Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо
  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки от 7 июня 2026 г.
  4. Научная статья № 204
Просмотры  13 просмотров

МҰНАЙ ӨНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ АҒЫНДАРЫН ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУДІҢ ЗИЯТКЕРЛІК ЖҮЙЕСІН ӘЗІРЛЕУ

Аннотация: бұл мақалада мұнай өндіру процесіндегі ақпараттық ағындарды жинау, өңдеу және талдау үшін зияткерлік жүйені әзірлеу қарастырылады. Мұнай скважиналарын техникалық қызмет көрсету мен мониторингтеу барысында мамандарға арналған автоматтандырылған платформа ұсынылады. Жүйеде әрбір скважинаның қасына орнатылған QR-кодтар арқылы маманның нақты орналасқан жері анықталып, скважинаның ағымдағы жағдайы туралы есептер жүйеге енгізіледі. Машиналық оқыту алгоритмдері (Random Forest) есептер мен датчиктерден түскен деректерді талдай отырып, скважинаның жалпы жағдайына баға береді және ықтимал ақаулықтарды болжайды. Администратор панелі арқылы шамалы жағдайдағы скважиналар анықталып, жөндеу жұмыстарының басымдылығы белгіленеді. Сондай-ақ, жүйеде скважиналар арасындағы ең қысқа маршрутты есептейтін Dijkstra алгоритміне негізделген картографиялық модуль іске асырылған. Жүйе Flask веб-фреймворкі негізінде жүзеге асырылып, тәжірибелік түрде тексерілді.

Ключевые слова: мұнай ұңғымасы, зияткерлік жүйе, машиналық оқыту, QR-код, мониторинг, техникалық қызмет көрсету, Дейкстра алгоритмі, кездейсоқ орман, ақпараттық ағындар.

Кіріспе. Қазақстан Республикасының экономикасында мұнай-газ саласы стратегиялық маңызға ие. Елдің жалпы ішкі өнімінің айтарлықтай бөлігі мұнай өндіру мен экспорттаудан қалыптасады. Мұнай кен орындарында мыңдаған скважиналар жұмыс істейді, олардың әрқайсысы тұрақты мониторинг пен техникалық қызмет көрсетуді талап етеді. Дегенмен, қазіргі уақытта көптеген мұнай өндіруші кәсіпорындарда скважиналардың жағдайын бақылау және есептеу процестері негізінен қолмен жүргізіледі, бұл адам факторына тәуелділікті арттырып, ақпараттың уақтылы өңделмеуіне әкеледі.

Мұнай өндіру процесі күрделі технологиялық жүйе болып табылады, онда бірнеше маңызды параметрлер - қысым, температура, дебит, сорғы жүйелерінің жағдайы, құбыр торабының тұтастығы - үнемі бақылануы тиіс. Мамандар күн сайын скважиналарды аралап, визуалды тексеру, приборлардың көрсеткіштерін тіркеу, техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындау сияқты міндеттерді атқарады. Бұл деректердің барлығы қағаз тасымалдаушыларда немесе қарапайым электрондық кестелерде сақталып, жүйелі талдау жүргізілмейді. Осындай жағдайда скважинаның жағдайы нашарлай бастағанда, мәселе тек ақаулық орын алғаннан кейін ғана анықталады.

Бұл жоспардан тыс тоқтатуларға, қымбат жөндеу жұмыстарына және экологиялық тәуекелдерге әкелуі мүмкін. Сондықтан мұнай өндіру саласында ақпараттық ағындарды жинау, өңдеу және талдаудың автоматтандырылған зияткерлік жүйесін құру өзекті мәселе болып табылады. Бұл мақалада мұнай өндіру процесіндегі ақпараттық ағындарды басқаруға арналған зияткерлік жүйенің архитектурасы, функционалдығы және техникалық іске асырылуы қарастырылады. Жүйе QR-кодтар арқылы маманның орналасқан жерін анықтау, скважиналар бойынша есептерді цифрлық форматта жинау, машиналық оқыту алгоритмдері көмегімен скважиналардың жағдайын бағалау және болжау, сондай-ақ скважиналар арасындағы оңтайлы маршрутты есептеу функцияларын қамтиды.

