Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо
  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки от 7 июня 2026 г.
  4. Научная статья № 233
Просмотры  13 просмотров

ҚАЗАНДЫҚ АГРЕГАТЫНЫҢ ШАҢ ДАЙЫНДАУ ЖҮЙЕСІНДЕ АНЫҚ ЕМЕС ЛОГИКА НЕГІЗІНДЕГІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

Аннотация: мақалада қазандық агрегаттарының шаң дайындау жүйелеріндегі аэрокоспа температурасын интеллектуалды басқарудың ғылыми-техникалық мәселелері қарастырылған. Шаң дайындау қондырғысы күрделі көпбайланысты сызықтық емес динамикалық объект ретінде зерттеліп, оның технологиялық параметрлерінің өзгеруі кезіндегі басқару ерекшеліктері талданды. Дәстүрлі PI-реттеу жүйелерінің шектеулері көрсетіліп, анық емес логика (Fuzzy Logic Control) негізіндегі интеллектуалды басқару тәсілінің артықшылықтары негізделді. MATLAB Fuzzy Logic Toolbox және Simulink орталарында интеллектуалды басқару жүйесінің құрылымы, тиістілік функциялары және анық емес ережелер базасы әзірленді. Имитациялық модельдеу нәтижелері анық емес реттегішті қолдану өтпелі процестегі артық реттеуді төмендететінін, жүйенің динамикалық орнықтылығын арттыратынын және айнымалы жұмыс режимдерінде басқару сапасын жақсартатынын көрсетті.

Ключевые слова: интеллектуалды басқару, анық емес логика, шаң дайындау жүйесі, аэроқоспа температурасы, PI-реттегіш, динамикалық модельдеу.

Кіріспе. Жылу энергетикасының қазіргі даму кезеңінде қазандық агрегаттарының энергия тиімділігін арттыру және технологиялық процестердің сенімділігін қамтамасыз ету маңызды ғылыми-техникалық міндеттердің бірі болып табылады. Қатты отынды жағатын жылу электр орталықтарында (ЖЭО) шаң дайындау жүйесі отынды жағу сапасын, қазандықтың пайдалы әсер коэффициентін және жалпы энергетикалық қондырғының эксплуатациялық сипаттамаларын анықтайтын негізгі технологиялық буын болып табылады. Шаң дайындау процесі өзара байланысқан жылу-масса алмасу, аэродинамика және механикалық ұнтақтау процестерінің бір мезгілде жүруімен сипатталады. Сонымен қатар, көмірдің ылғалдылығы, диірмен жүктемесі, кептіру агентінің температурасы және ауа шығыны сияқты параметрлердің өзгеруі жүйенің динамикалық қасиеттеріне айтарлықтай әсер етеді.

Бұл шаң дайындау жүйесін күрделі сызықтық емес және параметрлері уақыт бойынша өзгеретін басқару объектісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді [2][4]. Өндірістік тәжірибеде кеңінен қолданылатын PI және PID-реттегіштер объектінің сызықтық моделі негізінде жұмыс істейтіндіктен, технологиялық режимдер өзгерген жағдайда олардың тиімділігі төмендейді. Әсіресе өтпелі процестер кезінде артық реттеу шамасының артуы, температура тербелістерінің пайда болуы және жүйе орнықтылығының нашарлауы байқалады. Осыған байланысты интеллектуалды басқару әдістерін қолдану ерекше маңызға ие. Соңғы жылдары күрделі жылутехникалық объектілерді басқаруда анық емес логика, нейрондық желілер және бейімделгіш басқару жүйелері кеңінен зерттелуде. Анық емес логика негізіндегі басқару жүйелері нақты аналитикалық модельді қажет етпей, эксперттік білімдер негізінде технологиялық процесті тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Осы жұмыстың мақсаты – шаң дайындау қондырғысындағы аэрокоспа температурасын интеллектуалды басқару жүйесін әзірлеу, анық емес реттегіштің құрылымын синтездеу және оның тиімділігін имитациялық модельдеу арқылы бағалау [3]. Шаң дайындау жүйесінің басқару объектісі ретіндегі ерекшеліктері. Шаң дайындау қондырғылары күрделі көпөлшемді басқару объектілері болып табылады. Технологиялық процестің негізгі ерекшелігі – жүйеде өтетін жылулық, аэродинамикалық және механикалық процестердің өзара тәуелділігі.

Басқару объектісінің негізгі реттелетін параметрлері: аэрокоспа температурасы, кептіру агентінің шығыны, көмір шығыны, дайын шаңның ылғалдылығы, жүйедегі қысым, диірмен электрқозғалтқышының тогы. Аталған параметрлердің ішінде аэрокоспа температурасы технологиялық процестің қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтайтын маңызды көрсеткіш болып табылады.Аэрокоспа температурасының жоғарылауы көмір шаңының өздігінен тұтану қаупін арттырады, ал температураның төмендеуі шаң құбырларында ылғалдың конденсациялануына және шаң тасымалдау тиімділігінің төмендеуіне алып келеді. Сондықтан интеллектуалды басқару жүйесінде дәл осы параметр негізгі реттелетін айнымалы ретінде таңдалды [5]. Интеллектуалды басқару әдістерін талдау.

