'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №5 (26) том 4
  4. Научная статья № 46

Просмотры  84 просмотров

Жакишева Г.С., Мусабекова А.С., Карипбаева Л.К.

  


ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІТИІМДІ КОММУНИКАЦИЯ ҚҰРАЛЫ РЕТТІНДЕ *

  


Аннотация:
мақалада автор қарым-қатынастың негізгі түрлерін қарастырған. Көрсетілген ерекшеліктері қарым-қатынас психологиясы тұрғысынан өзекті. Қарым-қатынас мәнін анықтау тәсілдері және оның негізгі элементтері ұсынылған. Автор отандық психологияда зерттелмеген құндылықтар мен ойлармен қарым-қатынастың тығыз байланысын атап өтеді   

Ключевые слова:
қарым-қатынас, өзара іс-қимыл, қарым-қатынас түрлері, қарым-қатынас тараптарының қарым-қатынас құрылымы, қарым-қатынас кедергілері, қарым-қатынас кедергілерін жеңу тәсілдері   


Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан – жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі. Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез – келген ортада қарым – қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерініңжоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді. Біздің қоғамның болашағы болашақпедагогтарды, психологтарды, өндіріс және ғылым басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке,алдына қойған міндеттерге қызығушылықтарын қарауға байланысты. Соның негізінде позицияны белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс–әрекетке шығарылуын қарайтын тұлға қалыптастырады. Тұлға өзін басқа тұлғалармен қарым – қатынаста анық көрсететіні белгілі. Және де, С.К. Рощин пікірінше, тұлғаның маңызды сипаттамаларының бірі адамның қарым–қатынас құратын серіктестерінің ол үшін субъективті қолайсыз немесе жағымсыз өзара жеке ерекшеліктерін (әрекеттері, әдеттері, жүріс–тұрысы стилі, ойлау стереотипі) қандай дәрежеде көретінін (шыдайтынын) көрсететін коммуникативтік төзімділік болып табылады. Коммуникативтік коммуникаторлар мен олардың серіктестерінің ерекшеліктеріне тәуелді. В.В.Бойко қарым–қатынасқа ықпал ететін тұлғаның негізгісипаттамаларына мыналарды жатқызады: интеллектуалды, құндылықты, этикалық, эстетикалық, эмоциялық, сенсорлық, энергодинамикалық, мінез–құлықтық. Қарым-қатынаста адам өзін еркін, сенімді, өзін тыңдатып, өзгені де тыңдай білуі қажет. Кез-келген адам сізбен қарым-қатынаста жеке пікірін айтуға, шешім қабылдауға құқығы бар. Мамандардың зерттеулері бойынша адамдар 55% ақпаратты сөз емес,іскерлік қарым- қатынастан, 38% ақпаратты дыбыстардың (тембр, ырғақтан т.б.), 70% ақпаратты сөйлеуден алады екен. Қарым-қатынаста адам саналы түрде дамиды, жетіледі. “Адамға қалай болса, қашан да болса, пайда келтіретін ой мен іс-ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу , жамандықтан безу-адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе” Мағжан Жұмабаев. Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қасиеттерімен қабілеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарымқатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айырылса, ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек қана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінің барлық адамгершілік, психикалық мінез-құлық қасиеттерін қарымқатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады. Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлылық, қатігездік, тұрпайылық, сыйласымсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал егер тілек, өзара сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке даралығы, бір-біріне ұқсамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір кедергісі қабылдаудың стереотиптігі. Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік қайталанбас жеке даралық көрінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер әсер етеді. Қарым-қатынас басқа да іс- әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен аяқталады. Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады. Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және өзінің образы. Өзара қарым-қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді. Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік істәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: шешуші фактор-баланың өзіне қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат алады. Бала өмірге келісімен алдымен үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады. Қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы. Қарым-қатынаста адамдар өзін-өзі және басқаларды тану қажеттілігін қанағаттандырады. Қазақтың көрнекті ғалымы, профессор Қ.Жарықбаев қарым-қатынас туралы былай деген: «қарым - қатынас - адам іс - әрекетінің аса ауқымды саласы, өмір сүру, тыныс тіршіліктің негізгі арқауын білдіретін ұғым. Адамға ауа, тамақ, киім, баспана қандай қажет болса, айналасындағылармен қарым-қатынаста болу да аса маңызды». Сондықтан қарым-қатынас тіршіліктің барлық кезеңінде адам үшін маңызды орын алады. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуында негізгі факторлардың бірі - ол қарымқатынас. Тарихи-қоғамдағы обьективті талаптар және қоғамның дамуындағы әлеуметтік заңдылықтар тұлғаның қарым-қатынас процесіндегі рөлін анықтайды. Қарым-қатынас барысында тұлғаның әлеуметтенуінде байқалатын өзіндік ерекшелектер мәселесіне көңіл бөле отырып, қазіргі кезеңде бұл салада жүйелі зерттеулерді қажет етеді. Бұл салада жоспарланған зерттеулер өзіндік ерекшеліктердің қарым-қатынас процесінің кез-келген аспектілеріне ықпалы айқын байқалуда. Қорыта келе, қарым-қатынас-ол тұлғаның өміріндегі негізгі рухани, адамгершілік, білім қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады. Осындай қажеттіліктерді өтеуге қарым-қатынастың мәнерлі белгілері мен құралдарын меңгеру негізгі міндеттерді атқарады.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №5 (26) том 4

  


Ссылка для цитирования:

Жакишева Г.С., Мусабекова А.С., Карипбаева Л.К. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІТИІМДІ КОММУНИКАЦИЯ ҚҰРАЛЫ РЕТТІНДЕ // Вестник науки №5 (26) том 4. С. 231 - 234. 2020 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/3150 (дата обращения: 29.03.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/3150



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2020.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.