Мәселе қойылымы және зерттеу нысаны. Мұнай кен орнындағы скважиналарды мониторингтеу процесі бірнеше маңызды мәселелерді қамтиды. Біріншіден, скважиналар кең территорияда орналасқан, олардың арасындағы қашықтық бірнеше километрге жетуі мүмкін. Мамандар күн сайын белгілі бір скважиналарды аралап тексеруі тиіс, бірақ олардың аралау тәртібі мен басымдылығы көбінесе субъективті шешімдерге негізделеді.

Екіншіден, скважиналар бойынша жиналатын ақпарат көлемі үлкен және әртүрлі. Мамандар скважинаның қысымын, температурасын, дебитін, сорғы жүйесінің жағдайын, тығыздағыш элементтердің тозуын, құбыр торабындағы ағуларды және басқа да параметрлерді тіркейді. Бұл деректер әр скважина бойынша жеке талданып, жалпы кен орнының жағдайы туралы қорытынды жасалуы керек. Үшіншіден, анықталған ақаулықтарға жедел немесе жоспарлы түрде жауап беру қажеттілігі туындайды. Шұғыл жөндеуді қажет ететін жағдайлар мен жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді ажырату керек.

Администратор осы ақпаратты уақтылы алып, дұрыс шешім қабылдауы маңызды. Аталған мәселелерді шешу үшін біз зияткерлік жүйе әзірледік, оның негізгі міндеттері мыналар: QR-кодтар арқылы маманның нақты орналасқан скважинасын анықтау, скважиналар бойынша есептерді цифрлық форматта жинау және құрылымдау, машиналық оқыту моделі арқылы скважиналардың жағдайын автоматты бағалау, администраторға шамалы жағдайдағы скважиналар туралы хабарлау, скважиналар арасындағы оңтайлы маршрутты есептеу. Ұсынылған жүйенің архитектурасы. Ұсынылған жүйе клиент-сервер архитектурасына негізделген және бірнеше функционалдық модульден тұрады. Жүйенің жалпы архитектурасы төмендегі компоненттерді қамтиды: − мобильді веб-қосымша - мамандар скважинаға келгенде QR-кодты сканерлеп жүйеге кіреді, скважинаның жағдайы туралы есеп толтырады, ұсынылған маршрутты көреді, − администратор панелі - барлық скважиналардың жағдайын көрсететін басқару тақтасы, шамалы скважиналарды бақылау, мамандарға тапсырма беру, − серверлік логика - барлық модульдерді біріктіретін орталық серверлік бөлім, − машиналық оқыту модулі - мамандар есептері мен датчиктер деректерін талдап, скважинаның жағдайына баға беру, − маршруттау модулі - скважиналар арасындағы ең қысқа жолды есептеу, − QR-код жүйесі - әрбір скважинаға бекітілген QR-кодтар арқылы маманның орнын анықтау, − деректер қоры - скважиналар, есептер, мамандар туралы ақпаратты сақтау. Жүйенің жұмыс принципі келесідей: маман мұнай кен орнындағы скважинаға келгенде, скважинаның қасындағы QR-кодты мобильді телефонымен сканерлейді.

Сканерлеген соң жүйе автоматты түрде маманды жүйеге бағыттайды және скважинаның идентификаторын серверге жібереді. Маман жүйеге кіргеннен кейін, ағымдағы скважинаның жағдайы туралы есеп формасы ашылады. Есеп формасы бірнеше бөлімнен тұрады: скважинаның жалпы жағдайын бағалау, қысым мен температура көрсеткіштері, сорғы жүйесінің жағдайы, тығыздағыш элементтердің тозу деңгейі, құбыр торабында ағу бар-жоғы, жүргізілген техникалық қызмет көрсету жұмыстарының сипаттамасы. Осы деректердің барлығы серверге жіберіліп, деректер қорына сақталады.

Төмендегі 1-кестеде жүйені әзірлеу кезінде қолданылған бағдарламалық құралдар мен технологиялар берілген. Кесте 1. Жүйені әзірлеу кезінде қолданылған технологиялар. QR-кодтар арқылы скважиналарды идентификациялау жүйесі.

QR-код технологиясы жүйенің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Әрбір мұнай скважинасының қасына ерекше QR-код орнатылады, ол скважинаның бірегей идентификаторын қамтиды. Маман скважинаға келгенде, мобильді телефонының камерасымен QR-кодты сканерлейді, бұл автоматты түрде жүйенің веб-интерфейсін ашады және маманның қай скважинада тұрғанын серверге хабарлайды. QR-кодтардың артықшылықтары мұнай кен орнының жағдайында ерекше маңызды. Біріншіден, олар арнайы құрылғыларды қажет етпейді - қарапайым смартфон жеткілікті.

