR-аудит әдіснамаларына (CIPD HR Audit Framework, SHRM HR Effectiveness Model) негізделген кешенді бағалау жүргізілді. Бағалау жеті функционалды бағыт бойынша 5-балдық шкаламен жүзеге асырылды.

Талдау нәтижелері 2-кестеде келтірілген. Кесте 2. «Rixos Turkistan» қонақ үйінің HR-функциясын аудиттік бағалау. Ескерту: автор әзірлеген аудит нәтижелері.

Алынған нәтижелер бойынша орташа баға 3,4/5 — бұл қанағаттанарлық, бірақ жетекші халықаралық желілердің деңгейіне (4,2+) жетпейтін көрсеткіш. Қонақ үйдің HR-функциясының күшті жақтары — Rixos бренд стандарттарының сақталуы, корпоративтік мәдениеттің қалыптасуы, базалық технологиялық инфрақұрылымның болуы. Әлсіз жақтары — KPI-ға негізделген басқарудың жүйесіздігі, үздіксіз кері байланыс мәдениетінің жоқтығы, жаңа қызметкерлерді бейімдеу мен лидерлік резервін дамытудың тиімсіздігі. Атап өту керек, қонақ үйдің кадрлар ауысуы көрсеткіші 27% Қазақстан индустрия орташасынан (45–55%) айтарлықтай төмен, бірақ Rixos Group глобалды бенчмаркінен (15–18%) елеулі жоғары. Авторлық KPI-моделінің құрылымы. Жоғарыда аталған теориялық негіз бен эмпирикалық нәтижелерге сүйене отырып, бес блокты және 30 көрсеткіштен тұратын кешенді KPI-модель әзірленді (3-кесте).

Модельдің архитектуралық ерекшелігі — қонақ үй индустриясының ерекшеліктерін ескере отырып, әр блокта сапалық және сандық индикаторлардың теңгерілген қатынасы. Кесте 3. Қонақ үй бизнесіне арналған авторлық KPI-моделінің құрылымы. Ескерту: автор әзірлеген модель. Ұсынылатын моделдің методологиялық ерекшелігі — үш қабатты каскадтау принципі: Бас Менеджер деңгейінде стратегиялық KPI (10 көрсеткіш), бөлім басшылары деңгейінде тактикалық KPI (12 көрсеткіш) және линейлі персонал деңгейінде операциялық KPI (8 көрсеткіш) бөлініп, олар арасында логикалық сабақтастық сақталады. Бұл құрылым жоғары деңгейдегі стратегиялық мақсаттардың әрбір жекелеген қызметкердің күнделікті жұмысына тұтас «дрейнделуін» қамтамасыз етеді.

Авторлық модельмен қатар жүзеге асырылатын ұйымдық трансформацияның төрт жылдық жол картасы әзірленді. Бірінші жыл — «Quick Wins» (KPI-пилот, New Joiner Journey, базалық сауалнамалар), екінші жыл — «Foundation» (HRMS енгізу, лидерлік резерві, үздіксіз өнімділікті басқару), үшінші жыл — «Acceleration» (Total Rewards реформа, әл-ауқат бағдарламалары, болжамдық аналитика), төртінші жыл — «Excellence» (жасанды интеллект негізіндегі HR-құралдар, тұрақты HRM, бенчмарк лидерлігі). Күтілетін экономикалық тиімділік. Авторлық моделді имплементациялаудың алғашқы жылғы инвестициясы шамамен 215 мың АҚШ долларын құрайды.

Дерек ретінде халықаралық HR-практика бойынша орташа ROI және Rixos Turkistan-ның қазіргі қаржылық көрсеткіштері қолданылды. Күтілетін жылдық экономикалық пайда — 340 мың АҚШ доллары (шығынды үнемдеу, өнімділіктің артуы, сервис сапасының жақсаруы есебінен). Үш жыл ішінде күтілетін ROI — шамамен 285 пайыз, инвестицияның қайтарым кезеңі — 14 ай. Негізгі көрсеткіштер бойынша болжамдалатын өзгерістер: кадрлар ауысуы 27%-дан 16%-ға дейін төмендейді, eNPS +28-ден +45-ке дейін көтеріледі, қонақ қанағаттандырылғандығы 8,7-ден 9,3-ке дейін артады, бір қызметкерге шаққандағы өнімділік 12%-ға өседі. Қорытынды. Жүргізілген зерттеу қонақ үй бизнесіндегі HR-үрдістерді басқарудың тиімділігін арттыру үшін кешенді ғылыми негізделген тәсілдің қажеттігін көрсетті. Әзірленген KPI-ға негізделген авторлық модель халықаралық озық тәжірибелерді отандық ерекшеліктерге бейімдей отырып, нақты сандық индикаторлар жүйесі арқылы HR-функцияны стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеруге мүмкіндік береді.

«Rixos Turkistan» қонақ үйі мысалында жүргізілген эмпирикалық зерттеу модельдің практикалық қолданылатындығын дәлелдейді. Ұсынылатын тәсіл басқа отандық қонақ үй кәсіпорындарына да бейімделе алады, бұл Қазақстан туризм индустриясының жалпы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлес қосады.


Полная версия статьи PDF

Номер журнала «Вестник науки» № 5 (98) том 3


Ссылка для цитирования:

Турсинбаева М.Б. ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНДЕ KPI-ҒА НЕГІЗДЕЛГЕН HR-БАСҚАРУДЫҢ АВТОРЛЫҚ МОДЕЛІ (RIXOS TURKISTAN МЫСАЛЫНДА) // Журнал «Вестник науки» от 17 мая 2026 г. № 5 (98) том 3. С. 36 - 47. 2026 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/30348 (дата обращения: 29.11.2026 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/30348



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки © 2026.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ «О противодействии экстремистской деятельности» (далее - Федеральный закон «О противодействии экстремистской деятельности»), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.