ҒЫЛЫМИ ДЕРЕКТЕРДІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДАУ ҮШІН ТАБИҒИ ТІЛДІ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ
Аннотация: қазіргі таңда ғылыми ақпарат көлемі жыл сайын артып келеді. Ғылыми мақалалар, есептер, диссертациялар және электрондық ғылыми платформалардағы мәліметтердің басым бөлігі құрылымдалмаған мәтін түрінде сақталады. Мұндай деректерді қолмен өңдеу көп уақытты талап етеді және ақпараттың толықтығы мен дәлдігіне әсер етеді. Осы мақалада ғылыми деректерді интеллектуалды өңдеу және құрылымдау үшін табиғи тілді өңдеу әдістерін қолдану мәселесі қарастырылады. Зерттеу барысында мәтінді алдын ала өңдеу, токенизация, атаулы нысандарды тану (NER), кілт сөздерді анықтау және мәтіннен құрылымдық ақпарат алу тәсілдері талданды. Ұсынылған әдіс ғылыми мәтіндерден автор, мақала атауы, жарияланған жыл, журнал атауы және кілт сөздер сияқты маңызды мәліметтерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде құрылымдалмаған ғылыми ақпарат құрылымдалған деректер түріне келтіріліп, кейінгі талдау жұмыстарында пайдаланылуы мүмкін.
Ключевые слова: табиғи тілді өңдеу, ғылыми деректер, мәтінді талдау, атаулы нысандарды тану, ақпарат алу, ғылыми ақпарат.
Практикалық маңыздылығы. Ғылыми қызметтің дамуына байланысты ғылыми деректер көлемі қарқынды өсуде. Ғылыми мақалалар, конференция материалдары, диссертациялар және басқа да ғылыми құжаттар әртүрлі ақпараттық жүйелерде сақталады. Алайда мұндай ақпараттардың көпшілігі құрылымдалмаған мәтін түрінде ұсынылады. Құрылымдалмаған деректерден қажетті ақпаратты қолмен іздеу көп уақыт алады және үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеу кезінде тиімсіз болып табылады. Осыған байланысты ғылыми мәтіндерді автоматты түрде өңдеу және құрылымдау міндеті өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл мәселені шешудің тиімді жолдарының бірі – табиғи тілді өңдеу технологияларын пайдалану.
NLP әдістері мәтіннен маңызды ақпаратты автоматты түрде бөліп алуға, оны талдауға және құрылымдалған форматта сақтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты – ғылыми деректерді интеллектуалды өңдеу және құрылымдау үшін табиғи тілді өңдеу әдістерін қолдану мүмкіндіктерін зерттеу. Ғылыми деректерді өңдеудегі NLP әдістері. Ғылыми мәтіндерді өңдеу бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде мәтінді алдын ала өңдеу жүзеге асырылады. Бұл кезеңде артық символдар, HTML тегтері, арнайы белгілер және қажетсіз элементтер жойылады.
Нәтижесінде мәтін талдауға дайын күйге келтіріледі. Келесі кезеңде токенизация жүргізіледі. Токенизация мәтінді жеке сөздер мен сөйлемдерге бөлуге мүмкіндік береді. Бұл NLP жүйелерінің негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады. Ғылыми мәтіндерді талдау барысында атаулы нысандарды тану (Named Entity Recognition) әдісі кеңінен қолданылады.
Бұл әдіс мәтіннен авторлардың аты-жөндерін, ұйым атауларын, журнал атауларын, ғылыми терминдерді және басқа маңызды объектілерді анықтайды. Сонымен қатар кілт сөздерді анықтау әдістері пайдаланылады. Бұл тәсіл мәтіндегі негізгі ғылыми ұғымдарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді және ғылыми еңбектің тақырыбын анықтауды жеңілдетеді. Ұсынылған әдіс. Зерттеу барысында ғылыми деректерді өңдеудің келесі алгоритмі ұсынылды: Ғылыми деректерді алу, Мәтінді тазалау, Токенизация жүргізу, NLP талдауын орындау, Авторларды анықтау, Жарияланған жылды анықтау, Кілт сөздерді шығару, Дубликаттарды анықтау, Құрылымдалған деректерді қалыптастыру.
Деректер көзі ретінде ғылыми платформалар, веб-сайттар және PDF құжаттар пайдаланылуы мүмкін. Алынған мәтіндер NLP әдістері арқылы өңделіп, қажетті мәліметтер автоматты түрде анықталады. Нәтижесінде әрбір ғылыми еңбек үшін атауы, авторлары, жарияланған жылы, журнал атауы және кілт сөздері сияқты өрістер қалыптастырылады. Бұл ақпарат кейін деректер қорында сақталып, талдау жұмыстарында қолданылады.