Екіншіден, QR-кодтар ашық алаңда, жылу мен суыққа төзімді материалдарға басылып, скважинаға орнатылады. Үшіншіден, бұл технология GPS сигналы тұрақсыз болатын аймақтарда да сенімді жұмыс істейді, өйткені ол спутниктік байланысқа тәуелді емес. QR-кодтарды генерациялау qrcodes.py модулінде жүзеге асырылады. Әрбір скважина үшін жеке QR-код автоматты түрде жасалып, жүйеге тіркеледі. Мысалы: Маман QR-кодты сканерлегеннен кейін, жүйе автоматты түрде скважинаның атауын, орналасқан жерін, соңғы тексеру күнін және ағымдағы жағдайын көрсетеді. Сонымен бірге, маман скважина бойынша жаңа есеп толтыра алады немесе бұрынғы есептерді қарай алады.

Машиналық оқыту модулі. Жүйенің зияткерлік негізін машиналық оқыту модулі құрайды. Бұл модуль мамандар есептері мен скважина датчиктерінен түскен деректерді талдай отырып, скважинаның жағдайына автоматты баға береді және ықтимал ақаулықтарды болжайды. Модельді оқыту үшін Random Forest алгоритмі таңдалды.

Модельді оқыту үшін 16 кіріс белгі (feature) анықталды, олар скважинаның әр тексеру кезіндегі жағдайын толық сипаттайды. Бұл белгілер мыналарды қамтиды: Кесте 2. Машиналық оқыту моделіне кіріс ретінде берілетін белгілер. Random Forest моделі келесі гиперпараметрлермен конфигурацияланды: n_estimators=200 (шешім ағаштарының саны), max_depth=15 (ағаштың максималды тереңдігі), class_weight=balanced (класс теңгерімі), random_state=42 (қайта жаңғырту мүмкіндігі).

Модель 1500-ден астам жинақталған есеп деректерінде оқытылды. Модельді оқытудың Python кодының негізгі бөлігі: Модель жаңа есеп түскен сайын скважинаның жағдайын бағалайды. Егер скважинаның бағасы шамалы немесе шұғыл деңгейіне түссе, жүйе автоматты түрде администраторға хабарлама жібереді. Администратор осы ақпарат негізінде скважинаны тексеруге маман жіберу туралы шешім қабылдайды.

Уақыт белгілерін модельге дұрыс беру үшін циклдық кодтау әдісі қолданылды. Тәуліктің сағаты sin және cos функциялары арқылы кодталады, бұл модельге тәуліктің басы мен соңының жақын екенін түсінуге мүмкіндік береді: hour_sin = sin(2π × hour / 24)hour_cos = cos(2π × hour / 24)Скважиналар арасындағы маршруттау жүйесі. Мұнай кен орнындағы скважиналар кең территорияда орналасқан, сондықтан мамандардың скважиналар арасында тиімді жүруі маңызды мәселе болып табылады. Жүйемізде скважиналар арасындағы ең қысқа маршрутты есептеу үшін граф теориясына негізделген Dijkstra алгоритмі қолданылады.

Мұнай кен орнының картасы граф түрінде моделденеді, мұндағы түйіндер - скважиналар мен маңызды нүктелер, ал қабырғалар - олардың арасындағы жолдар. Жүйеде 45 түйін мен 80-нен астам қабырға анықталған. Әрбір қабырғаның салмағы екі түйін арасындағы нақты қашықтық негізінде есептеледі: w = ⌈d / 200⌉мұндағы d — екі нүктенің арасындағы Евклидтік қашықтық (метрмен). Бұл формула нақты жол қашықтығын дискретті салмаққа түрлендіреді, бұл маршрутты оңтайландыруда тиімді. Dijkstra алгоритмі басымдылық кезегін қолдана отырып, бастапқы скважинадан мақсатты скважинаға дейінгі ең қысқа жолды O((V + E) log V) уақыт күрделілігімен есептейді, мұндағы V - түйіндер саны, E - қабырғалар саны.

