'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №5 (26) том 4
  4. Научная статья № 47

Просмотры  85 просмотров

Имашева А.С.

  


ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕРІНІҢ АҒЗАНЫҢ ҚАСИЕТІНЕТӘУЕЛДІЛІГІ *

  


Аннотация:
мақалада автор дәрілік заттардың әсерлері олардың ағзамен өзара әсерлесуінің нәтижесі болып табыладығын анықтап көрсеткен. Осыған байланысты дәрілік заттың физиологиялық белсенділігін анықтайтын негізгі қасиеттері, сонымен қатар әсердің жағдайға, берілген заттың қолданылуына және олардың әсері бағытталған ағзаның жағдайына тәуелділігін айқындаған   

Ключевые слова:
Дәрілік зат, медицина, науқас, ретроспективтік зерттеулердің   


Дәрілік зат- емдік немесе алдын ала емдеу мақсатында колланылатын заттар немесе олардың қоспасы. Дәрі-дәрмектер олардын адамдарға психикалық немесе физикалық әсер ету кабілеті арқасында ерекше маңызға ие . Дәрілік заттардың әсерлері олардың ағзамен өзара әсерлесуінің нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты дәрілік заттың физиологиялық белсенділігін анықтайтын негізгі қасиеттері, сонымен қатар әсердің жағдайға, берілген заттың қолданылуына және олардың әсері бағытталған ағзаның жағдайына тәуелді. Дәрілік заттардың қасиеттері көп дәрежеде, оладрың химилялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына, олардың молекуласының қалыбына, өлшеміне, мөлшеріне байланысты болып келеді. Сонымен қатар медицина практикасында бірнеше дәрілік заттарды бір уақытта жиі қолданады. Бұндай жағдайда, олар негізгі әсердің айқындығы мен сипатын және оның ұзақтығын өзгерте отырып, сонымен қатар жанама және уытты ықпалдарын күшейте немесе әлсірете отырып, бір-бірімен өзара әсерлесуі мүмкін. Науқас жағдайы ауыр болған сайын сәйкесінше қабылдайтын дәрілер саны көп болады және олардың кері әсерінің қатерлік дәрежесі де өседі. Егер госпитализацияланған науқас 6 препараттан кем препарат қабылдаса, онда теріс әсер болу мүмкіндігі 5 % тең; ал 15 препараттан көп болса,онда 40% тең. Ретроспективтік зерттеулердің нәтижесі бойынша амбулаторлық науқастар үшін бұл сан 20% тең, яғни дәрілік заттардың кері ісерлерінің көрсеткіші жоғары.дәрілік заттардың теріс әсерлерінен уланғандарға терапиялық және педиатриялық бөлімшедегі барлық жағдайлардың 2-5 % тиесілі. Дәрілік асқынулар мен госпитализацияланған науқастар арасында летальдық 2-12 % тең. Жүктілік кезінде және босану кезінде дәрілік препараттарды қолдану ұрық және нәрестенің өліміне алып келуі мүмкін. а) Дәрілік заттардың кері әсерлерінің негізгі себептері.Көбінесе, дәрілік заттардың кері әсерлерінің алдын алуға болады. Бірақ соңғы зерттеулер бойынша бұл қателіктер дәрігерлердің дәрі дәрмектердің кері әсерлері мен қай кезде қолдануға болмайтынымен толық таныс еместігінен екені көрініп отыр. Мұның да өз ақтауы бар, қазіргі кезде дәрі дәрмек шығаратын фирмалар өте көбейіп кеткен және көптеген дәрілердің рецептурасы жоқ. Тағы да көптеген себептер бар. Мысалы: ел арасында дәрілерді қабылдаудың көбейіп кетуінен; дәрілерді жеңіл табудан адамдардың өзін өзі емдеудің кең тарап кетуінен; дәрілердің жағымсыз әсерлері туралы ел арасында медициналық ақпараттардың болмауы немесе тым аз болуынан; ауруларды емдеу үшін көптеген дәрілерді орынсыз тағайындаудан. Кері әсерлердің 2 типін анықтауға болады: I типтегілер (жиі болатындар) – бұл препараттарға деген көтеріңкі реакция. Ал II типке дәрілік препараттың негізгі фармакологиялық әсеріне қатысты емес кері әсерлер жатады. Олар күтпеген жағдайдан пайда болады және ауыр түрде өтеді. Кейде олардың механизмдері белгісіз болып қалады. Кері әсерлердің негізгі себептерінің бірі – рецепторлар аймағында препарат концентрациясының өте жоғары болуы. Бұл фармакокинетикалық қасиеттермен сипатталады. Яғни, таралудын дұрыс өтпеуі, дәрінің организмде жинақталып қалуы, метаболизм жылдамдығы және экскреция. б) Дәрілердің жағымсыз әсерлерінің жіктемелері. Дәрілердің жағымсыз әсерлерін бірнеше түрлерге бөледі. Оларды жіктеу әр түрлі негіздерде болады. Пайда болу сипатына қарай: тікелей(біріншілік) және  салдарлық(артынан дамитын) жағымсыз ісер деп бөледі. Тікелей жағымсыз әсерлер дәрілердің жасушалар мен жасуша ішілік құрылымдарға тікелей бүліндіргіш әсерлерінен бірден дамиды. Мәселен, кальций хлоридінің гипертониялық ерітіндісі тері астына енгізілуден шелмайдың бірден өлеттенуі болады. Салдарлық немесе артынан дамитын, жағымсыз әсерлер дәрілердің салдарынан дамитын екіншілік құбылыстардың нәтижесінде артынан байқалады. Мәселен, антибиотиктермен емдеуден ішектерде дисбактериоз дамуы артынан ішек қарын және өт жолдарының қызметтерін бұзады. Антрациклиндік антибиотиктердің әсерлерінен жүрек ет жасушаларының мембраналарында май қышқылдарының асқын тотығуы кардиомиоциттердің қызметтерін бұзады. Қорыта айтатын болсақ, дәрілік заттардың химялық құрамы күрделі, әрі биологиялық жүйелерге–тұтас ағзадан жеке жасушаларға, жасушаға дейінгі құрылымдарға, рецепторларға және ферменттерге әсерлері де сан алуан. Химиялық заттардың әсерінен биологиялық жүйелердің биологоялық әсер көрінісі де түрлі болады. Сол себепті дәрілерді тағайындағанда, емдеу мақсатында қолданғанда дәрінің химиялық, физико-химиялық құрамын, әсер ету механизмімен қатар ағзаның жағдайын, адамның жасын, жынысын, генетикалық ерекшелігін ескерген жөн.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №5 (26) том 4

  


Ссылка для цитирования:

Имашева А.С. ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕРІНІҢ АҒЗАНЫҢ ҚАСИЕТІНЕТӘУЕЛДІЛІГІ // Вестник науки №5 (26) том 4. С. 235 - 237. 2020 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/3151 (дата обращения: 29.03.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/3151



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2020.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.