Алгоритм. Ұсынылған алгоритм ғылыми деректерді әртүрлі көздерден (OpenAlex, PDF құжаттар, веб-сайттар) автоматты түрде жинауға, өңдеуге және құрылымдауға арналған. Алгоритм жұмысы автордың аты-жөнін енгізуден басталады. Алдымен енгізілген деректер нормализацияланып, дереккөз таңдалады. Кейін жүйе таңдалған көзден мәтін немесе метадеректерді алады және олардың түрін анықтайды.
Негізгі кезеңде NLP әдістері қолданылады: мәтін алдын ала өңделеді, атаулы нысандарды тану (NER) арқылы авторлар, мақала атауы, журнал атауы, жыл және DOI анықталады. Сонымен қатар кілт сөздер шығарылып, мәтінге контекстік талдау жүргізіледі. Одан кейін алынған нәтижелер автордың деректерімен салыстырылып, сәйкестік деңгейі бағаланады. Қайталанатын жазбалар анықталып, қажет болған жағдайда жетіспейтін ақпарат басқа дереккөздерден толықтырылады. Соңғы кезеңде барлық мәліметтер құрылымдалған форматқа келтіріліп, PostgreSQL деректер қорына сақталады. Өңдеу нәтижелері Dashboard интерфейсі арқылы визуализацияланып, пайдаланушыға ұсынылады.
Нәтижесінде алгоритм құрылымдалмаған ғылыми мәтіндерден қажетті ақпаратты автоматты түрде бөліп алып, оларды талдауға дайын құрылымдық деректерге түрлендіреді. 1.1 сурет – Алгортим.Алгоритм кезеңдері қысқаша: Автор аты-жөнін енгізу: жүйеге зерттелетін автор туралы бастапқы ақпарат беріледі. Аты-жөнді нормализациялау: артық бос орындар жойылып, жазылу форматы біріздендіріледі. Дереккөзді таңдау: оpenAlex, PDF немесе веб-сайт таңдалады. Мәтін немесе метадеректерді алу: таңдалған дереккөзден қажетті ақпарат жүктеледі.
NLP өңдеу: мәтін тазаланып, токенизация жасалады, NER арқылы автор, жыл, тақырып, журнал, DOI анықталады. Кілт сөздер мен контекстті талдау: негізгі ғылыми терминдер және мәтіннің мағынасы анықталады. Автор сәйкестігін тексеру: табылған деректер енгізілген автор атымен салыстырылады. Дубликаттарды анықтау: қайталанатын жазбалар title, DOI, жыл және авторлар бойынша тексеріледі.
Деректерді толықтыру: жетіспейтін ақпарат басқа дереккөздерден ізделеді. Құрылымдық дерек қалыптастыру: мәліметтер title, authors, year, journal, citations, keywords, DOI форматында реттеледі. Деректер қорына сақтау: дайын ақпарат PostgreSQL базасына енгізіледі. Нәтижені көрсету: қорытынды деректер Dashboard арқылы көрсетіледі. Нәтижелер мен талқылау.
Табиғи тілді өңдеу әдістерін қолдану ғылыми ақпаратпен жұмыс істеу тиімділігін арттырады. Автоматты өңдеу нәтижесінде ғылыми деректерді жинау және құрылымдау уақыты қысқарады. Ұсынылған тәсіл ғылыми мәтіндерден маңызды ақпаратты автоматты түрде бөліп алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әртүрлі көздерден алынған деректер бірыңғай форматқа келтіріледі, бұл кейінгі талдау жұмыстарын жеңілдетеді. NLP технологияларын қолдану ғылыми ақпаратты іздеу жүйелерінде, ғылыми мониторинг платформаларында және ғылыми қызмет нәтижелерін бағалау жүйелерінде тиімді пайдаланылуы мүмкін. Қорытынды.
Мақалада ғылыми деректерді интеллектуалды өңдеу және құрылымдау үшін табиғи тілді өңдеу әдістерін қолдану мәселесі қарастырылды. Ғылыми мәтіндерді автоматты түрде өңдеу үшін мәтінді алдын ала тазалау, токенизация, атаулы нысандарды тану және кілт сөздерді анықтау әдістері пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері табиғи тілді өңдеу технологиялары ғылыми ақпаратты құрылымдау және талдау міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік беретінін көрсетті. Ұсынылған тәсіл ғылыми деректерді өңдеу уақытын қысқартып, ақпарат сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Болашақта қазақ тіліндегі ғылыми мәтіндерді өңдеуге арналған арнайы NLP модельдерін әзірлеу және олардың дәлдігін арттыру бағытында зерттеулер жүргізу жоспарлануда.
Полная версия статьи PDF
Номер журнала «Вестник науки» № 6 (99) том 1
Ссылка для цитирования:
ҒЫЛЫМИ ДЕРЕКТЕРДІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДАУ ҮШІН ТАБИҒИ ТІЛДІ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ // Журнал «Вестник науки» от 7 июня 2026 г. № 6 (99) том 1. С. 1812 - 1819. 2026 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/31514 (дата обращения: 29.11.2026 г.)
Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/31514
Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com