Алгоритмнің негізгі коды: Администратор жүйенің картасында скважиналарды көріп, маманға белгілі бір скважинаны тексеру тапсырмасын беруі мүмкін. Бұл кезде жүйе маманның ағымдағы орнынан мақсатты скважинаға дейінгі ең қысқа маршрутты автоматты түрде есептеп, картада көрсетеді. Маман картадағы маршрутты ұялы телефонынан көріп, нұсқауларды орындай алады. Администратор панелі және шешім қабылдау логикасы.

Администратор панелі жүйенің басқару орталығы болып табылады. Ол мұнай кен орнының жалпы жағдайын көрсетіп, әрбір скважина бойынша толық ақпарат береді. Администратор панеліндегі негізгі функциялар: − барлық скважиналардың тізімі мен ағымдағы жағдайы (қалыпты, шамалы, шұғыл), − шамалы және шұғыл скважиналардың карталық визуализациясы (түрлі түстермен белгіленген), − скважина бойынша тарихи есептер мен трендтер, − маманлардың ағымдағы орналасқан жерлері, − маманларға тапсырма беру және маршрут салу, − машиналық оқыту моделінің болжамдары мен ұсыныстары. Шешім қабылдау логикасы екі деңгейлі жүйеге негізделген.

Бірінші деңгей — жедел реакция: егер скважинаның жағдайы шұғыл деңгейіне түссе, жүйе бірден администраторға хабарлама жібереді. Администратор жақын жердегі маманды немесе арнайы жөндеу бригадасын жібере алады, қажетті қосалқы бөлшектерді алдын ала дайындайды. Екінші деңгей - жоспарлы техникалық қызмет көрсету: егер скважинаның бағасы шамалы деңгейінде болса, бірақ шұғыл жөндеуді қажет етпесе, администратор бұл скважинаны бақылау тізіміне қосады. Келесі сменадағы мамандарға осы скважинаны тексеру тапсырмасы беріледі.

Жүйе автоматты түрде маманның маршрутына осы скважинаны қосып, оңтайлы аралау тәртібін ұсынады. Машиналық оқыту моделі маманлар жүйеге кіргенде, қай скважиналардың жағдайы шамалы екенін көрсететін ұсыныстар жасайды. Бұл ұсыныстар скважиналардың тарихи деректеріне, ағымдағы параметрлеріне және маманлардың алдыңғы бағаларына негізделеді. Маман жүйеге кіргенде, оған бірінші кезекте тексеру қажет скважиналар тізімі ұсынылады.

Бағдарламалық жүзеге асыру және тестілеу нәтижелері. Жүйе бағдарламалық тұрғыда Python бағдарламалау тілінде жүзеге асырылды. Flask микрофреймворкі серверлік логиканы іске асырады және HTML-шаблондар арқылы пайдаланушы интерфейсімен өзара байланыс орнатады. Сервер host=«0.0.0.0» параметрімен іске қосылады, сондықтан бір желідегі кез келген құрылғыдан ашыла алады.

Төмендегі 3 кестеде Flask серверінің негізгі маршруттары берілген. Кесте 3. Flask серверінің негізгі маршруттары. Маман скважинаға келіп QR-кодты сканерлегенде, / start маршруты автоматты түрде ашылады.

Маман скважинаның параметрлерін енгізіп, есепті жіберу батырмасын басады. Деректер серверге жіберіліп, машиналық оқыту моделі бірден скважинаның жағдайын бағалайды. JavaScript арқылы AJAX сұранысы жіберіледі: Жүйені тестілеу шартты мұнай кен орнының 30 скважинасы бойынша жүргізілді. Тестілеу барысында 1500-ден астам есеп деректері жиналып, модельдің дәлдігі бағаланды.

Төмендегі 4 - кестеде машиналық оқыту моделінің тестілеу нәтижелері берілген. Кесте 4. Машиналық оқыту моделінің тестілеу нәтижелері. Жалпы дәлдік (Accuracy) 92.3%-ды құрады.

Top-2 дәлдік (модельдің дұрыс классты алғашқы екі болжамында табу ықтималдығы) 97.1%-ға жетті. Бұл нәтижелер моделдің скважиналардың жағдайын жеткілікті дәлдікпен анықтай алатынын көрсетеді. Төмендегі 5 кестеде нақты скважиналар бойынша тестілеу мысалдары берілген. Кесте 5.

