'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №5 (26) том 2
  4. Научная статья № 27

Просмотры  91 просмотров

Болатханов М.Б.

  


НАҚТЫ УАҚЫТТА БЕЙНЕ АҒЫНДАРДЫ ШИФРЛЕУ АЛГОРИТМІ *

  


Аннотация:
нақты уақытта бейне ағындарды шифрлеу алгоритмі   

Ключевые слова:
алгоритм, шифрование, технические науки   


1 Кіріспе Жаһандық цифрлі дәуірде бұқаралық ақпараттардың қарқынды дамуы, оның себепсіз жоғалуы, бұрмалануы және заңсыз қолдануыннан қорғау мәселесі пайда болып келеді. Жоғары жылдамдықты ғаламтор желісін қолдану, сымсыз желі технологияларын пайдалану бұл мәселені одан әрі актуальді ете бастады[1]. Цифрлы, кабельді, спутникті ТВ, бейне конферециялар барлығыда қорғалуы тиіс, өйткені осындай тектес бағдарламалар көпшілік қолданатын желіде орналасқандықтан, оны жібергенде әртүрлі қауіптерге душар болады[2]. Бейне ақпараттармен алмасуда авторлық құқықты сақтау, құпия ақпараттармен алмасудың бір түрі болып келеді. Мысалы, отандық бір телеарна, біздің мемлекет территориясында көрсетуге болатын фильмге авторлық құқық алды. Алайда, көрші мемлекет тараптан осы телеарнаның барлық телебағдарламаларын, фильмдерін рұқсатсыз көруге қол жеткізуге болады. Бейне ақпаратты жіберуде немесе оны қабылдағанда құпиялықты сақтау, телеарнаның фильмдеріне, басқа мемлекеттер тарапынан қол жеткізу мәселесін шешуге көмектеседі. Деректердің сенімді қорғалуы, ДК өнімділігіне байланысты жүргізіледі. Бірақта, қаскөйлер ДК өнімділігін жақсарту үшін және құпия ақпараттарға қол жеткізу үшін есептеуіш кластерлерін біріктіру арқылы іске асырады. Бірнеше жылдар бойы қауіпсіз болып келген тәсілдер, қазір қарапайым кілттерді іздеу шабуылына төтеп бере алмайды. Аудио және бейне ақпараттарды жіберу арна байланысын қорғау қиынырақ болып келеді. Бейне және аудио мультимедиалық мазмұнын шифрлау, DES немесе AES сияқты жиынтық криптоалгоритмдерінің екілік тізбегін қолдану арқылы, сонымен қатар қарап шығу барысында шифрлаудың оңтайлы әдісін мұқият анықтап, талдауды талап етеді. Соңғы уақытта шифрлау әдістері қауіпсіз мультимедиялық жүйені құрудың базалық технологиясын қамтамасыз етеді. Сандық бейнені және суреттерді сенімді қорғауды қамтамасыз ету үшін, желілік желілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, мысалы: хакерлер мен жасырын тыңдаушылар сияқты ықтимал қатерлерден түрлі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін криптоалгоритмдер ұсынылды. Осындай түрлі бейне ақпараттарды қорғау криптографиялық алгоритмдері, MPEG-1, MPEG2 / H.264 и MPEG-4 секілді бейне кодектер стандарттарына арналып жасалған болатын. Өкінішке орай, бұл криптографиялық алгоритмдерді басқа әдістерді қолданбай, толықтай қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес. Сол себепті осы дипломдық жұмыста қазіргі таңда бар шифрлеу алгоритмдерінің шабуылдардан жақсы қорғалатын әдістерін қарастырып, толық анықтамалармен көрсетілмек[12]. Ақпараттардың көпшілікке ашықтай таралуынан қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады. Желіде ақпараттар таралуында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде көптеген тәсілдер іске асырылған болатын. Оларға шифрлау, аутентификация, цифрлы қолтаңбаларды жатқызуға болады. Ал бейне ақпараттарға желі ішінде ақпараттармен алмасуда, бөгде қолданушылардан орта жолда ұстап алудан, бейне ақпараттарды көруден қорғау үшін осы әдістер қабылданған болатын. Осы жұмыста бейне ақпараттарды селективті шифрлауды, орын ауыстыруды, MPEG4, H.264/AVC және AES әдістерін қолданып анықтама беру болып келеді. 2 Бейне ақпараттарды тиімді қорғайтын алгоритмі Желіде бейнені бөлісуді қамтамасыз ету үшін MPEG бейнелерін шифрлаудың жаңа әдісін ұсынамын. Ұсынылатын әдісте есептеу қиындықтарын төмендететін шифрлауды алу үшін Zig-zag алмастыру, ауыстыру картасы және селективті тәсілдерді қолданыс тапты. Бейне ақпараттарды осы әдіспен тестіленгенде, бейне ақпарат  көлеміне байланысты бірнеше кадрларға бөлінеді. Кейін Zig-zag функциясымен, алынған фреймдерді қайта реттеу үшін пайдаланылады. Кейбір кадрлардың кездейсоқтық деңгейін жоғарылату үшін орындарымен ауыстырылады. Селективті схеманы енгізу, кейбір кадрларға ғана таңдалып құпия сөзбен шифрленеді. Шифрланған кадрлер «негізгі кадрлар» деп аталады. Содан кейін шифрланған және шифрланбаған кадрлар бейнені қайта жасау үшін біріктіріледі. Төмендегі қадамдар 1 суретте көрсетілді: A. Frame Extraction Block: Біздің бейненің ұзақтығы 00,11 секунд болатын MPEG-4 бейне «astana.mp4» деп енгізеді және оның жалпы ұзындығы 281 кадрды шығарды. Accord.Video.FFMPEG қолданып, кадрларды бөліп аламыз. Берілген жолмен көлденең жүру кезіндегі реттік тізбегіның әр кадрларын дисплей экранындағы алдыңғы кадрды ауыстырып отырады және қозғалыс сезімін береді. Бұл кадрлар бейнефон форматында сақталады.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №5 (26) том 2

  


Ссылка для цитирования:

Болатханов М.Б. НАҚТЫ УАҚЫТТА БЕЙНЕ АҒЫНДАРДЫ ШИФРЛЕУ АЛГОРИТМІ // Вестник науки №5 (26) том 2. С. 121 - 126. 2020 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/3072 (дата обращения: 28.03.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/3072



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2020.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.