Дәстүрлі автоматты реттеу жүйелері технологиялық объектінің параметрлері тұрақты болған жағдайда ғана тиімді жұмыс істейді. Шаң дайындау қондырғыларында көмір қасиеттерінің үздіксіз өзгеруі және сыртқы әсерлердің болуы басқару сапасының төмендеуіне алып келеді [2]. Классикалық PI-реттегіштердің негізгі кемшіліктері: өтпелі процестің ұзақ болуы, артық реттеудің жоғары деңгейі, жүйе параметрлері өзгерген кезде орнықтылықтың төмендеуі, сызықтық емес объектілерді басқарудағы шектеулі тиімділік. Осы кемшіліктерді жою үшін интеллектуалды басқару әдістері қолданылады.

Солардың ішінде анық емес логика негізіндегі басқару жүйелері кеңінен таралған [5]. Анық емес басқарудың негізгі артықшылықтары: объектінің сызықтық еместігін ескеру мүмкіндігі, параметрлер анықталмаған жағдайда орнықтылық, эксперттік білімдерді формализациялау мүмкіндігі, басқару жүйесінің бейімделгіштігі, өтпелі процестер сапасының жоғарылауы. Анық емес логикада басқару шешімдері лингвистикалық айнымалылар мен эксперттік ережелер негізінде қабылданады. Бұл тәсіл күрделі технологиялық объектілерді дәл математикалық модельсіз басқаруға мүмкіндік береді [3].

Анық емес реттегіштің математикалық сипаттамасы. Интеллектуалды басқару жүйесінде аэрокоспа температурасының қателігі негізгі кіріс айнымалысы ретінде қабылданды: ?(?)=????−?(?). мұндағы: ????– аэрокоспа температурасының берілген мәні, ?(?)– ағымдағы температура мәні. Қателіктің өзгеру жылдамдығы: Δ?(?)=??(?)??. реттегіштің екінші кіріс айнымалысы ретінде қолданылды. Басқарушы әсер ретінде кептіру агенті шығынының өзгерісі қабылданды: ?(?)=?(?,Δ?). Анық емес реттегіште жеті лингвистикалық терм пайдаланылды: ҮТМОТМКТМНКОМООМҮОМ.

Бұл тиістілік функциялары реттеу дәлдігін арттыруға және басқару әсерінің бірқалыптылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ережелер базасы эксперттік білімдер негізінде қалыптастырылды. Мысалы: егер температура қателігі үлкен теріс мәнге ие болса және температура өсіп жатса, онда кептіру агентінің берілуін азайту қажет, егер температура берілген мәннен төмен болып, әрі қарай төмендеп жатса, онда ыстық ауа шығынын арттыру қажет. Осылайша анық емес реттегіш объектінің динамикалық сипаттамалары өзгерген жағдайда басқару әсерін бейімдеп қалыптастырады [5].

Имитациялық модельдеу және нәтижелерді талдау. Интеллектуалды басқару жүйесінің имитациялық моделі MATLAB Simulink ортасында жүзеге асырылды. Модель құрамына: шаң дайындау қондырғысының математикалық моделі, PI-реттегіш, анық емес түзетуші блок, атқарушы механизм, кері байланыс жүйесі енгізілді. Модельдеу барысында келесі режимдер зерттелді: көмір ылғалдылығының өзгеруі, диірмен жүктемесінің өзгеруі, кептіру агенті температурасының ауытқуы.

PI-реттегішпен жүргізілген модельдеу нәтижелері өтпелі процесте айтарлықтай артық реттеудің және температура тербелістерінің пайда болатынын көрсетті. Анық емес түзетуші блокты енгізу нәтижесінде: артық реттеу төмендеді, өтпелі процестің ұзақтығы қысқарды, температура тербелістері азайды, жүйенің орнықтылығы артты. Салыстырмалы талдау интеллектуалды басқару жүйесінің технологиялық параметрлер өзгерген кезде бейімделу қабілеті жоғары екенін көрсетті [7].


Полная версия статьи PDF

Номер журнала «Вестник науки» № 6 (99) том 1


Ссылка для цитирования:

Сагындыкова Ш.Н., Амалбек А.Г. ҚАЗАНДЫҚ АГРЕГАТЫНЫҢ ШАҢ ДАЙЫНДАУ ЖҮЙЕСІНДЕ АНЫҚ ЕМЕС ЛОГИКА НЕГІЗІНДЕГІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ // Журнал «Вестник науки» от 7 июня 2026 г. № 6 (99) том 1. С. 2114 - 2119. 2026 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/31544 (дата обращения: 29.11.2026 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/31544



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки © 2026.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ «О противодействии экстремистской деятельности» (далее - Федеральный закон «О противодействии экстремистской деятельности»), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.