'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №7 (28) том 4
  4. Научная статья № 13

Просмотры  109 просмотров

Төлепова Ф.С.

  


ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ *

  


Аннотация:
жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет)   

Ключевые слова:
жұқпалы аурулар, диагностика, профилактика, миазма, микроорганизмдер, эпидемиялық ошақ   


Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет). Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін. Ауру туғызатын микробтар, өдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері — адам немесе мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы көзі болып табылады. Зооноздардың көпшілігі табиғи-ошактық аурулар туғызады, яғни белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары — жөндіктер мен кенелер өмір сүреді. Жүқпалы аурулардың қоздырғыштары паразиттік емір кешеді, белгілі бір уақытка дейін қажетті нөрсемен камтамасыз етіледі, осы уақыт біткеннен кейін қожайынды ауыстыру қажеттілігі туады. Бұл берілудің тиісті механизмі көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жүйелі пайда болып отыратын жөне өзара байланысты жұқпалы (инфекциялы) жағдайдың үздіксіз тізбегі, ол клиникалық айқын немесе жасырын формада көрініп отырады, бұл эпидемиялық процесс деп аталады. Эпидемиялық ошақ дегеніміз—инфекция көзінің өзін қоршаған аумақ шегінде нақты жағдайда жұкпалы бастауды беруге қабілетті орны. Эпидемиялык процестін пайда болуы үшін фактордың өзара қимылы кажет: жұқпа қоздырғышының көзі, жұкпаның берілу механизмі жөне қабылдағыш ағза. Жоғарыда айтқандай, ауру адам немесе жұқпалы (залалданған) жануар жүқпа көзі болса, тағы бір жұкпа кезі — тасушы (бацилло — «таратушы»). Кейбір аурулар кезінде (тырысқак, іш сүзегі) ауру адамның айығуы ағзаның қоздырғыштан босауымен кабаттаса жүреді, яғни клиникалық тұрғыдан сау адам коздырғыштар бөлуі мүмкін, бұл «тасушы» деп аталады. Қоздырғыштың залалданған ағзадан сау ағзаға өтуі эволюциялық қалыптасқан әдіспен өтеді. Бұл — жұқпа қоздыргыштарыньщ берілу механизмі деп аталады. Ағзада коздырғыштың орналасуы мен жұкпаның берілу механизміне байланысты бар жүқпалы аурулар 4 топқа бөлінеді: ішек жұкпасы, тыныс алу жолдарының жұкпасы, қан жұкпасы жөне сыртқы кабат жұқпасы. Ішек жүқпасына қоздырғыштардың ішекте орнығуы мен соған сөйкес олардың сыртқы ортаға, негізінен, нәжіспен бөлінуі тән. Бұл аурулардың қоздырғыштары сау адамдарға ауыз аркылы азық-түлікпен, ауыз сумен немесе лас қолдармен ағзаға түсуі нәтижесінде жұғады. Оларға — дифтерия, іш сүзек, тырысқақ, ішек уыты жұқпалары жатады. Тыныс алу жолдарының жұқпасына тыныс алу жолдарының шырышты кабықшаларда өсіп-енетін және сыртқы ортаға жөтелу, түшкіру, қатты сөйлеу, шулы тыныс алу кезіндегі шырышты ұсақ бөліктерімен, кақырықпен бөлінетін қоздырғыштары бар аурулар жатады. Сау адамға, сондай-ақ шырыштың жұкпаға ұшыраған белігінің жоғары тыныс алу жолдарына түсуі нөтижесінде жұғады. Бұл ауруларға — тұмау, табиғи шешек, дифтерия жатады. Қан жұқпа тобына қоздырғыштары кан ағысына қансорғыш буынаяқтылардың (бүрге, маса) шағуы кезінде түсетін, сөйтіп, негізінен, қанда орнығатын қоздырғыштары бар аурулар жатады. Бұл ауруларға — бөртпе сүзек, безгек, оба жатады. Сырткы қабат (жамылғыш) жұкпалары—сау адамның шырышты қабыкшасы немесе керісінше ауру тудыратын қоздырғыштардың түсуі нөтижесінде жұғады. Қоздыр-ғыштардың берілу факторлары төсек жайма заттары, киім, ыдыс-аяқ, су, шырышпен, ірумен немесе кабыкпен ластану. Жара жұқпа жарақат нөтижесінде сыртқы жамылғыш қабат тұтастығының бұзылуы төн. Сыртқы жамылғыш қабат жұкпасына — түйнеме, туляремия, саңырауқұлақтық аурулар жатады. Өте ауыр өтетін, өлім жағдайы көп кездесетін жөне жүғудың жоғары деңгейімен, яғни адамдар арасында тез тарау кабілеттілігімен (жоғары контагиозды) сипатталатын ауру аса қауіпті жұқпа деп аталады. Бұған: оба, тырысқақ, шешек жатады. Жұқпалы аурулар адам организміне қоздырушы микробтар түсу салдарынан пайда болады. Барлық жұқпалы аурулардың ортақ белгісі жұққан организмнен сау организмге берілуі болып табылады және белгілі бір жағдай орнағанда жаппай, індеттік сипат алады. Жұқпалы ауру эпидемиологияда жеке түрлік, ал кейде типтік жағынан да жеке қоздырушы туғызған жұқпалы жағдай ретінде түсініледі. Сансыз тірі организмдер арасында микроскоптың түрдегі немесе микроорганизмдер көрнекті орын алады. Олар топырақта, суда, ауада, айналадағы заттарда бар. Олар азот, көміртегі, сутегі және табиғаттағы басқа элементтердің айналымына қатысады. Ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсіптерінде, медицинада пайдаланылатын адамға пайдалы микроорганизмдермен қатар адамдардың, малдардың және өсімдіктердің ауруын шақыртындары да бар. Бұл микробтар зардапты, яғни ауру тудыратын деген атауға ие болған. Ауру тудырмайтын және сыртқы ортада өмір сүретін микроорганизмдер сапрофиттер деп аталады. Қоздырушыларды берудің неғұрлым типтік факторларын қарастырайық: А) ішек жұқпасын біреудің фекальдіөауызды механизмі жағдайында неғұрлым мамандырылған себепшарт деп: суды (құдықтық, көлдік, арықтық, өзендік құбырлық, канализациялық, тоқтаулық, жаңбырлық); тамақ өнімдерін (сүт, ет немесе балық іркілдекті тағамдар, сілікпе, кремді торттар, котлеттар, ет мылжасы, көкөніс, жеміс, жидектер); топырақтар; былғаныш қолды; шыбындарды; ішу, жеу, темекі тарту, шомылу, және басқа күнделікті тұрмыста пайдаланылатын түрлі заттарды санаған жөн. Жер шарының барлық тұрғындарына ең қауіпті тілсіз жауларының бірі жұқпалы аурулар алғанына біраз уақыт өтті. Жұқпалы аурулардың алдын алу басты қажеттіліктердің бірі болып табылады. Ядролық жарылыстардан қалыспайтын бұл індетке көз жұма қарауымызға болмайды. Көз жұмған болсақ салдары өте қиынға алып келіп соғуы мүмкін. XIX ғасырда тұмау ауруынан Еуропа халқы «Бірінші дүние жүзілік соғыстан» қаза тапқандардан да өлім саны көп болды. Ең алдымен әр адам өзінің жеке гигиенасын сақтап, кездейсоқ жыныстық қатынастарға бармай, уақытылы егулер жасатуы қажет. Осының өзі жан амандығын сақтаудың кепілі болып саналады. 

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №7 (28) том 4

  


Ссылка для цитирования:

Төлепова Ф.С. ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ // Вестник науки №7 (28) том 4. С. 60 - 64. 2020 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/3475 (дата обращения: 26.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/3475



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2020.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.