Скважиналар бойынша модельдің болжамдары мен нақты жағдайлары. Тестілеу нәтижелері көрсеткендей, модель скважиналардың жағдайын жоғары дәлдікпен анықтай алады. Шұғыл жағдайлардағы дәлдік ерекше маңызды, өйткені бұл жағдайлар жедел араласуды қажет етеді. Модель critical класс бойынша 93% recall көрсетті, бұл маңызды ақаулықтардың басым бөлігінің уақтылы анықталатынын білдіреді.

Модельдің белгілердің маңыздылығын талдау нәтижесінде ең ықпалды белгілер анықталды. Төмендегі 6 кестеде белгілердің маңыздылық рейтингі берілген. Кесте 6. Белгілердің маңыздылық рейтингі.

Белгілер маңыздылығын талдау көрсеткендей, маманның субъективті бағасы ең маңызды белгі болып табылады. Бұл тәжірибелі мамандардың визуалды тексеруінің техникалық көрсеткіштермен бірге ескерілуінің маңыздылығын көрсетеді. Екінші орында қысым параметрі тұр, ол скважинаның жұмыс режимін тікелей көрсетеді. Салыстырмалы талдау.

Random Forest алгоритмін таңдау дұрыстығын тексеру үшін басқа машиналық оқыту алгоритмдерімен салыстырмалы талдау жүргізілді. Төмендегі 7 кестеде алгоритмдердің салыстырмалы нәтижелері берілген. Кесте 7. Машиналық оқыту алгоритмдерінің салыстырмалы нәтижелері.

Салыстырмалы талдау нәтижелері Random Forest алгоритмінің дәлдік пен оқыту жылдамдығының оңтайлы теңгеріміне ие екенін көрсетті. Gradient Boosting ұқсас дәлдік көрсеткенімен, оқыту уақыты 3 есе ұзақ. Neural Network жоғары дәлдік көрсеткенімен, үлкен оқыту деректерін қажет етеді және интерпретациялауы қиын. Random Forest моделінің артықшылығы — белгілер маңыздылығын анық көрсетуі, бұл маманлар мен администраторлар үшін шешім қабылдауда маңызды. Қорытынды.

Бұл мақалада мұнай өндіру процесіндегі ақпараттық ағындарды жинау мен өңдеудің зияткерлік жүйесін әзірлеу қарастырылды. Жүйе мынадай негізгі нәтижелерге қол жеткізді: Біріншіден, QR-кодтарға негізделген скважиналарды идентификациялау жүйесі маманлардың нақты орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл технология арнайы құрылғыларды қажет етпейді, GPS-ке тәуелді емес және мұнай кен орнының қатал жағдайларында сенімді жұмыс істейді. Екіншіден, Random Forest алгоритміне негізделген машиналық оқыту моделі скважиналардың жағдайын 92.3% дәлдікпен анықтайды.

Модель маманлардың субъективті бағалары мен объективті техникалық параметрлерді біріктіре отырып, скважинаның жағдайын «қалыпты», «шамалы» немесе «шұғыл» деп классификациялайды. Үшіншіден, администратор панелі мұнай кен орнының жалпы жағдайын визуализациялап, шешім қабылдауды жеңілдетеді. Екі деңгейлі жауап беру жүйесі — жедел реакция мен жоспарлы қызмет көрсету — ресурстарды тиімді бөлуді қамтамасыз етеді. Төртіншіден, Dijkstra алгоритміне негізделген маршруттау модулі маманлардың скважиналар арасында тиімді жүруін қамтамасыз етеді, бұл уақыт пен отын шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Болашақта жүйені IoT датчиктерімен интеграциялау, нақты уақыт режимінде деректер алу, терең оқыту алгоритмдерін қолдану және мобильді қосымша әзірлеу жоспарлануда.

Сондай-ақ, жүйені бірнеше кен орнында параллель қолдану мүмкіндігін зерттеу де өзекті бағыт болып табылады.


Полная версия статьи PDF

Номер журнала «Вестник науки» № 6 (99) том 1


Ссылка для цитирования:

Танабаев А.Н., Ибраева Л.К. МҰНАЙ ӨНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ АҒЫНДАРЫН ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУДІҢ ЗИЯТКЕРЛІК ЖҮЙЕСІН ӘЗІРЛЕУ // Журнал «Вестник науки» от 7 июня 2026 г. № 6 (99) том 1. С. 1820 - 1836. 2026 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/31515 (дата обращения: 29.11.2026 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/31515



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки © 2026.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ «О противодействии экстремистской деятельности» (далее - Федеральный закон «О противодействии экстремистской деятельности»), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.